Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі

Тақырыбы: Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу

Орындаған:

Тексерген: Баға:

2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5
1. 1Дарындылық жайлы жалпы түсінік . . . 6

1. 2 Дарындылықтың жас кезеңдерге сай дамуы . . . 7

1. 3Дарынды балалардың қызығушылықтарын анықтау . . . 10

2-ТАРАУ. ОРТА БУЫН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАРЫНЫДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ . . . 15

2. 1. Орта буын сынып оқушыларының дарындылығын анықтау диагностикасы . . . 16

2. 2. Орта буын сынып оқушыларының дарындылығын анықтау диагностикасының нәтижесі . . . 18
2. 3. Орта буын сынып оқушыларының дарындылығының дамуының жағдайларын іске асыру, коррекциялық жұмыстар . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
. . . 36

ҚОСЫМШАЛАР . . . 37

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Дарындылық - "табиғаттан берілген ерекше қабілет" деп түсіндіріледі. Адами ойлау- табиғаттын адамзатқа берген тамаша сыйы. Дарындыларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте кажет. Себебі, әрбір талантты адам енбекке бейім келеді. Қазіргі кезде ғылым мен техниканын даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылыкпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Жас жеткіншектерге тәрбие, білім беру мен шығармашылық кабілетін дамытуда мұғалімнің және баланың рөлін анықтап, ұстаздық қызметтің ұрпақ тәрбиесіне тигізетін әсерін ашып көрсетілсе, еліміздің негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды, қабілетті

ұландарымыз көп болмақ.
Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек. Міне, осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарыңды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш-қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді.

Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.

Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.

Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты.

Зерттеудің мақсаты : Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілетін анықтау.

Зерттеу объектісі : Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін зерттеу.

Зерттеу пәні :Дарындылық қабілеті бар балалармен жұмыс жасау.

З ерттеудің міндеттері :

1. Орта буын сынып оқушыларының дарындылығын анықтау мәселесі бойынша теориялық зерттеулерді қарастыру;

2. Орта буын сынып оқушыларының дарындылық деңгейін анықтау арқылы диагностикалық шаралар өткізу;

3. Зерттеу нәтижесін талдау, қорытынды шығару.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаты шешу мен болжамдарды тексеруге бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: «Джонс креативтілігі»сұрақнамасы, Савенков бойынша "Дарындылық анықтау картасы" әдістемесі, Е. Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі "шығармашылықты ойлау"әдістемесі

Практикалық базасы: Семей қаласының № 23 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушылары.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен негізгі мазмұны:

Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарауда:«Дарындылық» туралы түсінік, дарындылықтың жас кезеңдерге сай болуы, және дарынды балалардың қызығушылықтарын анықтаудан тұрады.

2-тарауда: Орта буын сынып оқушыларының дарындылық қабілетін диагностикалау жұмыстары, тәжірибелік-экспиременттің нәтижесі дарындылық қабілетін дамытуға араналған коррекциялық жаттығулар мен ұсыныстар.

1-ТАРАУ. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1. 1Дарындылық туралы жалпы түсінік

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.

Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады. [2, 10б]

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай

өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. [3, 25б]

Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары. Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т. б. ) балалар. [4, 19б]
Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т. б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.
Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен тез тауып алады. Егер ересектер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалуы мүмкін. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады. [5, 33б]
Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды балалардың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану, дамыту мақсатында арнайы жасалынған бағдармалар арқылы оқыту жүргізіледі (мысалы, арнасы дарынды балаларға арналған арнайы физики-математика мектептері) .

Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. [6, 28б]
Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітіп, ұштау, дамытуда мұғалімнің қажырлы еңбегі қажет. Алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. "Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі"

Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз-адамның кез- келген іс-әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.

1. 2 Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.

Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2-5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс-әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата-ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.

Ерте жас кезееңінде дарынды балаларды өзгелерден айыратын нәрсе себеп-салдарлы байланыстарды бақылау қабілеттілігі және соған сәйкес тиісті қорытындыларды жасау. Дарынды балаларды ақпаратты және тәжірибеені әрі жалпылай білу қабілеттілігі ерекшелендіреді. Және бұл балалар жинақталған білімді кең қолдана біледі.

Кішкентай «вундеркиндтер» үлкен сөздік қорға бай болады, сұрақ қоя біледі. Олар үлкен ниетпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, сөдер ойлап табады, ақыл-ой қабілетін белсенді ететін ойындарды ұнатады.

Дарынды балалар зейіні бір нәрсеге аса шоғырланғыш болады әрі қызыққан іс-әрекетінің нәтижесіне жетуде өте табанды болады. Дарынды балаларда әділеттілік сезімі өте ерте байқалып, әділеттілік сезімі өте күшті дамыған. Олар өздеріне және айналадағыларға жоғары талаптар қояды, әрі шындыққа өте тез, жылдам үн қосады, әділдік, үйлесімді, табиғатты ұнатады. Кішкентай таланттардың айқын, ашық қиялы әлемде жоқ жануарларды тауып, оларды жолдас етеді, және фантастикалық өмірді ойдан ойластырады. Дарынды балалар үшін аса жоғары қорқыныш тән, себебі олар түрлі қауіпті оқиғаларды қиялдап ойдан шығаурға қабілетті. Бұл балалар аса сезімтал, эмоционалды тәуелді, шыдамсыз. [7, 40б]

Талай және дарындылық түрлі интеллектуалды және жеке ерекшеліктерде байқалуы мүмкін.

Н. Б. Шумакованың зерттеулері балалардың жаңа объектімен танысқан кезеңдегі пайда болатын қабілеттердің дамуында екі кезеңнің пайда болуын көрсетеді.

Осы бастауыш жас кезеңіндегі ең бір маңызды проблема - дарынды балаларды анықтау. Біріншіден, жанұяда дарынды балалар өз дамуларының бастапқы кезеңінде көпшілік арқылы түсінбейтін болады да, жиі жағдайда ата-аналардың өз балаларының белсенді танымдық қабілеттеріне жағымсыз реакция танытуы байқалады.

Екіншіден, белсенді шығармашылық қабілеттер балаларда аса жоғары жүйке - психикалық қозғыштықпен қатар жүзеге асады, әрі бұл шыдамсыздықта, тәбеттің бұзылуында бас ауруы, ұйқының бұзылуымен бірге байқалады. Дер кезінде көрсетілмеген медициналық психологиялық

түзету шаралары невроздың пайда болуына және бірқатар психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.

Үшіншіден, дарынды балалар мектеп ұжымына түсе отырып, айналадағы құрбыларының орташа қабілеттілігін көріп, өздерін қолайсыз сезінеді. Нәтижесінде дарынды балалар өздерін ерекшелеп көрсетпеуге, «ақ қарға» болмауға тырысып бағады.

П. Торренс зерттеулері мынаны көрсетеді: дарынды балалар ақыл-ой дамудың бастапқы деңгейлерін тез бастан өткереді де, түрлі жүйкеге ауырлық тудыратын жұмыстарға қарсылық танытады.

Жиі жағдайда шығармашылық ойладың ерекше оригиналдығы айналадғылардың түсінбестігіне әкеліп соғады, әрі олардың бұл әрекетін өзгелер «ауытқу» деп түсінуі мүмкін.

Дарынды балалар мектептегі 2/3 уақыт бөлігін құр босқа «интеллектуалды қарсылық» көрсете отырып өткізеді. Дарынды балалар өз құрбыларына қарағанда әлеуметтік бейімделудің бастапқы деңгейлерін тезірек, жылдамырақ өткереді.

Қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс істеудің арнайы бағдарламалары құрылып жасалуда, көптеген елдерде даралап, саралап оқытуға көшуде. Арнаулы кешендік - оқу бағдарламалары құрылуда, мұның шеңберінде балалар әдеттегі бағдарламаға қарағанда өздерін еркінірек ұстайтын болады.

Ал, шет елдерде мысалы АҚШ-та дарынды балаларды лидер болуға оқыту бойынша арнайы курстар құрылған.

Әрі мұнда кең тарағаны «оқу келісімі» бойынша жеке-дара жұмыс тәсілдерінің тарауы. Олар оқушы мен мұғалім арасында жасалады, және олар мұғалімге уақытты үнемдеуге, ал оқушыларға - жеке-дара қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сонымен, дарындылықтың сақталуы әрі дамуы - қоғам прогресін, өсуін қамтамасыз еттеін проблема.

Дарынды бала коллекция жасаумен айналысады, сөздік қоры бай, күрделі тапсрымаларды қанағат алып отырып, орындайды, жауап беруде қиын жолдарды қолданады, зейінді шоғырландыруы жоғары, тұтас алғанда интеллект коэфициенті жоғары. [8, 20б]

Дарынды баланың психоәлеуметтік аспекттері келесідей сипатта мінезделеді: әділдік сезмінің күшті дамуы; бағалықтың жекелік жүйесі кішкентай балаларда өте кең және негізінен қоршаған ортаға әділдік қарым-қатынас; көбіне шындықпен сәйкес келмейтін қиялының жоғарылығы; әзіл-сықақ сезімінің жақсы дамуы; әлі шше алмайтын мәселелерді шешуге талпынуы; көп елестету мен қиялдың нәтижесінен қорқыныш сезімінің болуы; экстрасенсорлы қабылдауының дамуы; кейбір дарынды балаларда телепатия, болжау қабіелттілігі болады; мектепке дейінгі жылдары дарынды балалар оқиғалар мен құбылыстарды талқылауда эгоцентристтер болып табылады. Бұл бала қатарларының арасында кейбір әлеуметтік ұнатпаушылықты тудырады.

Психологтар зерттеулерінің көмегімен дарындылықтың табиғаты байытылып, анықталуда. Баланың ақыл-ой дарындылығының “құрастырушыларды” анықтай отырып, В. С. Юркевич және Н. С. Лейтес, бұл - феноменді “құрастыратын” динамиканы бақылаған. Олар дарынды балалар үшін ақыл-ой ізденісіне қажеттілік туылады, - дейді.

Ақыл-ой қажтетілігіне ізденіс ғылыми әдебиеттерде мағынасына жақын әр түрлі терминдермен белгіленеді: ақыл-ой белсенділігі, танымдық қажеттілік, зерттеушілік қажеттілік.

Әрі қарай авторлар танымдық қажеттіліктің динамикасын құра отырып, қабілеттіліктің дамуымен байланыстырады. Танымдық қажеттіліктің дамуы ой-өрістің кең болуымен, абстрактілі ойлау және тағы басқа психикалық қызметтермен байланысты. Бұл жерде эмоционалдық факторлардың, яғни қанағаттану сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, интеллектуалды шаттық сезімі маңызды. Ақыл-ой қабілетінен қанағат алумен қабілеттіліктің дамуы байқаусыз, тез және жеңіл өтеді.

1. 3Дарынды балалардың қызығушылықтарын анықтау

Дарынды балалар- жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т. б. ) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген) .

Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты. Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т. б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. [9, 15б] Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.

«Дарындылық» - бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д. Н. Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:

-табиғи дарын

- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі

Әдетте біз «қабілеттілік» сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті оқушы», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н. С. Лейтес) .

«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік - бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады. [10, 22б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы туралы ақпарат
Дарындылық дамуының психологиялық механизмдері
Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуын теориялық тұрғыдан анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz