Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
1.ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттері туралы жалпы түсінік ... ..5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау формаларын.анықтау ... ... ... ...9
1.3Оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ.ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің диагностикасының нәтижесі ... ... ..25
2.3.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру, коррекциялық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ...39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..ТІЗІМІ ... ... ... .40

ҚОСЫМША
Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет
1. Социальная педагогика. Москва, 2000 ж.
2 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау іс- әрекеті туралы ̸ ̸ Жантану мәселелері ̸ ̸ №4(11),2009 ж.
3 Бабанский Ю. Методы обучение в современной общеобразовательной школе. Москва, 1985 ж.
4 Донцов А.И. Психология коллектива. Москва, 1984 ж.
5 Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы. А.,1999ж.
6 Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы,1996 ж.
7 Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология.Алматы,2004 ж.
8 Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев .Ө. Жантануға кіріспе. А.,1995 ж.
9 Жарықбаев Қ., Ә.Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.Мектеп, Алматы, 1976 ж.
10 Мұқанов.М. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп,Алматы,1990 ж.
11 Жалпы психология. Алдамұратов Ә. А.,1996 ж.
12 Жұмабаев М.Педагогика, Алматы,1922 ж.
13 Ұлттық тәлім- тәрбие: Хрестоматия: Орта мектеп. арн.̸̸̸ ̸ Жарықбаев Қ.- Алматы:Атамұра,1996,-221б,с.
14 БабаевС.Б. Көрнекті психология. Алматы, «Заң әдебиеті», 2008 ж.
15 Мұқанов М. Ми және сана. ҚМБ, Алматы,1959ж.
16 Немов Р.С Психология. Психодиагностика Т-3;2173-184 б
17 Темірбеков А.,Балаубаев С. Психология. Алматы,1966 ж.
18 Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992 ж.
19 Жарықбаев Қ.,С. Қалиев Қазақ-тәлім тәрбиесі.- А.,2000 ж
20 Бастауыш сынып оқушыларының зейіні туралы̸̸ Жантану мәселелері̸̸ №4(11),2009 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеу

Орындаған:
Тексерген:

Баға____________________

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттері туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау формаларын ... ... ... ... ... анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3Оқушылардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің диагностикасының нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.3.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру, коррекциялық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 1

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат - оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеуәдістері арқылы біріншіден - айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден - баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден - сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу мәні: бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, бастауыш сынып оқушыларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.

Зерттеудің мақсаты:
1.Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлаудың зерттеу әдістері анықталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолданылды.Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеу базасы: № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 Ә сынып оқушылары.

1-ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттері туралы жалпы түсінік
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады[12].
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ - бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді - ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау - синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру - бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.
Салыстыру - зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау - бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.
Жүйелеу - заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл - кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз - жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау к
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау формаларынанықтау

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары - пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.
Пікір дегеніміз - құбылыстар арасында байланыс орнату.
Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.
Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.
Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.
Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл - индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.
Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.
Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.
Ең бастысы - бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.
Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.
Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі - практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.
Нақтылы - бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.
Теориялық ойлау - ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялың ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, оқушыға оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады.
Теориялық ойлардық жоғары формалары - заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді.
Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.
Субъективті фактордың ролі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады.
Еңбекпен бірге адамның практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.
Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.
Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер.
Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.
Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш мектептегілер тым жас болғандықтан, таным процестерінің, әсіресе ой әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда бұл жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына сияқты деректерге негізделеді:
- біріншіден, әлеумет қоғамның алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы балалар тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т.б.) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.
- Екіншіден, қазіргі кіші оқушының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3 сыныптан бастап баланы шет тілін, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн.
Осы қағидаларға сүйене отырып барысында дамыта оқыту теориясына сай келтіру мүмкіндіктерін толық қамтуға тырысты. Осы проблеманы зерттеушілер Б.Тұрғынбаева басқарған топ көптеген жылдар бойы Алматы мектептеріне жүргізген дамыта оқыту эксперименттеріне сүйене отырып, балалардың таным процестерін дамытуға үлкен қосатын оқулықтар және дидактикалық материалдар жасалған.
Бастауыш сыныптар осы бағдарлама бойынша төрт жыл жұмыс жасады. Оның нәтижесі әр мектепте әр түрлі жүріп жатыр. Жұмыс сапасы мұғалімнің жаңа бағдарламаны меңгеруі, оны қолдану әдістемесін толық түсінуі, балаларды дамыту тәсілдерді тиімді пайдалануға даярлығы үлкен үлесін қосады.
2004-2005 оқу жылынан бастап мектепалды сыныбына бес жасқа келген балалар қабылданады. Олардың таным процестерін дамыту және мектеп бағдарламасын меңгеруге даярлау әдістемелері әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектеп психологі алдында тағы бір күрделі проблема туғанын атап өту керек.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту тәсілдері.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады[56].
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі Аңдардың айтысы деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.
Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: Қоғи көп ойынында қаздар тек қана кемпірдің Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.
Бұл ойындағы ерекшелік - билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады.
Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, оларды әуеннің ырғағына байланысты жасалған қимылдар болып табылады.
Мұндай ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар Алқан соқпақ, Тақия тамақ, Тартыс, Айгөлек т.б. Қай ойынды алсақ та, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.
Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылды:
- қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;
- қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.
осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы - мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.
Ойындар мен қатар халық шығармалары туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар - халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой - сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.
Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.
Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.
Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.
Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі.
Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар Ақ сүйек, Поезд құру , Теңге ілу, Гүл сыйлау, Бейнені құрастыру, Артығын табу, Не жетіспейді т.б. түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Біз осы параграфта бірнеше түрін қолдану әдістемесін келтіріп отырмыз.
Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі 2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол - зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол өте үлкен.
Қорытындылап айтқанда, логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық.

2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы

Равен матрицасы әдістемесі
Бұл әдістеме кіші мектеп оқушыларына көрнекі бейнелеу ойлауын бағалауға ұсынады. Мұнда тапсырманы шеше отырып, әртүрлі бейнелер мен көрнекі елестетудің әрекетіне байланысты түсіндіріледі. Нақтылы тапсырма берілген әдістемеге көрнекі- бейнелеу ойлауының даму деңгейінің тексеру үшін белгілі Равен тесті алынады. Олар біртіндеп қиындай түсетін 10 Равен матрицаларын арнайы таңдап алынған. (54 сур. А, Б, В, Г, Д).
Балаға 10 біртіндеп қиындатып бір типтегі тапсырма ұсынылады. Матрица бөлшектерінің заң бойынша орналасқаның табу ( суреттің жоғарғы бөлігінде төртбұрышты түрінде берілген) және төменде орналасқан 8 бөлшектерінің ішінен матрицаға сәйкес біреуін таңдау (матрицаның бөлігі төменде әртүрлі жалаушаның ішінде суреттерде бейнеленген). Бала үлкен матрицаның құрылысымен танысқаннан кейін оған (8 төменгі жалауша бөліктен) матрицаға сәйкес келетін және оның арнаулы вертикаль және горизонталь бойынша болуы керек. Барлық 10 тапсырманы орындау үшін балаға 10 минут уақыт беріледі. Уақыт жеткенде эксперимент тоқтатып және дұрыс шешілген мартицаның саны анықталады. Сонымен қатар баланың тапсырманы шешуге жалпы ұпай жиынтығы анықталады. Әрі дұрыс шешілген мартица 1 ұпаймен бағаланады.
Даму деңгейінің қорытындысы
10 ұпай- өте жоғары
8-9 ұпай - жоғары
4-7 ұпай- орташа
2-3ұпай- төмен
0-1 ұпай- өте төмен.

Равен матрицасы әдістемесі
4 Ә сынып оқушыларының бейнелеу ойлауын бағалау
Кесте№1

Т.А.Ә.
Ұпай
Нәтижесі
1
Х1
7
орташа
2
Х2
9
жоғары
3
Х3
6
орташа
4
Х4
8
жоғары
5
Х5
6
орташа
6
Х6
10
өте жоғары
7
Х7
9
жоғары
8
Х8
7
орташа
9
Х9
8
жоғары
10
Х10
6
орташа
11
Х11
9
жоғары
12
Х12
6
орташа
13
Х13
7
орташа
14
Х14
7
орташа
15
Х15
9
жоғары
16
Х16
10
өте жоғары
17
Х17
9
жоғары
18
Х18
6
орташа
19
Х19
6
орташа

Қатысқандар саны:19оқушы
Сынып бойынша барлығы: өте жоғары - 2 оқушы
жоғары - 7 оқушы
орташа - 10 оқушы
төмен - 0 оқушы

Равен матрицасы әдістемесі бойынша
Сыныптың пайыздық көрсеткіші

Гистограмма№1

Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:
Өте жоғары ұпай алған 2 -10,5%
Жоғары ұпай алған 7 оқушы-36,8%
Орташа ұпай алған 10 оқушы- 52,6%
Төмен ұпай алған оқушы жоқ- 0%

Өткізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша(Н.С.Немов)

Хаттама

Машықкер:
Зерттеу өткізілген мерзімі: 6.04.17
Зерттеу объектісі: 4 Ә сыныбы
Қатысқандар саны: 19
Қатыспағандар: 4 (себепті)
Зерттеу себебі: Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу ойлауын бағалау.

Зерттеу қорытындысы
Зерттеу қорытындысын жалпылау: бұл сараптама бойынша оқушылар өз бетінше жұмыс жасай алуды, сондай-ақ бейнелеу ойлаудың маңыздылығын ұғына алады. Сынып белсенді, әрі ұйымшылдықпен зерттеу жұмысына қатысты. Қорытынды бойынша жақсы нәтиже көрсете алды.Сынып бойынша барлығы: өте жоғары - 2 оқушы, жоғары - 7 оқушы, орташа - 10 оқушы ,төмен - 0 оқушы.
Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:өте жоғары ұпай алған 2 -10,5%,жоғары ұпай алған 7 оқушы-36,8%, орташа ұпай алған 10 оқушы- 52,6%
төмен ұпай алған оқушы жоқ- 0%.
Зерттеу қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен коррекциялық түзету жұмыстары жүргізілді.
Сыныптың зерттеу қорытындысы бойынша сандық және пайыздық мөлшері №1 кесте мен №1 гистограммада көрсетілген.
Ұсыныс: Ойлаудың формаларына байланысты Төрт құбылысойынын ұсынар едім.Себебі, бұл ойын оқушылардың ойлауын қалыптастыруға, тез қимылдауға мүмкіндік береді.

Түсінікті анықтау, себебін ашу объектілердің айырмашылығын және ұқсастықтарын көрсету әдістемесі
Бұл ойлау операциялары, оларды бағалай отырып, біз балалық ақыл ой процестерінің даму дәрежесі туралы айта аламыз. Баланың ойлау ерекшеліктері келесі сұрақтармен дұрыс жауаптары анықталады. 1.Жануарлардың қайсысы үлкен? Жылқы ма әлде ит пе? 2. Таңертең адамдар таңертенгі ас ішеді. Ал күндіз және кешке тамақ ішкенде олар не істейді? (кешкі және түскі ас) 3. Күндіз көшеде жарық, ал түнде?(дұрыс жауап қараңғы) 4.Аспан көгілдір, ал шөп?(жасыл) 5.Жидек, алмұрт, слива, алма-бұл? (жеміс-жидек) 6.Неліктен поезд келе жатқанда шлагбауым түседі? 7. Москва, Киев, Хабаровск деген не?(қалалар) 8. Қазір сағат неше?(балаға сағат көрсетіледі) 9.Жас сиырды бұзау дейді, ал жас ит пен қойды қалай атайды?(күшік және қозы) 10. Ит неге ұқсайды? мысыққа ма әлде тауыққа ма? неге олай ойлайтыныңды түсіндір. 11. Автомобильге тормоз не үшін керек? 12. Балға мен балта1-1-е немен ұқсайды?(құралдар, ұқсас қызметтер атқарады. 13.Тиын мен мысықтың қандай артық белгісі бар?(кем дегенде 2белгі айту керек) 14. Исен, винт, 1-1-е немен ерекшеленген? 15. Футбол деген не, ұзындыққа және биіктікке секіру, тенис жүзуі деген не?(спорт түрі) 16.Транспорттың қандай түрін білесің?(кем дегенде 2 транспорт түрін атауы керек) 17.Кәрі адам жас адамнаң немен ерекшеленеді?(кемдегенде2 белгіні айтуы керек) 18.Адамдар не үшін дене шынықтыру мен және спортпен шұғылданады?(денсаулықты күту үшін, әдемі және түзу болу үшін) 19.Егер біреудің жұмыс істегісі келмесе ол неге жаман?(адамдар жұмыс істеуі керек, әйтпесе дұрыс өмір сүре алмайды) 20.Хатқа не үшін марка жабыстыру керек? (марка бұл хат жіберушінің төлеген ақысы)

Нәтижені талдау. Әрбір дұрыс жауапқа 0,5 балл беріледі, барлық баллдың жинаған жиыны 10-ға тең. Ескерту:
Егер дұрыс жауап ол тек келтірілген мысалдармен сәйкес келмейді, орынды айтылатын жауап.Бұл сауалнаманың сипаттамасы психодиагностиканың ауызша логикалық . Егер баланаң жауабы толық дұрыс екеніне сенімсіз болса, ол 1ден дұрыс емес деп айтқызуға балаға шамамен 0,25 балл қойса. Жауапты бағаламастан бұрын балалық сұрақты дұрыс біліп алу керек Мысалы: барлық балалар не екенін білмесе де 19 сұрақты толық түсінбейді мүмкін кейде қосымша түсінік қажет етеді.

Даму денгейінің қортындысы.
10б-өте жоғары
8-9б-жоғары
4-7б-орташа
2-3б- төмен
0-1б өте төмен

Түсінікті анықтау, себебін ашу объектілердің айырмашылығын және ұқсастықтарын көрсету әдістемесі.
4 Ә сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктерін анықтау
Кесте№2

Т.А.Ә.
Ұпай
Нәтижесі
1
Х1
6,5
орташа
2
Х2
8
жоғары
3
Х3
6
орташа
4
Х4
7,25
жоғары
5
Х5
6,5
орташа
6
Х6
9
жоғары
7
Х7
8,5
жоғары
8
Х8
7
орташа
9
Х9
8
жоғары
10
Х10
6
орташа
11
Х11
8,5
жоғары
12
Х12
6,5
орташа
13
Х13
7
орташа
14
Х14
5,5
орташа
15
Х15
9
жоғары
16
Х16
10
өте жоғары
17
Х17
9
жоғары
18
Х18
6,5
орташа
19
Х19
4,75
орташа

Қатысқандар саны:19 оқушы
Сынып бойынша барлығы: өте жоғары - 1 оқушы
жоғары - 8 оқушы
орташа - 10 оқушы
төмен - 0 оқушы

Түсінікті анықтау, себебін ашу объектілердің айырмашылығын және ұқсастықтарын көрсету әдістемесі бойынша
Сыныптың пайыздық көрсеткіші

Гистограмма№2

Зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:
Өте жоғары ұпай алған 1 -5,2%
Жоғары ұпай алған 8 оқушы-42,1%
Орташа ұпай алған 10 оқушы- 52,6%
Төмен ұпай алған оқушы жоқ- 0%

Өткізілген психодиагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша(Н.С.Немов)
Хаттама

Машықкер:
Зерттеу өткізілген мерзімі: 14 .04.17
Зерттеу объектісі: 4 Ә сыныбы
Қатысқандар саны: 19
Қатыспағандар: 4 (себепті)
Зерттеу себебі: Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу ойлауын бағалау.

Зерттеу қорытындысы

Зерттеу қорытындысын жалпылау: бұл сараптама бойынша оқушылар өз бетінше жұмыс жасай алуды, сондай-ақ ойлау операциялары, оларды бағалай отырып, біз балалық ақыл -ой процестерінің даму дәрежесі, баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін анықтау
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Пәндер