2009 жылғы қаңтар-наурыздағы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісі және қаңтар-сәуірдегі инвестициялық қызмет


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Өнеркәсіп және энергетика

Өнеркәсіп өндірісі. 2009 жылғы қаңтар-наурызда облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағалармен (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторларын және ұйымдаспаған экономикалық қызмет бойынша қосымша есептеуді қосқанда) 86892, 2 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл республикалық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 5, 4%-ын құрайды. Қаржылық емес бірлестіктер секторымен 84624, 4 млн. теңгенің өнімі шығарылды.

2009 жылғы қаңтар-наурызда кен өндіру өнеркәсібінде 11619, 1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 10, 4%-ға көп. Мыс-мырыш кені - 26, 1%-ға, құрамында алтыны бар қойыртпаны - 59, 0%-ға, мыс қойыртпасын - 22, 2%-ға, мырыш қойыртпасын - 10, 1%-ға өндіру артты.

Сонымен қатар, мыс кенін өндіру - 6, 1 есеге, қорғасын-мырыш кенін - 17, 2%-ға, құрамында алтыны бар кенді - 0, 8%-ға, қорғасын қойыртпасындағы қорғасынды - 11, 5%-ға, қорғасын қойыртпасын өндіру - 4, 2%-ға азайды.

Кен өндіру өнеркәсібінің қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі

2009 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде 61393, 3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 12, 3%-ға аз. Өңдеу өнеркәсібі өндіріс көлемінің 52, 8%-ы - «металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеуге», 15, 6%-ы - «тамақ өнімдерін сусындарды қоса өндіруге», 14, 0%-ы - «машина жасауға», 8, 5%-ы - “өзге де металл емес минералды өнімдер өндіруге» және т. б. келді.

Өңдеу өнеркәсібінің қызметтүрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі

2009 жылғы қаңтар-наурызда металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын өндіруде 32443, 1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде “металлургия өнеркәсібі” өнімдеріне сала көлемінің 94, 2%-ы, «дайын металл бұйымдарын өндіруге» - 5, 8%-ы келді. Осы қызмет түрі бойынша тұтастай алғанда нақты көлем индексі 95, 3%-ды, соның ішінде «түсті металл өндіруде» - 96, 0%-ды, «дайын металл бұйымдарын өндіруде» - 88, 8%-ды құрады. 2008 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс - 23, 3%-ға, өзге де түсті металдарды және өзге де түсті бұйымдарды - 35, 4%-ға, өңделмеген мырыш өндіру - 1, 3%-ға кеміді. Бірақ, өңделмеген тазартылған қорғасын бір жыл бұрынғыға қарағанда 7, 2%-ға, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын - 31, 4%-ға көп өндірілді.

2009 жылғы қаңтар-наурызда 9557, 1 млн. теңгенің тамақ өнімдері өндірілді, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қатысты алғанда 92, 7%-ды құрады. Тазартылмаған күнбағыс майын өндіру - 27, 6%-ға, өзге де алкогольсіз сусындар - 19, 1%-ға, ірі тартылған жарма, ұн - 12, 0%-ға, сыра - 10, 1%-ға, ірімшік пен сүзбе - 9, 3%-ға, дәнді және өсімдік дақылдарынан ұн, олардың қоспалары - 7, 9%-ға, дайын және консервіленген балық өндіру - 1, 9%-ға азайды.

Сонымен қатар, тазартылған өсімдік майы - 2, 7 есеге, сары май - 13, 3%-ға, үй құсының еті мен сорпалығы - 8, 0%-ға, өңделген сұйық сүт пен кілегей - 7, 4%-ға, шұжық өнімдері - 1, 0%-ға көп өндірілді.

2009 жылғы қаңтар-наурызда машина жасауда 8621, 9 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың қаңтар-наурызындағы деңгейден 55, 5%-ға аз. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі “машиналар мен жабдықтар өндіруде“ - 58, 6%-ды, “көлік құралдары мен жабдық өндіруде“ - 55, 9%-ды, “электр жабдықтарын, электронды және оптикалық жабдық өндірісінде“ - 46, 2%-ды құрады.

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіруде 5228, 2 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Нақты көлем индексі 2008 жылдың қаңтар-наурызының деңгейіне қатысты алғанда 70, 8%-ды құрады. Цемент - 32, 6%-ға, әк - 45, 9%-ға, силикат және қож кірпіш - 61, 5%-ға, панель, тақтай мен асбесті цементтен, фиброцементтен ұқсас бұйымдар шығару - 73, 8%-ға азайды.

Сонымен қатар, қож мақта - 3, 4 есеге, тауарлы құйматас - 2, 1 есеге, отқа төзімсіз құрылыс кірпіштері - 6, 7%-ға көп өндірілді.

2009 жылғы қаңтар-наурызда целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінде 758, 0 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қатысты алғанда 107, 3%-ды құрады. Қағаздан немесе бедерленген қатырма қағаздан жасалған қораптар, жәшіктер және сөмкелер - 7, 9%-ға, бедерленген қағаз бен қатырма қағаз - 7, 1%-ға көп шығарылды. Сондай-ақ аптасына 4 реттен сирек шығатын газеттерді шығару 16, 0%-ға азайды.

Химия өнеркәсібінде 902, 3 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2008 жылдың қаңтар-наурызының деңгейіне қатысты алғанда 122, 0%. Балқыту қышқылын - 79, 3%-ға, полимер негізіндегі бояулар мен лактарды - 41, 2%-ға, моногидраттағы күкірт қышқылын өндіру - 7, 8%-ға артты. Сонымен қатар, фармацевтік препараттар - 6, 2%-ға, көміртегі диоксидін өндіру - 28, 6%-ға азайды.

2009 жылғы қаңтар-наурызда тоқыма және тігін өнеркәсібінде 279, 6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың тиісті кезеңіндегі өндіріс деңгейінен 42, 4%-ға төмен. Машинада немесе қолдан тоқылған сырт киімдер - 47, 1%-ға, әйелдердің тоқыма шұлықтары мен гольфилерін шығару - 66, 7%-ға кеміді.

Сонымен қатар, тоқымадан басқа әйелдердің немесе қыздардың сырт киімдері - 2, 3%-ға, қалпақтар мен бас киімдер - 15, 1%-ға, төсек-орын жабдығы - 89, 2%-ға, машинада немесе қолдан тоқылған ұйық - 2, 3 есеге, киізден немесе жұқа киізден аяқкиім шығару 7, 6 есеге артты.

Былғары, былғарыдан бұйымдар және аяқ-киім өндіруде 88, 1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың қаңтар-наурызындағы өндіріс деңгейінен 52, 6%-ға жоғары. Ірі қара мал мен жылқы тұқымдас малдардың терісін шығару 85, 4%-ға артты.

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлудегі нақты көлем индексі

2009 жылғы қаңтар-наурызда сүрек өңдеу және ағаштан бұйымдар өндіру көлемі 160, 5 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 41, 8%-ға бағаланды. Қатқыл түрінде өңделген сүрек, ағаштан май сіңірілген теміржол шпалдарын шығару 34 есеге кеміді. Терезе мен олардың жақтауларын, әйнектелген есіктер мен олардың жақтауларын өндіру - 13, 2%-ға, басқа топтамаларға қосылмаған ағаштан құрылыс құрылғылары - 22, 5%-ға, бойлай тілінген немесе жарылған ағаш материалдарын өндіру - 26, 7%-ға артты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстың 2008 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары
Шығыс Қазақстан облысының 2006 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы: статистикалық шолу
Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласының экономикасы: 2014 жылғы қорытындылар және 2015 жылдың қаңтар-сәуірде әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Шығыс Қазақстан облысы: 2005 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі жалдамалы жұмыскерлер саны мен еңбек ақының статистикалық талдауы
Қазақстанда отандық автокөлік өндірісінің өсуі: 2016 жылғы қаңтар-маусым қорытындылары
Шығыс Қазақстан облысының 2007 жылғы өнеркәсіп, энергетика, көлік және агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен жергілікті автомобиль жолдарының жағдайы
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ақпараттану жағдайының мониторингі (2006 қаңтар-маусым)
Шығыс Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру және 2006 жылғы инвестициялық қызметінің нәтижелері
Қар көшкіндерінің негізгі параметрлерін анықтау және көлемнің қар биіктігіне тәуелділігін зерттеу (Ақсеңгір метеостанциясы, 2009 қаңтар)
Жамбыл облысының 2010 жылғы экономикалық жағдайы және инвестициялық саясаттың талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz