Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері

2. 1. Бастауыш сыныпта сабағына үлгермейтін оқушыларды
оқытудың ерекшеліктері

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРМЕН ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРБИЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ес дамуын анықтауға арналған Э. Ф. Замбацявичтің сандарталған әдісі

2. 2 1-2 сынып оқушыларының оқу мотивтерін анықтау әдісі

(Методика 1988 ж. жарыққа шыққан М. Р. Гинзбург, тәжірибелік материалдар және бағалау жүйесі-1993 ж. И. Ю. Пахомова Р. В. Овчарова)

ҚОРЫТЫНДЫ ………50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………52

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Біріккен ұлттар ұйымы мен сауатталықтың он жылдығы (2003-2012 жж) құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі - адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарыстырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндеге базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді (Жадрина М. Ж. ) Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т. Жүндібаева, К. Тілеубергенова, С. Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.

Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, ғылыми іс-тәжірбиемнің тақырыбын “ Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігі” деп алдым.

Обьектісі: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие барысы
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптың үлгермеушілікті болдырмау жолдары

Мақсаты : Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыстармен қарым-қатынасын көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.

Міндеттері:

1) . Зерттеу тақырыбының мазмұнын ашатын оқу-танымдық іс-әрекетіне қажетті білім қорын жинау, түрлі әдебиеттер мен озық тәжірибелі педагогтардың еңбектерімен танысу.

2) . Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық материал, үлестірме, материалдармен жұмыс істеу.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды. Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысып, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізу.

Ғылыми іс-тәжірбиемнің құрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде алынған жұмыстың өзектілігі, қазіргі таңда сапалы білім беру ғана жас ұрпақтың білім деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені жайла сөз болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсат, міндеттері, пәні жайлы айтылады.

“Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері “ атты І тарауда оқушылардың оқуға үлгермеу себептеріне теориялық тұрғыдан жолдаулар мен негіздеулер берілген.

Сондай-ақ, ана тілінен үлгермейтін оқушылардың оқытылу ерекшеліктері көрсетілген. ІІ тарауда «Бастауыш мектепте ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері» үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері сөз болды. 1 сыныптағы ана тілі пәнінен үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер жайлы айтылады және бір ашық сабақтың үлгі нұсқаулығы келтірілді.

Қортындыда, үлгермейтін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің қаншалықты деңгейде болғандығы сөз етіледі.

І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДУЛЕРІ

  1. Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері

Тәрбие - жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсіз

В. А. Сухомлинскийдің “Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын” деген сөзін негізге алу керек. Мектеп басшыларының назарында мұғалім емес, оқушы да тұруы шарт.

Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сьшып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьщ ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бүл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сыньш жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларьша, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда пәндер бойынша әңгіме өткізіліп кейде оқушыны қандай тақырыпта меңгермегенді ескертіліп кеспе қағаздар жүйесі қолданылады.

Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мүғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге наразылығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді.

Осындай жазғыру шараларының салдарынан өзге де қолайсыз жағдайлар кездеседі. Кейбір жағдайларда семьяда әкесі не шешесі жоқ балалардың тәртіп бүзушылығы ерекше, ерсі қылықтары басымдау. Сол себепті ондай оқушыға мүғалімдер мейлінше қамқорлық жасауы керек. Бүгінгі жасөспірімдер еліктеуге әуес. Олар өздері үшін үлгі боларлық нәрсе іздейді. Кейде жаман әдеттерге тез бой алдырады.

А. С. Макаренко былай деп көрсетті: “ Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде әлеуметтік процесс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін - адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар”

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы.

Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.

Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға карай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп үйғарды.

Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ес дамуын анықтауға арналған Э. Ф. Замбацявичтің сандарталған әдісі.

Зерттеу әдісі Р. Амтхауэр интелект құрылымының бірнеше әдісі бойынша жобаланған. Р. Амтхауэрдің интелект құрылымының тесті тоғыз субтестен тұрады, сөйлеу, математикалық қабілет, кеңістік, қиял және есте сақтауды есептеуге арналған. 12 жастан жоғары балалар топпен қолдануға есептеліп жасалған.

Бастауыш сынып оқушыларына 4 субтест ойлап табылды, Жоғарғы сыныптың бағдарламасынан алынған 40 ауызша тапсырмадан тұрады.

Бірінші субтест құрамына ол сыналушылардан елеулі заттың белгілерін елеусізімен салыстыру кіреді орындаған субтестің нәтижелерінен кейін сыналушының білім қоры туралы жорамалдауға болады.

Екінші субтест «5-ші артықты» табу тапсырмасынан тұрады. Осы зерттеу кезінде сыналушының заттарды бөле алуы туралы мәлімет аламыз.

Үшінші субтест ұқсастық бойынша қортынды тапсырма. Бұны орындау үшін сыналушы логикамен байланыстырады. Тоқтату және түсініктер аралығы қатынас жасай алуы қажет.

Төртінші субтест жалпыйлай алуына негізделген (екі сөздің байланысты түсінікті атай алуы қажет) .

Әр тапсырманы белгілі бір балмен баға беріледі, ол бал тапсырманың қиындығына байланысты.

І субтест

Сыналушыға нұсқау: ''Мен атаған сөздердің қайсысы көбірек келеді? ‘’

Тапсырма
Балдық өлшем бағасы
Тапсырма: 1. Етікте бар . . . бауы, өкше , түйме , белдігі, жіп
Балдық өлшем бағасы: 1, 9
Тапсырма: 2. Жылы жақтарда мекендейді . . . аю, бұғы, қасқыр, түйе, пингвин
Балдық өлшем бағасы: 2, 8
Тапсырма: 3. Жылда . . . 24 ай, 3 ай, 12ай , 4ай, 7ай
Балдық өлшем бағасы: 2, 7
Тапсырма: 4. Қыстың айы. . қыркүйек, қазан, ақпан , қараша, наурыз
Балдық өлшем бағасы: 2, 3
Тапсырма: 5. Қазақстанда өмір сүрмейді . . . жалғабай , шымшық, түйеқұс, қара торғай, бұлбұл, дегелек
Балдық өлшем бағасы: 2, 6
Тапсырма: 6. Әкесі өз ұлынан үлкен . . . жиі, ылғи , ешқашан, сирек, кейде
Балдық өлшем бағасы: 2, 2
Тапсырма: 7. Тәулік уақыты . . . жыл, ай, апта, күн , дүйсенбі
Балдық өлшем бағасы: 2, 8
Тапсырма: 8. Су әрқашан . . . мөлдір, суық , сұйық , ақ, дәмді
Балдық өлшем бағасы: 3, 4
Тапсырма: 9. Ағашта үнемі бар . . . жапырақ, гүл, тұқымы , тамыры , көлеңкесі
Балдық өлшем бағасы: 2, 8
Тапсырма: 10. Жолаушылар тасымалы . . . комбайн, өзі төгетін машина, автобус, экскаватор, тепловоз
Балдық өлшем бағасы: 2, 6

ІІ субтест

Сыналушыға нұсқау: «Бес сөздің ішінде бір сөз артық, ол басқаларына сәйкес келмейді. Дұрыстап тыңда, қай сөз артық және не үшін?».

Тапсырма
Балдық өлшем бағасы
Тапсырма: 1. Қызғалдақ, лалагүл, бұршақ , түймедақ, шегіргүл
Балдық өлшем бағасы: 2, 6
Тапсырма: 2. Өзен, көл, теңіз, көпір , батпақ
Балдық өлшем бағасы: 2, 3
Тапсырма: 3. Қуыршақ, қонжық , құм, доп, күрек
Балдық өлшем бағасы: 2, 7
Тапсырма: 4. Алматы, Астана, Семей, Мәскеу , Ақтөбе
Балдық өлшем бағасы: 2, 6
Тапсырма: 5. Итмұрын, жұпаргүл, қоңыр , жасмин, сыпырғыш (ракита)
Балдық өлшем бағасы: 2, 4
Тапсырма: 6. Тауық, әтеш, аққу, қаз, күрке тауық
Балдық өлшем бағасы: 2, 5
Тапсырма: 7. Шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, меңзер , шаршы
Балдық өлшем бағасы: 2, 5
Тапсырма: 8. Арман, Асет, Әділов, Нарын, Айжан
Балдық өлшем бағасы: 2, 3
Тапсырма: 9. Сан, бөлу, қосу, алу, көбейту
Балдық өлшем бағасы: 3, 0
Тапсырма: 10. Көңілді, тез, қайғылы, мұңды, дәмді, мұқият
Балдық өлшем бағасы: 2, 7

ІІІ субтест

Сыналушыға нұсқау: «Құс сөзіне «ұя» сөзі сәйкес келеді, енді «ит» деген сөзге қай сөз сәйкес келеді. Неге? Енді басқа сөздерге жұп сөздерді таңдау қажет. «Қияр» сөзіне «көкөніс» сөзі келген сияқты «раушан» сөзіне қай сөз сәкес келеді. Мен атағандар ішінен біреуін таңда. Сонымен, қияр-көкеніс, раушан- . . . »

Тапсырма
Балдық өлшем бағасы
Тапсырма: 1.
Балдық өлшем бағасы: Қияр
Раушан
2, 0
Тапсырма: көкөніс
Балдық өлшем бағасы: Арамшөп, шық, бақ, гүл , жер
Тапсырма: 2
Балдық өлшем бағасы: Бақша
Бақ
2, 4
Тапсырма: Сәбіз
Балдық өлшем бағасы: Дуал, саңырауқұлақ, алма , құдық, орындық,
Тапсырма: 3
Балдық өлшем бағасы: Мұғалім
Дәрігер
2, 2
Тапсырма: оқушы
Балдық өлшем бағасы: Көзілдірік, аурухана, бөлме, науқас, термометр
Тапсырма: 4
Балдық өлшем бағасы: Гүл
құс
2, 6
Тапсырма: Гүл сауыт
Балдық өлшем бағасы: Тұмсық, шағала, ұя , қауырсын
Тапсырма: 5
Балдық өлшем бағасы: Қолғап
Етік
2, 4
Тапсырма: Қол
Балдық өлшем бағасы: Шұлық, өкше, былғары, аяқ , щетка
Тапсырма: 6
Балдық өлшем бағасы: Қараңғы
Дымқыл
2, 1
Тапсырма: Ашық
Балдық өлшем бағасы: Күн шуақ, тайғақ , құрғақ , жылы, суық,
Тапсырма: 7
Балдық өлшем бағасы: Сағат
Термометр
2, 5
Тапсырма: Уақыт
Балдық өлшем бағасы: Әйнек, температура , төсек, науқас, дәрігер
Тапсырма: 8
Балдық өлшем бағасы: Машина
Қайық
2, 2
Тапсырма: Қозғалтқыш
Балдық өлшем бағасы: Өзен, шамшырақ, желкен, толқын,
Тапсырма: 9
Балдық өлшем бағасы: Үстел
Еден
2, 2
Тапсырма: Дастархан
Балдық өлшем бағасы: Жиһаз, кілем , шаң, тақта, шеге
Тапсырма: 10
Балдық өлшем бағасы: Орындық
Ине
2, 1
Тапсырма: Ағаштан
Балдық өлшем бағасы: Өткір, жіңішке, жалтырған, қысқа, болат

ІV субтест

Сыналушыға нұсқау: «Қандай ортақ сөзбен атауға болады?».

Тапсырма
Балдық өлшем бағасы
Тапсырма: 1. Сыпырғыш, күрек- . . . (құралдар)
Балдық өлшем бағасы: 2, 6
Тапсырма: 2. Жаз, қыс- . . . (Жыл мезгілі)
Балдық өлшем бағасы: 2, 1
Тапсырма: 3. Алабұға, мөңке- . . . (балық)
Балдық өлшем бағасы: 3, 0
Тапсырма: 4. Қияр, қызанақ- . . . (жеміс)
Балдық өлшем бағасы: 2, 2
Тапсырма: 5. Жұпаргүл, ракита - . . . (бұталар)
Балдық өлшем бағасы: 2, 6
Тапсырма: 6. Шкаф, диван- . . . (Жиһаз)
Балдық өлшем бағасы: 3, 0
Тапсырма: 7. Маусым, шілде- . . . (айлар)
Балдық өлшем бағасы: 2, 4
Тапсырма: 8. Күн, түн- . . . (Тәулік уақыты)
Балдық өлшем бағасы: 2, 8
Тапсырма: 9. Піл, құмырсқа- . . . (жануарлар)
Балдық өлшем бағасы: 2, 2
Тапсырма: 10. Ағаш, гүл- . . . (өсімдіктер)
Балдық өлшем бағасы: 2, 2

Тапсырма орындауға қатысушылардың бағасы:

Сәйкес субтестке байланысты дұрыс жауаптарды жинақтау жолымен әр тапсырманы балмен бағаланады. Оқушының І-ІІ субтестен ала-алатын балының жоғарғы шегі 26 бал. ІІІ субтест-23 бал, IV субтест-25 бал. Осыған байланысты, ортақ жоғарғы бал, барлық 4 субтест 100 балды құрайды.

Оқушылардан алынған нәтижелерді талдау келесі түрде жүргізіледі:

100-80 бал- Ақыл-ес дамуының жоғарғы дәрежесі;

79-60 бал- орташа дәреже;

59-40 бал- жетіспейтін (орташадан төмен) ;

39-20 бал- төмен дәреже;

20 балдан аз болса - өте төмен дәреже.

Талдау барысында жалпы дәредені ғана емес сонымен қатар жеке құрамның нәтижесі рөл ойнайды. Диагностикаланған интелектуалды дағдының қаншалықты үйлесіміді немесе асихронды дамығанын, сонымен қатар қандай

көрсеткіш нәтижені айтарлықтай жақсаратындығын немесе төмендейтіні

бағалау өте маңызды

Аты - жөні
І субтест
ІІ субтест
ІІІ субтест
ІV субтест
Орта есеппен даму деңгейі
№: 1
Аты - жөні: Х. 1
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: Төмен
ІV субтест: төмен
Орта есеппен даму деңгейі: төмен
№: 2
Аты - жөні: Х. 2
І субтест: төмен
ІІ субтест: төмен
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: төмен
Орта есеппен даму деңгейі: төмен
№: 3
Аты - жөні: Х. 3
І субтест: төмен
ІІ субтест: төмен
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: төмен
№: 4
Аты - жөні: Х. 4
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: орташа
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: орташа
№: 5
Аты - жөні: Х. 5
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: жоғарғы
ІІІ субтест: орташа
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: орташа
№: 6
Аты - жөні: Х. 6
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: жоғарғы
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: жоғарғы
№: 7
Аты - жөні: Х. 7
І субтест: орташа
ІІ субтест: жоғарғы
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: орташа
№: 8
Аты - жөні: Х. 8
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: жоғарғы
ІІІ субтест: орташа
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: жоғарғы
№: 9
Аты - жөні: Х. 9
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: орташа
ІV субтест: орташа
Орта есеппен даму деңгейі: орташа
№: 10
Аты - жөні: Х. 10
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: жоғарғы
ІІІ субтест: жоғарғы
ІV субтест: орташа
Орта есеппен даму деңгейі: жоғарғы
№: 11
Аты - жөні: Х. 11
І субтест: орташа
ІІ субтест: төмен
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: төмен
Орта есеппен даму деңгейі: төмен
№: 12
Аты - жөні: Х. 12
І субтест: орташа
ІІ субтест: төмен
ІІІ субтест: Орташа
ІV субтест: төмен
Орта есеппен даму деңгейі: төмен
№: 13
Аты - жөні: Х. 13
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: жоғарғы
ІІІ субтест: орташа
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: жоғарғы
№: 14
Аты - жөні: Х. 14
І субтест: орташа
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: орташа
№: 15
Аты - жөні: Х. 15
І субтест: орташа
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: төмен
№: 16
Аты - жөні: Х. 16
І субтест: орташа
ІІ субтест: орташа
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: орташа
№: 17
Аты - жөні: Х. 17
І субтест: жоғарғы
ІІ субтест: жоғарғы
ІІІ субтест: төмен
ІV субтест: жоғарғы
Орта есеппен даму деңгейі: орташа

Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ес дамуын анықтауға арналған Э. Ф. Замбацявичтің сандарталған әдісі бойынша хаттама

Сынып: 2«б» Өткізілген күні: 05. 04. 2017

Жалпы оқушы саны: 23 Қатысқан оқушы саны: 17

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Логопед жұмысының маңыздылығы
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Үлгермеушіліктің себептері мен үлгермейтін оқушылардың типтері
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz