Берік шекара–ірге бүтіндігінің басты кепілі



1 Шекара мәселелерінің оңтайлы шешілуі
2 Ресеймен шекара мәселесін анықтау
Кез келген мемлекет, ең алдымен, мемлекеттік шекарадан басталатыны белгілі. Сол себепті біз еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін іргемізді бекітіп, шекарамызды айқындауға кірістік. Шынын айтайын, шекара мәселесі өте қиын мәселе. Әлемдегі ең үлкен қарулы қақтығыстар мен сансыратқан соғыстар әрдайым осы жер дауынан, шекара дауынан басталған. Сондықтан бұл іске келгенде бізге Абай атамыз айтқандай асықпай, аптықпай «ақырын жүріп, анық басуға» тура келді. Оның үстіне тағдыр бізге Қытай мен Ресей сияқты екі алып көршімізбен қатар өмір сүруді жазды.
Әуелі Қытай Халық Республикасымен шекара айқындауға кірістік. Анығын айту керек, кешегі азуын айға білеген Ресей империясы да, жарты әлемді билеген Кеңес Одағы да Қытаймен шекара мәселесін ешқашан толық шешкен емес. Аға буын өкілдерінің есінде болар, осы шекара мәселесінің шиеленісуі салдарынан алпысыншы жылдары Қиыр Шығыстағы Даманскіде, сондай-ақ осы күнгі Алматы облысының Жалаңашкөл деген жерінде қарулы қақтығыстар болып, оның аяғы соғысқа айналып кете жаздаған. Міне, бізге осындай күрмеуі қиын мұра қалды.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Сұхбат



Берік шекара–ірге бүтіндігінің басты кепілі
-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан
сыртқы саясатының ең үлкен жетістігі деп шекара мәселелерінің оңтайлы
шешілуін айтуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар қалай басталып еді?
- Кез келген мемлекет, ең алдымен, мемлекеттік шекарадан басталатыны
белгілі. Сол себепті біз еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін іргемізді
бекітіп, шекарамызды айқындауға кірістік. Шынын айтайын, шекара мәселесі
өте қиын мәселе. Әлемдегі ең үлкен қарулы қақтығыстар мен сансыратқан
соғыстар әрдайым осы жер дауынан, шекара дауынан басталған. Сондықтан бұл
іске келгенде бізге Абай атамыз айтқандай асықпай, аптықпай ақырын жүріп,
анық басуға тура келді. Оның үстіне тағдыр бізге Қытай мен Ресей сияқты
екі алып көршімізбен қатар өмір сүруді жазды.
Әуелі Қытай Халық Республикасымен шекара айқындауға кірістік. Анығын айту
керек, кешегі азуын айға білеген Ресей империясы да, жарты әлемді билеген
Кеңес Одағы да Қытаймен шекара мәселесін ешқашан толық шешкен емес. Аға
буын өкілдерінің есінде болар, осы шекара мәселесінің шиеленісуі
салдарынан алпысыншы жылдары Қиыр Шығыстағы Даманскіде, сондай-ақ осы
күнгі Алматы облысының Жалаңашкөл деген жерінде қарулы қақтығыстар болып,
оның аяғы соғысқа айналып кете жаздаған. Міне, бізге осындай күрмеуі қиын
мұра қалды.
Аллаға шүкір, бүгінде біз соны еліміздің есесін ешкімге жібермей шеше
білдік. Қытай Халық Республикасымен, оның сол кездегі басшысы Цзян
Цземиньмен әрбір кездескен сайын біз шекара мәселесін пысықтап, оны
реттеуде кездескен қиындықтарды біртіндеп шешіп отырдық. Бұл оңайлықпен
жүзеге асқан жоқ. 1994 жылы басталған бұл процесс тек 1998 жылы ғана
аяқталып, екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны айқындайтын құжатқа қол
қойылды. Бұл шындығында Қазақстан дипломатиясының аса үлкен жеңісі еді.
Шекараны анықтауда Қазақстан мүддесі түгелдей ескерілді деп нық сеніммен
айта аламын. Тіпті біздің үлкен көршіміз Ресей Қытаймен екі арадағы
шекаралық келісімге бізден кейін төрт жылдан соң қол қойғанын ескерсек,
біз оны сәтімен шештік деп айтуымызға толық негіз бар.
Оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстанмен екі арадағы шекара мәселесі де оңтайлы
шешілді. Ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған халық болғандықтан
екі ел арасындағы шекара ауыл-ауылдың үстімен, тіпті кейде үйлердің
арасымен өтті. Солай бола тұрса да біз оны асықпай ақылға салып
талқыладық. Нәтижесінде өзбек ағайындармен де ортақ тіл табысып,
оңтүстіктегі шекарамызды біржолата бекіттік.
Қырғыз, түрікмен бауырларымызбен де мемлекеттік шекараны ешбір
дау-дамайсыз бітірдік. Сөйтіп өзімізбен көршілес төрт мемлекетпен
мемлекеттік шекара мәселесін біржолата шешіп алған соң Ресеймен басталған
келіссөздерді жалғастыруға тура келді.
- Ресеймен шекара мәселесін анықтауды Ресейдің бұрынғы Президенті Борис
Ельцинмен бастағаныңызды білеміз. Ресеймен шарт неге ең соңынан жасалды?
- Оның ешқандай құпиясы жоқ. Егер біздің құрғақтағы шекарамыздың жалпы
ұзындығы 14 мың километр болса, соның жартысынан астамы, яғни 7591
шақырымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуы
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Тістердің тіс жегі емес зақымдалуларының рентгендік диагностикасы
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Ми-жұлын жарақаттары жайлы ақпарат
Тасада қалған тарих
М. Горбачев кезіндегі Қонаевтың саяси тұлғасы
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Пәндер