Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары



ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған, ақын-жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Бұқар-жырау Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Қалқаман батыр туралы кезінде еліне, халқына батырлығымен белгілі болған, аты аңызға тұлға екені белгілі. Ол өте сауатты, өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау халқымен бірге халқының басына туған ауыр қиыншылықты басынан кешірді, бірақ ол үмітін үзген жоқ, өз отанын шетел басқыншыларынан қорғауға халықтан елін, жерін жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың, ел басқыншылардың шығатынына сенімін жоғалтқан жоқ. Міне, осындай үміт артқан, өз кезінде барлық жандардың ең мықтысы болған Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының бірі болды. Абылайдың ел басқарған кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама-қайшылық жағдайлармен сипатталады. Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық сипаты Бұқар жырау шығармашылығында өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді. Сондықтан да оның шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғай білу, тәлім-тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді.
Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауларында:

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа, - деп
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Қазақ даласында бейбіт өмір болуын, Бұқардың авйтуынша, халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес береді.
Ақын халықтың тыныштығының қымбат екендігін, көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың және халықтың мұддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырады:
Жан біткен еріп соңынан
Он сан алаш баласын,
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып тағы ергізіп,
Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, - деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға, көрші елдермен қарым-қатынас жасаудағы роліне оң бағасын береді.
Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге, ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар өзара достасудың» қажеттігін, «жау әруақытта да бізді айналып өтсін», «сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар»,-деп руларға, тайпаларға ықпал етуге ұмтылды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары.
(1668-1781)

ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із
қалдырған, ақын-жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Бұқар-жырау
Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Қалқаман батыр туралы
кезінде еліне, халқына батырлығымен белгілі болған, аты аңызға тұлға екені
белгілі. Ол өте сауатты, өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның
маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау халқымен бірге халқының
басына туған ауыр қиыншылықты басынан кешірді, бірақ ол үмітін үзген жоқ,
өз отанын шетел басқыншыларынан қорғауға халықтан елін, жерін жанқиярлықпен
қорғайтын батырлардың, ел басқыншылардың шығатынына сенімін жоғалтқан жоқ.
Міне, осындай үміт артқан, өз кезінде барлық жандардың ең мықтысы болған
Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының бірі болды. Абылайдың ел басқарған
кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама-қайшылық жағдайлармен сипатталады.
Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық сипаты Бұқар жырау
шығармашылығында өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау
халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді. Сондықтан да оның
шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз
отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғай білу, тәлім-
тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді.
Бұқар жырау Тілек деп аталған толғауларында:

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа, - деп
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Қазақ даласында бейбіт өмір болуын, Бұқардың авйтуынша, халық пен ел
билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес береді.
Ақын халықтың тыныштығының қымбат екендігін, көрші елдермен достық
қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың және халықтың мұддесіне қайшы
келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырады:
Жан біткен еріп соңынан
Он сан алаш баласын,
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып тағы ергізіп,
Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, - деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға,
көрші елдермен қарым-қатынас жасаудағы роліне оң бағасын береді.
Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге,
ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар
өзара достасудың қажеттігін, жау әруақытта да бізді айналып өтсін,
сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар,-деп руларға, тайпаларға
ықпал етуге ұмтылды.
Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші
елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Бұқар Жырау Абылау туралы
өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін
дәріптейді.
Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы
достық пен қастықты салыстыра келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік мәні
бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді:
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен хан болмас,
Екі жақсы дос болмас,
Дос болса, түбі бос болмас, - деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді
жастардың арасында кеңінен насихаттайды.
Бұқар жыраудың шығармашылығында қарама-қайшылықтар мен керітартпа
көзқарастар аз емес. Егер де ол кейбір жағдайда уақыттың және халықтың
қажеттігіне байланысты елді бірлікке шақырса, сонымен қатар кейбір
өлеңдерінде хан, сарай мүддесінен асып кете алмайды. Ханға берілгендік,
оның мүддесін көздеу, феодалдық талаптарды, ислам дінінің ұстанымдары Бұқар
жырау поэзиясына тарихи шектеушілік із қалдырады. Кейбір өлеңдерімен
толғауларында ханға, жекеленген ықпалды феодалдарға табыну, әлсіз руларды,
әлді көпшілік руларға бағынуды насихаттайды. Мәселен, Абылайға тәуелді,
бағынышты керейлер сияқты рулардың ханның өктемдігі мен қысымына шыдай
алмай басқа жаққа көшу туралы шешім алуына Бұқар жырау ханды жақтап,
Керей қайда барасың? атты өлеңінде туған жеріңен қайда көшіп барасың,
егер де Абылайдың қойған шартын орындамасаңдар мен сендердің бітіспейтін
жауларың болам,- деп хан атынан сөйлейді.
Кейбір өлеңдерінде Абылайды асыра мадақтайды, сонымен қатар Бұқар
жыраудың өлеңдерінің мазмұны исламның жаттанды қағидаларына сүйенеді. Оның
көзқарасындағы қайшылық сол кезеңнің, оны қоршаған феодалдық- патриархалдық
салт-дәстүрлермен, хандық биліктің күшімен байланысты. Бірақ оның өлеңдері
мен толғауларының терең де философиялық-дидактикалық, тәлімдік-тәрбиелік
мәні орасан зор.
Жыраудың көптеген афоризмдері мен өрнекті өлең жолдары халықтың
арасында кеңінен тарағаны белгілі, олар мақал-мәтелдерге айналғанын аңғару
қиын емес.
Бұқар жыраудың:
Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді, - деген аталы нақыл-афоризмге айналған
сөздерінің күні бүгінге дейін халқымыздың арасында кеңінен таралғандығы,
оның мақал-мәтелдерге айналғандығын білеміз. Оның нақыл сөздері мен
шешендік өнерін ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болады.

Қалқаманұлы, Бұқар жырау

Бұқар жырау
Дүниеге келгені: 1668
Қайтыс болғаны: 1781
Мансабы: жырау

Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар
басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі
ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны
көмекей әулие деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз
төгіледі екен.

Өмірбаян

Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын,
көрген түсін жорытатын болған.
Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның
тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне
араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: Көріктей басқан күпілдеп,
көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың. Тәукенің болып жаршысы,
халқыңның болып заршысы, белді бекем байладың деген сөздері де
айғақтағандай.
18 ғ. болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін
тудырғаны белгілі. Осы кезде Ақтабан шұбырындыға ұшыраған елдің басын
қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының
бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның
сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі. Хан да, қара
да тарих көшінің бағдарын, шиеленген қиынның шешімін Бұқардан күтеді.
Халқының әулие данасы, дуагөй бітімшісі, көреген болжаушысы санатына
көтерілген Бұқар жыраудың осы тұстағы даңқын орта ғасырдағы оғыз жұртының
әулиесі Қорқытпен, 14 ғ. ноғайлы елінің данасы Сыпыра жыраумен салыстыруға
болардай.
Халық жадында сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай
ханның алыстан күні түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны
айтылады. Бұл таққа ие болған ұлы ханның баққа ие болған ұлы жырауына деген
ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай ханы
қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі бірге жасай
бермек.
Бұқар жырау толғауларында өзі бастан кешіріп
отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен көрініп, өмір құбылысы
мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігі кең тыныспен
жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту
мәселесі.Ол жан жақтан андыздаған жаулардан қорғануы үшін басты шарт бірлік
екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді
өзгелерге үлгі етеді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты
Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп орта жүз, солардан шыққан төрт
тірек деп майдан даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып,
бірліктің тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау
жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық
пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта Абылай хандай басшының
төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің
құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы
мұра деп білеміз.
Тілек
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір АЛЛАға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Әзәзіл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа
Үшінші тілек тілеңіз
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз
Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз
Алты қанат ақ орда
Ардақтаған аяулың
Күнінде барып біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа!!!
АБАЙ
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік
Ер табылса жарайды қылса сұхбат.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз.
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт құрмет етіс.
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас.
Артыңнан бір аыз сөз айтып күлмес.
* * *
АЛЛАХ деген сөз жеңіл
АЛЛАХқа ауыз қол емес,
Ынталы жүрек, шын көңіл.
Өзгесі Хаққа жол емес.
Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін
Жүректің ақыл суаты,
Махаббатсыз қылса тәңірі үшін.
Ақылға сыймас Ол АЛЛАҺ,
Тағрипқа тілім қысқа аһ!
Барлығына шүбәсіз,
Неге мәужүт Ол куә.
Ақыл мен хауас барлығын
Білмейдүр жүрек, сезедүр.
Мүтәкәллимин, мантикин
Бекр босқа езедүр.
ШӘКӘРІМ
Мал жимақ
Мақтан үшін мал жима, жан үшін,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалы ізде,
Ғибадат пен адалдық , ар үшін жи.
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге көз.
Аяқ берді тапсын деп басқан сайын.
Үйде отырып салғанмен сарыуайым
Тілегенің тұра ма саған дайын.
Жүріп-тұрып ойланып істеп көрсең,
Харекеттің білесің сонда жайын.
Талапенен адал істі істемекпіз,
Тапсырдық бір АЛЛАға біз демекпіз.
Ындынң таза болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының тәлім тәрбиелік идеялары
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Ұлттық поэтикалық шығармашылығын бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Бұқар жыраудың шығармашылық ғұмырбаяны мен толғаулары
Пәндер