Тұмар (Томирис) ханша



1 Тұмар ханша
2 Мидиялықтардың патшасы
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
   ТҰМАР 
    Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ
халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек
жазбаларында оның елін массагет деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа
еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, төрт құбыланың тұтас
билеушісі атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта
Азияға басқыншылық жорықпен келген, жеңілуді білмейді деп дәріптелген
әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс
елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей
түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші
аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың
(Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сақтармен
соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды.
Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін
шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді
құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді. Өздерін
жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған
Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын
естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.
- Мидиялықтардың патшасы! -, дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар
ханша Кирге. - Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер
көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз
билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын
десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне
шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның
өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай
өзің шеш. Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір
таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза
тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып,
шешімдерін Тұмарға хабарлайды. Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік
жерге шегініп кетеді. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұмар патшайым
Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Антикалық замандағы әйелдер билігі және рөлі
Конкурстың қазылар алқасы
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар
Дарий I Скифияға жорығы
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
Пәндер