Астана орманы



Жер деген не? Ол жалпы көлемі 510 миллион шаршы шақырымды құрайтын алып планета. Сол байтақтың 2717,3 шаршы шақырымы біздің Қазақстанның енші¬сінде. Бұл, әрине, тіпті де аз жер емес. Аз нәрсе не? Ол – орман. Жер бетінде 38 миллион шаршы шақырым орман болса, соның бар-жоғы 0.3 пайызы ғана біздің еншімізде көрінеді. Демек, бұл Қазақстан жерінің бар-жоғы 4,3 пайызы орман деген сөз. Әрине, аз. Өте аз. Аз болғандықтан-дағы ел картасында көк жасыл бояу¬дан гөрі сұрғылт түс басым. Мысалы, көрші Ресей жері¬нің 46 пайызы, Украинаның 18 пайызы, Беларуcсия жері¬нің 34 пайызы, Грузия жерінің 34 пайызы, Молдова жерінің 13 пайызы, Түркия жерінің 25,9 пайызы, Әзір¬байжанның 11, Арменияның 15 пайызы ағаш өскен алқаптарға жатады. Әлемдегі ағаш атаулының жарты¬сынан көбі негізінен төрт мемлекеттің жерінде өсіп-өне¬ді екен. Атап айтсақ, дүние орманының 22 пайызы Ре¬сейде, 16 пайызы Бразилияда, 7 пайызы Канадада, 6 пайызы АҚШ-тың еншісінде. Бұл тізімде де біз жоқпыз. Қайтеміз, батысынан шығысына, оңтүстігінен сол¬түстігіне қарай ұшқан құс тек қана ағаш басына қонып ұшатын бірөңкей жасыл жеріміз жоқ, қалай десең де Құдай Тағаланың бергені осы. Бәлкім, бұл соншалықты қиналатындай ауыр мәселе емес шығар. Ғылыми дерек¬терге сүйенсек, орманы бізден де аз елдер бар. Олар да өмір сүріп жатыр. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей. Жалпы, осы орман деген неге керек? Бұл өзі бүкіл әлем жақсы көретіндей соншама маңызды зат па?

Біріншіден, оның санитарлық-гигие¬налық және емдік қасиеті зор екенін, сон¬¬дай-ақ, энергия, құрылыс материал¬да¬ры, өндіріс шикізаты, табиғи үйлестіруші екенін ескерсек, әлем неге мойындай¬тынын айтпай-ақ түсінуге болады. Есте жоқ ескі заманнан келе жатқан бір ескі өлеңде “Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғис¬сар ауғанда ” деп жырланады. Орыс¬тар болса “ Орман патшадан да бай” деп мақалдайды. Демек, ол адамға да, төрт түлікке де азық. Самырсынның кішкентай ғана бір бұтағы маңындағы микробтарды 10 есе азайта алады екен. Емен жапырағы, терек діңі, алма ағашының бүрлері талай ау-руларға ем көрінеді. Атмосферадағы шаң-тозаң, көміртегі секілді зиянды дүниелерді жұтып, ауаны тазартатынын тағы ескеріңіз. Жер де, жан-жануарлар да адам сияқты тыныс алады. Ауамызды тазартатын көп фактордың бірегейі жасыл флора десек, біз бәрін былай қойғанда дені сау ұрпақ туралы, яки генофонд жәйлі айтамыз. Генофонд туралы әң¬гіме біз сияқты етек-жеңін енді жиып, ертеңгі күніне үлкен үміт артып отырған жас халық, жаңа мемлекет үшін ең маңызды әңгіме екені даусыз. Қай халық та тіршілік үшін күреседі, әсіресе біз тарих сахнасынан шетке ысырылып түсіп қалмау үшін барымызды саламыз. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас, қалай болғанда да гәптің ашығы осы.
Алматыдан Арқаға қарай ел көшіп, астана ауғанда біз не ойладық? Әлбетте, мұның қазақ жерінің тұтастығы үшін жасалған ақылды да батыл қадам екеніне қуандық. Өз билігі өзіне тиген егемен елдің азаматтары екенімізді сезіне түстік. Қысы май тоңғысыз, жазы жанға рахат Алматыны Арқаның ақтүтек бораны мен ми қайнатар аптап ыстығы құшағындағы Ақмолаға айырбастау қанша қиын болғанмен, ешкім бұра тартар бұралқы сөз айтпады. Расында, Ақмола республикадағы алдыңғы қатарлы қала емес еді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Астана орманы

Жер деген не? Ол жалпы көлемі 510 миллион шаршы шақырымды құрайтын алып
планета. Сол байтақтың 2717,3 шаршы шақырымы біздің Қазақстанның еншісінде.
Бұл, әрине, тіпті де аз жер емес. Аз нәрсе не? Ол – орман. Жер бетінде 38
миллион шаршы шақырым орман болса, соның бар-жоғы 0.3 пайызы ғана біздің
еншімізде көрінеді. Демек, бұл Қазақстан жерінің бар-жоғы 4,3 пайызы орман
деген сөз. Әрине, аз. Өте аз. Аз болғандықтан-дағы ел картасында көк жасыл
бояудан гөрі сұрғылт түс басым. Мысалы, көрші Ресей жерінің 46 пайызы,
Украинаның 18 пайызы, Беларуcсия жерінің 34 пайызы, Грузия жерінің 34
пайызы, Молдова жерінің 13 пайызы, Түркия жерінің 25,9 пайызы,
Әзірбайжанның 11, Арменияның 15 пайызы ағаш өскен алқаптарға жатады.
Әлемдегі ағаш атаулының жартысынан көбі негізінен төрт мемлекеттің жерінде
өсіп-өнеді екен. Атап айтсақ, дүние орманының 22 пайызы Ресейде, 16 пайызы
Бразилияда, 7 пайызы Канадада, 6 пайызы АҚШ-тың еншісінде. Бұл тізімде де
біз жоқпыз. Қайтеміз, батысынан шығысына, оңтүстігінен солтүстігіне қарай
ұшқан құс тек қана ағаш басына қонып ұшатын бірөңкей жасыл жеріміз жоқ,
қалай десең де Құдай Тағаланың бергені осы. Бәлкім, бұл соншалықты
қиналатындай ауыр мәселе емес шығар. Ғылыми деректерге сүйенсек, орманы
бізден де аз елдер бар. Олар да өмір сүріп жатыр. Біреуден ілгері, біреуден
кейін дегендей. Жалпы, осы орман деген неге керек? Бұл өзі бүкіл әлем жақсы
көретіндей соншама маңызды зат па?

Біріншіден, оның санитарлық-гигиеналық және емдік қасиеті зор екенін,
сондай-ақ, энергия, құрылыс материалдары, өндіріс шикізаты, табиғи
үйлестіруші екенін ескерсек, әлем неге мойындайтынын айтпай-ақ түсінуге
болады. Есте жоқ ескі заманнан келе жатқан бір ескі өлеңде “Қазақ қайың
сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда ” деп жырланады. Орыстар болса “ Орман
патшадан да бай” деп мақалдайды. Демек, ол адамға да, төрт түлікке де азық.
Самырсынның кішкентай ғана бір бұтағы маңындағы микробтарды 10 есе азайта
алады екен. Емен жапырағы, терек діңі, алма ағашының бүрлері талай
ауруларға ем көрінеді. Атмосферадағы шаң-тозаң, көміртегі секілді зиянды
дүниелерді жұтып, ауаны тазартатынын тағы ескеріңіз. Жер де, жан-жануарлар
да адам сияқты тыныс алады. Ауамызды тазартатын көп фактордың бірегейі
жасыл флора десек, біз бәрін былай қойғанда дені сау ұрпақ туралы, яки
генофонд жәйлі айтамыз. Генофонд туралы әңгіме біз сияқты етек-жеңін енді
жиып, ертеңгі күніне үлкен үміт артып отырған жас халық, жаңа мемлекет үшін
ең маңызды әңгіме екені даусыз. Қай халық та тіршілік үшін күреседі,
әсіресе біз тарих сахнасынан шетке ысырылып түсіп қалмау үшін барымызды
саламыз. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас, қалай болғанда да гәптің ашығы
осы.
Алматыдан Арқаға қарай ел көшіп, астана ауғанда біз не ойладық? Әлбетте,
мұның қазақ жерінің тұтастығы үшін жасалған ақылды да батыл қадам екеніне
қуандық. Өз билігі өзіне тиген егемен елдің азаматтары екенімізді сезіне
түстік. Қысы май тоңғысыз, жазы жанға рахат Алматыны Арқаның ақтүтек бораны
мен ми қайнатар аптап ыстығы құшағындағы Ақмолаға айырбастау қанша қиын
болғанмен, ешкім бұра тартар бұралқы сөз айтпады. Расында, Ақмола
республикадағы алдыңғы қатарлы қала емес еді.
Сол жылдары темір жол вокзалында теледидар тілшісі менен сұхбат сұрағаны
бар. “Қалаға алғаш келген мезет не ойлайсыз?”, – деп сұрайды тілші
қарындасымыз. “Тезірек Алматыға қайтуды ойлаймын ”, – деймін мен. Бүгінде
олай демеймін.
Бүгінгі Астана – кешегі Целиноград емес, ол тіпті Ақмола да емес. Бұл шын
мәніндегі жаңа қала, жасампаз шаһар. Сол қаланың бір ғана бөлігі туралы
айтқым келеді. Ол – Астананың орманы.
Астананың орманы! Бұдан бар болғаны оншақты жыл бұрын осындай сөз айтсаң
жұрт күлер еді. Азынаған желдің өтіндегі, асты сор да, үсті мұз облыс
орталығында қандай орман болуы мүмкін?! Тіпті, жол бойына егілетін тал-
теректің өзі сәл бой көтере түсіп, тарбиып-тарбиып, ергежейлі қалпында
қалып қоятын, жер асты сулары жақын аймақтарға тән сұрықсыз көріністің бірі
осы.
Астана бүгінде маңайын жасыл ормандар белдеуі қоршаған, экологиясы таза
алып шаһарға айналып келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей
басшылығымен қала маңында 35 (отыз бес) мың гектардан астам алқапқа егілген
орман бұл күнде алыстан көз тартады. Қарағай, қайың, көктерек, қандағаш,
шегіршіндердің Арқаға бейімделген сорттары тез өсіп келеді. Бұрын бір
соқса, көз аштырмай соғатын шаңды борандар бүгінде сирей бастаған.
Астананың ауа райы жақсара түскені бәрімізді қуантады. Оны жақсарта түскен
де осы Астана орманы. Қара қарға мен ала сауысқаннан өзге құс сирек ұшатын
далада әнші құстар да пайда бола бастады, отырықшы құстар тобы қалыптасты,
жан-жануарлар әлемі байи түсті. Бұл жайында жақында Елбасымыз теледидардан
айтты да. Иншалла, таяу жылдары түлкі, қарсақ, ор қоян, суыр, күзен,
бұлғын, тиін, елік секілді орман аңдарын айтпағанның өзінде бұлан келуі де
мүмкін. Бұлан келсе фауна-флорамыздың түгел өзгергені. Бұрын Астанаға
ұшақпен келсеңіз төменде төлежіп жатқан жапан даланы көріп көңіліңіз
құлазитын, қазір жаңа бой көтеріп келе жатқан жасыл желекке көз тоймайды.
Бұл – әлемнің қайсы еліне де үлгі етіп ұсынуға арзитын Ұлы жоба. Олай
болатыны – алыс-жақын шет елдердің ешқайсысында мұндай мазмұндағы,
осыншалықты көлемдегі үлкен іс қолға алынып, жүзеге асқан емес. Ішер ас,
киер киім, істер іс өзекті мәселеге айналған мына заманда айдалаға ағаш
отырғызу, расында, әлдекімдер айтып жүргендей астамшылық не мақтангөйлік
емес,елдің ертеңін ойлағандық.
Бас қаламыздағы ел аузында “Президент паркі” атала бастаған жаңа бір жоба –
Бейбітшілік пен келісім сарайы маңындағы 80 гектар алқаптың топырағынан
бастап, жер бедеріне дейін жаңартып, жақсартатын жаңа бақ орнайтыны. Бақта
30 мың түпке тарта ағаш, 12 мың түптен астам әртүрлі бұта тектес өсімдіктер
егілген. Бәріміз білетін қарағай, қайың, тал, мырзатерек, итмұрын, долана,
ақтерек, көктерек, қараған, жөке, қандағаш, қаражидек, бөртегүл,
шегіршіндерден бастап 50-ге жуық әртүрлі ағаштар кезегімен гүлдеп,
уақытымен жапырақ жаймақ. “Астаназеленстрой” басшысы Ерлан Нысанбаев бұл
жайында жырдай етіп айтып береді.
Тақауда Астананы бізбен бірге тамашалаған шығыс шайырларының бірі бұл
паркті кезінде Бұхара әмірінің Ситораи МоҺи Һаса деген жердегі бүкіл
Шығысты таңғалдырған атақты бағымен салыстырып өлең жазбақ ниетін айтқаны
бар. Әлбетте, әдемі теңеу. Ситораи МоҺи Һасаның ғажап әдемі бақ болғаны да
рас. Бірақ ол бір-ақ адамға, әмірге ғана қызмет еткен бақ еді. “Президент
паркі” жалпының игілігіне айналмақ. Оның халықтық маңызы бар дейтініміз
содан. Араға енді екі-үш жыл салса астаналақтар мен шаҺар қонақтары қысы-
жазы дем алатын, сайрандап, көңіл көтеретін әсем паркке айналғалы тұрған
бұл өнер туындысы қазірдің өзінде ағаштардың бір-біріне жарасымды
отырғызылуы, қоршаған ортамен үйлесімділігімен алыстан көз тартады. Ортада
тұрған Пирамида қай жақтан қарасаң да асқак көрінеді. Пирамида дегенде
бәріміздің есімізге баяғы перғауындардан қалған жәдігерліктер түсері мәлім.
Қазақ пирамидасының Мысыр пирамидаларынан айырмашылығы неде?
Мысыр пирамидасы тұлдырсыз тақыр далада орналасса, қазақ пирамидасы қалың
орманның ортасында бой көтерген әдемі заманауи ғимаратқа айналмақ.
Қазақ пирамидасы жаңа ойлардың, тың идеялардың бесігіне айналмақ.
Мысыр пирамидасы – өткен заман, өшкен өркениеттердің белгісі болса, қазақ
пирамидасы жадыра дәуір, жарқын болашақтың символына айналмақ.
Елбасының тікелей қадағалауындағы осы парк өзге қалаларымызға да жұғысты
болса ше, шіркін. Бұл қала ормандарына қатысты сөз.
Қала ормандары дегеннен шығады, кезінде Алматы қаласының әкімшілігі ТМД
елдері арасында тұңғыш рет қалада әрбір ағашты есепке алып, көбін қайта
екті. Бұл іске орман биоценология проблемалары ғылыми орталығының
жетекшісі, академик С.Байзақов басшылық жасаған болатын. Ғылыми топ өз
ісінде аэрокосмос түсірілімдерін пайдалана отырып, қаланың әр ауданындағы
әрбір ағаш координаттарын нақтылады. Қоршаған орта ерекшеліктері ескерілді.
Сөйтіп, Алматы қаласы табиғаты бойынша 99 томнан тұратын қабырғалы ғылыми
еңбек дүниеге келді. Бір қуаныштысы, жұмыс мұнымен тоқтап қалған жоқ, әрі
қарай жалғасуда.
Сөйтіп, қазақ жеріне жаңадан орман алқаптары қосылуда. Энциклопедиялар мен
карталарға түзетулер енгізе келген бұл жаңалықтардың қаншалықты мән-маңызы
барын біз әлі толық сезінген жоқпыз. Барлық Ұлы Жеңістер секілді, бұл да
арада талай уақыт өткен соң санамызда қайта жаңғырады. Шын мәніндегі
қуанышқа айналады. Энциклопедия демекші, осыған дейін жарық көріп келген
көптеген анықтамалықтарда Қазақстандағы орман алқабы 0.1143 миллион шаршы
шақырымды құрайды деп белгіленген болса, бұдан былайғы жерде оған Астананың
жас орманы алып жатқан алапты қосып есептеуіміз керек. Демек, ендігі жерде
жеріміздің 11.43 миллион гектары ғана орман деген сөз де дәл цифр болмайды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бұл істің жалғасын табатынын мәлімдеді. Астананың
іргесінен бастап туу Шортандыға дейінгі жетпіс шақырымдай жер бұрынғыдай
керіліп жатқан кең дала емес, керемет орман алқабына айналмақ. “Жасыл ел”
бағдарламасы 2004-2007 жылдармен тоқтап қалмай, бұдан әрі “Қазақстан
орманы” деген жаңа атпен жалғасын табатынын айтқан да Елбасымыз. Президент
партиясы – “Нұр Отан” бұл ұлы істің де үйлестірушісі боларына сенеміз.
Н.Ә.Назарбаевтың жақында Бурабайға тақау “Арборетум” арнаулы қорғалатын
аймақта болып, ондағы орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік жұмыстары
барысымен танысқанын біліп қуандық. Осы орайда айта кететін бір ой –
Елбасының игі бастамасын облыс басшылары өз аймақтарында әрі қарай жалғаса
нұр үстіне нұр болмас па еді? Президентті және оның саясатын нақты қолдау
деген сол емес пе? Неге осыншалық енжармыз? Жақсының жақсылығын айтуға
келгенде әліптің артын бағып үндемей қаламыз да, мүлт кеткен тұсын байқасақ
бөркімізді аспанға атып қуанамыз. Кейбір облыстардағы ахуалды көргенде шын
қынжыласың. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығын жоспарлау жайлы ақпарат
Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы
Қазақстан Республикасындағы ағашты өсімдіктері қызыл кітапқа енген ағашты өсімдіктердің систематикасының сұрыпталуы, түрлерінің систематикасы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер туралы
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі
Аймақтардың оптимальды ормандылығы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Орман және орман-парк шаруашылығының дамуын жоспарлаудың рөлі
Экологиялық құқық. Орман ресурстары
Пәндер