Шығыс Қазақстан облысы туралы мағлұмат


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы Кенді Алтайдың етегінде, Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан. 1997 жылы облыс құрамына Семей облысы қосылды.

Шығыс Қазақстан облысының орталығы - Өскемен қаласы.

Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазбаларға өте бай. Бұл облыста кездесетін пайдалы қазбалар - мырыш, қорғасын, мыс, күміс, кадмий, сурьма, күшән, күкірт, висмут, индий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, жанғаш тақтатас, түрлі химиялық шикізат және құрылыс материалдары.

Кейінгі жылдары машина жасау, металл және ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл және тамақ, химия өнеркәсіптері салалары тез дамып келеді. Өскемен қорғасын-мырыш, титан-магний, Риддер полиметалл және Ертіс мыс балқыту, Белогор кен байыту, Зырян қорғасын зауыттары Кенді Алтайдың полиметалл кені мен басқа экономикалық аудандардан тасылатын кендер негізінде жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіп салаларынан Өскеменде трикотаж, аяқкиім, химиялық талшық комбинаты бар.

Семей ет комбинаты, асбест-цемент заыты, тігін-трикотаж, аяқкиім фабрикасы, былғары-мех өндіріс бірлестігі жергілікті шикізатты пайдаланады.

Энергетика жүйесінде Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Үлбі, СЭС-тері, Өскемен, Риддер ЖЭС-тері белгілі.

Ауыл шаруашылығы астық өндіру мен сүтті-етті, етті-жүнді бағытта өсірілетін мал шаруашылығына маманданған. Шығыс Қазақстан Республикамыздағы марал өсірілетін бірден-бір облыс.

Ауданда жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, көкөніс, картоп, күнбағыс бақша дақылдары егіледі. Зайсан қазаншұңқырында бау-бақша мен жүзім өсіру дамыған.

Көлік кешені. Маңызды автомобиль жолдары: Павлодар - Семей - Алматы, Аягөз - Бақты, Жалғызтөбе - Өскемен. Ертісте тұрақты өзен қатынасы дамыған. Әуе жолы арқылы бұл облыста Астана, Алматы, Мәскеу, Новосибирск, Омбы, Қарағанды, Павлодар қалаларымен байланыс жасалады.

Ертіс өзенінің басты аймақтары: Семей, Өскемен, Серебрянск.

Ауданның қалалары: Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Аягөз.

Өскемен - Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен түсті металлургия орталығы ондағы қорғасын-мырыш комбинаты Кенді Алтайда қорытылатын қорғасын мен мырыштың едәуір бөлігі өндіреді. Қалада түсті металлургиямен қатар машина жасау салалары бар. Сонымен бірге тамақ және жеңіл, ағаш, өңдеу, жібек маталар шығару өнеркәсібі дамып келеді. Жібек маталар шығаратын комбинат ірі кәсіпорындардың бірі болып отыр.

Риддер - Шығыс Қазақстан кен өндіретін, қорғасын, мырыш және сирек кездесетін металдар қорытатын Өскеменнен кейінгі екінші орталық. Риддердің басты өнеркәсіп орны - полиметалл комбинаты. Мұнда Риддер мырыш зауытының кен байыту фабрикаларынан келетін концентраттардан басқа, құрамында біраз мөлшерде мырыш кездесетін қорғасын өндірісінің шлактарын да пайдаланады.

Семей - Ертістің теміржол қиып өтетін тұсында, өзеннің екі жағына орналасқан. Семей жеңіл және тамақ өнеркәсібі қаласы. Семейдің аса ірі кәсіпорны - республикадағы ең қуатты ет комбинаты. Ертістің таза әрі жұмсақ суын пайдаланатын жүнді бастапқы өңдеу фабрикасы - қаланың белгілі кәсіпорны. Шұға комбинаты мен жүн, аяқкиім фабрикалары осы кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қазір мұнда станоктар, электр желісін шығаратын ірі машина жасау саласы құрылған.

Қала екі бөліктен тұрады. Ертістің оң жағасына қаланың ескі бөлігі орналасқан. Жаңа Семейде қаладағы оқу орындары, мәдениет мекемелері жайғасқан бірқатар кәсіпорындар, кемежайлар, қаланың неғұрлым өнеркәсіпті бөлігі орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысының шаруашылық кешеннің жағдайы және энергетикалық тиімділігі

Облыс аумағында жеті энергетикалық көз, соның ішінде үш су электр станциясы (Өскемен СЭС-і, Бұқтырма СЭС-і, Шүлбі СЭС-і) және жалпы қондырылған қуаттылығы 2076 МВт төрт ірі жылу станциялары (Өскемен, Семей, Риддер және Согра ЖЭО) орналасқан:

  • Өскемен СЭС-і - 331 МВт;
  • Шүлбі СЭС-і - 702 МВт;
  • Бұқтырма СЭС-і - 675 МВт;
  • Өскемен ЖЭО - 241 МВт; 1060 Гкал/сағ;
  • Согра ЖЭО - 50 МВт; 315 Гкал/сағ;
  • Риддер ЖЭО - 47 МВт; 337 Гкал/сағ;
  • Семей ЖЭО - 18 МВт; 420 Гкал/сағ;
  • Лениногор СЭС-і каскады - 12 МВт.

Энергетиканың негізгі кәсіпорындары 1997 жылы жылу станцияларын сатып алған және Өскемен СЭС-і мен Шүлбі СЭС-ін 20 жылға концессияға және 1999 жылы облыстың аймақтық энергетикалық компанияларын 15 жылға басқаруға алған «AES» американдық компаниясының бақылауында тұр.

1997 жылы Бұқтырма СЭС-інің мүліктік кешені «Қазцинк» ААҚ-қа 25 жылға концессияға берілді.

Облыста аймақаралық деңгейдегі электр желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауды «KEGOC» АҚ-ның «Восточные МЭС» филиалы жүзеге асырады, олардың балансында ҚС-200/500 кВ - 5 дана, ЭБЖ 110/220/500 кВ - 1039, 1 км бар.

Облыс аумағындағы елді мекендерді электрмен жабдықтау аймақтық энергетикалық компаниялармен қамтамасыздандырылады: «ШҚ АЭК» АҚ және «ШҚ АЭК» АҚ-ның Семейдегі филиалы. Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 33 397 км құрайды, қосалқы станциялар - 161 дана, трансформаторлық қосалқы станция (ТҚС) мен жиынтық трансформаторлық қосалқы станция (ЖТҚС) - 6668 дана.

2006 жылы облыстың энергетикалық кешен кәсіпорындарымен 7, 2 млрд. кВт. сағ. электр энергия өндірілді. Электр энергия желісіне 6, 82 млрд. кВт. сағ. жіберілді.

Электр энергияны қолданудың мөлшері облыс бойынша электр энергияны өндірудің мөлшерінен 927 млн. кВт. сағ. артты.

Облыстағы электр энергия тапшылығы ұлғаюда, бұл қазірдің өзінде облысты энергиямен жабдықтауда кейбір қиындықтарды туғызуда. Өскемен, Семей, Зырян қалаларының жеке аудандарындағы қуат тапшылығынан бүгінде қосымша жүктеме қосуға техникалық шарт беру мүмкіншілігі жоқ.

Электр станциялардың, электр беру желілерінің, коммутациялық аппаратураның негізгі жабдықтарының жартысынан көбі пайдаланудың нормативтік мерзімін аяқтады және саптан апаттық шығу сатысында тұр, бұл облысты энергиямен қамтамасыздандыру сенімділігін қауіп-қатерге қояды.

Электр энергияны өндіру мен тұтынудың болжамдық мөлшерін қамтамасыздандыру үшін жаңа қуатты енгізу және әрекеттегі энергия көздерінде негізгі қорларды жаңарту (жаңғырту) қажет.

Негізгі құралдардың тозуы 70 %-ға дейін жететініндігі ескеріле отырып, ӘЖ-110 кВ - 50 %-ға, ЭБЖ-35 кВ - 62 %-ға, ЭБЖ-6/10/0, 4 кВ - 84 %-ға қызмет мерзімі толық істелді, қуаттың екінші көзінде қуат қорының болмауы себебінен және техникалық сипаттаулар бойынша жалғасқан желінің сәйкес болмауынан желінің кейбір жерлерінде категория бойынша тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ, қолданыстағы таратқыш электр желілерінің ұлғайған жүктемені жабу мүмкіншілігі жоқ. Желілерді нығайту немесе түрлі кернеулі және қуат желілері бар қосалқы станцияларды салу арқылы жойыла алатын тар орындар көптеп пайда болуда.

«ШҚ АЭК» АҚ мәліметтері бойынша бүгінгі күні 110 кВ жеті АС және төмен кернеулі он ТАС, ТП салу қажет. «ШҚ АЭК» орындалуына 29 млрд. теңге мөлшеріндегі инвестиция қажет болатын 2030 жылға дейінгі бағдарлама жасады. Алайда, қазір бұл бағдарлама (2007-2009 жылдар ЭжМРМ-де келісілген) тек қана тариф есебінен орындалуда. Қаржыландырудың басқа көздері жоқ.

Электр желілерінің дамуының және қолданыстағы электр желілерін облыстық бюджет қаржысы есебінен қалпына келтірудің келешегін анықтау мақсатында «Қазауылэнергожоба» институты» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі 110 кВ және төмен таратқыш электр желілерін дамыту схемасын» жасады, бұған «Қазақэнергосараптама» АҚ-ның 2006 жылғы 31 қазандағы № 001012 қорытындысы, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен 2007 жылғы 31 мамырдағы № 07-02-4765 ұйғарымы мен Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 02-21/1951 ұйғарымы алынды.

Осы жасалған схема негізінде Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы аймақтарының қолданыстағы электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салу және қалпына келтіру қарастырылуда.

Облыс аумағында тұрғындарының жалпы саны 1583 адам, тұрақты энергия жабдығы жоқ 38 елді мекен бар.

Болжанған қуат көздерінен тұрақты энергия жабдығы жоқ елді мекендерге дейінгі электр беру желілерін (ЭБЖ) салудың шамамен алынған шығыны 600 млн. теңгеден артықты құрайды. Бірақ ауылдық елді мекендердегі желілерді салу мен қалпына келтіру шығыны тарифте қарастырылмағандықтан, ал АЭК-те қаржыландырудың басқа көздері болмағандықтан, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы экономикасының қазіргі кезеңі сипатталады:

  • күрделі қаржының шектелуімен;
  • негізгі фондтың тозуының жоғары дәрежесімен.

Облыстың ірі кәсіпорындарымен энергия үнемдеу іс-шараларын қаржыландырудың жалпы шығыны 17181 млн. теңге мөлшерінде бағаланады. Шығыс Қазақстан облысы электр энергетикасындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2007-2010 жылдар кезеңінде күтілетін энергия ресурстарының үнемделуі: электр энергия - 391, 943 млн. кВт. сағ., жылу энергиясы - 339, 9 мың Гкал., отынды - 362, 2 мың тоннаны құрайды

Жылумен қамтудың үлкен үлесі жылу электр станцияларынан, өнеркәсіптік және аудандық қазандықтарынан іске асырылатындығы Шығыс Қазақстан облысының ерекшелігі болып саналады.

Автомобиль көлігіндегі ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

Шығыс Қазақстан облысының автомобиль көлігінде үлкен энергетикалық шығындар оларды жүргізер алдында қозғалтқыштарын жылыту дайындығына кетеді. Өйткені автомобильдердің көп бөлігі ашық алаңдарда сақталады, сондықтан жүргізер алдындағы дайындық шығындары отынның жалпы шығынының көн бөлігін құрайды. Қозғалтқыштарды жүргізер алдында жылыту дайындығымен байланысты зерттеулер анализі қолданар кезде ең аз шығындармен, пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) ең жоғарысымен жеке электр қыздырғышы қабілетті екендігін көрсетті. Жылыту көзі ретінде көбінесе қозғалтқыштың салқындату жүйесіне қосылатын жылуалмастырғышта орнатылатын құбырлы электр қыздырғыштар (ҚЭҚ) қолданылады.

Келесі шараларды жүзеге асыру қажет:

- отын (Евро-2, Евро-3) жұмсау саласындағы жоғары стандартқа жауап беретін жылжымалы құрамға өтуді жүзеге асыру;

- бензиндік қозғалтқышы бар автомобиль көлігін дизельдіге ауыстыру;

- ақауларды болдырмайтын және уақытында жөндеуге арналған диагностика станциясының желісін дамыту, ол жылжымалы құрамның техникалық ақауынан отынның көп жұмсалуына жол бермейді;

- жанармай-майлайтын материалдардың сапасын бақылауды күшейту;

- отынның баламалы түрлерінде жұмыс істейтін қозғалтқыштарды одан әрі дамыту және қолдану.

Атмосфералық ауа жағдайы

Стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар 2001 жылмен салыстырғанда, 2006 жылы 116 мың тоннаға азайды. Яғни, 2001 жылы 274 мың тонна болса, 2006 жылы 158 мың тоннаны құрайды.

Соңғы 5 жыл көлемінде, бұндай беталыс Өскемен қаласында да байқалып, стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар тұрақты төмендегені білінеді. 2001 жылмен салыстырғанда, 111 мың тоннадан 2006 жылы 71мың тоннаға дейін азайды! ШҚГМО мәліметі бойынша, 2006 жылы Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ) 6, 5 құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 6, 5-ке тең болған еді. Өскемен Қазақстан Республикасы қалаларының ішінде ластану индексі бойынша 8-ші орынды алады.

Келтірілген сандар экологиялық сұрақтарды шешіп тұр деп айтуға келмейді, облыс орталығындағы атмосфералық ауа жағдайы қосымша шараларды қолдануды қажет етеді. Әсіресе, ол қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) (жылына 40 пайызға дейін) және стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылары 50 пайызды құрайтын аутокөліктердің қалада көбею әсері кезеңінде қажет-ақ.

Өскемен қаласы үшін ҚМЖ (қолайсыз метеожағдай) кезеңіндегі шығарындыларды есептеу және өндіріс көлемінің азаю әдістемесі ауаны ластау заттектерінде шектеулі жол берілген концентрация санитарлық нормаға сай емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Іс жүргізу
Қазақстан топонимиясы
Ежелгі түрік мәдениеті: Орхон, Енесей жазбалары
Қазақстанның жер қоры және ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді игеру
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Ауғанстандағы қазақтар туралы
Ибраһим Ата күмбезі
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Археология және ескерткіштерді қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz