Әлем қалаларына саяхат



Оқырманға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
Қарағанды. облыс орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Абай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Балқаш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Жезқазған ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қарағанды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қаражал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Қарқаралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Приозерск ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Саран ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Теміртау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Шахтинск ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.
Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі
Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр.
Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.
Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының ірі орталығы.
Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5 мың адам қалаларда тұрады.
Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді.
Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск .
Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%).
Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар.
Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика,қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды.
1. Шахтинск: [қала] //Қарағанды.Қарағанды облысы: энциклопедия / Бас ред. Р. Нұрғалиев -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1990.-592 б.
2. Дүйсекеев М. Ірінің інісі //Орталық Қазақстан.-1996.-24 тамыз.
3. Смағұлов Ғ. Шахтер терінен түлеген мекен //Орталық Қазақстан.-2002.-26 қаңтар.
4. Смағұлов Ғ Шахтер шырағының шұғылалары:[Шахтинскіге-40 жыл]//Орталық Қазақстан.-2001.-15 тамыз.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Оқырманға

Биыл 2006 жылы Қарағанды облысына 70 жыл толды.
Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған Қарағанды облысының 70 жылдық
торқалы мерейтойына арналған бұл құрал Әлем қалаларына саяхат атты
географиялық калейдоскопқа қосымша 2-ші шығарылым .
Географиялық калейдоскоп, Қазақстан индустриясының жүрегі-Қарағанды
облысының тарихы мен оның құрамына енетін қалаларының әлеуметтік-
экономикалық өсіп-өркендеу, қалыптасу жолдарынан қысқаша мағлұмат берумен
қатар, баспа беттерінде жарияланған соңғы үш жыл ішінде жарыққа шыққан
мақалалар мен әдебиеттердің тізімін қамтиды.
Ұсыныс құралы өлкетану жұмысымен шұғылданатын кітапханашыларға,
мұғалімдерге, өлке тарихын танып-білгісі келген жас жеткіншек мектеп,
колледж оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған.

Қарағанды-облыс орталығы
(қысқаша тарихи-географиялық мәлімет)

Жасампаздық еңбекпен арқаландың,
Қарыштаған қадаммен дараландың.
Жетпіс жылың-алынған Жетпіс асу,
Тойың тойға ұлассың, Қарағандым!
Сәбит Бексейіт.

Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан
әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы
428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар,
шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық,
2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық
әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.
Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан.
Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы,
солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және
басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін
Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ
шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік
қатпарлы таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі
Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш-Ертіс суайрығын
құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу,
Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып
жатыр.
Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-
Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол
салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері.Облыстың оңтүстік-
шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.
Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен
ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және
түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу,
құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс
экономикасының ірі орталығы.
Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде 1 миллион 138,5
мың адам қалаларда тұрады.
Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа
тығыздығы 1 км ².- 3,2 адамнан келеді.
Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы,
Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск .
Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері
мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%),
немістер.(0.2%) , басқалары (7.5%).
Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын,
вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36,
көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры
бар.
Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл
шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика,қара және түсті
металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс
индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының
негізгі салаларына айналды.
Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын
(290,6 млрд.тенге) берді.
Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық
және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш,
Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу,
Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының
бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен
қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен
байыту салаларынан тұрады.Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған.
Оның біріншісі Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия
комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға
жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс
қорыту зауыты бар. Екіншісі-Балқашмыс кен-металлургия комбинаты. Оның
құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту,
қақтау зауыттары бар. Жезқазған,Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс
балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады.

Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып
келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл
(вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек
металдар). Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан шығатын газ,
әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді.
Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты,
Қарағанды химя өнеркәсібі ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар.
Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында
орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, Қарағанды кен-машина-ИТЭКС
ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко
атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау,
тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда Шығысэнергияжөндеу-SEE,
Энергияжөндеу-Т ЖШС-рі, Энергоприбор өндірістік кооперативі,
Жезқазғанда Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы өндіріс кооперативі жұмыс
істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында
тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш
көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында)
балық зауытында өңделеді.
Қарағанды облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды
Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық мамандар жұмыс істеді. 298
кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры.
33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық
(Орталық Қазақстан, Индустриальная Караганда) және бір қалалық
(Темиртауский рабочий) газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды
қаласының облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан
әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.

Әдебиеттер

Байдалы С. Өлке өмірі-өз көзімізбен=Летопись края.:камерой и словом.-
Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1998.- 192 б.
Жанғожин А. Қазыналы қара шаңырақ А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды:
Болашақ-Баспа, 2004.-146 б.
Жанысбай С. Сарыарқаның самалы.-Қарағанды : Арко, 2003.-223 б.
Жасампаз жылдар жылнамасы: Қарағандыға- 65 жыл=Летопись трудовых свершений:
Караганде-65 лет. құрастырған А.Жанғожин, Е. Лұқпанов.-Қарағанды:
Болашақ-Баспа,1999.-96 б.
2000-2001 жылдардың басындағы Қарағанды облысының қалалары, аудандары,
аудан орталықтары мен кенттерінің халық саны=Численость населения
Карагандинской области по городам,районам, районным центрам и поселкам на
начало 2000-2001 годов.-Қарағанды, 2001.
Қарағанды. Қарағанды облысы Қазақстан.Ұлттық энциклопедия Бас ред.
Б.Аяған.-Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2003.- Т.Ү .-551-566 б.
Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия Бас ред. Р. Нұрғалиев.-Алматы,
Қазақ энциклопедиясы, 1990.-285-343 б.
Қазыналы құтты өлке. Қарағанды облысы =Край солнечного камня.
Карагандинская область.-Алматы: Өнер, 1987.-156 б.
Қарағанды облысының қорғауға алынған өсімдіктері.-Қарағанды, 1993
Қарағанды (қала туралы дерек) Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакторы
М. Қаратаев -. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы, 1975- Т.ҮІ .-468 - 472
б.
***
Ажарың алты алашта дараланды, жетпісің құтты болсын, Қарағанды! Орталық
Қазақстан.-2006.-29 шілде.
Асауов Д. Қарағанды қарқынды құрылыстар қарсаңында Орталық Қазақстан.-
2006.-4 мамыр.
Досмағамбетов С. Кенді өлкенің кемелдену кезеңдері Орталық Қазақстан.-
2006.-29 шілде.
Ерниязқызы Г. Туған қалам:[өлең] Орталық Қазақстан.-2006.-29 шілде.
Жанғожин А. Қарағанды сәнді қала болуға тиісті Орталық Қазақстан.-2006.-
31 қаңтар.
Зинчук Е . Үш жүздің басын қосар жер. Этнобақ Орталық Қазақстан.--2001.-
11 тамыз.
Лұқпанов Е. Кеншілер мекені—облыс орталығы Орталық Қазақстан.-2006.-16
наурыз.
Мұхамеджанов К Келешегі кемел кенді аймақ Қазақстан әйелдері.-2005.-№
12.-2-5 б.
Михеева Л. Облыс осылай құрылған Л.Михеева, Лұқпанов Е Орталық
Қазақстан.-2006.-25 сәуір.
Мақаш Д. Елбасы және Қарағанды Орталық Қазақстан.-2004.-14 ақпан.
Мұғалімжан С. Көмірлі кентімізге жетпіс жыл толды С.Мұғалімжан, А.
Бибітханақызы Азия-транзит.-2004.-№2.-2-4 б.
Несіпбай А. Қазынасы қанатын қатайтқан қала : Қарағандыға 70 жыл Егемен
Қазақстан.-2004.-13 ақпан.
Тұтас жыл жаңарту ұранымен өтуде ( Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаев Қарағандыда) Орталық Қазақстан.-2001.-20-22 қыркүйек.
Сексенұлы С. Қайта түлеген Шахтер стадионы; Құлама су кешені; Қарағанды
көркі көпірлер Орталық Қазақстан.-2001.-10 қараша.
Сексенұлы С. Көпшіліктің күшімен салынған этносаябақ.Орталық Қазақстан.-
2001.-3 қараша.

АБАЙ

Абай-ұлы,Абай дана,
Халқым үшін жеке дара
Жырлай берем,мақтанам да,
Абай атты біздің қала.
А. Рахым

Абай десек ең алдымен есімізге ұлы бабамыз, одан кейін Абай қаласы
түседі. Абай - Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы, қала.
Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде. орналасқан.Ең жақын
темір жол стансасы -Астана-Шу жолының бойындағы Қарабас (7 км) .
Қала негізі Қарағанды көмір алыбының батыс телімдерінің игерілуіне
байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған.1961 жылы қалаға
айналған.
Біздің мемлекетімізде болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер
қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі
тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653
мың гектар. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады,
оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде
көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана
қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне
сұраныс болмай қалды. Оның есесіне ауданда шағын және орта бизнес жақсы
дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын
бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс
істеп жатқан Қазақмыс корпорациясының Абай жылу жүйесі ЖШС, Оңтүстік
Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын Восточная байыту
фабрикасы, Тексти-Лайн ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың
ішінде Эдельвейс өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты,
Медео ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн.
Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары
республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы
ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес,
мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да
ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық
фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2
туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Әдебиеттер

Абай ( қала.) Қазақ совет энциклопедиясы Бас ред. М. Қаратаев .-Алматы
: Қазақ совет энциклопедиясы, 1972.-. Т.1 .-16 б.
Абай: [ қала] Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия Бас ред. Р.
Нұрғалиев .-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1990.-81 б.
Абай : [қала] Қазақстан . Ұлттық энциклопедия Бас ред. Б. Аяған.-Алматы:
Қазақ энциклопедиясы, 2003.-18 б.
***
Алтынбеков Т. Облыс отаулары : Абай ауданы Орталық Қазақстан.-2006.-1
тамыз.
Майбас Т. Абай атындағы қала Орталық Қазақстан.-2002.-13 ақпан.
Мұсағалиев Р. Өлкенің өткені мен бүгіні : Абай ауданы Орталық Қазақстан.-
2006.-1 тамыз.

БАЛҚАШ

Мысқа бөккен сұр тасты
Сүрлеп алған тереңнен.
Жер қоймасын қопарып,
Жұла тартып жөнелген.
Үгіп ұнтақ ұн қылып,
Ағызып тасын өзенмен.
Қалқып алып сары мысын,
Ен байлыққа кенелген.
Үлде менен бүлдеге
Шаш- етектен бөленген.
Шашубай Қошқарбайұлы

Балқаш-Қарағанды облысындағы қала. Мойынты-Ақтоғай темір жол.
бойындағы станция, Балқаш көліндегі пристань.Сарыарқаның оңтүстігінде,
Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының
оңтүстік-шығысында 487 км. жерде орналасқан.
Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км. Жердегі Қоңырат
мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс мыс
қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.
Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу,механика мыс қорыту
зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған
10-нан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 жылы Балқаш
қаласы пайда болды.
Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының
бірі.Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан
күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар Балқашмыс
акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге
шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде
дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту
комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның Самсунг фирмасы алып,
өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна
рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна . Қалада
тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық
шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы,
педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің
жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық
мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау
мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы
Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық
Азия елдерімен байланыстырады.
Бүгінгі таңда Балқашта 363 кәсіпорын бар, оның 286 –ы нақты жұмыс
жүргізуде.
Қалада 65,5 мың адам тұрады. Мұның 70 пайызға жуығы қазақтар.

Әдебиеттер

Балқаш.Қазақстан.Ұлттық энциклопедия Бас ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы.Қазақ
энциклопедиясы, 1999.-Т.ІІ.-118 б
***
Ахметов Қ. Мысшылар мекені дәулетті, сәулетті болады : [Балқаш қаласының
70 жылдығы қарсаңында] Орталық Қазақстан.-2006.-27 сәуір.
Балқаш жұлдызын жарқыратқан мыс қорыту зауыты отандық өндірістің мақтанышы
Егемен Қазақстан.-2005.-13 желтоқсан.
Жүнісұлы О. Елулікке ену-өндірістің де еңсесін көтереді Орталық
Қазақстан.-2006.-15 шілде.
Жүнісұлы О. Ынтымағы бар елдің ырзығы кетпейді:[Балқаш қаласының әкімі
Қариполла Мұқановпен сұхбат ] Орталық Қазақстан.-2004.-6 шілде.
Жүнісұлы О. Балқаш мысы: бүгін және ертең. Орталық Қазақстан.-2004.-17
шілде.
Сағынтай С. Көрігіңнен отың сөнбегей , мысты қала С.Сағынтай, О.Жүнісұлы
Орталық Қазақстан.- 2002.-16 ақпан.
Төкішев Қ. Ілгерілеу, жаңару кезеңінде Орталық Қазақстан.-2006.-18 шілде.

ЖЕЗҚАЗҒАН

Қазіргі Жезқазған – еліміздің үлкен орталығы. Сонымен
бірге жүз мың тұрғыны бар әдемі қала..Жасанды Кеңгір
көлінің жағасына салынғани қала. Ғажайып
жоспарланған,тамаша көгалдандырылған.
Академик Қаныш Сәтпаев.

Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы.
Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында,
Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір
бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам .
Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-
54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды.
1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада Қазақмыс
корпорациясы, Казкат біріккен кәсіпорны, Жезқазғансирекметтал
республикалық .мемлекеттік. кәсіпорны, Кеңгір химия өндірістік
кәсіпорны, Ұлытау қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және т.б бар.
Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған
университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10
аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және т.б.мәдени
мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш
Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.

Әдебиеттер

Жезқазған:[қала] Қазақстан . Ұлттық энциклопедия Бас.ред. Ә.Нысанбаев.-
Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2001.- Т.ІІІ.- 625-627 б.
***
Жанасов Ж Жангер-жаһангер:[Жезқазған қаласына 50 жыл] Қазақ үні.- 2003.-
№ 8(386).
Кенді өңір шежіресінен:Жезқазған қаласы Орталық Қазақстан.-27 шілде.
Мұхамеджанов К.Қазақстанның інжу-маржаны:[ Жезқазған қаласына –50 жыл]
Орталық қазақстан.-2004.-23 желтоқсан.
Рахұлы А Қазыналы өңірдің қарышты қадамы. Орталық Қазақстан.-2001.-8
желтоқсан.
Рахұлы А. Үлкен Жезқазған және Қаныш СатбаевОрталық Қазақстан.-2004.-13
мамыр.
Рахұлы А. Жезқазғанның жүрегі Орталық Қазақстан.-2004.-17 шілде.
Рахұлы А. Кеңгір жағасындағы кербез қала:[ Жезқазған қаласына – 50 жыл]
Орталық Қазақстан.-2004.-14 желтоқсан; 16 желтоқсан.
Рахұлы А. Жезқазғансирекмет Женевада алтын медаль алды Орталық
Қазақстан.-2005.-11 қаңтар.
Рахұлы А. Мыс ширатпасының мықтылары Орталық Қазақстан.-2006.-20 шілде.
Танабаев М.Жаңаша серпін танытудамыз Орталық Қазақстан.-2006.-27 шілде.

ҚАРАҒАНДЫ

Әлем де байлығыңды бағалады,
Қанша ұлт анасындай сағалады.
Қойнауынан күн нұрындай
жылу шашқан,
Қасиетіңнен айналайын, Қарағанды.
Г. Ерниязқызы
Қарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі
тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір
жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы.
Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің
негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға,
1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті
жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі
жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары
жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді.
Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз
етеді.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала
Қарағанды деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір
тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан.
Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан
көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып
тұрған.
Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне
айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының
мол екенін анықтады. 1929 жылы Қазаққұрылыскөмір тресі құрылды.
Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл
Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық
жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға
Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын
құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс
Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс
өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.
Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен
Қарағандыкөмір, Көмір-Инвест, Трансэнерго ЖШС-терінің ірі
кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Круиздік туризм
Ресейлік Transaero әуе тасымалдау компаниясы
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні
Қазақстан туризмінің дамуындағы «Эйр Астана» компаниясының ролі
Астананың туристік имиджін дамыту
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Бразилияның туристтік индустриясы
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Пәндер