Ұлы Жібек жолы тарихы туралы


Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б. з. б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.
Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б. з. б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.
Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған. уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды.
Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы. Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz