Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі
Тақырыбы: Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау
Орындаған :
Тексерген:
Баға:
2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУИЦИДОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА БЕЙІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1. Психологиялық-педагогикалық оқу құралындағы суицидологиялық мінез-құлықтың түсінігі . . . 6
1. 2. Оқушыларда суицидологиялық мінез-құлықты болдырмау шарттары . . . 10
1. 3. Оқушыларда суицидологиялық мінез-құлықты болдырмау жолдары . . . 12
2-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУИЦИДОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА БЕЙІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ . . . 18
2. 1. Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау диагностикасының жұмыстары . . . 18
2. 2. Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау тәжірбие-эсперименттерінің нәтижесі . . . 34
2. 3. Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау жағдайларын іске асыру, коррекциялық жұмыстар мен ұсыныстар . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52
ҚОСЫМШАЛАР . . . 53
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев “Қазақстанның болашағы жастардың қолында”, - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан саналы жасөспірімдеріміздің алға жылжуына үлес қосуымыз керек. Бүгінгі жасөспірімдердің жүрегіне ізгілік тәрбиесін оята білсек, олардың жарқын болашағы айқын болмақ.
Ел ертеңі - жарқын болашақ. Қазақ халқында «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу керек, ал үлкен ағаш болғанда оған көмектесе алмайсың» деген даналық сөз бар. Баланың бойына имандылық, ізгілік адамгершілік қасиеттерін орната білсек, оның бойында ерсі қылықтар болмайтыны анық.
Дүниежүзілік қоғам мәселесіне айналып отырған бұл күндегі суицид мәселесі - қаншама адамды толғандырып отырғаны жасырын емес. «Жақындарын, туыстарын қалдырып, өмірден безетіндей не қиындық көрді екен, я болмаса жылуын төгетін жақын-жолдасының болмағаны ма» деген сұрақ та санадан кетпейді. Бәлкім, тәрбиенің аздығы, санамыздың төмендігінен шығар. Заман алға жылжып, дамыған сайын балаларды тәрбиелеу қиынға соғып жатыр ма, әлде оларды тәрбиелеушілердің жоқтығынан ба?! Тәрбие - қоғамда тек қана балаларға ғана керек емес, бұл күндері тәрбиеге жас та, кәрі де, бала да, қария да мұқтаж. Тіпті, қазір нағыз тәрбие баладан бұрын ата-анаға керек десек қателеспейміз. Қарапайым жұмысшы да, ғалым да, дәрігер де, заңгер де, тіпті, жұртқа тәрбие беретін мұғалімнің өзі түптеп келгенде шын тәрбиеге ауадай зәру. Өйткені өзінің жүрегінде ізгілікті тәрбиесі жоқ адам өзгелерге қандай жақсылық үйретуі мүмкін?!
Тәрбие - Алланың құлдарына нәсіп еткен ең ұлы нығметтерінің бірі. Бұрынғы ата-бабаларымыз балаларын қалай тәрбиелеген? Әкеге қарап теріс сөйлеу тұрмақ, әке асқа отырмай балалары дәм татпаған. Өзін-өзі өлтіру бұрын-соңды болмаған. Қазіргі теледидарлардан, интернеттен көріп алып, атыс-шабысты, алдау-арбауды, бірін-бірі өлтіруді, өзін-өзі өлтіруді, ата-ананы қарттар үйіне өткізуді, балаларды жетімдер үйіне өткізуді үйреніп алды. Ата-ананы емес ақпарат құралдарының айтқанын тыңдап, солардың дегенімен жүретін заман болды. Бұл қоғам мәселесін жою үшін ең алдымен, теледидарлардағы сананы улайтын бағдарламаларды көрсетпеу керек.
Суицидке барушылардың көпшілігін толыққанды емес немесе балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер құрайды. Әрбір балаға ата-анасының мейірімі мен тәрбиесі жетіспесе, рухани байлығының дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Күннен күнге, жылдан-жылға көбейіп жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы, арадағы баланың психикасына кері әсерін тигізіп, өзін керексіз сезініп, өзін-өзі өлтіруге де апарып жатады.
Тағы бір басты себеп - ойын-сауық орындарына байлану. Жалған ақпараттарға сеніп немесе оңай жолмен ақша тапқысы келгендер ойын-сауық орындарына барып алданып қалып, қарызға батып жатады. Әрине, күннен-күнге пайызы өсе бергеннен, сондай-ақ, ортадан келетін қысым, күш көрсетулер адам психикасына кері әсерін тигізіп, одан шығар жол таба алмай, тағы да суицидке барып жатады.
Соңғы жаңалықтарға үңілсек, Австралия имамдарының ұлттық кеңесі балалардың болашағын ойлап, дәлірегі, олардың санасын түрлі жиіркенішті әдеттерден қорғау мақсатында шариғат талаптарына сай келетін бағдарламаларды ұсынатын арнайы теле-бағдарламаны эфирге шығаруға жоспарлап отыр. Аталмыш кеңес жетекшісі Сүбһи әл-Шайктың айтуы бойынша, теледидарға телміретін балаларға осындай балама бағдарлама ұсыну арқылы олардың әлі жетілмеген санасын зиянды ақпараттар мен жат әдеттерден қорғауға болады. Дәл осындай бағдарламаны бізге де орналастырса, қоғамды ойландырып отырған мәселелер азаяр ма еді қалай ойлайсыздар?
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру. Оқушылардың күйзелістік-невротизациялық деңгейін және мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың күйзелістік қалыптан шығуын дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді: оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін теориялық айқындау табысты өтеді, күйзелісті болдырмау, суицидтің алдын-алу.
Зерттеу объектісі - жоғарғы сынып оқушылары.
Зерттеу пәні - оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін болдырмау жолдары.
Зерттеу болжамы - егер оқушыларға невротизациялық-депрессиялық күйзелісті анықтауға бағытталған арнайы жаттығулар жүргізілсе, онда олардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтауға болады.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
- Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау.
- Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін болдырмау жағдайларын айқындау.
- Эксперимент арқылы оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін болдырмау жағдайларының тиімділігін тексеру
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Практикалық базасы: № 23 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Б»
сынып оқушылары
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУИЦИДОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА БЕЙІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Психологиялық-педагогикалық оқу құралындағы суицидологиялық мінез-құлықтың түсінігі
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауларындағы тапсырмалардың бірі - адамның өмір жасын ұзарту. Ал статистикаға сүйенсек, халықтың орташа өмір жасын келте етіп көрсететін осы суицид оқиғалары.
Әлемдік статистика бойынша, 100 000 мың адамға шаққанда 20-дан көп адамның өзіне қол жұмсау фактілері бойынша, Қазақстан Литва, Корея Республикасы, Гайана елдерінен кейін төртінші орында тұр. Қазақстаннан кейінгі орында Венгрия, Латвия, Украина, Жапония.
2016 жылы - 4000-ға жуық адам, 2015 жылы 3735 адам, 2014 жылы 2957 адам, 2013 жылы 3251 адам, 2012 жылы 3055 адам өз өмірлерін қиған. Жылдан жылға бұл көрсеткіш көтерілуде.
Суицид мәселесіне дабыл қағып отырған ДДҰ соңғы хабарламасында, 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 пайызға азайтуды қол алғанын айтты. Бірақ, бұған тек 28 мемлекет қана қатысып, нақты жұмыс жоспарын бекітіпті. ДДҰ-ның бұлай алаңдауының да себептері жетерлік. Халықаралық ұйымның соңғы 10 жыл бойы жүргізген зерттеулері бойынша, жыл сайын 800 000 адам өзіне қол салады. 15-29 жас аралығындағы жастардың суицидке бейімділігі тіпті, артып кеткен. Бірақ, негізінен 70 тен асқан адамдардың өзіне қол салуы тіпті үрей туғызып отыр. «Суицид фактілері тіркелген деректер бойынша 75 пайызы әлеуметтік жағынан төмен елдер екен. Ал бай мемлекеттерде ер адамдар әйелдерге қараған 3 есе көп», - дейді ДДҰ мамандары.
ООН UNICEF1 - балалар фондының зерттеулеріне сәйкес, әлем бойынша Қазақстан жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіруінен 2-орында екен. Бұл жағдай жаға ұстатып отырғаны анық. Бұл жайсыз хабарды ҚР прокуратурасы да мәлімдеп отыр. 2015 жылғы статистика бойынша Қазақстанда 4000 адам суицид жасаған. Олардың 201-і жасөспірімдер. Одан бөлек 485 жасөспірім өз өмірлерін қимақ болған.
Мұның себептері неде? Бұған халықаралық ұйым зерттеушілері келтірген қорытынды бойынша жауап беріп көрелік:
1. 1, 2 пайызы денсаулық нашарлығынан,
2. 3 пайызы қаражат қиындығынан,
3. 1, 4 пайызы өмір сүрудің ауырлығынан,
4. 6 пайызы құмарлықтан,
5. 18 пайызы отбасы келіспеушілігінен,
6. 18 пайызы рухани дерттен,
7. 19 пайызы жазасын өтеуден жалтару, тағысын тағылар.
Кей зерттеушілер мұның көбісі өмір қиындығына төзгісі келмегендіктен жасайтын боркемік адамдардың ісі деген ой айтады. Әрине, айтуға ғана оңай. Олай болса, өлімге сылтау іздеп жүрген адамды райынан қайтару мүмкін емес пе? Жылы сөз, идеологиялық жұмыстар нәтиже бермейді ме? Ең қорқыныштысы, мамандар суицидтің 41 пайызы неден болатыны анықтай алмай отыр. Оларға қандай ем керек?Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау себептерінің бірнешеуін атап айтсақ:
Бүгінгі күні суицидтің себептерінің алдыңғы қатарынан жол алып отырған интернет желісіндегі қызыққұмарлардың ойындары. Атап айтсақ, «синий кит, тихий дом» ойындары. Интернет желісінен бұл ойын туралы жалған ақпараттар алып, қызығушылықтың әсерінен осы топқа тіркеліп, күнделікті берілген тапсырмаларын орындайды-мыс. Күннен-күнге жаңа тапсырмалар, күннен-күнге қызықты ойындар баланың санасын улап, қызығушылығын оятады-мыс. Бірнеше тапсырмаларды орындағаннан кейін, одан құтылу қиынға соғады, енді бірі қызығушылықтан арыла алмаса, енді бірі ойын емес екендігін түсініп, одан шығар жол іздесе, арғы жақтағылар қоқан-лоқы көрсетеді екен. Ал, ең соңғы елуінші тапсырмасына келгенде балалар өзін-өзі өлтіруге барады екен. Ресейде бастау алған бұл топ, Қырғызстан, Қазақстан т. б. мемлекеттерге етегін жайды. Кей адамдар бұл ойынның тап болғандығына қадағалаушылардың жоқтығын, яғни билік басындағыларын кінәлайды. Мүмкін, кінәні өзімізден іздеу керек шығар. Ата-ана, туған-туыс бауырларының, балаларының кіммен қай уақытта қалай сөйлесіп жүргенін білсе, назарына алса, балаларымыздың дұрыс жолдан адасуы болмас па еді. Не де болса, ата-анасы баласымен ашық сөйлесу керек. Өмірінде қандай жағдай болып жатқанын немесе психикалық қиындықтарға ұшырағанда, өзін жалғыз сезінгенде баланың жанынан табылуымыз керек. Өтпелі кезеңдегі балалардың әрбір қылық, әрбір мінезін назарымыздан тыс қалдырмауымыз керек. Болашақ ұрпақтың, болашақ бәйтеректің дұрыс пісіп жетілуіне үлес қосайық, қыңыр басып, қисайып, түзелмесе, өмір бойы қисық болып қалуы мүмкін.
«Елді сөктік сайтанға ересің деп,
Неге оларға тізгінің бересің деп?
Елірткенге ерігіп ере берсең,
Ескерттім, азып-тозып өлесің деп!»,
-деп Абай атамыз айтқандай, жаман жолға шақырушылардың айтқандарына ере берсек, арты жақсы болмасы анық.
Жасөспірімдердің суицидке баруындағы басты себебі - олардың имансыздығынан. Тәрбиенің бастау көзі және негізгісі - иман екенін ұмытпасақ, әрі болашақ ұрпағымыздың жүрегіне иман ұялата білсек, бүгінгі қоғам мәселесіне айналып отырған «өзін-өзі өлтірулер» болмас па еді!?
Суицидке барушылардың көпшілігін толыққанды емес немесе балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер құрайды. Әрбір балаға ата-анасының мейірімі мен тәрбиесі жетіспесе, рухани байлығының дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Күннен күнге, жылдан-жылға көбейіп жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы, арадағы баланың психикасына кері әсерін тигізіп, өзін керексіз сезініп, өзін-өзі өлтіруге де апарып жатады.
Тағы бір басты себеп - ойын-сауық орындарына байлану. Жалған ақпараттарға сеніп немесе оңай жолмен ақша тапқысы келгендер ойын-сауық орындарына барып алданып қалып, қарызға батып жатады. Әрине, күннен-күнге пайызы өсе бергеннен, сондай-ақ, ортадан келетін қысым, күш көрсетулер адам психикасына кері әсерін тигізіп, одан шығар жол таба алмай, тағы да суицидке барып жатады.
Лудоманияны2 емдеу қажеттілігі кемінде 3 себеппен шартталады:
• Лудоманияға шалдыққан науқастардың отбасы бұзылуы және қаржылық қиындықтар.
• Құқыққа қайшы әрекеттердің таралуы-лудоманияға шалдыққан науқастардың 60% құқық бұзады.
• Жоғары суицид қауіп-қатері - лудоманияға шалдыққан науқастардың 13- тен 40% -ға дейін науқас өзіне-өзі қол жұмсайды, 32-70% -да суицид жайлы ой келеді.
Емдеудің бірінші кезеңі- ойын құмарлықтың қалыптасу себептеріне диагностика, сонымен қатар ауыртпалықты бұзылушылықтарды, жеке алғанда, депрессияны жоққа шығару. Жасырын депрессия анықталған жағдайда оны дәрілік емдеу қажет.
Емдеудің екінші кезеңі (психотерапия) -психологиялық түзету, ол жеке және арнайы жаттықтыру топтарында жүргізіледі. Психологиялық көмек жақын-жуық адамдармен өзара қатынасу, өзін өзі реттеу мен қиыншылықтармен күресуге үйрету, жігер қасиеттерін тәрбиелеу, өзіне берілетін бағаны жоғарылату, жаңа өмірлік әуесқойлықтардың қалыптасуға бағытталған.
Лудомания (ойын құмарлық) кезінде психотерапия міндеті:
•науқастың «ойын трансы» күйінен шынайы өмірге қайтуы;
•ойын құмарлығына шалдыққан науқастың бастапқы өмірлік құндылықтарға оралуы (отбасы, махаббат, құрбы-құрдастар) ;
• ойынға құмар науқасты өзін билеуге (өз сезімі, ойын) ойнауға деген құмарлыққа қарсы тұруға үйрету.
Ойын құмарлығы отбасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді, сондықтан емдеу кезінде ойынға құмар науқасты емдеумен бірге оның туысқандарына психотерапиялық көмек көрсетіледі.
Психикалық ауытқушылығы бар балалар немесе қоғамнан келген әлімжеттік, күш көрсетулер мен кемсітулер -жасөспірімдердің суицидке баруының негізгі себебіне айналып отыр. Зерттеулер балалардың 66, 3 % мектепте зорлық-зомбылыққа тап болатынын, зорлық-зомбылыққа куә, оның құрбаны не айыпты болатынын анықтаған. Бұл ретте сауалнама жүргізілген балалардың 23%-ы физикалық жәбірлеу, 20%-ы балалар арасындағы бопсалау, 27%-ы мұғалімдер тарапынан жазалау құрбаны болған. Жасөспірімдер арасында өзіне қол салу деңгейінің жоғары болу мәселесінің осы тақырыппен өзара тығыз байланысы бар, ол бойынша Қазақстан тиісті әлемдік рейтингтерде соңғы позицияларда емес. Біздің зерттеулеріміз бойынша балалардың 27, 4% бір кездерде өзіне зақым келтірумен айналысқан және өзіне қол салуға әрекеттенген. Өз денесіне зақым келтіру әрекет рецидивінің деңгейі 75, 3 % құрайды. 3
Жауапсыз махаббат немесе жылдан-жылға көбейіп жатқан мәселе - қыздардың аяғының ауыр болып қалуы. Тұрмыс құрмай жатып алданып қалушылардың өзін-өзі керексіз сезінуі және ата-анасынан түсінбестігінен қорқынышы немесе қолдау таппауы - суицидке де апарып жатады.
Айта кетерлік жайт, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау дерегі бойынша, былтыр өңірімізде 15-18 жастағы қыздар арасында жүкті болудың 260 жағдайы тіркелген екен. Бұл алдыңға жылдардағы көрсеткіштерден көбірек.
Жасөспірімдердің көздеген армандарына жете алмауы немесе қаншама жасөспірімдердің өмірін жалмаған ҰБТ-дан ойдағыдай балл жинай алмауы және ата-анасынан қолдау таппауы суицидтің басты себебіне айналып отыр. Әрбір баланың басынан қиындық өтеді, бірі жақындарынан қолдау, жылулық көрмей жатса, енді бірі дұрыс жол, дұрыс ортаға түспей жатады, арман-мақсаттарына жетпей құлазып жүрген кездерінде ата-ананың, мұғалімнің, психологтардың көмегі болмаса, бала өзін керексіз сезініп жатады. Сондай кездерде жасөспірімдер өздерінің өмірлерін қиып жатады. Бүгінгі жасөспірімдердің болашағы - үлкендердің қолында, сондықтан мүмкіндігінше әрбір баланың жүрегіне үміт отын жаға біліңіздер, сүрінсе тұрғызуға талпындырыңыздар.
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі. Өз-өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу) . Суицидке барушылардың өмірлерінің мәнсіз болып көрінуі және әрі қарай жалғастырудың еш себебінің болмауы немесе болашаққа деген үміттің сөнуі. Сондай-ақ, проблемалардың шешілмейтіндей болып көрінуі суицидке барудағы негізгі себептің бірі.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, суицид үш түрге бөлінеді: Біріншісі - шынайы суицид. Ондай белгі бойынша, адам өмірден түңіліп, үнемі көңілсіз жүреді. Мұндайда адам өмірдің мәнін жоғалтып, өлімге асығады. Екіншісі - жариялық суицид. Қандай да мәселеге байланысты, өзгелердің назарын аудармақ болып, өлгісі келетінін жария етеді. Үшіншісі - жасырын суицид. Мұндай жағдайда адам өзіне қол жұмсау жақсы еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар жол жоқ болып көрініп, өлімге бас тігеді. Қайсысына болса да егер белгілі болса, дереу көмек қажет. Жалпы, адам психологиясына қатысты бір жайтқа назар аударта кетелік. Негізі, жүйке жүйесі, психикасы ауырған адамдарды емдеу үшін психо-профилактикалық және психо-гигиеналық орталықтар жұмыс жасайды. Ондай ауруханаларда дәрігерлер күштеп дәрі егумен адамды тыныштандырады. Ал ғылым бойынша, бірде бір психикалық ауру дәрімен жазылмайтыны анықталған. Дәрімен емдеуді психиатрия десе, ал психотерапевт тәсілі бойынша, адамды сөзбен емдеу жақсы нәтиже көрсеткен. Осының өзі, технологиялық жетістіктен гөрі адами қарым-қатынас, адамдар арасындағы адамгершіліктің ауадай қажеттігін көрсетті. Әзірге, ерте түйін жасамай тұра тұралық.
Өзіне-өзі бір рет қол жұмсауға талпыныс жасап, бірақ өлімнен аман қалған жан бұл әрекетін екінші рет қайталауы мүмкін. Себебі, көп жағдайларда есіне салмайық, болған оқиға ұмытылсын деген үмітпен, бұл мәселе жабулы қазан жабулы күйінде қалып қояды. Мұндай жағдайда, баланың ішкі жандүниесіндегі негізгі себеп шешілмей қалады да, уақыт өте қайта қозып, сол әрекетке қайта итермелейді. Әрекет үшке дейін қайталануы мүмкін. Үшінші әрекеттен аман алып қалу қиын. Егер, белгісі байқалса немесе бірінші әрекеттен жасалған болса, кешіктірмей тиісті маманның көмегіне жүгіну керек.
Оқушыларда суицидологиялық мінез-құлықты болдырмау шарттары
Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.
Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз.
Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады. Оларда әлеуметтік қызметкерлер бұл тақырыпты балаға бес жастан бастап түсіндіре бастайды, осал топтарды дер кезінде анықтап, психологтың кеңесіне жібереді. Суицидке бейім балалар мен жасөспірімдерді анықтау жұмысы екі елде бірдей жүреді. Әдетте жұрт суицидтік ойларын жасыруға тырысады. Егер бала кезден оларды не болып жатқанын ұғынуға үйрете білсек, онымызбен балаларды қорғап қаламыз. Өмір құндылығы туралы бірінші сыныптан айта бастау ләзім. Балалар өзінің психоэмоциялық көңіл-күйін ырқына көндіре білуі тиіс, - дейді Фатима Багиярова.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид әрекеттердің алдын алу ұлттық ауқымдағы проблема екенін растаған тренингке қатысқан жергілікті мамандар мектеп психологтарын оқытып-үйретудің жүйелі жұмысы мен жеткіншек тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу жобаларын іске асыру қажет деп санайды. Әлеуметтік қызметкердің пікірінше, жасөспірімнің бойында суицидтік қатердің барлық түріне қарсы қорғаныс реакциясын қалыптастыру қажет. Гонконгта мұндай баланы арнайы тренинге жіберіп оқытады. Психологтардың негізгі міндеті - жасөспірімнің бойында жағымды ойлар қалыптастырып, суицидке жетелейтін ойларды жою. Бүгінде Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 26 кісі өзіне қол салады, бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен. «Өз-өзіне қол салу, яғни суицидке бару - түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz