Инвестицияның методологиялық мазмұны


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6

1. 1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6

1. 2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10

1. 3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ 25

2. 1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25

2. 2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44

2. 3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 58

3. 1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 58

3. 2 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновацияық саясаттың негізгі бағыттары 68

ҚОРЫТЫНДЫ 73

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76

КІРІСПЕ

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.

Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін.

Қазақстан экономикасының дамуы өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымның модернизациясы. Бұл елге мол инвестициялардың тартылуымен қатар олардың ұтымды пайдалануды талап етеді. Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді [1] .

Аймақта қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі толық кешенді шаралар алу, осы кезең үшін аймақтағы инвестициялық климатты бағалаудың салыстырмалы талдауының негізі болып табылатын көрсеткіштер жүйесі.

1. Аймақ нарығы потенциалының сипаттамасы;

2. Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтылуы;

3. Экономикалық рефомалардың күйі мен алға жылжуы;

4. Инвестициялық қызмет үшін заңдық базаның болуы;

5. Мемлекеттік органдарда басқару шешімдерінің қабылдануының тәртіпке келтірілуі;

6. Нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығының дамуы

7. Банктік жүйенің тұрақтылығы;

8. Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық міндеттерінің ішінде шетел капиталы үшін ел экономикасының ашықтығына, халықаралық қауымдастыққа интеграциялануға, экономикалық өсудің көзі ретінде ішкі инвестицияға бағдарлануға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты дипломдық жұмысты зерттеудің маңыздылығы және өзектілігі білінеді. Экономиканың нақты секторына сырттан инвестициялық капиталдың келуін қамтамасыз ету экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Экономиканың нақты секторына шетелдік инвестицияны тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаның арқасында, көп үлесі Орталық Қазақстан аймағына келетін, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорындар кризистік жағдайдан шығарылды. Олардың қатарында “Испат-Кармет” АҚ, “Балқаш-мыс” АҚ, Жезқазған тау-металлургия комбинаты т. б.

Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі:

- минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін;

- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы;

- амортизацияның жоғары қарқыны;

- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі;

- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы.

Шетел капиталын тарту аймақтағы өндіріс кәсіпорындарын дамытуға ынталандырады, ал ірі өндірістік кәсіпорындар бюджетке аударымдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициясын пайдаланудың тұрақты даму жоспарымен қатар ішкі отандық инвесторларды да ұмытуға болмайды. Еліміздегі ең ірі потенциалды инвесторлар ретінде республика тұрғындары бола алады. Қазақстан тұрғындарының инвестициялық потенциалы жеткілікті дәрежеде жоғары.

Қазіргі кезде қолайлы инвестициялық климат жасау еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:

- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;

- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;

- инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық реттелуін қарастыру;

  • экономиканың басымды салаларындағы инвестицияның қазіргі

күйіне талдау жасау;

- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ

1. 1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе бекітілген активтерін ұлғайтуға салынған мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) лизинг келісімшарттарын жасау кезінен бастап лизинг құралдарын қоса және оларға құқық.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т. б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларына ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Капиталдың кейбір салымдары шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары - табысқа да, шығысқа да. Табыс пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау - салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім (тауар, қызмет көрсету) шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар) . Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және т. с. с.

Барлық инвестициялар екі негізгі топқа бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар - бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.

Портфельді инвестициялар - құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті - қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель - бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы [2] .

Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т. б. құралдар салымы.

Қаржылық мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу - қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады - патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т. б. салымдарға шығындар.

Одан басқа, бастапқы инвестиция немесе нетто-инвестицияларды айырады, олар кәсіпорын сатып аларда немесе жоба негізінде жүзеге асырылады.

Реинвестициялар - бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т. б. ) бағытталуы мүмкін.

Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды құрайды.

Тұтынылған құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші кәсіпорындар қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер сатып алу мен құру.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының “Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекет инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекет - коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға немесе кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын бекітілген активтерді ұлғайту немесе құрудағы заңды немесе жеке тұлғалардың іс-әрекеті.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушелер, заңды тұлғалар (банктер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа инвестициялық жобаны іске асырушы және заңды тұлғалар жатады.

Инвестициялық жоба - қызмет етуші өндірістерді кеңейту және жаңарту, жаңаны құруға инвестиция қамтитын шаралар кешені.

Инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асырушы ҚР-ң заңды тұлғаларына берілетін адрестік сипаттағы артықшылықтар.

Инвестор - ҚР-да инвестицияны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Инвестициялық талас - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын талас.

Мемлекеттік натурлық гранттар - ҚР-дың заңды тұлғасына инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ақысыз меншікке немесе жер пайдалануға берілетін Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын мүлік.

Құзыретті орган - келісімшартқа отыру және орындалу барысын бақылауменен тікелей байланысты құқықтары берілген орталық атқарушы орган

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - ҚР-ң заңнамасында бекітілген құрылған заңды тұлға оның ішінде шетел қатысуымен заңды тұлға.

1. 2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары

Инвестициялық іс-әрекет - мемлекеттің жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады.

Құрылымдық қайта құру институционалдық рефрмалармен қатар Қазақстанда болып жатырған экономиканың орталықты жоспарлаудан әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылыққа трансформациалануда маңызды бағыт болып табылады.

Бұл қайта құру жылдар бойы жинақталған жоспарлы шаруашылықтың терең құрылымдық деформацияларын жоюға арналғанғ, өндірістік күштің сапалы жаңа жүйесін құруды қаматамасыз ету.

Мемлекеттік инвестициялық іс-әрекеттің басты мехнизімінің бірі мемлекеттік қаржы болып табылады. Мемлекеттік қаржы - экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Мемлекеттік қаржы арқылы жалпы өндірістің көп бөлігі бөлінеді: Жапония мен Ресейде - шамамен 1/3, Франция мен Нидерланд елдерінде - 1/2, Швецияда - 2/3 артық.

Инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері және жүйесі

Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық қызметін дамыту мен жүзеге асыру қаржыландырудың негізді жүйесін құруды талап етеді. Ұйымның инвестициялық қызметі заңды және жеке тұлғалрдың сонымен қатар мемлекеттік, шетел және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады (1 сурет) .

Мемлекеттік қаржы өзінің құрамына келесілерді енгізеді:

- мемлекеттік бюджет;

- бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік несие жүйесі;

- сақтандыру жүйесі.

Қаржыландыру жүйесі

Мемлекттік қаржы: Мемлекттік қаржы
:
Шаруашылық етуші субъектілер қаржысы: Шаруашылық етуші субъектілер қаржысы

Сурет 1- Қаржыландырудың құрамды өзара байланыс бөлігі

Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтанған қорын жинақтау формасы болып табылады және мемлекеттік билік органдарының қызмет етуін, елдің қорғанысы, халықшаруашылығының негізгі бағыттарын қаржыландыруға, әлеуметтік мәдени шараларын қаматамасыз етуге арналған. Оның көмегімен қоғамдық өндірістің және тұтастай елдің даму қарқынына әсер ету мақсатында ұлттық табыстың бөлінуі жүзеге асады.

Бюджеттен тыс қорлар үкімет пен жергілікті басқару органдарының қаржы ресурстарын білдіреді, олар мемлекеттік бюджетке енбейтін қаржы ресурстары. Бюджеттен тыс қорлардың негізгілері: зейнетақы қоры, сақтандыру қорлары.

Мемлекеттік несие жүйесі шаруашылық етуші субъектілердің, қайтарылуы есептелген, уақытша бос қаржы ресурстарын мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мақсатында мобилизациялауға мүмкіндік береді. Сақтандыру жүйесі табиғи апат зардаптары нәтижесінде пайда болған шығындарды жабуды қаматамасыз етуге арналған. Әрбір шаруашылық етуші субъектіні қаржыландыру жүйесі басқа да шаруашылық етуші субъектілермен және қаржылық құрылымдармен инвестициялық қызметті қаржыландыру бойынша ақша қатынастарын қамтамасыз ету керек. Нарықтық экономика жағдайында қаржыландыру жүйесі бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Бөлуші қызмет нақты бір шаруашылық етуші субъектіні қажетті қаржы ресурстарымен қаматамасыз етуге арналған.

Бақылау функциясы қаржы ағымы мен олардың көлемдік шығындарын талдауға әкеледі. Бұл функциялардың орындалуы нақты шаруашылық субъектілері қаржы ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланғаны туралы тұжырым жасауға мумкіндік береді. Бақылау функциясы жүзеге асырылуының құралы ретінде қаржы ақпараты бар. Бұндай ақпаратты шаруашылық етуші субъекттің бухгалтерлік, басқару, статистикалық және оперативті есептілігінде болады.

Ұйымның инвестициялық қызметтегі қаржыландыру жүйесі бірнеше мәселелері шешімімен байланысты. Бұл мәселелердің шешімі дегеніміз ұйымның инвестициялық қызметін негізгі және айналым құралдарымен мүліктік құқықпен, материалдық емес активтермен, несиелермен, жер пайдалану құқығымен қаматамасыз ету. Ұйымды инвестициямен қамтамасыз етуде қаржыландыру келесі кезеңнен өтуі қажет:

- ұйымның инвестициялық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын алдын ала іздестіру;

- қаржылық стратегияны әзірлеу;

- жедел қаржы жоспарын әзірлеу;

- әлеуетті инвесторлармен келісімшартқа отыру.

Инвестициялық қызметті қаржыландырудың рационалды жүйесі қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталуы керек. Инвестиция салу нәтижесінде шаруашылық етуші субъектінің қызметінің тиімділігінің артуы қаржы саясатының әрекеттілігімен қатар, нақты практикалық жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Ұйымның инвестициялық қызметінің қаржыландыру жүйесі келесі принциптерге сүйенуі керек:

  • қаржыландыру жүйесінің максимальді нәтижеге мақсатты бағытталуы;
  • инвестициялық қызметтің заңды қорғалуы және қаржылық негізділігі;
  • қаржыландыру көздерінің неғұрлым көп болуының жеткіліктілігі;
  • қаржыландыру жүйесінің нақты жағдайда икемділігі мен бейімділігі.

Инвестициялық қызметті жақсы ұйымдастырылған қаржыландыру

жүйесінің болуы ұйымның қызметінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде бұл жүйе стратегиялық мақсатқа, сонымен бірге тактикалық мақсатқа жетуге әсер етеді.

Қаржыландырудың негізгі көздері. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері көп көлемділігімен және көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы түрде меншікке қатысына байланысты қаржыландыру көздері үш түрге бөлінеді (2 сурет) .

Қаржы көздерінің түрлері

Сурет 2- Қаржыландыру көздерінің түрлері

Ұйымның жеке қаржы ресурстары жарғы капиталы, пайда, амортизациялық аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың жинақтары ретінде болады. Одан басқа жеке қаржы ресурстарына табиғат апатынан, авария, айыппұл, пеня шығындарын төлейтін сақтандыру органдарының құралдары да жатқызылады.

Тартылған қаржы ресурстары акция, еңбек колективі жеке және заңды тұлғалардың мүшелерінің, пайлық және басқа салымдарынан түседі. Қарызға алынған құралдар облигациялық займдар, банктік және бюджеттік несие есебінен тартылады. Заемға алынған қаржы құралдарына шетел инвестицияларын жатқызуға болады. Шетел инвестициялауында шетел мемлекеттері, халықаралық қаржы және инвестициялық институтар, жеке дара ұйымдар, институционалды инвесторлар, банктер, несие мекемелері қатысады (3 сурет) .

Сурет 3- Инвестициялық қызметтің негізгі қржыландыру көздері

Нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мемлекет деңгейінде де, ұйым деңгейінде де қаржыландыру көздерінің құрамы пайдаланады.

Инвестициялық шешім қабылданған және шығындар мен салынатын құралдар мерзімі белгілі болғаннан кейін жобаны қаржыландыру шараларына көшу керек. Жабдықтаушылар несиелерін, несие мекемелерінің қаржыландыруымен ұйымның меншікті құралдарын есепке ала отырып тартылған және меншікті құралдар арасындағы рациональді экономикалық теңдікке ұмтылу қажет [3] .

Тәжірибе көрсеткендей, жобаны қаржыландыру мәселелері толық шешімін таппайынша жұмыстарды бастау ұтымдыы емес. Инвестициялық зерттеу жүргізу кезеңінде жобаны іске асыруға байланысты шығындарды дұрыс анықтау өте маңызды. Объективті есептелген шығындар негізінде қаржыландыру түрі және одан шығатын өндірістік шығынның бөлігін құрайтын қаржы шығыстарын анықтауға болады. Болашақ жобаны рационалды құрылған қаржыландыру жүйесіне инвестициялау тиімділігі мен несие берушіге қайтару мерзімі тәуелді.

Бұл жағдайда потенциалды инвесторлармен алынатын несиенің пайыздық мөлшерлемесі туралы келісім маңызды рөл ойнайды.

Инвестициялық қызметті қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі болып мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың құралдары табылады. Мемлекеттік бюджет құралдары мемлекеттік мақсатты баңдарламаларды және басқа да мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталады және ҚР-ң заңымен анықталады.

Келесі басты механизм ол - ақша-несиелік құралдар. Ақша құралдары арқылы мемлекеттік реттеудің мәні - бос ақша ұсынысының көлемімен «несие бағасын» өзгерту. Ақша - несиелік құралды қолдануға бағытталған МЭС, монетарлық саясат деп аталады.

Монетарлық саясат жетілген нарықтық экономика саясатын, институционалды және заңды инфрақұрылымды, түбірлі кәсіпкерлік психологияны, инфляцияның болжанған және көрсеткіштерін немесе оның болмауын қарастырады.

Инвестициялық іс-әрекеттің толық қанды жұмыс істеуі үшін төмендегідей бағыттағы мәселелер жүзеге асырылуы керек:

- инвестициялық қызметтің ақпараттық қамтамасыз етілуі.

- потенциалды инвесторларды елдегі жүргізіліп жатырған реформалар, демократиялық қайта құрулар мен елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы уақытында және нақты ақпараттармен қамтамасыз ету;

- әртүрлі халықаралық жиындарда елдің инвестициялық мүмкіндігін көрсететін хабарламалар;

- елдегі экономикалық жағдай мен оның даму перспективалары туралы периодты түрде елдегі және халықаралық іскерлік басылымдарда жариялап отыру;

- мемлекеттік органдар мен инвесторлардың өзара байланысында транспаренттілікті қамтамасыз ету;

- дипломатиялық келіссөздердің шеберлігі;

- елдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру.

- инвестициялық қызметтің заңнамалық қамтамасыз етілуі.

Басты мақсаты салымның өсімі мен пайдасы, оның сенімділігі мен өтімділігі болғандықтан, инвестициялауға байланысты құқықтық қатынастардың басты шарты, инвесторлардың басты талабы, бұл қызметке байланысты тәуекелден максималь түрде қорғалуы екені түсінікті. Бұл дегеніңіз, инвестор үшін маңызды нәрсе инвестициялық заңдылықтардың жай күйі: инвестицияның құқықтық режимі, ақпаратқа қол жеткізу, инвесторларға берілетін кепілдіктер, салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар.

Инвестициялық инфрақұрылымның дамуы.

Инвестициялық инфрақұрылым, елдің инвестициялық климатының құраушы элементтерінің бірі ретінде тұрақты дамуды қажет етеді.

- инвестордың өз қызметінде пайдаланатын территориясының инфрақұрылымдық жағдайы (автомобиль және темір жолдар, аэропорттар, теңіз және өзен порттары, сумен, электр энергиясымен қамтамсыз етілуі, байланыс пен телекоммуникациясы) ;

- дүниежүзінің дамыған елдеріндегі тікелей инвестиция тарту тәжірибесін пайдалануы;

- инвесторларға маман жұмысшы кадрларын іздеу мен дайындауға көмектің болуы, тауарлар мен оған қызмет етілудің жағдайы;

- инвесторларға тығыз ынтымақтастық орната алатын екінші деңгейдегі банктердің болуы.

Инвестиция тартуда мемлекеттік қолдаудың жетілдірлуі.

- экономика салаларына тікелей инвестиция тартуда мемлекеттік қолдаудың икемділігі мен адекваттылығы;

- елдегі саяси тұрақтылықтың болуы.

Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажетті инвестициялардың құрамы мен мінездемесі
Адам капиталының қалыптастырушы факторлар
Инвестициялар
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері
Джон Мейнард Кейнстің экономикалық теориядағы жалпы орны
Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
Инвестициялық жобаның жалпы принциптері
Инвестициялық жобаға түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz