Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым


Жоспар
Кіріәспе
Негізгі бөлім
I.
I. 1.
I. 2.
I. 3.
II.
II. 1
II. 2
II. 3
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
“Болмыс” ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философида ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой-пікірлер системасының негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол барма, әлде жоқ па? -деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мән-мазмұнын ашып көрсету қажет.
Ең кең мағынада алғанда, болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым -философияық катигория болып табылады. Болмыс дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі-бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық катигориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, құбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т. б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық катигориялардың оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда, көтеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық катигорияға сәйкес сөздердің мән-мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі сөздер білдіретін философиялық катигорияның ерекше, тек философия ғана анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау қажет. Сондықтан философиялық “болмыс” катигориясының мәнін түсіну үшін оның өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасы мен байланысын ескерудің маңызы зор.
“Болу” деген етістік өткен шақта да, осы шақ пен болар шақта да ең жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады. “Быть”, “есть” деген етістіктер еуропалық тілдердің де көпшілігінде сөйлемде жиі кездесіп отыратын логикалық байланыс ( неміс тілінде- “ist”, ағылшын тілінде- “is”, француз тілінде- “est” және т. т. ) . қазақ тілінде “болу”, орыс тілінде “есть” байланысы көбінесе ауызша, жазбаша сөйлеуде айтылмай, ойда тұрады. Мысалы, “Роза - қызыл гүл”, “Бейсен - жігіт” т. б. сөйлемдерде байланыс айтылмаса да ойда түр. Егер бұл сөйлемдерді формальды логика тұрғысынан талдау жасап, толық формасына келтірсеек, (“S дег. P” деп), онда”Роза дегеніміз қызыл гүл”, “Бейсен дегеніміз жігіт” дер едік. Бұл жердегі “S дег. P” деген пікірде “дегеніміз” деген байланыс субъектіге (Роза, Бейсен) предикатта көрсетілген белгі (қызыл гүл, жігіт) тән екенін көрсетеді. Ал бұл пікірлерге диалектикалық логика тұрғысынан талдау жасасақ, онда жеке адамға (Бейсенге) жалпы тектік белгі (жігіттік) тән екні, розаға қызыл гүлдік жалпы белгі тән екені бейнеленіп тұр, яғни осылайша жалпылаудың нәтижесінде таным процесінде жеке мен жалпының арасында байланыс орнатылады, ойлау процесінде біртіндеп түрден текке көше отырып, ең жалпы ұғымдар - катигориялар қорытып шығарылады.
Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін “болмыс” деген жалппы ұғым қорытып шығарылды, болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді. “Болмыс” катигориясын философияға тұңғыш енгізгендердің бірі ертедегі Греция философы Парменид болды.
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:
- заттар (денелер), процестер болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат - болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;
- адам болмысы; бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді;
- рухани (идеялық) болмыс; бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және обьективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледіҒ
- әлеуметтік болмыс; бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.
Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде материлдық болмыс және рухани болмыс болып, екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы қатынастан философияның негізгі мәселесі -руханидың (ойлаудың, сананың) руханидан тыс, тәуелсіз обьективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады: бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің бірлігі неде?
Бұл бірлік жайындағы ой-пікірлер дүниеде бар барлық нәрселерден бәріне ортақ негіз туралы түсініутің тууына алып келеді, ал бұл философияда субстанция катигориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негзін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстанциялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысыныңң тууынан болды.
Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда негізгі алатын субстанция түрліше болады - субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т. б. ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалыстік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі( Р. Декарт) .
Материалдық субстанцияның өзін философия тарихында түрліше түсінді. Мәселен, Ертедегі Грецияның Милет мектебінің материалистік ілімінде дүниенің субстанциясы ретінде заттардың нақты бір формасы алынды: не су (Фалес), не ауа (Анаксимен), не от (Гераклит) т. т. Алайда, бұл түсініктердің бәрі субстанцияның жалпылық идеясын жүйелі түрде, қайшылықсыз көрсете аламады. Дүниенің жеке заттық бастапқы төрт субстанциясының ешқайсысында қажетті жалпылық пен тұрақтылық болмады.
Левкипп пен Днмокрит негзін салған, кейіннен Эпикур әрі қарай дамытқан субстанцияның атоммистік теорияда тұңғыш рет атомдардың беріктік принципі ретінде материяның сақталу принципі нақты, айқын формада ұсынылды. Бұл теорияда дүниенің бастапқы негізгі, субстанциясы ең ұсақ бөлшектер - атомдар, олар жоқтан жасалмайды және жоғалып кетпейді, үздіксіз қозғалыста болады, салмағы, формасы, денеде өзара орналасуы бойынша айрылады деген пікір ұсынылды.
Атомистік теория жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану ғылымдарында, атап айтқанда, Ньютонның, Гассендидің, Бойльдің, Ломоносовтың, Гольбахтың, Дидроның және басқа ойшылдардың еңбектерінде одан әрі дамуын тапты. Соның негізінде жылудың табиғатының, диффузияның, жылу өткізгіштіктің, көптеген химиялық құбылыстардың ғылыми түсіндірмесін жасауға қол жетті. Ол жарықтың корпускулалық теориясының тууына көмектесті. Алайда сол кездегі ғылымның дамуының төмендегі табиғат пен қоғамның көптеген құбылыстарының мәнін түсіндіруге мүмкіндік бермеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz