Ресей жағы қазақ шекарасындағы бекетті бір жылдан астам карантинде ұстап отыр


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ресей жағы қазақ шекарасындағы бекетті бір жылдан астам карантинде ұстап отыр

Қазақ-ресей шекарасын бөліп тұрған тікенек сымның ар жағында ресейлік Троицк қаласының шеті көрініп тұр. 5 маусым 2009 ж.

22. 06. 2009

Жасұлан КӨЖЕКОВ

Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының депутаттары Ресеймен шектесетін елді мекендер тұрғындарының құқықтары шектелгені туралы Астанаға хабарлауда: Ресей шекарашылары оларға ет, сүт өнімдерін «тіпті картопты» алып өтуге рұқсат бермеуде.

ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ төменгі палатасына Қостанай облысынан сайланған депутат Бағила Баймағамбетова Азаттық радиосына берген сұхбатында мәселенің аяқ астынан пайда болмағандығын айтты. Оның айтуынша, Ресей шекарашылары Қарабалық ауданының тұрғындары үшін 2008 жылдың 28 мамырынан бастап карантин енгізген. Бағила Баймағамбетова бұны шекараға таяу орналасқан аудандар тұрғындарының қазақ-ресей шекарасын кесіп өту туралы ратификацияланған үкіметаралық келісіміне қайшы келеді деп есептейді.

Қарабалық ауданы орталығындағы мешіт. Қостанай облысы, маусым, 2009 ж.

Құжатқа сәйкес, «шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары шекара арқылы жеке, отбасылық, үй шаруашылығына және басқа да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысы жоқ тауарларды екі тараптың да заңдарында қарастырылған, тауарларды кедендік алымдар мен салықтарсыз алып кіру (алып шығу) нормасынан артпаған жағдайда, алып өте алады». Қазіргі уақытта Ресейдің кеден заңнамасы жеке тұлғаларға жалпы құны 65 мың рубльден [2 мың доллар шамасы], ал жалпы салмағы 35 келіден аспайтын тауарларды кедендік алымдар мен салықтарды төлемей-ақ алып кіруге рұқсат етеді. Бірақ, аталған ережені дәл Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы оңайлатылған шекара өткелінде орындамайды. Ең бір күрделі жағдай Победа селолық округінде қалыптасқан. Округті үш жағынан да 45 шақырым бойы Челябі облысының аудандары қоршап жатыр. Село мен аудан орталығының арасы жүз шақырымдық грейдерлік жол болса, Ресейдің Троицк қаласын қазақстандық селоның тұрғындары үйінің терезесінен көре алады. Қала маңына дейін 1-2 шақырым ғана. Тұрғындарды, туыстар мен достарды жылға тәріздес кішкене ғана Үй өзені бөліп жатыр. «ШЕКАРАШЫЛАР ТІПТІ ЖҰМЫРТҚАЛАРДЫ ЖАРЫП ТАСТАЙДЫ»Украинадан сонау 1955 жылы екі жасар кезінде тың игеруші комсомол ата-анасымен ілесіп бірге келген Победа ауылдық округінің әкімі Татьяна Рыженко былай деп еске алады:«2001 жылы ресейліктер шекараны игере бастағанда олар шекараны бұтаның көлеңкесінде жүріп қорғады. Оларда ешнәрсе болған жоқ». Оның айтуынша, қазақстандық селоның тұрғындары өз қаржыларына алғашқы күзет будкалары мен Ресей шекарашылары тұруға арналған үйлерді салып берген. «Селодағы 1120 тұрғынның 75-80 пайызының Ресеймен тығыз байланысы бар. Студенттердің өзі 90 адам. 50 қариямыз зейнетақысын Ресейден алады. Сондықтан да, біз оларға ақысыз көмектестік», - дейді әкім Татьяна Рыженко. Бүгінде тек Победа селолық округінде, мемлекетаралық келісімге сәйкес, Қарабалық ауданының тұрғындарын оңайлатылған тәртіп бойынша шекарадан өткізетін 5 бекет ашылған. Бұл үшін шекарашыларға тіркеуі жазылған үй кітабы мен куәлігіңді көрсетсең жеткілікті. «Бірақ олар мәселе бір келі жас ет пен сүт, қаймақ немесе жұмыртқаға келгенде көнбей кетеді», - дейді жергілікті тұрғындар. Тіпті өз балаларына тамақ апара алмайтынына қатты кейіген селолықтар Азаттық радиосының тілшісіне былай деді:«Бізде ауру мал жоқ болса да шекарашылар бруцеллезге байланысты әлдебір карантинді сылтау етіп, жұмыртқаларымызды да жарып тастайтын. Кейінірек олар құс тұмауын, енді келіп шошқа тұмауын желеулете бастады. Бірақ, олар бізге әлгі тыйым салатын құжаттың

Бізде ауру мал жоқ болса да шекарашылар бруцеллезге байланысты әлдебір карантинді сылтау етіп, жұмыртқаларымызды да жарып тастайтын. Кейінірек олар құс тұмауын, енді келіп шошқа тұмауын желеулете бастады.

ксерокөшірмесін де көрсеткен емес. Өйткені, ондай құжат атымен жоқ. Себебі, Қостанай облысының басқа аудандарының тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге байланысты мұндай проблемаларға кезігіп отырған жоқ». Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Балтабай Хакімжанов Азаттық радиосына осы көкейкесті проблема жайында айтып берді:«Біздің аудан негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан да, аптаның басында балаларын Троицкіге оқуға жіберіп жатқан жүздеген ата-ана оларға өз шаруашылығынан алынған өнімдерімен ғана көмектесе алады. Бірақ, екі жылдан бері бұл да үлкен проблемаға айналды». СЕЛОНЫ ОҚШАУЛАУ КІМГЕ ТИІМДІ?Бүгінде шекара кәдімгідей қорқынышты болып көрінеді. Үй өзенінен 100 метрден соң тікенек сымды шекара жолағы басталады. Төбе басындағы бақылау мұнарасынан шекарашылар селоны алақандағыдай көріп отырады. Ал шекараны заңсыз жерден кесіп өткізбес үшін өзен бойымен үнемі тікұшақ ұшып жүреді. Челябінің баспасөзі хабарлағанындай, Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі шекараны қорғаудың «Полоса-71» деп аталатын су жаңа кешенін сынақтан өткізуге кіріскен. Онда дабыл қағу аспаптары, бейне және радиолокациялық, инфрақызыл бақылаудың құралдары, сейсмодатчиктер бар. Бірақ селода басын бәйгеге тігіп, тәуекелге баратындар да табылады. Победа селосының жаңа тарихында оның 14 тұрғыны шекарадан заңсыз өтпек болған жерінде ұсталып, Магнитогорск түбіндегі атақты Верхнеуральск түрмесінде мерзімді жазаларын өтеп шықты. Бірақ, село тұрғындарының айтуынша, егіс даласында дән сеуіп жүрген тракторшы он метрге қиыс кетіп қалса [бұлай қателесу өте оңай], оны Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін тракторымен қоса тұтқынға алады. Азаттық радиосының тілшісімен болған сұхбатта Победадағы бірегей ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, мамандығы ветеринар Василий Карпенко былай деп сұрақ қояды:«Өздері белгілеп алған карантин кімге тиімді? Ол тіпті карантин де емес. Өйткені, ешқандай негіздемесі, қандай да бір мерзімі жоқ».

Федоров ауданының егістігінде көктеп келе жатқан бидай. Қостанай облысы, маусым, 2009 ж.

Бұған байланысты Василий Карпенко екі түрлі болжам айтады. Біріншісі, оның ойынша, толықтай тыйым салу шекарашылардың жұмыстарын жеңілдетіп, оларды күнделікті күйбең тірліктен құтқарады. Екінші болжам бойынша, қазақстандық селоны оқшаулау Ресейдің [жергілікті] шаруа-дихандарына тиімді. Победа селосының тұрғындары үй маңындағы шаруашылығының өнімдерін Троицк қаласының базарында сатқан тиімдірек екенін мойындайды. Өйткені, ол жақта баға жоғарылау. Иә, көп жағдайда ет пен сүт өнімдерін сатып алу бағасы Ресейде Қазақстанға қарағанда 3-5 есе артықтау. Бұдан бөлек тағы бір фактор, қазақстандық тауарларға сұраныс та жаман емес. Селолықтар Қазақстанда шығарылған макарон өнімдерін, кәмпит, шәйді ресейліктердің жақсы алатынын айтады. Тіпті, «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар коньяк пен арақ та шекараға таяу Ресей аудандарында жергілікті өнімдермен салыстырғанда жоғары бағаланады екен. БЕНЗИН БАГЫН ҚАЗАҚСТАН КОНЬЯГІМЕН ТОЛТЫРУАуыл шаруашылығы өнімдерін өткізу ережесін қатаңдатуға шекара маңындағы тұрғындардың өздері де кінәлі екендігіне Татьяна Рыженко келіседі. Кейбіреулерінің сенімді асыра пайдалана бастағанын да мойындайды. Кейбір пысықайлары қарапайым әдіспен Қазақстан арағын шекарадан өткізе бастаған. Мәселен, жеңіл машинадағы бес жолаушының

Шекара өткелдері көбейе бастады, ал өмір сүру ауырлап кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телім жолы бой
«Диалог» микропроцессорлық орталықтандыруының жұмысы
Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)
Шешілуі міндетті саяси мәселелерді реттеу
ҚАЗАҚ КІМНІҢ БОДАНЫ
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Қой мен ешкінің эктима қоздырушысы
Ірі қараның шешек ауруы
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz