Табиғаттың ластануы жайлы
1 Әлемдiк экология рейтингi
2 Бүгiнде экологиялық апат
3 Тұрғындар мен экономиканы сумен қамтамасыз ету ахуалы

Әлемдiк экология рейтингiне назар салсақ, елiмiз 133 елдiң iшiнде зорға 70-iншi орынды иеленедi екен. Статистикалық мәлiметтi Йель және Колумбия университеттерiнiң экологтары дайындаған. Бұл ретте «экология» деп тек қана ауа мен судың тазалығы емес, халықтың денсаулық жағдайы, ауаның сапасы, су ресурстары, биологиялық жетiспеушiлiк, табиғи ресурстар секiлдi түрлi факторлар кiредi. Бiрiншi орында қасқайып, әдетте малын арынан бiрiншi қоймаса да, адамын бiрiншi қоятын Швеция, Финляндия, Жаңа Зелландия секiлдi елдер тұр.
Жалпы, табиғаттың ластануы жайлы сөз адамзат өмiрiне техника араласқалы берi қозғалып келедi. Бiз таяуда ғана өз газетiмiзде табиғатты сүйетiнiн және оны қорлауға болмайтынын дәлелдегiсi келген пекиндiк жiгiттiң қырық күн бойы ағаш басына орнатқан шатырында ассыз, сусыз отырып, рекорд жасағаны туралы жазған болатынбыз. Айта берсек, мұндайлар тiптi көп. Экологияны қорғау мақсатында лондондық топ өзiнше бiр клуб құрады.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Әлемдiк экология рейтингiне назар салсақ, елiмiз 133 елдiң iшiнде зорға 70-
iншi орынды иеленедi екен. Статистикалық мәлiметтi Йель және Колумбия
университеттерiнiң экологтары дайындаған. Бұл ретте экология деп тек қана
ауа мен судың тазалығы емес, халықтың денсаулық жағдайы, ауаның сапасы, су
ресурстары, биологиялық жетiспеушiлiк, табиғи ресурстар секiлдi түрлi
факторлар кiредi. Бiрiншi орында қасқайып, әдетте малын арынан бiрiншi
қоймаса да, адамын бiрiншi қоятын Швеция, Финляндия, Жаңа Зелландия секiлдi
елдер тұр.
Жалпы, табиғаттың ластануы жайлы сөз адамзат өмiрiне техника араласқалы
берi қозғалып келедi. Бiз таяуда ғана өз газетiмiзде табиғатты сүйетiнiн
және оны қорлауға болмайтынын дәлелдегiсi келген пекиндiк жiгiттiң қырық
күн бойы ағаш басына орнатқан шатырында ассыз, сусыз отырып, рекорд
жасағаны туралы жазған болатынбыз. Айта берсек, мұндайлар тiптi көп.
Экологияны қорғау мақсатында лондондық топ өзiнше бiр клуб құрады. Клубтың
атын ағылшын тiлiнен тiкелей аударғанда, өркениеттен безiнген топ деп
жеткiзуге болады. Сонымен бұлар қайтедi дейсiз ғой, бұлар шынында да өзiнiң
өркениеттен безiнгенiн көрсетедi. Олар өркениеттен, яғни, радио,
автомобиль, теледидар, ұшақ, отарба т.б. нәрселерден мiндеттi түрде бас
тартады. Қайда барам, қайда қонам десең, өз еркiң бар, бiрақ әлгi
нәрселерге мiнуге рұхсат жоқ. Жаяу жалпылап жетесiң бе, еңбектеп жетесiң
бе, арбаға мiнесiң бе, өз еркiң... Бiрақ әлгi клубтың мүшесi бола тұра,
техникаға аяқ артсаң, (тiптi радио тыңдасаң да) мүшелiктен қуылып кетесiң.
Тек қуылып қана қойсаң мейлi ғой, сенi ант атқан ретiнде қарайтыны тiптi
қиын. Ал, бұл клубтың мүшелерi кiм дейсiз ғой. Көбiне ғалымдар, мемлекеттiк
қызметте болған зейнеткерлер және жастар. Олардың барлығы да салиқалы,
саналы жандар. Экологияны және жер планетасын сақтап қалу мақсатында
құрылдық деп жазылған аталған клубтың тұғырнамасында...
Бiздiң елде де экологияны өз қалпында сақтау үшiн осындай бiрдеме ойлап
таппасақ болмас, тегi. Ғаламшардың қаншалықты ластанғанын мына деректен
бiлуiмiзге болар едi. 2001 жылы ғалымдар Кельн шiркеуiнiң iргесiндегi бiр
моланы тексергенде, одан iшiнде суы бар құмыра тауып алыпты. Ғылыми жолмен
жүргiзiлген сараптамадан соң, бұл ыдыстың мұнда сақтаулы жатқанына аттай
1500 жыл болғанына көз жеткiзiлген. Ал, ең кереметi осынау судың бойынан
казiр бiз iшiп жүрген суда кездесетiн бiрде-бiр зиянды элемент ұшыраспапты.
Ғалымдардың айтуынша XV ғасыр бұрын адамдар iшкен су осындай өте таза
болған. Әйткенмен, қазiр мұндай су планетамыздың бiр жерiнде де
кездеспейдi...
Бiз экология туралы сөз қозғағанда, тек жердi айтып, суды естен шығарып
алатынымыз бар. Айталық, сулардың дұрыс қалыптаспауынан экологияның 55
пайызы ластана түседi. Мысалы, әлемдiк көлемде мұхит пен суды
зерттеушiлердiң айтуынша, бүгiнгi таңда адам улы заттарын көметiн жер
таппай, суға лақтыруды әдетке айналдырып алды. Бiр ғана пластмассалардан
жасалған заттың өзiнен кит, дельфин, сонымен қатар көптеген су құстары арам
қатады екен. Осы ретте сiз, қолыңызға қалам мен қағаз алып есептеп
көрiңiзшi, әр жыл сайын теңiз бен мұхитқа тасталған пластикалық
контейнерлер мен неше түрлi ыдыстың көлемi он мың тоннаға жететiн көрiнедi.
Бұған қарап, кит пен дельфиндi сiздiң және сiздiң балаңыздың көретiнiне дау
жоқ. Ал немереңiздiң көруi... екiталай. Бәлкiм, мұражайдан қызықтар...
Бiз, бұлайша мұхиты бар елге күле қарай алмаймыз. Себебi, мұндай хәл өз
басымызда да бар. Айталық, геолог-экологтар Каспийде бекiре балықтың құрып
бара жатқанын айтып, талайдан берi дабыл қағуда. Хазардың төрт
жағалауындағы төрт елде емес, бекiре балықтың ең көп нүктесi, атап айтсақ,
90 пайызға жуығы бiздiң елдiң үлесiнде. Бекiре балық азайды дегенде, оны
ешкiм аулап тауыспаған (уылдырығы аса қымбат балықты аулап жатқандар да аз
емес), оның жойылуына мұнай қалдықтарының көбейуi себеп болып отыр. Бұған
Волга өзенiнен бермен жылжитын лас судағы зиянды қоспаларды қоса санаңыз.
2005 жылдың жылап-еңiреп, қоштасып кетер тұсында Қытайдың химия зауытында
болған жарылыстан Сунгари өзенiне төгiлген 100 тоннадай аса улы химикаттың
Ресей-Қытай-Қазақстан су iшiп отырған Амурды ластап, жаңа жылдық үлкен
сый жасағаны белгiлi-тiн.
Мұның нәтижесiнде Қытай Ресейден кешiрiм сұрап және аталмыш өзеннен екi жыл
бойына балық аулауға тыйым салынатыны туралы ғана келiсiмшарт жүргiзiлдi.
Ескертiп қояйық, келiсiм тек екi елдiң арасында болды. Ал, бастауын
Қытайдан алып, Қазақстан, Ресей арқылы Обь өзенiне құятын Ертiс өзенiнiң
бiр бөлiгi бұл уға малшынып отырса да бiздiң елден ешкiм кешiрiм сұраған
жоқ және экологиялық қорған жасалынбады. Бұл тек бiр ғана оқиғаның зардабы.
Болмаса, қара Ертiстiң өн бойын жағалай қонған ел жыл сайын 120 тонна
қауiптi қалдық тастап (қоқыстың иесi Қытай, Ресей), мұның салдарынан су
құрамынан мырыш пен қалайы молдап табылуда. Мұны тазарту шарасын еске алған
жан баласы болсашы?! Есесiне, осынау улы химикатты, яғни қара Ертiстiң суын
Астана қаласына бұрып, қажеттiлiктi өтеу туралы жоспар жасалынуда.
Қызығы сол, елiмiзде экология туралы сөз қозғалғанда, жоқтаушылардың құлын
даусы шығады. Бiрақ оған мiз бағар ешкiм жоқ. Экология - Олжас
Сүлейменовтiң, болмаса поэзиясын соңғы кезде саясатқа әкеп телiген Мұхтар
Шахановтың немесе құрылу құрылмасы екiталай Жасылдар партиясының, әр
президент сайлауы сайын кандидат болып тiркелмесе, көңiлi көншiмейтiн Мэлс
Елеусiзовтiң де қолынан келетiн iс емес. Бұл ең бiрiншi - Үкiметтiң
шаруасы.
Құлақтарына алтын сырға деп айтайық, қазақтың қалың моласына айналғалы
тұрған қаупi бар Балқаш проблемасына қатысты I форумның өткенiне аттай алты
жыл уақыт өткен. Әйтсе де, алты жылдан берi алты шара өткiзiлмей, жоспардың
барлығы қалғып-мүлгiп кеткен. Бұл iстiң басында жұртқа жаны ашымас,
можантопай бiреу отырса, қолды бiр-ақ сiлтер едiк ау. Алайда Балқаш
форумы үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы, Үкiмет басшысы Даниал Ахметов мырзаның
өзi...
Бүгiнде экологиялық апат туралы сөз қозғайтындар зияны бiрнеше ғасырсыз
кетпейтiнi мәлiм болған Семей полигоны немесе қайығы мен балығынан
айырылып, бүгiнде көлшiкке айналған жесiр теңiз Арал туралы әлдеқашан
ұмытқан. Экологиялық қауiптi аймақ деп дабыра қағылған Аралдың кепкен
табанынан тұздардың ауа ұшқанын тоқтату мақсатында жасалынып жатқан шара
жоққа тән. өйткенi, мұнан ешқандай да қорытынды шыға қоймайтынына көз
жеткiздi. Ендiгi басты мәселе - Қара Ертiстiң суы мен Сорбұлақтың жағдайы.
қара Ертiстiң күйi соңғы уақытта жиi айтылып келедi. Ал, Сорбұлақ туралы
сөз президенттiк сайлауда табиғаттың жанашыры болып көзге түскен Мэлс
Елеусiзов саяси сахнаға шыққанда ғана айтылып жүр.
Шынын айтқанда, Сорбұлақ апатының алдын алу үшiн екi рет дамба салғанымен,
оның сапасы төмен болып шыққан. Дамбаның астына жиналған су уақыт өте келе
лай болып, Астана - Алматы жолының екi жанын лайсаң көлшiкке толтырғанын
жасыра алмаймыз. Осынау артық қылам деп тыртық қылудың әсерiнен таяу
жылдары ғана салынған Астана - Алматы күре жолының ойыла бастауына әкеп
соғуда.
Осы ретте Сорбұлақтың сорын табаны күректей жиырма жылдан берi жыр қылып
келе жатқан елiмiздегi жалғыз эколог Мэлс Елеусiзовтi тыңдап бағыңыз:
- Сорбұлақ маңындағы проблема өте үлкен. Қазiргi күнi оның ұзындығы 15
шақырымға, енi 8 шақырымға жеттi. Жасанды көлдiң ортасының тереңдiгi 29
метр. Сорбұлақтың деңгейi дәл қазiр теңiз деңгейiнен 620 метр биiктiкке
жетiп, өте қауiптi жағдайды туындатуда. Мұның қауiптi болатын себебi,
осылай асқына берген Сорбұлақ арнасынан асар болса, оның айналасындағы
Ақши, Миялы, Бақбақты, Құйған және Желтораңғы тәрiздi бiрқатар елдi мекендi
шайып кетуi тұрмақ, онда өмiр сүретiн 50 мыңнан астам халықтың ажалына
себепкер болады.
Тәңiр қазақтың жерiнен несiбенi аямаған. Бiрақ соның барлығын пайдаға асыру
ақсап тұр. Баяғыда бiр бай той жасап, тойға келгендердiң барлығына бiр
қойдан таратыпты дейдi. Сонда өзiне тиесiлi қойды алып келе жатқан қазақтың
бiрi алып жүру қиындағанда қойды берген соң, неге басына байлайтын жiптi
қосып бермедiң? деп той иесiн сөккен көрiнедi. Бiздiкi де сондай тiрлiк.
Ал, жер асты байлығы болмағандықтан, жер үстiндегi байлықпен-ақ, қой
үстiне бозторғай жұмыртқалатып, күн көрiп жатқан ел қаншама?! Мұны шет
елге демалуға тым құрыса, бiр барып қайтқан әр қазақ жақсы бiледi. Бiздiң
ел экологияны жақсарту барысында бiр рет туризмге де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz