Қыпшақ текті Сұлтан аз-Захир Бейбарыс: тарихы мен әдеби-фольклорлық бейнесі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

БЕЙБАРЫС

(1223-1276)

Жат жұрттардағы қыпшақ әдебиетінің бүкіл Шығыс елдеріне кең тараған туындысы-қазақ сахарасының перзенті қыпшақ Сұлтан аз - Захир Бейбарыс жайлы қиссалар.

Сұлтан аз-Захир Бейбарыс деген кім?

Арабтың, «мамлюк» деген сөзінің көп мағынасының бірі - ақ құлдар. Ал осы мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында МОҢғОЛ шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар болған. И. М. Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе италиялық саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді «тауарды» Жерорта теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып, артық бағамен қайта сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ер жүректілігіне, төзімділігіне, шыдамдылығына қызыққан Мысыр сұлтандары оларды әскери қызметке тартқан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпщақтар жұрты қолдамаған сұлтандарды тақтан оп-оңай-ақ тайдырып отырған. Мысырлық қыпшақтардың салтанат құруы, әсіресе, XIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мысалы, 1250-57 жылдары Египетті түркінің бахрлықтар деп аталған Айбек бастаған қауымы билеген. Олардың бахралықтар деп аталуына себеп болған жайт қыпшақтардың әскери казармаларының Ніл өзені ортасындағы аралда болғандығынан еді. Сондықтан да олар «бахрлықтар», яғни «аралдықтар» деп аталып кеткен.

Мемлекет билігі қолдарына тигеннең кейін қыпшақтар күрдтер әулетін аластаған. Сөйтіп, олар Египетті ұзақ уақыт билеген. Олардың басын біріктіріп, жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін аты халық аузында аңыз боп қалған қыпшақ текті сұлтан аз-Захир Рукн ад-Дин Бейбарыс болған.

Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған.

И. М. Фильштинский еңбектеріне карағанда жас батыр әуелі Сириядағы әскери мектепте оқығаннан кейін, мамлюк жасақтарына жазылады. Әл-Мансур деген жерде болған алғашқы шайқаста-ақ ол ерлігімен көзге түскен.

Крест тағушыларды талқандағаннан кейін Бейбарыс өзінің, негізгі қарсыласы Туран шаһ пен бақталасы Кутузды да тақтан тайдырған. Бейбарыс үкімет басына келген тұс монғолдардың 1258 жылы Бағдадты қиратып, Аббастан тараған халифалар әулетінің бірқатарын дарға асып үлгірген кезі болатын. Солардың тірі қалған біреуі соңынан Шамға қашып кеткен. Оны сол жерден Бейбарыс Мысырға алдырып, 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа етіп жариялаған. Сол жаңа халифаның қолынан өзі де сұлтан лауазымын алған.

Бейбарыс енді Машриқ елдерін жаулап алып, Мысырға ұмтылған монғолдардың тас-талқанын шығарғаң. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатқан.

Осы қыпшақ батыры тұсында Мысырдың егін шаруашылығы мықтап дамыған. Суландыру жүйелері жөнделіп, қалпына келтірілген. Қыпшақ текті көптеген әскербасыларға Сирия мен Египеттен жер бөліп берілген. Бейбарыс басқарған жылдары Мысыр, сөйтіп, тез дами бастады. Египеттің әл-Искандария (Александрия), Дамиетта, Әл-Қаһира (Каир) секілді қалалары ірі-ірі сауда орталығына айнала бастаған. Сауданың өсіп-өркендеуіне Бейбарыс та барынша жағдай жасауға тырысқан. Мұнда Венеция Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның сауда керуендері мен кемелері соқпай кетпейтін. Сол үшін де қыпшақтар олардан көп заттар алатын.

Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы - крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған.

Көп ұзамай-ақ Бейбарыстың есімі де «Мың бір түн» хикаяларының негізгі кейіпкерлерінің бірі Аббас әулетінен шықкан халифа һарун ар-Рашид (786-809) секілді аңызға айналған, Өйткені, Бейбар-ыс жайлы риуайаттарда ол да халифа һарун ар-Рашид сияқты қарапайым киініп, түнгі Каирді аралап кетеді екен. Халық өмірімен жақын танысқандықтан, қылмыстыларды жазалап, күнәсіздерге көмектеседі екен. Міне, оның осы қырына мұхаддистер де ол туралы қиссаларға ерекше мән беріп, ұзағырақ айтатын болған.

Араб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса, әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз-Захир (1223-1292), тарихшы-шежірешілер әл-Мақризи (1362-1442) мен Ибн Тагрибердилер (1409-1470) қалдырған мағлұматтарды атаған.

Египетте біраз жылын өткізген ағылшын шығыстанушысы Э. У. Лэйн: «Каир каласында отызға жуық қиссашылар бар деседі. Олардың бәрі де тек «аз-Захирдің» («Сират аз-Захир» немесе «ас-Сира аз-Захирийа

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ текті сұлтан аз-Захир Бейбарыс (1223-1277): өмірі, билігі мен мұрасы
Сұлтан Әз-Заһир Бейбарыс: өмір жолы, билік және тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру
Сұлтан Бейбарыс: Мысыр деректері, Бейбарыс сирасының жазылу тарихы және жас Бейбарыс бейнесі
Сұлтан Бейбарыс: Мәмлүк мемлекеті, Алтын Орда және Дешті Қыпшақ тарихындағы рөлі
Сұлтан Бейбарыс: қыпшақ шыққан мәмлүк сұлтанның өмірі, саяси қызметі мен мектепте оқыту әдістемесі
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі: Дешті Қыпшақ пен Мамлюк мемлекетінің саяси, дипломатиялық және мәдени байланыстары (XIII-XV ғғ.)
Мысыр Мәмлүк мемлекетінің қалыптасуы, Аз-Заһир Байбарыс дәуірі және Дешті-Қыпшақ пен Алтын Ордамен қатынастары (XI-XV ғғ.)
Рукн ад-Дин Бейбарыс: қыпшақ шығу тегі, билікке көтерілуі және мәмлүк дәуіріндегі рөлі
Бейбарыс сұлтан: Құлдықтан хандыққа - Мысыр мен қазақ тарихындағы ортақ тұлға
Ағыбай Қоңырбайұлының тарихи және әдеби-фольклорлық бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz