Банкттік карталардың жұмыс істеу қауіпсіздігі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Пән: «Ақпараттық қауіпсіздігінің негіздері»

Тақырыбы: «Банкттік карталардың жұмыс істеу қауіпсіздігі»

Алматы 2010

Жоспар

Кіріспе3

1 Банктік карталардың негізгі түрлері4

2 Кредиттік карталардың жұмыс істеу қауіпсіздігінің кейбір аспекттері6

3 Кредиттік карталар арқылы операциялар жасау кездегі төнетін қауіп-қатерлер8

4 Алаяқтық әрекеттердің негізгі түрлері10

Қорытыңды15

Әдебиеттер тізімі16


Кіріспе

Бүгінгі таңда пластикалық карталарды қолдану мәселесі өте маңызды болып отыр. Көптеген адамдар бұл не, онымен қалай қолдану керек, пластикалық карталардың қандай түрлері бар және т. б. сұрақтар қойып жатады.

Картаның өзі бір дербестендірілген төлем құралы болып саналады және қолма қол ақшасыз картаның арқасында керек затыңызды сатып алуға, сонымен қатар ақшаны банк бөлімшелерінен және банкоматтардан алуға болады. Демек ол толығымен қолма қол ақшаның орнын толтырып отыр. Артықшылықтары бірден көрінеді: әмияныңызда үлкен сома ақшаны ұстауға керек емес, карта иесіне ай сайын есеп беріліп отырады соның арқасында ол өзінің қаржы жағдайын біліп отырады, картаға қарағанда қолма қол ақшаны ұрлап кету мүмкін, ал егер де картаны ұрлап кетсе сіз оған оқшау қоя аласыз және де ешкім оған тиісе алмайды. Сонымен қатар картаның иелеріне неше түрлі жеңілдіктер, бонустар, т. б. беріліп отырады. Осы жерде айта кететін жәйт ол барлық пластикалық карталар кредиттік болып саналмайды. Олар келесі негізгі түрлерге бөлінеді: кредиттік карта, дебеттік карта және төлем картасы.


1 Банктік карталардың негізгі түрлері

Дебеттік карта ол сіздің банк шотыңызға тез арада қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз сіздің шотыңыздағы сомадан жоғары ақшаны жұмсай алмайсыз. Мұндай карталар өз қаржыларын мұқиятты түрде бақылағысы келетін адамдарға өте ыңғайлы. Және карталармен жаңадан пайдаланып келе жатқан клиенттер осы картаның түрін артық көреді. Әрине банк өз ақшасын біреуге сеніп тапсырудың алдында ол оны дұрыстап тексеруі қажет.

Ал кредиттік карталар дегеніміз не?. Оның аты бойынша өз қорытындыңызды шығара аласыз. Бұл кредиттің бір түрі. Кредиттік картаның иесіне кредит беріледі және де банк сол клиентке жекеше түрде оның көлемі мен пайыздық ставкасын орнатады. Бұл көптеген факторлардан тұрады, бірақ ең негізгісі ол кредиттік тарихы мен клиенттің табыстары. Сонымен сізде кредиттік карта болса, сіз тауарларды банктің ақшасымен төлей аласыз. Бірақ та бәрі де оңайшылықпен келе салмайды. Кредиттік картамен төлегеннен соң, сіз ақшаны қайтаруыңыз қажет. Ақшаны жеңілдікті кезеңде (grace period) қайтарып беру абзал, өйткені ол уақытта пайыз саналмай, сіз тек алған ақшаны ғана қайтарасыз. Ал егер кешігіп төлейтін болсаңыз онда тауарды алған күннен бастап, пайыз әр күн сайын қосылып отырады. Әр банк өз grace period орнатып отырады, бірақ көбісінде ол кезең 2 аптадан 50 күнге дейін жетеді, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін.

Дебеттік картаны күн сайынғы шығыстар үшін жұмсайды: азық түлік, коммуналдық қызметтер, кішігірім заттарды сатып алғанға. Ал бір қымбат заттарды алғанда, шет елге қыдыруға шыққанда сіз кредиттік картаны пайдалана аласыз.

Сонымен қатар алдын ала төлем карталары бар. Ондай картаны ашу үшін банкте тұрақты толықтырып отыратын шотыңыз болуы қажет емес. Ол бір белгіленген ақша сомасын салғанда беріледі. Картаны активтегеннен соң және тіркеуден өткеннен кейін ол төлем құралы ретінде қолданылады.

Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:

  • Негізгі карточка - Сіздің карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкаңыз.
  • Қосымша карточка - Сіздің немесе Сіз сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайыңыздың немесе балаларыңыздың атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы. Сіз белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лимит) және карточкалық операцияларға шектеу белгілеуге құқылысыз.

2 Кредиттік карталардың жұмыс істеу қауіпсіздігінің кейбір аспекттері

Банктердің кредиттік карталарына төнетін негізгі қауіп-қатер - картадан жеке ақпаратты ұрлау және жалған карталарды жасау.

Банк карталарынан жеке ақпаратты ұрлаудың түрлі айлақорлық әдістері болады. Мысалы, кредиттік картаның магниттік жолағында жазылған ақпаратты толтырмалынған картаған көшіріп, рельефтік белгілердің таңбаларын қағазға түсіретін құрылғылар. Сырттай бұл құрылғылар сауда орындарда, ресторандарда қолданылатын кредиттік карталарды қабылдайтын төлем терминалдарына ұқсайды.

Жеке идентификациялық нөмірлерімен байланысты тағы бір айла-әрекет бар. Банкоматқа магниттік жолағы бар карточканы салған кезде автомат қолданушыдан құпия сөзді (PIN code) сұрайды. Банкомат қолданушы енгізген құпия сөзді картаның магниттік жолағынан тікелей оқыған PIN кодымен салыстырады. Парольдер сәйкес келсе, онда құпия сөз автоматтың жадына түседі. Осы кезде банкомат жадына қол жеткізген ұрының карта иесінің PIN-кодын біліп алу мүмкіндігі болады.

Жалған карталарды жасаудан қорғану үшін банкттер келесі әдістерді пайдаланады:

  • Магниттік сиямен салынған оюы бар қосымша жолақтарды жасау;
  • Картаны арнайы ұзақ мерзімді радиоизотоптармен қаптау;
  • Картаны қыздыруға және қысымға сезімді материалдардан жасау ( бұл көшірудің қарапайым әдістерінен қорғайды) .

Соңғы кезде магниттік жолағы бар карталарды смарт-карталармен ауыса бастайды. Смарт-карта дегеніміз - ішіне жартылай өткізгіштен жасалған микрочипі орнатылған карточкалар. Бұндай карталарда арнайы жасырын жад болады. Бұл жадта қолданушының PIN-коды мен шоты туралы ақпараты сақталады. Карта мен банкомат арасындағы байланыс криптографиялық алгоритмдер арқылы іске асырылады. Бұл картадағы ақпаратты заңсыз көшіруден және жалған көшірмесін жасаудан сақтайды. Смарт-карта арқылы жасалатын операциялар offline режимінде орындалады. Яғни банкомат картадан оқыған ақпаратты сыртқа жібермейді. Шот күйі туралы ақпарат чипте орналасады. Жадтың ашық аймағында қолданушының аты-жөні, мекенжайы және телефон нөмірі сақталады.


3 Кредиттік карталар арқылы операциялар жасау кездегі төнетін қауіп-қатерлер

Банктік картасы арқылы операциялар жасау кезде карта иесі келесі қауіп-қатерлерге тап болады:

  • Интернет арқылы төлемдер жасау немесе жалған банкоматты пайдалану кезде шоттан ақшаны ұрлау мүмкін. Кейбір мемлекеттерде жалған банкоматтар болады. Олар магниттік жолақтар мен кодтарды оқып, алаяқ тұлғаға құпия ақпаратты жібереді. Банк қабырғасына енгізілген немесе ғимаратында орналасқан банкомат - шоттан ақша алудың сенімді әдісі.
  • Сауда орталықтары мен дүкендерде карта арқылы төлемдер жасаған кезде сатушы алған тауарлардың ақша соммасынан артық есептеу мүмкін. Осы жағдайда кассаның POS-терминалмен жабдықталғаны жөн. Бұл терминал тауарлардың штрих-кодын оқып, төлем соммасын автоматты түрде есептейді. Бұл жағдай сатушыға қолданушыны алдап немесе қателесіп, кредиттік картадан ақшаны артық алуға мүмкіндік бермейді.
  • Банкомат арқылы ақша алу және терминалдар арқылы төлемдер жасау үшін қолданушы PIN-кодты енгізуді қажет етеді. Бұл кодты қолданушы картамен бірге сақтамау жөн. Егер PIN-код 3 рет қатар қате енгізілсе, онда карта тәулікке қамалады, тіпті банкоматтың ішінде қалады.
  • Сауда орталықтарында төлеу кезде әдетте PIN-кодты енгізуді қажет етпейді. Алайда картаның сырт жағында иесінің қолы тұрады. Сатып алу кезде екі чек беріледі. Біреуіне сатып алушы қолын қойып, оны сатушыға қалдырады. Картадағы және чектағы қолтаңбалар сәйкес бірдей болу керек. Қауіпсіздік үшін сатушыға карта иесінің көру өрісінен жоғалатындай әрекет жасауға мүмкiндiк беруге болмайды.
  • Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Өз карточкаңыздың жарамдылық мерзімін тексеруге ұмытпаңыз, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек. Ескіру мерзімі өтіп кеткен картаны айырбастау кезде банк жұмысшысы ескі картаны кем дегенде қақ жару қажет. Жаңа картаны мүмкіндігінше тез активтендіру керек. PIN-коды бар конвертті алу кезеде оның бүтіндігін тексеру керек.

4 Алаяқтық әрекеттердің негізгі түрлері

Фишинг

Интернет желісін қолданатындарға эмитент-банктің атынан төлем карточкалары бойынша деректерді анықтау өтініші бар немесе карточка ұстаушысына ашуды қажет ететін банк сайтына сілтемесі бар электронды хаттар жіберіледі.

Сайтта карточка ұстаушыларынан жүйенің техникалық ахуалдарына байланысты жоғалып қалған деп, жеке деректерді: кредит карточкасының нөмірін, сәйкестендіргішті, парольді, кейбір кездерде тіпті PIN-кодын енгізу сұралады. Бұдан кейін алаяқтар төлем карточкасының шоттарындағы қаржыны интернет-магазиндері арқылы пайдалана алады.

Электронды емес фишинг

Бұл «жаңа қызмет» - қолма қол ақшалай қаржыны сауда кәсіпорындарынан алу. Ақшалай қаржыны алу кезінде ұстаушыдан PIN-кодын терудің дұрыстығын эмитент-банк тексеру керек екендігін айтып, өз PIN-кодын теруді сұрайды. Бірақ PIN-коды эмитентке жіберілмейді, оны алаяқтар PIN-ПАД сияқты құрал арқылы жазып алады (PIN-кодтарын теруге және олардың конфиденциалдығын қамтамасыз етуге арналған сауда терминалының қосымша модулі) . Карточканы ұстаушы тек біраз уақыттан кейін ғана өз төлем карточкасының есебі бойынша үзіндіден банкоматтан өзі жасамаған қолма-қол ақша алу операцияларының жүргізілгендігін көреді.

Скимминг

Банкоматтарға орнатылған кезде карточканың деректемелерін (карточканың нөмірін, арнайы параметрлерін) оқып-тануға және белгілеуге, сондай-ақ PIN-кодын білуге мүмкіндік беретін электронды құралдардың арнайы түрлері бар. Бұндай құралдар банкоматтың кәдімгі бөлімдерінің астына білдіртпей орнатылған. Оқып-танитын құралдар карточканы енгізетін ұяшықтың жоғары жағына, пернетақтаның жоғары жағына орнатылады немесе ақпараттық/жарнамалық кітапшалары бар жәшіктің астына көрінбейтіндей орнатылған шағын бейне камералар қолданылады.

Қазақстан Халық Банкінің мәліметтері бойынша карточкалық алаяқтық тәуекелінің деңгейі жоғары елдердің тізімі, бұл елдерде төлем карточкаларын пайдаланған кезде сақ болуыңыз керек:

  • Таиланд
  • Малайзия
  • Сингапур
  • Испания
  • Австралия
  • Индонезия
  • Бразилия
  • Нигер
  • Нигерия
  • Гонконг
  • Тайвань
  • Филиппины
  • Болгария
  • Ұлыбритания
  • Украина
  • Намибия
  • Румыния
  • Аргентина
  • Чили
  • Албания
  • Перу
  • Өзбекстан

Осы елдерге барып келгеннен кейін төлем карточкаңыздың шоты бойынша үзіндіні тексеріп, карточканы қайта шығарған жөн.

Төлем карточкаларын қабылдауды шектейтін елдер

Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің мәліметтері бойынша әлемнің бірқатар елдерінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, халықаралық тыйым салуға, саяси тұрақсыздыққа, қылмыстың өсуіне және т. б. байланысты Visa, MasterCard төлем карточкаларын қабылдауға рұқсат етілмеген, шектеу қойылған немесе қауіпті деп танылады.

Елдердің тізімі:

  • Иран
  • Ирак
  • Сомали
  • Солтүстік Корея
  • Либерия
  • Сьерра-Леоне
  • Куба
  • Ливия
  • Бутан
  • Ангола
  • Колумбия

Төлем карточкасын ұстаушыға қауіпсіз пайдалану және алаяқтыққа ұшырамау үшін бірнеше пайдалы кеңестер мен ұсыныстар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкттердің инновациялық маркетингтің қызметі
Нарыққа өту жағдайында біздің елде банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мәселесі
Шетел валютасымен операциялар
Экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру
Ақылы қызметтер Ақысыз қызметтер
Халықаралық терроризммен күрестің құқықтық негіздері
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Бухгалтерлік есеп жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz