Белоктар жайлы



1. Белок кұрамына кандай химиялық элементтер кіреді?
2. Тірі организмде белоктар кандай кызметтер аткарады?
3. "Аминкышқылдары" мен "белок" түсініктерінің арасында кандай байланыс бар?
4. Белоктардын кұрылымын сипаттаңдар.
5. Белок молекуласының кұрылуында сутектік байланыстың кандай маңызы бар?
6. Денатурациялану деп кандай құбылысты айтады? Негізгілерін сипаттаңдар.
7. Белоктың құрамында кандай функционалдык топтар болады?
8. Белоктар кандай түсті реакцияларға катысады?
9. Белокты синтездік жолмен алудың киын болуының себептері неде?
10. Белок синтезінің манызы қандай?
11. Организмде майлар, көмірсулер, белоктар гидролиздегенде кандай заттар түзіледі?
Белоктар — α-аминқышқылдарының қалдығынан кұралған Құрылысы күрделі жоғары молекулалы биополимерлер. Белоктарды протеиндер деп те атайды (грек. "протос" — алғашқы, маңызды деген мағынаны білдіреді). Тірі организмнің бүкіл әрекеті белокты заттармен байланысты. Белоксыз тіршілік болмайды. Белоктардың организмде атқаратын негізгі кызметтері 35-кестеде келтірілген.
Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г белок қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминкышқылдарына дейін ыдырайды.

Белоктардың құрамы және құрылысы. Белоктардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Белок молекуласындағы α -аминкышқылдары калдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр белокта α -аминкышқылдары тек осы белокка ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа белогының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет белогының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал кептеген белоктардікі > 300000 шамасында. Белоктар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір белоктардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Белоктар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің өзіне тән белоктары бар. Барлық белоктар 20-дан астам әр түрлі а-аминқышқылынан құралады. α -аминқышқылдарының жалпы формуласы:

R-СНМН2-СООН

Белок түзілетін α - аминқышқылдарының радикалы құрамында ашық тізбек те, түйық тізбекті әр түрлі сакиналар мен функционалдық топтар да кездеседі.
Енді аминқышкылдары белок макромолекулаларын қалай түзетіндігін қарастырайық.
Полипептид тізбегінің құрылысы. Белоктардың құрылысы өте күрделі. Белок молекуласы кұрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп карастырады. Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірінші реттік құрылым анықтайды. Белокты құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған α-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс (— СО — NН —) арқылы жалғасады.
Полипептид тізбегіндегі аминкышқылының бір қалдығының баскасымен ауысуы немесе оның орнының алмасуы осы белоктың кызметін бұзады. Мысалы, адам гемоглобиніндегі 564 аминңышкылдары қалдықтарынан құралған полипептид тізбегіндегі бір қышқылдың қалдығы екіншісіне ауысса, адам ауыр сырқатқа ұшырайды.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
БЕЛОКТАР

Белоктар — α-аминқышқылдарының қалдығынан кұралған Құрылысы күрделі
жоғары молекулалы биополимерлер. Белоктарды протеиндер деп те атайды (грек.
"протос" — алғашқы, маңызды деген мағынаны білдіреді). Тірі организмнің
бүкіл әрекеті белокты заттармен байланысты. Белоксыз тіршілік болмайды.
Белоктардың организмде атқаратын негізгі кызметтері 35-кестеде келтірілген.
Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г
белок қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі
ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминкышқылдарына дейін ыдырайды.

Белоктардың құрамы және құрылысы. Белоктардың қасиеттерін олардың
құрамы мен құрылымы анықтайды. Белок молекуласындағы α -аминкышқылдары
калдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр
белокта α -аминкышқылдары тек осы белокка ғана тән ретімен орналасады.
Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді.
Мысалы, жұмыртқа белогының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет белогының
молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал кептеген
белоктардікі 300000 шамасында. Белоктар, негізінен, көміртек (50—55%),
оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір белоктардың
құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Белоктар
гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің
өзіне тән белоктары бар. Барлық белоктар 20-дан астам әр түрлі а-
аминқышқылынан құралады. α -аминқышқылдарының жалпы формуласы:

R-СНМН2-СООН

Белок түзілетін α - аминқышқылдарының радикалы құрамында ашық тізбек
те, түйық тізбекті әр түрлі сакиналар мен функционалдық топтар да
кездеседі.
Енді аминқышкылдары белок макромолекулаларын қалай түзетіндігін
қарастырайық.
Полипептид тізбегінің құрылысы. Белоктардың құрылысы өте күрделі. Белок
молекуласы кұрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және
төртінші реттік деп бөліп карастырады. Полипептидтік тізбектегі
аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің
орналасуын бірінші реттік құрылым анықтайды. Белокты құрайтын жүздеген,
мыңдаған, миллиондаған α-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік
байланыс (— СО — NН —) арқылы жалғасады.
Полипептид тізбегіндегі аминкышқылының бір қалдығының баскасымен ауысуы
немесе оның орнының алмасуы осы белоктың кызметін бұзады. Мысалы, адам
гемоглобиніндегі 564 аминңышкылдары қалдықтарынан құралған полипептид
тізбегіндегі бір қышқылдың қалдығы екіншісіне ауысса, адам ауыр сырқатқа
ұшырайды.
Аминқышкылдары қалдықтарының инсулиннің кейбір бөлігінде орналасуын
мынадай тізбек түрінде көрсетуге болады: глицин— изолейцин— валин—глутамин,
т.с.с. 2-полипептидтік тізбектен тұратын инсулиннің бірінші реттік құрылымы
келтірілген.
Табиғатта белоктардың кейбіреуі тек созылыңқы полипептидтік тізбекте
болады. Мысалы, табиғи жібек талшығы — фибрионның құрылымы осындай.
Белоктардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік
құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында
орналасқан — СО...HN — арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады.
Шиыршыктың бір орамында 3 және 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады.
Оралымдардың арақашықтықтары 0,54 нм шамасында. Белоктың оралма тектес
молекуласы биологияльщ процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік
байланыс, —S—S— дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір
тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара
байланысады да, өте күрделі ушінші реттік құрылым түзіледі.
Бұл кезде оралма қүндақталып, шумаққа айналады. Үшшші реттік құрылым
белоктың өзіне тән қасиеттері мен белсенділігіне жауап береді.
Белок молекуласы тек кана бір полипептидік тізбектен тұрса, оның
құрылымдары бірінші, екінші және үшінші реттік болады. Ал белок молекуласы
екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік
құрылым түзіледі. Төртішиі реттік құрылым — кейбір белоктарда бірнеше
полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге
бірігуі. Мысалы, гемоглобин кұрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін
төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар белокты емес
бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті
тасымалдай алады.
Белоктардың жіктелуі. Белоктарды, негізінен, мынадай белгілеріне қарап
жіктейді:
— құрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым
протеиндер тек кана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер
құрамына белокты заттардан басқа косылыстардың қалдықтары кіреді;
— молекула пішініне (шар тәрізді және жіп тәрізді);
— кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз тұз
ерітінділерінде еритіндер — альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер,
сүйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер — глутелиндер);
— атқаратын қызметтеріне қарай (мысалы, қорға жиналатын белоктар, тірек
қызметін атқаратын белоктар).
Белоктардың денатурациясы. Белоктардың екінші және үшінші реттік
құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т.б.)
әлсіз болғандықтан, оңай үзіліп, белоктардың кеңістік құрылымдарының
кайтымсыз бұзылуы белоктың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға
ұшыраған белок өзінің биологиялық функциясын аткара алмайды (denatuze —
табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір
химиялық әсерлерден, шайкап сілкуден белок денатурацияланады. Жұмыртқаны
пісіргенде альбумин белогының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың
кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы Күрделі белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
Дұрыс тамақтанудың бірінші принципі - энергия теңдестігі
Белоктардың құрамы және құрылысы
Гендер экспрессиясы
Белоктардың құрылымы
Белоктар тұралы жалпы түсінік
Белоктардың жіктелуі
Зат және энергия алмасулары
Организм қажеттерінің қоректік заттардың белгілі бір мөлшерде және арақатынасында қанағаттандырылуы
Сүт белоктары
Пәндер