Электр энергиясын пайдалану


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Электр энергиясын пайдалану

Электр энергетикасы Қазақстан экономикасының негізгі саласы болып табылады. Саланың сенімді және тиімді жұмыс жасауы, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен тұрақты жабдықтау - ел экономикасы дамуының негізі және халық өмірін өркениетті жағдайлармен қамтамасыз етудің бөлінбес факторы болып табылады.
Салада терең реструктуризациялық өзгерістер жүргізілді. Электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтары қалыптасып, жұмыс жасауда.
Қайта қалыптастыру нәтижесінде республика электр энергетикасы экономикалық тәуелсіз құрылымдардан тұратын, келесі ұйымдастырушылық құрылымға ие болды:

1. 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр желілері, ірі тұтынушыларды қамсыздандыратын электр желілері, ірі ЖЭС пен ГЭС қуат беру желілері негізінде құрылған Ұлттық электр желісі (АО «KEGOC») .
2. 110 кВ және одан төмен кернеудегі таратқыш желілерін құрайтын, және аймақтық деңгейде электр энергиясын беру функцияларын атқаратын, аймақтық электр желілік компаниялар (АЭК) .
3. Электр энергиясын өндірушілер - тәуелсіз немесе ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен интеграцияланған электр станциялары.

Қазақстанның қазіргі электр энергетикасының жағдайы сипатталады:

- энергия өндіретін қуаттардың жоғары концентрациясымен - бір электр станциясында 4000 МВт дейін;
- ірі электр станцияларының көбінесе көмір кен орындарының маңында орналасуымен (Екібастұз ЖЭК) ;
- өндірістік және коммуналдық қажеттіліктер үшін электр энергиясы мен жылу өндірістерінің біріктірілген тәсілдерінің жоғарғы үлесімен;
- республика электр қуатының балансында гидростанциялар үлесінің аздығымен (12%) ;
- 500 және 1150 кВ кернеулі электр жеткізу желілері, жүйе құрушы байланыстар ретінде болатын электр жеткізу желілерінің дамыған сызбанұсқасымен;
- апаттық және апаттан кейінгі жағдайларда, біртұтас энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін релелі қорғаныс және апатқа қарсы автоматика жүйелерімен;
- орталық диспетчерлік басқармамен, аймақтық диспетчерлік орталықтармен, электр энергиясын тұтынушылардың диспетчерлік орталықтарымен жүзеге асырылатын біртұтас, вертикальды ұйымдасқан оперативті диспетчерлік басқарма жүйесімен;

Электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясат мынаған бағытталған:
- мемлекеттің халқы мен экономикасын электр және жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету;
- энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және ел экономикасын энергия сақтауды дамыту жолына ауыстыру үшін қажетті жағдайларды жасау;
- электр энергетикасы кешеннің, оның экономикалық тиімділігін арттырумен нарықтық қатынастар жағдайында қалыпты дамуын қамтамасыз ету;
- электр энергиясының экспорттық потенциалының артуы;
- электр энергетикасы кешенінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендету;
- Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Электр энергетикасы саласындағы негізгі стратегиялық бағыттар:
- Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесін (БЭЖ) қалыптастыру;
- энергия көздерін, оларды қайта құрып және жаңалап максималды пайдалану;
- дәстүрлі емес энергетиканы дамыту есебінен электр энергиясын өндірудің құрылымын арттыру;
- органикалық отын шығынын елеулі төмендетуге және булы газдардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін электр энергиясы мен жылуын біріктіріп өңдеу арқылы жылумен жабдықтау жүйелерін қайта өңдеу және жаңалау;

2000 жылдың қыркүйегінен бастап, Қазақстанның БЭЖ, Ресейдің БЭЖ және Орталық Азияның ОЭС параллельді жұмыс сызбанұсқасына көшірілді. Бұл сызбанұсқаға ауысу Қазақстанның БЭЖ тұтынушыларына электр жабдықталудың сенімділігі мен сапасын көтеруге мүмкіндік берді, республика энергия жүйесінің тұрақты жұмысына, шыңдық жүктелімді және электр энергиясымен өзара айырбас мүмкіндігін реттеуге себепші болады.

Электр құны өскені елге қалай тиеді?«Электр энергиясын тұтыну бағасы 2008 жылдан бастап халықаралық деңгейге жетеді» деген әңгіменің шығуы сол екен, «Алматыэнергосбыт» ЖШС әбжілдік танытып, алдын ала «қам жасап», қазан айының 1-інен бастап-ақ өздері қызмет көрсететін Алматы қаласы мен облысы аумағында бағаны көтеруге дайын отыр.Осыдан біраз бұрын Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Қазақстан 2009 жылы электр энергиясы тапшылығынан құтылуға қол жеткізеді, ішкі тұтыну көлемін толық қамтамасыз ете алады» деген жылы хабар таратқан. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Несіпқұл Бертісбаевтың жағымды жаңалығы жұртшылыққа жайлы тиген. Әрине, қазіргідей электр энергиясы тапшылығынан тығырыққа тіреліп тұрған кезде мына әңгіме ертегідегідей естілуі мүмкін. Бірақ құзырлы мекеменің нақты мәліметіне сенсек, осындай мүмкіндікке қол жеткізудің амалы бар. Ол үшін министрлік әзірлеген 2015 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту шаралары жоспарында қарастырылған біраз шаруаларды тындыру қажет. Екібастұз ГРЭС-1 және Ақсу ГРЭС-ін, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-1-дің қазір жұмысын тоқтатып тұрған бөлігіне қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Әрине, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін Жамбыл ГРЭС-і мен Қарағанды ГРЭС-1-ді, Батыс Қазақстан облысындағы газтурбиналық электр стансасын, оған қосымша стансаларды толық қуатында жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіндей ахуалға жеткізуіміз қажет. Мұның бәрі әзірге жоспардағы шаралар. Ал электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның бағасын ырықтандыруда қазірдің өзінде мәселе туындап тұрған жайы бар. Еліміздің оңтүстік аймағы, негізінен, Қырғызстан мен Тәжікстанның электр энергиясын пайдаланады. Осы күнге дейін өз электр энергиясын Қазақстанға төменгі бағамен өткізіп келген олар электр энергиясының киловатын 52 центке дейін жеткізді. «Жығылғанға - жұдырық» дегендей, таяуда ғана Қырғызстан келер жылдан бастап көрші мемлекеттерге электр энергиясын экспорттауды тоқтатуы мүмкін екендігін жариялады. Мәселенің мәнісін Қырғыз елінің Энергетика және отын ресурстары министрлігі Тоқтағұл су қоймасындағы су қорының жағдайына алаңдаушылықтан деп түсіндіреді. Қазір қоймадағы су қоры 13, 6 миллиард текше метрді құрайды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3, 1 миллиард текше метрге аз. Қырғыз сарапшылары «келер жылы су қоймасындағы қор 7, 5 миллардқа азаюы мүмкін» деген пессимистік болжам жасап отыр. Егер, шынында да, бұл болжам дәл келетін болса, қырғыздардың Қазақстан мен Өзбекстанға электр энергиясын экспортқа шығармауы мүмкін. Бұл біздегі жағдайды бұрынғыдан да ушықтыруға себеп болғалы тұр.Экономикалық өсу қарқыны жақсы қазіргідей кезеңде Қазақстан үшін электр энергиясының тапшылығы әлі сезіле түсуі әбден мүмкін жағдай. Себебі жыл сайын іске қосылып жатқан өндіріс орындары мен құрылыс нысандарының бәрі электр энергиясын қажет ететіні белгілі. Оның үстіне Кеңестер Одағынан «мұра болып қалған» электр желілері қазіргі күні әбден тозығы жетіп, қайта тартуды қажет ететіні өз алдына бөлек әңгіме. Бұрынғы желілер қазіргідей қуаттылықты көтере алмай, оқтын-оқтын электр шамының сөніп қалып отыратыны үлкен қалалар үшін де осы күні таңсық емес.Электр энергиясы тапшылығы жайлы айтылғанда ара-тұра жел, күн энергиясын пайдалану жайлы да әңгіме қозғалады. Бірақ бұл салалар әлі кешенді түрде қолға алынып жатқан жоқ. Ал атом электр стансасын салып, пайдалану туралы да пікір алуан түрлі болып тұр.Электр энергиясы бағасын көтеру жайлы шешім қабылданды. Ал электр энергиясы қымбаттады дегенше, оның бар салаға әсер етері сөзсіз. Азық-түлікке, жолақысына іле-шала жаңа баға қойылады. Ол өз-өзінен белгілі, ал бұған қарапайым халық дайын ба? Бұл - жауабы жоқ, күмәнді сұрақ . . .:

Электр құны өскені елге қалай тиеді?

«Электр энергиясын тұтыну бағасы 2008 жылдан бастап халықаралық деңгейге жетеді» деген әңгіменің шығуы сол екен, «Алматыэнергосбыт» ЖШС әбжілдік танытып, алдын ала «қам жасап», қазан айының 1-інен бастап-ақ өздері қызмет көрсететін Алматы қаласы мен облысы аумағында бағаны көтеруге дайын отыр.
Осыдан біраз бұрын Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Қазақстан 2009 жылы электр энергиясы тапшылығынан құтылуға қол жеткізеді, ішкі тұтыну көлемін толық қамтамасыз ете алады» деген жылы хабар таратқан. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Несіпқұл Бертісбаевтың жағымды жаңалығы жұртшылыққа жайлы тиген. Әрине, қазіргідей электр энергиясы тапшылығынан тығырыққа тіреліп тұрған кезде мына әңгіме ертегідегідей естілуі мүмкін. Бірақ құзырлы мекеменің нақты мәліметіне сенсек, осындай мүмкіндікке қол жеткізудің амалы бар. Ол үшін министрлік әзірлеген 2015 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту шаралары жоспарында қарастырылған біраз шаруаларды тындыру қажет. Екібастұз ГРЭС-1 және Ақсу ГРЭС-ін, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-1-дің қазір жұмысын тоқтатып тұрған бөлігіне қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Әрине, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін Жамбыл ГРЭС-і мен Қарағанды ГРЭС-1-ді, Батыс Қазақстан облысындағы газтурбиналық электр стансасын, оған қосымша стансаларды толық қуатында жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіндей ахуалға жеткізуіміз қажет. Мұның бәрі әзірге жоспардағы шаралар. Ал электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның бағасын ырықтандыруда қазірдің өзінде мәселе туындап тұрған жайы бар. Еліміздің оңтүстік аймағы, негізінен, Қырғызстан мен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергиямен жабдықтау шарты, нысаны
Электр энергетикасы отын-энергетикалық кешеннің маңызды элементі
Электр энергиясын генерациялау (өндіру)
Тік қалақшалы Дарье жел турбинасының жұмысы кезіндегі атқылау жылдамдығы мен бұрышын анықтау
Күн сәулесi энергиясын қолданудың тиімділігі
Жылу электр станциялары
Күн энергиясын пайдалану
Энергиямен жабдықтау шартының нысаны
Энергиямен жабдықтау түрлері
Энергиямен жабдықтау шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz