Отанын сүйген құл болмас


ОТАНЫН СҮЙГЕН ҚҰЛ БОЛМАС
Жалпы «отансүйгіштік» ұғымына тоқталар болсақ, ҚСЭ-ның 9 томында «отансүйгіштік (грек сөзі Patriotes - отандас, Patris - отан) туған жері - Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты отансүйгіштік элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды», - деп көрсетілген.
«Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол - көздің қарашығындай сақтап келген жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу. Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады. Яғни Отан дегенің - халық, халық дегенің - адам. Адамды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу - адамгершіліктің белгісі. Отаншылдық - көз жетпейтін көне ғасырлардан келе жатқан құндылық.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр «найзаның ұшымен, білектің күшімен», «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» аман сақтап келеді. Қауіп-қатер төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұрған нағыз шынайы отансүйгіштік қасиет еді.
Өз ұлтына деген отансүйгіштік сезімді қазақ ағартушылары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Алашорда қайраткерлері - М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов және т. б. нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.
Отансүйгіштік сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұлатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы - отансүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы.
Ендеше жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруда олардың туған жер мен еліне сүйіспеншілігін оятудың маңызы зор. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тіршілігіндегі негізгі талаптарының бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары.
«Отанды сүю отбасынан басталады» деп ұққан ата-бабаларымыз отансүйгіштік қасиетті ата-ана, ауыл-аймақтың, елінің намысын қорғауды өз ұрпақтарына бірінші парыз ретінде ұқтырып өсірді. Қазақи тәрбие барынша елін, туған жерін сүюге бағытталған. «Туған елмен болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Туған жерге ту тігу - елім деген азаматтың борышы», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», - деп жас кезінен еліне деген іңкәрлік сезімін бойына сіңіруге тырысқан.
Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының «Елім-ай» - деп сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа үрдіспен біз шырқасақ несі айып.
Елін сүйген ер жігіт қазіргі заманда «Елім-ай» десе, ол - ант! Ол - серт!», - дей отырып, қазақ халқының келешегі мен болашағын сақтау үшін ата-баба салып кеткен игі дәстүрлерін пайдалана отырып, ұлттық ерлік мектебінің дамуына өз үлестерін қосты.
Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған Т. Тоқтаров, Б. Бұлқышев, Р. Қошқарбаев, Қ. Қайсенов, Б. Момышұлы және батыр қыздар Әлия мен Мәншүктің кескілескен жаумен айқастығы ерен ерліктері мен батырлықтары да ұлттық дәстүрдің, ерлік тәрбиесінің жемісі.
«Ұлттық мақтаныш, - дейді Б. Момышұлы - ұлттық материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын, әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлерімен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz