ШОРТАНБАЙ АҚЫННЫҢ ДІНИ НАСИҚАТТАРЫ


ШОРТАНБАЙ АҚЫННЫҢ ДІНИ НАСИҚАТТАРЫ
ХIХ ғасыр қазақ әдебиетi тарихында көркем әдебиеттiң мықтап дамыған кезеңi. Бұл ғасырда қазақ халқына танымал болған ақын, жырау, жыршылар көптеп кездеседi. Олар сол ғасырдың зарлы толғаулары мен әлеуметтiк өмiр шындығын және күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке негiзделген тақырыптарын кеңiнен қамтиды. Мұны осы кезеңде өмір сүріп өткен Махамбет, Дулат, Шортанбай, Шернияз, Ақмолла, Мұрат, Мәдi, Мәшһүр Жүсiп, Нұржан, Әбу Бәкiр, Мақыш т. б. ақындар шығармаларынан толық көруге болады. Бiз осылардың ішінен Шортанбай ақынды сөз еткелі отырмыз. Осы ХIХ ғасырдың бас кезiнен бастап патшалық Ресейдің саясаты қазақтың жерiн алумен бiрге, оның өзiн түрлi мақсатпен жүзеге асыру үшiн жерiмен қоса, дiнiн, тiлiн алу жағын қарастырған болатын. Мұндай мақсатты көздеген олар ешкiмнен тартынбай сол кездегi дiни-ағартушылық ағымдағы шығармаларды, яғни дiндi, Алланы сөз еткен ақындар шығармаларын тәркiледi. Олай дейтiнiмiз, ашықтан-ашық Патшалық Ресей отарлау саясатын жүзеге асыру үшiн ел билеудiң жаңа жүйесiн (системасын) енгiзудi көздедi. Мұндай саясат ХХ ғасырдың орта тұсына дейiн жалғасын тауып жатты. Бұл жөнiнде Қалижанұлы Уалихан: «Күнi бүгiнге дейiн дiни-ағартушылық ағым белгiлi бiр әдеби процесс ретiнде қарастырылған жоқ. Дiндi «апиын» деп жария еткен маркстiк-лениндiк iлiм, лениндiк «партиялық әдебиет пен партиялық ұйым» саясаты қазақ қоғамындағы ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың орта шенiне дейiн жалғасқан дiни ағартушылық ағым идеясын жоққа шығарды. Ақмолла, Мәшһүр Жүсiп, Нұржан, Әбу Бәкiр, Мақыш секiлдi озық ойлы iргелi ақындардың мұрасына сын көзбен қарап оларға «ескiшiл», «дiншiл», «кiтаби» деген желеулер айтылып, оқу программаларынан алынып тасталынды. Ыбырай, Абай мұралары ғана жаңа әдебиеттiң демократиялық көзқарастың ақын-жазушылары ретiнде ғылыми және қоғамдық айналымға жiберiлдi. Бiрақ олардың творчествосы ревизияланды. Дiн, Алла туралы айтқан өлең жолдары кiтаптардан алынып тасталынды, ал Шәкәрiм мұралары халық жауы ретiнде архивке жiберiлдi», - деген болатын. (Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетiндегi дiни-ағартушылық ағым. Фил. ғыл. док. дисс. Алматы, 1999. 16-бет) . Мiне қазақ жерiнде болған осындай өзгерiстер Шортанбай ақынды да айналып өткен жоқ. Кезiнде ескiшiл, ескiлiктi аңсап, жаңаға үрке қараған деп оған да жоғарыда айтылған айдар тағылып, халқынан шеттетiлген болатын. Бірақ ертелi-кеш ақ пен қара ажыралып, әдiл шешiмін тапты, ақиқат-шындық айшықталды. Елiн, жерiн емiрене сүйген аса талантты Шортанбай өлең-жырларымен оқырман қауым араға бiраз жыл салып қайта қауышты. Оның өлеңдерi соңғы жылдары «Алдаушы жалған», «Бала зары», «Зар заман» деген атпен баспа бетiнен жарық көрдi.
«Зар заман деген- ХIХ ғасырда өмiр сүрген Шортанбай ақынның заман халiн айтқан бiр өлеңiнiң аты. Шортанбайдың өлеңi iлгергi, соңғы iрi ақындардың барлық күй, сарынын бiр араға топтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкiл бiр дәуiрде бiр сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман» ақындары деген ат қойдық» - дейдi ұлы Мұхтар Әуезов. (Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы:Ана тілі, 1991. 192-бет) .
Шындығында, ХIХ ғасыр ақындары iшiнде зар заманның басы Шортанбайдан басталады. Ол заманның азғанын, заңның тозғанын, қара халықтың арасынан береке-бiрлiктiң кеткенiн, жердiң жат жұрттан келген келгiндiнiң қолына кеткенiн көзiмен көрiп, емiрене көзiне жас ала, заманның хал жайы келешекте не болмақ деп қайғыға бой ұрады. Зар заманның мұңлы үнiн Шортанбай тiршiлiктегi әлеуметтiк қайғыны дiни сарынмен бояп, нақышына келтiрiп, суреттейдi:
Мына заман қай заман ?! Зарлығының белгiсi:
Азулыға бар заман, Бiр-бiрлерiн күндеген,
Азусызға тар заман. Жай-жайына жүрмеген
Тарлығының белгiсi. Мұның өзi тар заман.
Жақсы жаманнан түңiлген, Тарлығының белгiсi:
Жаман малға жүгiнген, Мұсылманнан хал кеттi, Мұның өзi зар заман. Тәңiрiм болғай демесiн!
Осы негізде Шортанбай шығармаларының мазмұнына назар аударып, терең үңіліп қарасақ, онда біз ақынның мынадай бағытта діни насиқат айтып кеткенін көре аламыз:
Бiрiншi, кең қоныс тепкен, ерiктi өрiсте еркiн өскен әуелгi заманның ендi оңалмайтынын көрiп, заман ақыр кезi келдi, бұрыңғы заман қайта келмеске кеткенiн ашып көрсетедi:
Сандалғанның белгiсi-
Береке кеттi асыңнан,
Ұлдан қызық көрмедiң,
Қорлықпен өстiң жасыңнан.
Ұлың, қызым деп кеттiң,
Айрылдың құда, досыңнан.
Тiлеуiңдi бермейдi,
Көзiңнiң жасын имейдi.
Азаматтар, жiгiттер,
Айғыр айтып сойсаң да,
Әуелгi заман келмейдi!
Заман ақыр кезi ендi!
Екiншi, заманның азып, елден береке бiрлiк қалмағанын, ағайын-туысқан арасында татулық жоғалғанын дәрiптейдi:
Жақыннан шыққан жақсыны,
Ағайын жұрты көре алмас.
Заман ақыр белгiсi-
Бiрге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас.
Үшiншi, ата-баба дәстүрiндегi ислам шариғатын уағыздап, соны негiзге алып, дiни сарында нақышына келтіріп жырлайды:
Иманы бардың белгiсi-
Тiлiнен тамар шырасы.
Мағлұм-дүр құдаға,
Пенденiң қылған күнәсi.
Уа, Алла ағлам, құдай бiледi,
Осылай шығар расы.
Дiни насихат дінді арнайы сөз еткен немесе оны үгiттеген қаламгерлерде көбiрек кездесетiндiгi түсiнiктi. Шортанбай ХIХ ғасырдағы қазақ сөз зергерлерiнiң iшiндегi осындай авторлардың бiрi. Ол дiндi уағыздап, өзi таныған шындықты тілге тиек етеді. «Ол-өзiнiң идеологиялық көзқарасында мұсылманшылыққа иек артқан ақын. Оның сараң адамға анықтамасы «Малдан зекет бермеген, Аузына құдай кiрмеген» деп келедi, «Жаббардың екi болмайды, Әмiр қылған жарлығы» деген «ақиқатты» еске сала кетедi, «Құдай деген мүһминнiң, Ауыздан кетпес тобасы, Иманы бардың белгiсi Тiлiнен тамар шырасы», «Сираттың желi соққанда, Руза-намаз пана-ды» деген сияқты өзi таныған шындықты мойындайды». (Сыздықова Р. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы. Алматы: Мектеп, 1984. 200-бет) . Сол арқылы ақиқатты дәріптейді. Дәріптеп қана қоймай оған шариғи үкім арқылы байлам жасап, айтайын деген ойды дәл, нақты жеткізе біледі. Ақиқаттың қашанда орындалуын, яғни ақыретте де болса орындалуын жеткізбек болады.
Жалпы алғанда, Шортанбай шығыс тарихынан, әдебиетiнен, мәдениетiнен және шариғат қағидаларынан жақсы хабардар болған. Сондықтан оның қаламынан шыққан туындыларда көбіне діни бағат ұстанымы көрініс табады. Соның нәтижесінде болса керек оның шығармаларында көбiне дiни лексика, яғни дiнге байланысты сөздер көбiрек кездеседi. Бұл жөнiнде Р. Сыздықова өз еңбегiнде былай келтіреді: «Дiни лексика әсiресе дiндi арнайы сөз еткен немесе оны үгiттеген қаламгерлерде көбiрек кездесетiндiгi түсiнiктi. ХIХ ғасырдың орта тұсынан бермен қарай қазақ сөзгерлерiнiң iшiнде мұндай авторлардың бiрi - Шортанбай. Ол өзiнiң идеологиялық көзқарасында дiнге, оның iшiнде мұсылманшылыққа иек артқан ақын, кейде ол тiптi мұсылманшылықтың жаршысы болып толғайды» (Сыздықова Р. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы. Алматы:Мектеп, 1984. 145-бет) .
Шортанбай шығармаларындағы араб сөздерінің кең қолданысын ақын өмір сүрген ХІХ ғасырдың саяси ахуалымен тікелей байланыстыруға болады. Әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қарапайым халықты мұсылмандықтан шығып қалуынан қорқып, дінді уағыздауды қолға алған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz