Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік тәжірибелер қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген, оқушының жан дүниесін түсіне білетін педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет.

ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ-ның психологиялық ерекшеліктеріде бар, оларды мектеп түлектерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.

Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады

Мұнда ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.

Сабақтарда оқушылардың қарым-қатынасын дамыту үшін тренингтер қолданылады. Тренингтер оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын меңгеруіне, іскерлік сапаларын шындауға, ұжым мүшелерінің арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды құруға көмектеседі.

Бойында қарым-қатынас жасау және өзін-өзі таныстыру дағдыларының қалыптаспағаны, өзінің эмоционалды қалпын басқара алмауы, өзін-өзі төмен бағалау және тағы да сондай сияқты жағдайлар әр түлекте кездесуі мүмкін. Сондықтан да түлектерге арнайы өткізілетін емтихандар алдындағы психологиялық көмектің маңызы зор болып табылады. [1, 23б]

Зерттеу объектісі: жоғарғы сынып оқушылары.

Зерттеудің мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету

Зерттеудің міндеттері: Балалардың өзгеріске бейім әлемге деген көзқарасын, таңдау бостандығын, тең құқығын, шешім қабылдаудағы белсенділігін, эмпатия мен бірдейлік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Стреске қарсы шығуды, сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу, конструктивтік өзара әрекеттестік дағдыларына үйретеді.

Зерттеудің нысанасы: Оқушылардың ҰБТ кезінде психологиялық жағдайларын жан-жақты дамуындағы жеке танымдық қабілеті мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасын дамыту.

Зерттеу пәні: Оқушылардың ҰБТ кезінде психологиялық жағдайларын жан-жақты дамыту мен жеке танымдық қабілеттерін жетілдіру жолдары.

Зерттеу әдістері: Оқушылардың жеке тұлғасының дамуы балалардың сабақ барысында және сабақтан тыс, жекелей жүргізілген жұмыстарның нәтижесі және сапасынан алынған салыстырмалы негізінде алынған көрсеткіштер.

Жинақтау әдісі арқылы теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып жинақталған білім мазмұны бір жүйеге келтірілді.

Зерттеу болжамы: қорытындысы бойынша оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімі артады, жағымды эмоционалды жағдайы қалыптасады, стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі, сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді. Алған білімдер негізінде өзбетінше шешім табуға үйрете отыра, нәтижесінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жағдай тудырылар еді.

Зерттеу базасы: № 23 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 «А» сынып оқушылары.

1-ТАРАУ. Ұлттық бірінғай тестілеуге қатысытын оқушылардың психологиялық дайындығы жайлы түсінік.

  1. 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша жеке тұлғаны дамытуда кездесетін кедергілердің теориялық негіздері.

Бiздiң елiмiзде бiлiмнiң сапасын анықтайтын құрал (жүйе) - ұлттық бiрыңғай тест. Оған көпшiлiктiң көңiлi толмайтыны осы ҰБТ енгiзiлгеннен берi талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Бұл жүйе оқушылардың бiлiм деңгейiн нақты анықтайтын тәсiл емес, сонымен бiрге мектеп оқушыларының бiлiм сапасының төмендеуiне де, жоғарылауына да өз әсерiн тигiздi.

ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ-ның психологиялық ерекшеліктеріде бар, оларды мектеп түлектерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.

Дамыған елу мемлекеттiң көшбасшыларының бiрi - Франция бiлiм сапасын осы сынақпен бағалайтын едi, бiрақ француз халқы көшеге шығып мемлекеттiң бұл тәсiлден бас тартуын талап еттi. Мен осы уақытқа дейiн ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық еткен бiрнеше бiлiктi мұғалiмдермен әңгiмелестiм. Олардың айтуы бойынша, қазiргi ҰБТ бұрынғы емтихан сынақтарына қарағанда оқушылардың бiлiм деңгейiн шынайы бағалай алмайды. Бұрын мемлекеттiк емтихан сынақтарына оқушылар қатты көңiл бөлетiн едi. Әдебиеттен шығарма жазу, математикадан бақылау есептерiн шығару, гуманитарлық пәндерден билет суырып, өзi бiлетiн мағлұматтарды ауызша айтып, бiрқатары мұғалiмдердiң өзiмен бiлiм таластырып жатушы едi. Бұл өз кезегiнде оқушының шығармашылық қабiлетiнiң дамуына, өз бiлiмiн кез келген жағдайда ауызша айтуына үлкен септiгiн тигiзушi едi.

Бүгінгі таңдағы әрбір адамды толғандырған мәселе, жастардың өзіне-өзі қол жұмсауы. Ертеңіміз болған жастардың осындай аянышты халге түсуі аса қорқыншты. Әсіресе мектеп қабырғасына қош айтып, болашақ студент болуды армандаған жастардың ҰБТ-ға барғанда, төмен бал алып қалса, өзін-өзі кінәлап ақыры ауыр трагедиямен тынады.

Бұл жерде ата-аналар мен мұғалімдерге айтарымыз, балаңызды өзгенің баласымен салыстырып, ұрысып, зекуден абай болыңыз. Емтиханнан құласа да, мейіріммен сүйіспеншіліктен құлаған жоқ қой. Басқа да тірлік жолдарын қарастырып, өзге де жұмыс бабын табуына сіздердің де жауапкершілік борыштарыңыз бар. Сол жастарға айтарымыз, болашақ тек осы бір тестпен өлшенбейді. Алда талай қайырлы істер күтіп тұрғанда болуы керек. Заманның қарыштап дамыған, аса ауытпалы заманында, небір үлкен толқындар адамзат баласының алдынан жолықпай қоймайды. Адам әрқандай қиыншылықты жеңу үшін, бастысы өн бойында сабырлық болғаны жақсы. Қиындықсыз бақытқа жетемін деп ойлаудың өзі күпірлік. Пенде болғасын ыстық пен суық тұрмыста алма-кезек жолығып тұрады. [5, 52б]

ҰБТ туралы заңды жасаушылар Жасөспірімдерге физикалық жағынан да және психологиялық жағынан да тек бір сынақтан өту және тек бір ғана емтихан тапсыру жеңіл болмақ деп болжанған еді.

Іс жүзінде уайым азаймады, керісінше барлығы басқаша болды: үдеріске қатысушылардың барлығы - оқушылар да, ұстаздар да және оқушылардың ата-аналары да ҰБТ дайындық пен тапсыру кезінде күйгелектіктің, уайымның артатындығын айтады. Өйткені енді оқушыға тапсырған емтиханы үшін бағаны, оны көп жылдар бойы білетін және оның нақты әлеуетін ұғынатын мектеп мұғалімдері қоймайды. Енді барлығын компьютер шешеді, ал ол болса, барлық оқушыларға бірдей қарап, оның ешқандай бұрынғы еңбектерін бағалап, ескермейді. Компьютер тестілеуде түлек жіберген қателіктің кездейсоқ немесе бұл оның білімінің заңды нәтижесі екенін «көре алмайды». Және де, екінші жағынан, жасөспірімде өзі таңдаған ЖОО қабылдау комиссиясына өзінің білімділік деңгейін көрсететін, ҰБТ басқа мүмкіндігі жоқ.

Оқушыға, ата-анаға психологиялық көмек берудің нәтижесінде ҰБТ қорытындысы жылдан жылға көтерілуде.

ҰБТ қорытындыларының салыстырмалы сараптамасы

Оқу жылы
Түлектер саны
Орташа ұпай
Орындалу пайызы
Грант саны
Оқу жылы: 2010-2011
Түлектер саны: 28
Орташа ұпай: 99, 7
Орындалу пайызы: 79, 7
Грант саны: 15
Оқу жылы: 2011-2012
Түлектер саны: 31
Орташа ұпай: 81, 97
Орындалу пайызы: 65, 6
Грант саны: 16
Оқу жылы: 2012-2013
Түлектер саны: 35
Орташа ұпай: 82, 3
Орындалу пайызы: 65, 8
Грант саны: 16
Оқу жылы: 2013-2014
Түлектер саны: 38
Орташа ұпай: 82, 26
Орындалу пайызы: 65, 8
Грант саны: 13
Оқу жылы: 2014-2015
Түлектер саны: 33
Орташа ұпай: 86, 9
Орындалу пайызы: 94
Грант саны:

1. 2. Психологтың жоғары сынып оқушыларын емтихан алдында дайындау жөнінде ата-аналарға ұсынылатын кеңестері.

Балаларыңызға емтиханға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

  • Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
  • Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;
  • Балаңыздың дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
  • Тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіз. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
  • Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тесттік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
  • Балаңызды мадақтап, өзіне деген сенімін жоғарлатуды ұмытпаңыз;
  • Балаңыздың ішетін тағамына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т. с. с бас миының жұмысын белсендіреді;
  • Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағдай жасаңыз. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалуы қажет;
  • Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
  • Есіңізде болсын:Ең бастысы және негізгісі - балаңызды емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу керек. [3, 66б]

Психологтың жоғары сынып оқушыларын емтихан алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестері

ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:

  • Жоғары сынып оқушыларының дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
  • Жоғары сынып оқушыларын емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;
  • Тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер;
  • Жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарылатыңыз;
  • Емтихан алдында оқушылардың қобалжуын көтермеңіздер. Бұл кері әсер беруі мүмкін;
  • Тестілеу алдында және одан кейін оқушыларға ашу байқатпаңыз;
  • Есіңізде болсын:Ең бастысы және негізгісі - жоғары сынып оқушыларында емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.

1. 3. Емтихап кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар

1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап улгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңілінді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.

2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.

3. Міне, сен сыныптың жанындасың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жаралап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.

4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.

5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады»деген сеніммен кір.

6. Жақсылап отырып, арқан. ды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.

7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:

• Жайлы отыр.

• Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд) .

• Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.

8. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді

9. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы. Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.

10. Өзін сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.

11. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырмана ұмыт, олар бірбіріне ұқсамайды.

І 2. Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.

13. Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнін интуицияңа сен!

14. Өз жүмысыңды тексеріп шығуға уақыт калдыр, қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт

15. Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тесттік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ад жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70 % орындау керек.

-Жауап беру кезіндегі әрекет

-Егер емтихан қабылдаушы адам - жігерлі болса, сенің ақырын, үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.

-Егер емтихан қабылдаушы адам - сабырлы, байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен, мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс!

1. 4. ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

- Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

Күн тәртібі:

  • күнді үш бөлікке бөл;
  • Тестке күніне 8-сағат дайындық;
  • Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;
  • 8-сағаттан кем ұйықтама;
  • 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т. б. ) кезектестіру керек.

Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Тестке 1-күн қалғанда

1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.

2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.

3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі:

1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды.

2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.

3 . Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз. Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.

1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы

2. Есте сақтаудың төмендеуі

3. Сұрақты соңына дейін оқымауы

4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы

5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау

6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық

7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу

8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.

9. Жүрек айну, іш ауру

Ата-аналарға БҰТ-ға психологиялық дайындық бойынша көмек-кепілдемелер.

Ата-аналарға кеңес:

БҰТ-ға дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады?

· Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.

· Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.

· Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді еөбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.

· Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т. б. мидың жұмысын жақсартады.

· Балаңазға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз. Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқа сызбалық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне іліп қойсын.

· Алдын ала тестері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу барысында зейінін бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұл өз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алып тастайды. Емтихан кезінде балаңыздың қолына сағат тағуға ұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн.

· Балаңызға беру уақытында мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз:

· Алдымен барлық мәтінді, олардағы тапсырмаларды бір көзбен жүгіртіп шықсын, ол балаңыздың жұмысқа деген ынтасын жоғарлатады;

· Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады;

· Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәндансаң, оны белгілеп қой да, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан істеп көр;

· Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңда не интуицияңа жүгін.

· Есіңізде болсын: ең бастысы - бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.

2-ТАРАУ. Ұлттық бірінғай тестілеуге қатысытын оқушылардың психологиялық дайындығы бойынша тәжірибе-эксперимент жұмысы.

2. 1. 11 сынып оқушыларының ҰБТ ады қорқынышын анықтау диагностикасы.

«Табысқа жету қажеттiлiгi» әдістемесі.

Мақсаты: балалардың табысқа жету қажеттілігін анықтау.

Нұсқау: Берiлген ситуацияларды көз алдыңа елестет және ойланбай тез, бiрден ойыңа келген жауапты ата. «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарды жауап беретiн бланктың сәйкес келетiн графасына жаз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін және білімін тексеру
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Студенттің ролі
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Жаңаша оқыту технологиялары
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау жайлы ақпарат
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушы білімін нақты бағалау негізі
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz