Еуропа: физикалық-географиялық сипаттамасы және саяси-аумақтық құрылымы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Еуропа - Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.

Жер көлемі - 10 млн km2. Адам саны - 727 млн адам.

Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ E.

Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың km.

Түбектер Еуропаның шамамен 1/4 бөлігін құрайды (Қола, Скандинав, Пиреней, Апеннин, Балқан және т. б. түбектері) .

Орташа биіктігі 300 m, ең жоғарғы нүкте - 5642 m. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы) .

Жер аумағының көбі - жазықтық (ірілері - Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары - жер аумағының 17 %-ын алып жатыр (бастылары - Альпылар, Қарпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары) . Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында орналасқан.

Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста - мұхиттік, шығыста - қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда - субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада - жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында - мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың km2

Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо.

Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева.

Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында - арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай - орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста - шөлейттер.

Мемлекеттер

Еуропада 49 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай) Албания

Албания Андорра

Австрия Әзірбайжан (40 %)

Беларус Белгия

Босния Герцеговина

Бұлғарстан Гүржістан (55 %)

Грекия Дания

Эстония Ирландия

Исландия Испания

Италия Қазақстан (16 %)

Құрама Патшалық Латуия

Лихтенштейн Литуания

Люксембур Мажарстан

Македония Республикасы Малта

Молдова Монако

Нидерланды Норвегия

Польша Португалия

Ресей (32 %) Румыния

Сан-Марино Сербия

Словакия Словения

Түркия (4 %) Украина

Ватиқан Финландия

Франция Хорватия

Черногория Чехия

Швейцария Швеция

Еуропаны, жалпы алғанда Солтүстік және Оңтүстік Еуропаға, Батыс және Шығыс Еуропаға және Орталық Еуропаға бөледі. Бұл шартты түрдегі бөлу, бұл жерде тек қана географиялық қана емес, саяси ықпал да бар. Кейбір мемлекеттер «көру бұрышына» байланысты түрлі мемлекеттер тобына жатқызылуы мүмкін.

Кеңес үкіметі заманында Еуропаны Шығыс пен Батысқа бөлу саяси сырмен түсіндірілген - Шығыс Еуропаға Герман Демократиялық Республикасын, Польшаны, Чехословакияны, Мажарстанды, Румыния, Албанияны, Югославияны және КСРО-ның Калининградтан Орал тауларына дейінгі аумақтарын жатқызды. Испания, Португалия, Франция оңтүстігі, Италия, Мальта, Кипр, Грекия және Түркия Оңтүстік Еуропаны құрады, ал Исландия, Норвегия, Швеция, Дания және Финляндия - Солтүстік Еуропаны құрады.

Осылайша, КСРО, Югославия және Чехословакия тарағаннан кейін, қазіргі заманда Орталық Еуропаға Польшаны, Чехияны, Словакияны, бұрынғы Югославия елдерін, Румынияны, Мажарстанды, Австрияны, кейде Балтия елдерін жатқызады. Шығыс Еуропаға - Ресей Федерациясын, Беларусьты, Украина және Молдованы жатқызады. Батыс Еуропаға - Ұлы Британияны, Ирландияны, Францияны, Алмания және т. б. жатқызады.

Дания мемлекетінің толық аумағы- 43, 1 мың кв. км. 5, 2 млн-ға жуық адам тұрады. Астанасы- Копенгаген. Дания Германия мемлекетімен шектеседі. Оның валютасы- даттық крона. Діндері- лютеранство. Мемлекеттік құрылымы- конституциялық монархия.

Исландия мемлекетінің толық аумағы- 103 мың кв. км, оның 11, 8 мың кв. км. мұздықтармен басылған. 272, 5 мың адам тұрады. Астанасы- Рейкьявик. Оның валютасы- исландық крона. Діндері- лютеранство. Мемлекеттік құрылымы- унитарлық республика.

Норвегия мемлекетінің толық аумағы- 387 мың кв. км. 4, 3 млн адам тұрады. Астанасы- Осло. Норвегия Финляндиямен, Швециямен және Рессеймен шектеседі. Оның валютасы- крона. Діндері- лютеранство. Мемлекеттік құрылымы- конституциялық монархия.

Финляндия мемлекетінің толық аумағы- 338 мың кв. км. 5, 117 млн адам тұрады. Астанасы- Хельсинки. Финляндия Норвегиямен, Швециямен және Рессеймен шектеседі. Оның валютасы- финдық марка. Діндері- лютеранство. Мемлекеттік құрылымы- унитарлық республика.

Швеция мемлекетінің толық аумағы- 450 мың кв. км. 8, 7 млн адам тұрады. Астанасы- Стокгольм. Швеция Финляндиямен және Норвегиямен шектеседі. Оның валютасы- крона. Діндері- лютеранство. Мемлекеттік құрылымы- конституциялық монархия.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропа аймағының экономикалық-географиялық сипаттамасы
Еуропаның физикалық-географиялық құрылымы, ресурстары және саяси бөлінісі
Урал тауының физикалық-географиялық сипаттамасы
Тынық мұхитының физикалық-географиялық сипаттамасы
Мақтаарал ауданының физикалық-географиялық және экономикалық сипаттамасы
Сахара шөлінің физикалық-географиялық сипаттамасы
Еуразия материгінің физикалық-географиялық сипаттамасы мен ландшафтық типтері
Қазақстандық Алтай өлкесінің физикалық-географиялық сипаттамасы
Еуразия материгінің физикалық-географиялық сипаттамасы, климаты және аймақтық ерекшеліктері
Тянь-Шань тауының физикалық-географиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz