1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 3
1.ТАРАУ. 1 . СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары ... ... ... 7
2.ТАРАУ. 1 . СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕЛУІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ.ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 1 . сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін, психологиялық даярлығын диагностикалау жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 1. сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуіне арналған коррекциялық жаттығулар мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.3 Жүргізілген іс.тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі ... 3
ҚОРЫТЫҢДЫ ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ...35
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Балалардың мектепке келу сәтінен бастап, психологиялық дамуының тұлғалық айырмашылықтары арта түседі. Бұл айырмашылықтар, ең алдымен, балалардың бір-бірінен интеллектуалды, моральды және тұлғааралық дамуы жағынан ерекшеленеді.
6-7 жастағы балалардың мектепке баруға дайындығының эмпирикалық мәліметтері бойынша, балалардың 50-80% әлі толығымен мектепте оқуға дайын еместігін және төменгі сыныпта оқытылатын программаларды қабылдауға дайын еместігін көрсетеді. Мектепке баруға физикалық жасымен дайын болғанымен, көбісі, шын мәнісінде психологиялық даму жағынан әлі де мектеп жасына дейінгі бала деңгейінде, яғни 5-6 жас аралықтағы баланың дәрежесімен тең.
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді

1. Немов Р.С «Психология.Психодиагностика» Т-3; 210-216б.
2. Алдамұратов Ә. Жалпы псхология. Алматы, 1996 ж.
3. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004ж. .
4. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии / Л.С. Выготский.- М., 1997.
5. Ковалева Л.М. Психологический анализ особенностей адаптации первоклассников к школе / Л.М. Ковалева, Н.Н. Тарасенко // Начальная школа.- 1996.- №7.
6. Александровский Ю.А. Состояние психической дезадаптации и их компенсация / Ю.А. Александровский.- М.: Медицина, 1976.
7. Әлімбаева Р.Т., Айқынбаева Бастауыш мектепке келген балалардың даму деңгейін анықтап білу әдістемесі. Қарағанды 1999 жыл. 2 бет.
8. Байжұманова Б. Оқушының психикалық даму ерекшелігі // Бастауыш мектеп, 1998ж., №12. 17-19 бет.
9. Горленко Е.А. Учет индивидуальных и возрастных особенностей младших школьников» // Начальная школа Казахстана, 2004г., №4, стр. 9-11
10. Дәрібаева С., Ағаділова Р. Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері // Бастауыш мектеп, 2002ж., №3-4, 55 бет
11. Елубаева Г. Бірінші сынып оқушыларының мектепке психологиялық бейімделуі // Бастауыш мектеп, 2001ж., №8, 3 бет.
12. Ерәлиева М. Оқыту сапасын жетілдірудің әлемдік және отандық бағыттары // Бастауыш мектеп, 1998ж., №11. 49-56 бет.
13. Колмогорова Л.С. Особенности становления психологической культуры младших школьников // Вопросы психологий, 2001, №1, стр. 47-56.
14. Қаженбаева А. Оқушының мектепке бейімделуі // Бастауыш мектеп, 2001ж., №12, 64 бет.
15. Пазылова Г.Ш. Бастауыш мектеп жасы-бала өмірінің ерекше кезеңі // Бастауыш мектеп, 2001ж., №8, 6 бет.
16. Практическая психология образования ( Под редакцией И.В.Дубровиной ), Москва 2003г. 65 бет.
17. Прохоров А.О. Особенности психических состояний младших школьников в учебной деятельности // Вопросы психологий, 1998, №4. 42 бет
18. Сейтахметова Ж.М. Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамытудың сабақтастығы // Отбасы және балабақша, 2004ж., №69, 6 бет.
19. Саметова Ф.Т. Бастауыш сатыдағы оқыту ерекшеліктері // Білім берудегі менеджмент, 2004, №4. 17 бет.
20. Шевердина Н.А. , Сушинскас Л.Л. Тестирование будущих первоклашек Ростов на Дону 2004г. 62-64 бет.
21. Фейзулдаева С. Балалардың психологиялық ерекшелігі // Бастауыш мектеп, 2004ж., 12, 23-25 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі
Тақырыбы:
1- СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕЛУІ
Орындаған:
Тексерген:
Баға:__________________
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-ТАРАУ. 1 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2-ТАРАУ. 1 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕЛУІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін, психологиялық даярлығын диагностикалау жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуіне арналған коррекциялық жаттығулар мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3 Жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ҚОРЫТЫҢДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..35
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Балалардың мектепке келу сәтінен бастап, психологиялық дамуының тұлғалық айырмашылықтары арта түседі. Бұл айырмашылықтар, ең алдымен, балалардың бір-бірінен интеллектуалды, моральды және тұлғааралық дамуы жағынан ерекшеленеді.
6-7 жастағы балалардың мектепке баруға дайындығының эмпирикалық мәліметтері бойынша, балалардың 50-80% әлі толығымен мектепте оқуға дайын еместігін және төменгі сыныпта оқытылатын программаларды қабылдауға дайын еместігін көрсетеді. Мектепке баруға физикалық жасымен дайын болғанымен, көбісі, шын мәнісінде психологиялық даму жағынан әлі де мектеп жасына дейінгі бала деңгейінде, яғни 5-6 жас аралықтағы баланың дәрежесімен тең.
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет.[1,210б.]
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.
Зерттеу объектісі: 1 - сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуін зерттеу.
Зерттеу болжамы - егер 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтауға бағытталған арнайы жаттығулар жүргізілсе, онда 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне көмек көрсетуге болады.
Зерттеудің мақсаты:
* 1 - сынып оқушыларының танымдық процестерінің дамуын, тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды, психологиялық даму деңгейін анықтау.
* 1 - сынып оқушыларының мектепке дайындығын, бірінші сынып оқушыларының оқу процесі кезіндегі психологиялық дамуын зерттеу, диагностикалау.
Зерттеудің міндеттері:
* 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі бойынша теориялық зерттеулерді қарастыру;
* 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау арқылы диагностикалық шаралар өткізу;
* 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне арналған коррекциялық жұмыстар жүргізу;
* Зерттеу нәтижесін талдау, қорытынды шығару.
Зерттеу базасы: Семей қаласы" №23 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаты шешу мен болжамдарды тексеруге бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: Керн - Йирасектің баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау әдістемесі;1 - сынып оқушыларының қоршаған ортаны танудағы ақыл - ой дамуының деңгейін анықтау диагностикасы;"Мектепте оқу қабілетін зерттеу" тесті.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен негізгі мазмұны: Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 1-тарауда бірінші сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері, оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары қарастырылған. 2-тарауда 1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін, психологиялық даярлығын диагностикалау жұмыстары, 1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуіне арналған коррекциялық жаттығулар мен ұсыныстар, жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі қарастырылған.
І. 1 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму
ерекшеліктері
Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.
1-сынып оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл) балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай тартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты. [3, 210б.].
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі - есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды. Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды. [2, 54б.].
Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.
Кіші оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды.
7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгіге қарағанда жақсы қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш). Бірақ әлі де болса, қабылдаудың кей жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Зейін, әдетте, ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді. [8, 124б.].
Бастауыш саты -- оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады. Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді.Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы танымдық әрекеті қалыптасады.
1.2 Оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. [15,8б.].
Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.
1-сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын - оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар. Ол, әсіресе, баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар мектепке үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, бөлек жаңалықтарды күте отырып, қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие. Алдымен, мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мектеп талаптарына бейімделу процесінің бұзылыстары да орын алуы мүмкін. Оларды дезадаптация деп атайды. Дезадаптацияның формаларының жіктелуі мектептегі бейімделу процесінің бұзылуына орай мынадай түрде көрінеді:
1. Оқу әрекеттерінің элементтерінің қалыптаспауы;
2. Оқу мотивациясының қалыптаспауы;
3. Мінез-құлқын, зейінін, оқу іс-әрекетін ерікті реттеу қабілетсіздігі;
4. Мектеп талаптарын меңгерудегі қиыншылықтары.
Мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектептегі адаптациялану деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады:
1. Интеллектуалдық даму көрсеткіші - жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен тұрады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетін өзіндік реттеу қабілеті;
2. Эмоциялардың даму көрсеткіштері - баланың эмоционалдық - экспрессивтік даму деңгейін, олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;
3. Коммуникациялық дағдыларының қалыптасу көркеткіштері (7 жастағы дағдарысқа байланысты психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау);
4. Мектеп жасындағы даму кезеңіндегі баланың мектептік сауаттылық деңгейі. [11, 3-8 б.].
Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Психолог ғалым Г.М.Чуткина өз зерттеулерінде балалардың оқыту процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетті:
I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынаста, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойьп тыңдайды, берілген тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауда үлкен қызығушылық көрсетеді (үнемі барлық сабақтарды орындайды); қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ, балалар мектепке даяр, 7 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясының, мектепке жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді.
II. Бейімделудің орта деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны бақылап отыру қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болады.
III. Бейімделудің төмен деңгейі.
Бірінші сынып оқушысының мектепте құлқы жоқ, денсаулығын себеп етіп сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз бетінше тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі дайындалмайды, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау жасап отыруы қажет. [16, 94б.].
Жағымды факторлардың қатарына - өз жағдайында өзін-өзі бағалауы адекватты, жанұясында тәрбие әдісі дұрыс жолға қойылған, отбасында конфликтілік жағдаяттардың болмауы, құрбы-құрдастарының арасында жағымды статусының болуын айтамыз.
Баланың мектепке бейімделуде әсер ететін жағымсыз факторлар - отбасы жағдайында тәрбие әдісінің дұрыс болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-ананың білім деңгейінің төмен болуы, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасының үнемі конфликтілік жағдаяттың орын алуы болып табылады.[6, 56б.].
Ғалымдардың айтуынша Л.М Ковалева, Ю.А. Александровский бейімделу процесі әр түрлі өтетін, бес балалар тобын көрсетеді.
1 топ - Қалыпты Психологиялық диагностиканың бақылау, мінездеме негізінде мына балаларды жатқызуға болады:
1. оқу жүктемесін жақсы меңгере алады және оқуда атаулы қиыншылықтарды көрмейді;
2. мұғалімдермен де құрбыларымен де өзара жақсы қарым-қатынаста, яғни өзара қатынаста қиыншылықтар туғызбайды;
3. психикалық және соматикалық денсаулығының төмендегеніне шағымданбайды;
4. тәртіптің ассоциалды формаларын көрсетпейді.
Бұл топтағы балаларда мектепке бейімделу толығымен сәтті өтеді. Оларда оқудың жоғары мотивациясы және жоғары танымдық белсенділік болады.
2 топ - Қатерлі топ - бұл балалар психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Балалар оқу жүктемесін нашар меңгереді, әлеуметтік тәртіптің бұзылуының ерекше белгілерін көрсетпейді. Мұндай балаларда сәтсіздік ортасы жиі болады. Тұлғалық дамуында сәтсіздік көрсеткіштерінің дамуына әсер ететін қорқыныш және қысым деңгейі оқушыларда өседі. Сәтсіздіктің басталуының маңызды белгісі болып оқу мотивациясының жоғары деңгейде. Баланың өзін-өзі бағалаудағы адекватты емес көрсеткіші болуы мүмкін, өзара қарым-қатынас арасындағы бұзылыстары болуы мүмкін. Егер осы жағдайда ауруларының саны өссе, бұл қорғаныс реакцияларының төмендеуінен мектеп өмірінде пайда болған қиыншылықтарды сезіне бастайды дегенді түсіндіреді.
3 топ - Мектептегі тұрақсыз дезадаптация. Бұл топтың балалары оқу жүктемесін меңгере алмайтындығымен ерекшеленеді, әлеуметтенуі бұзылған, психосоматикалық денсаулығында айтарлықтай өзгерістер байқалады.
4 топ - Мектептегі тұрақты дезадаптация. Бұл балалар мектептегі сәтсіздіктермен қатар, маңызды және сипатты белгі ретінде ассоциалды тәртіп көрсетеді: дөрекілік, демонстративті тәртіп, үйден қашу, сабақтарға қатыспау, сотқарлық мінездер, агрессия т.с.с. Оқушының ортақ формасындағы ең ауытқыған тәртібі - баланың меңгерген әлеуметтік тәжірибесінің бұзылуының нәтижесі, мотивациялық факторлардың бұрмалануы, бейімделген тәртіптің бұзылуы.
5 топ - Патологиялық ауытқулар. Баланың дамуында айқын немесе айқын емес патологиялық ауытқулары болады, бұл елеусіз, бірақ оқудың нәтижесінде көрінеді, сонымен қатар ауыр, шиеленіскен аурудың нәтижесінде пайда болады. Патологиялық жағдайлардың көрінуіне мыналарды жатқызуға болады:
1) психикалық (невроздық және психопатиялық бұзылыстар, эмоционалды ерік - ортасында әртүрлі дәрежеде көрінетін психикалық дамуындағы бөгелістер);
2) соматикалық (тұрақты физикалық аурулардың бар болуы, ас қорыту, эндокринді жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы, көзінің нашарлауы). [13, 124б.].
Сонымен, психологиялық бейімделу - баланың жаңа әлеуметтік ситуацияға енуі ретінде адекватты сипаты дамудың әлеуметтік ситуациясының тұрақтануының негізгі факторы болып табылады. Баланың мектепке келуі оқушыдан оның айналасындағы барлық қатынасының қайта құрылуын талап етеді. Психологиялық дайындық компоненттерін сипаттайтын мәселелер соңғы жылдары психология пәнінің дамуында балалардың мектептегі оқуға дайындығы ең маңызды орынға ие мәселелердің бірі болып табылады. Баланың жеке тұлғалық даму мәселелерінің сәтті шешім табуын нәтижелі болуы, оқыту сапасын жоғарылату, балалардың мектептегі оқуға дайындық дәрежесін есепке алумен байланысты.
Балада мектеп оқуына керекті компоненттердің бәрі де уақтылы қалыптастырып отырылуы керек. Әсіресе баланың оқу тапсырмасын қабылдай білу қасиетін, өйткені бұл қасиет баланың оқуға деген ынтасын көтеретін қасиет. Ал оқуға ынтасының көтерілуі баланың мектеп өміріне мейілінше аз уақытта бейімделіуіне көмегін тигізіп отырады. [18, 74б.].
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімдеу жұмысын табысты ұйымдастыру үшін төмендегі ұсыныстарды ескергеніміз жөн.
- 5-6 жастағылардың мектепке даярлық тобының мұғаліміне деген эмоционалды, жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру керек;
- 5-6 жастағылардың педагогикалық жұмыста сабақтастықты тек қана жұмыс істеу әдістерінде емес, сонымен бірге педагогикалық қарым-қатынас стилінде де сақтау керек;
- 1 сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыру мен олардың тұлғааралық қарым-қатынасын ұйымдастыруда мектепке дейінгі және мектеп жұмыстарының әдістерін сақтау қажет;
- ең алдымен отбасы тәрбиесінде тәрбие әдістерін дұрыс жолға қойылған болуы керек, үлкен тәрбиелік мүмкіндіктерді бірігу әрекетінде орындау.
- 5-6 жастағы балалардың іс-әрекетіне жетекшілік етуде, кең көлемде (әсіресе, 1 жарты жылдықта) мектеп жасына дейінгі тәрбие әдістерін мектепте қолдануға болады. [20, 24-25б.].
ІІ. 1 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БЕЙІМДЕЛУІН ЗЕРТТЕУ
2.1 1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін, психологиялық даярлығын диагностикалау
Мақсаты: 1 - сынып оқушыларынның мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімделуін анықтау.
Жас ерекшелігі: 6 - 7 жас
Қатысқан оқушы саны: 27 оқушы
Қолданылған психодиагностикалық әдістемелер:
+ Керн - Йирасектің баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау әдістемесі;
+ 1 - сынып оқушыларының қоршаған ортаны танудағы ақыл - ой дамуының деңгейін анықтау диагностикасы;
+ "Мектепте оқу қабілетін зерттеу" тесті
Керн - Йирасектің баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын
анықтау тесті
Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау
КАРТАСЫ
Баланың аты-жөні ______________________________
Cынып________
1. Адамның суретін сал.
2. Сөзді көшіріп жаз.
АУА
ИЯ
ШАНА
3. Үлгіге қарап нүктелерді сал.
. . .
. . .
. . .
.
Бұл тест үш тапсырмадан тұрады.Бірінші тапсырма - ер адамның суретін салу,екінші - жазбаша әріптерді көшіріп жазу,үшінші - нүктелер тобын көшіріп жазу.Әрбір тапсырманың нәтижесі бес балдық жүйемен бағаланады. (1 - жоғары; 5 - төмен ұпай ),ал содан кейін үш тапсырманың жалпы қортындысы шығарылады:
3 - 6 ұпай - жоғары
7 - 11 ұпай - орташа
12 - 15 ұпай - төмен
Графикалық тестін үш тапсырмасынан қолдың маторикасымен,көру координациясы мен қол қозғалысын анықтауға болады. Бұл икемділіктер мектепте жазу жазғанда өте қажет. Сонымен қатар бұл тест баланың интелектуалды дамуының жалпы сипаттамасын көрсетеді.(ер адамның суретін салу) Жазбаша әріпті көшіріп жазу және Нүктелерді көшіріп жазу тапсырмалары баланың үлгі бойынша жұмыс жасау икемділігіне әсер етеді,ал бұл икемділік мектепте оқуға өте қажет. Және де бұл тапсырмалар баланың тапсырманы орындау кезіндегі жинақтылығын анықтауға көмектеседі. (Тест сенсомоториканың дамуын анықтауға негізделген)
Керн - Йирасек тесті топта немесе жекелейде қолданыла береді.
№ 1 Тапсырма
Нұсқау: Мына жерге қандайда бір ер адамның, яғни әкеңнің, ағаңның, бауырыңның жәнет.б. суретін сал. Суреттегі ер адамның барлық дене мүшелері: аяқ, қолы; суреттегі ер адамды киімін салуды ұмытпаңдар.
№ 2 Тапсырма
Нұсқау: Мында қара, бір сөйлем жазылып тұр: Судан іш Сендердің кейбіреулерін жаза ала ласыңдар, ал кейбіреулерін жаза алмайсыңдар. Солай ма? Бірақ соған қарамастан барлығымыз осы сөйлемді жазып көрейікші. Мүмкін жазаалмайтындар сөйлемді жақсы жаза алатын шығар. Дұрыстап қарап, міне мына жерге дәл осы сөйлемді көшіріп жазыңдар.
№ 3 Тапсырма
Нұсқау: Мына жерге қара! Нүктелер салынған
. . .
. . .
. . .
.
міне мына жерге дәл осылай салуға тырыс.
"Керн - Йирасектің баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау" әдістемесі бойынша
ХАТТАМА №1
Машықкер: Сембаева С.Б.
Зерттеу өткізілген мерзімі: 05.04.2017ж
Зерттеу объектісі: Семей қаласы "№23 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ 1 Б сыныбы
Қатысқан оқушылар саны: 24
Қатыспаған оқушылар саны: 3
Зерттеу мақсаты: 1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға даярлығын анықтау
Зерттеу қорытындысы:
1 - сынып оқушыларымен жүргізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқушылардың басым көпшілігінің мектепте оқуға даярлығы жақсы. Оқушылардың 85 % (18) жоғары көрсеткішті көрсетті. Оқушылардың 10 % (4) орташа көрсеткішті көрсетті. Оқушылардың 5% (2) көрсткішті көрсетті. Төмен және орта көрсеткішті қөрсеткен оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары жүргізіледі.
1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға даярлығын анықтау мақсатында жүргізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижесі кесте - 1, 2, диаграмма - 1 көрсетілген.
Семей қаласы" №23 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ 1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға даярлығын анықтау үшін Керн - Йирасек әдістемесі қолданылды. Сынып бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
Кесте - 1 Керн - Йирасек әдістемесі
Қатысқан оқушылар саны
1 А
24 оқушы
1 Ә
21 оқушы
1 Б
24 оқушы
Жоғары
92 % (22)
76 % (16)
85 % (18)
Орташа
8 % (2)
24 % (5)
10 % (4)
Төмен
-
5 % (2)
Түсінбеген немесе орындамаған
-
Диаграмма - 1 Керн - Йирасек әдістемесі
2016 - 2017 оқу жылында 1Б сынып оқушыларымен жүргізілген Керн - Йирасек әдістемесінің нәтижелері
Қатысқан оқушылар саны: 24
Қатыспаған оқушылар саны: 3
Кесте - 2 Керн - Йирасек әдістемесі
№
Т.А.Ә.
Ұпай
Керн - Йирасек әдістемесі бойынша мектепте оқуға психологиялық дайындығы
1
Х1
4
Жоғары
2
Х2
5
Жоғары
3
Х3
3
Жоғары
4
Х4
9
Орташа
5
Х5
5
Жоғары
6
Х6
4
Жоғары
7
Х7
3
Жоғары
8
Х8
6
Жоғары
9
Х9
4
Жоғары
10
Х10
5
Орташа
11
Х11
12
Төмен
12
Х12
3
Жоғары
13
Х13
5
Жоғары
14
Х14
6
Жоғары
15
Х15
3
Жоғары
16
Х16
3
Жоғары
17
Х17
4
Жоғары
18
Х18
7
Орташа
19
Х19
5
Жоғары
20
Х20
5
Жоғары
21
Х21
6
Жоғары
22
Х22
12
Төмен
23
Х23
4
Жоғары
24
Х24
7
Орташа
Керн - Йирасек әдістемесі бойынша мектепте оқуға психологиялық дайындығы сынып бойынша барлығы:
жоғары деңгей - 18 оқушы;
орташа деңгей - 4 оқушы;
төмен деңгей - 2 оқушы.
Ақыл - ой деңгейін анықтау диагностикасы
Ұғымды анықтау,себебін табу,айырмашылығы мен ұқсастығын табу. Бұл әдістеме арқылы оқушының ақыл - ой даму жүйесінің даму деңгейін анықтай аламыз. Оны мына сұрақтар арқылы анықтауға болады:
1. Қай жануар үлкен?Ат па,жоқ ит пе? (Дұрыс жауабы-ат)
2. Азанда адамдар таңғы тамағын ішеді.Ал күндіз және кешке қандай тамақтарын ішеді? (Дұрысжауап-түскі,кешкі)
3. Күндіз дала жап-жарық,ал түнде ше? (Қараңғы)
4. Аспан көкпенбек,ал шөпше? (Жасыл)
5. Шие,алмұрт,алхоры және алма бұлар- ... (жеміс-жидектер)
6. Поезд келе жатқанда неге шлагбаумды түсіреді?
7. Астана,Алматы,Тараз бұлар нелер?
8. Қазір сағат қанша болды? (Балаға сағат көрсетіліп уақыт айту сұралады)
9. Жас сиырды бұзау деп атайды.Ал жас итті және жас қойды қалай атайды? (күшік және қозы)
10. Ит қайсысына көбіре кұқсас? Мысыққа ма,жоқ әлде тауыққа ма?Жауап бере отырып неге олай деп есептейсің, соны түсіндір.
11. Автомобильге (машинаға) тежегіш не үшін керек?(Автомобильдің жылдамдығын өшіруіне қажеттігін көрсететін кез-келген ақылға қонымды жауап дұрыс деп есептелінеді)
12. Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсас? (Ұқсас қызметтер атқаратын құралдар деген сипаттағы жауап дұрыс деп есептелінеді)
13. Тиын мен мысықтың ұқсас жерлерін ата (Ең кемі екі белгісі сипатталуы керек, мысалы олар - жануарлар, ағаштан-ағашқа өрмелей біледі, жүні жұмсақ, құйрығы,төрт аяқтары бар)
14. Шеге мен винттің бір-бірінен айырмашылығы. (Шегенің жоғарғы жағы тегіс,ал винттікі ойықты,шегені балғамен ұрады,винтті бұрайды)
15. Футбол ұзындыққа секіру,теннис жүзудегендер нелер?
16. Қандай транспорт түрлерін білесің? (Ең кемі екі түрін атау керек)
17. Қарт адамның жас адамнан айырмашылығы
18. Адамдар не үшін дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады?
19. Егер адамдардың жұмыс істегісі келмесе неге жаман деп есептелінеді?
20. Хатқа не үшін марка жапсырылады? (Марка-бұл жіберушінің почталық жөнелтуінің құнын төлегені туралы белгі.)
Нәтижені өңдеу: Бала әр сұрақтың әр дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады,сөйтіп бұл әдістеме бойынша ең жоғарғы 10 ұпайға дейін ала алады. Ескерту:тек қана мысал келтіргендерге сәйкес жауаптар ғана дұрыс деп есептелінбей басқа да сұраққа мағынасы ақылға қонымды жауаптар да қабылданады. Бұл әдістеме баланың сөздік логикалық ойлау деңгейін анықтауға да жарайды. Баланың жауабы тура не қате екені анық болмаса балаға аралық 0,25 ұпай қойылады.
Даму деңгейі туралы қорытынды
10 ұпай-өте жоғары
8-9 ұпай - жоғары
4-7 ұпай - орташа
2-3 ұпай - төмен
0-1 ұпай-өте төмен
Ақыл - ой деңгейін анықтау диагностикасы бойынша
Хаттама №2
Машықкер: Сембаева С.Б.
Зерттеу өткізілген мерзімі: 07.04.2017ж

Қатысқандар саны: 22
Қатыспағандар саны: 5
Зерттеу мақсаты: 1 - сынып оқушыларының ақыл - ой деңгейін анықтау
Зерттеу қорытындысы:
1 - сынып оқушыларымен жүргізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқушылардың басым көпшілігінің ақыл - ой деңгейінің дамуы жас ерекшеліктеріне сай. 1 - сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша жоғары деңгейді көрсеткен оқушылардың саны - 55% (12 оқушы) орташа деңгейді көрсеткен оқушылардың саны - 45% ( 10 оқушы). Ақыл - ой деңгейі орташа көрсеткішті қөрсеткен оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары жүргізіледі.
1 - сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижесі кесте -3 , диаграмма - 2 көрсетілген.
2016 - 2017 оқу жылында 1Б сынып оқушыларымен жүргізілген ақыл - ой деңгейін анықтау диагностикасының нәтижесі
Қатысқан оқушылар саны: 22
Қатыспаған оқушылар саны: 5
Кесте - 3 Ақыл - ой деңгейін анықтау диагностикасы
№
Т.А.Ә.
Ұпай
Ақыл - ой дамуының деңгейі
1
Х1
8
Жоғары
2
Х2
8
Жоғары
3
Х3
9
Жоғары
4
Х4
9
Орташа
5
Х5
8
Жоғары
6
Х6
9
Жоғары
7
Х7
5
Орташа
8
Х8
8
Жоғары
9
Х9
8
Жоғары
10
Х10
7
Орташа
11
Х11
6
Орташа
12
Х12
9
Жоғары
13
Х13
4
Орташа
14
Х14
8
Жоғары
15
Х15
5
Орташа
16
Х16
9
Жоғары
17
Х17
6
Орташа
18
Х18
7
Орташа
19
Х19
9
Жоғары
20
Х20
5
Орташа
21
Х21
8
Жоғары
22
Х22
5
Орташа
Ақыл - ой деңгейін анықтау диагностикасының нәтижесі бойынша:
жоғары деңгей - 12 оқушы;
орташа деңгей - 10 оқушы.

Диаграмма -2 Ақыл - ой деңгейін анықтау диагностикасы

жоғары деңгей - 55% (12 оқушы);
орташа деңгей - 45% ( 10 оқушы).
Тест Мектепте оқу қабілетін зерттеу
Мақсаты: Баланың ақыл - ойының даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау
1-тапсырма.Образдармен жұмыс істеу.
Алқаның заңдылығын тап және сурет жалғастыр.
2-тапсырма Сандар қатарына жетпейтін сандарды жаз.
1
2
4
5
6
8
10
10
9
7
6
4
3
1
3-тапсырма Жетпейтін фигура сал
4-тапсырма Графикалық диктант.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz