Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу

Орындаған:

Тексерген:

Баға

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3

1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ … . . . …… . . . 5

1. 1. Психологиялық-педагогикалық оқу құралындағы креативті ойлау қабілеті туралытүсінігі . . . 5
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілеттерін дамыту шарттары . . . 8
1. 3. Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетінің дамыту жолдары . . . 13

2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ . . . 17

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы . . . 17

2. 2. Бастауышсынып оқушыларының диагностикасының нәтижесі . . . 27
2. 3. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру, коррекциялық жұмыстар . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44

ҚОСЫМША . . . 45

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: «Креативті ойлау - жетістікке жетелейтін интел- лектуалдық үрдіс» Қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында креативтілік психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер жүргізуде байқалып отыр. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психология-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті. Креативтілік ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Философия мен психологияда «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда төрт негізгі бағыт айқындалды: 1. Креативтілік - шығармашылық процесс; 2. Креативтілік - жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім; 3. Креативтілік - интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет; 4. Креативтілік - тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі. Тұлғаның креативтілігін дамыту шығармашылық оқу-тәрбие процесін басқаруды шамалайды. Бұл мәселе Л. В. Занков, Д. Б. Богоявленская, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев т. б. еңбектерінде көрініс тапқан .

Тәжірибе шығармашылық әрекетті тікелей басқару үнемі ойлаған нәтижеге келе бермейді. Шығармашылық атмосфераны құру үшін шығармашылыққа жағымды жағдай туғызу керек. Ол үшін когнитивті және эмоционалды қызығушылықты оятатын инновациялық технологияларды қолданған жөн. Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ол креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекетте жүзеге асады деген пікірде. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді. Мектеп білім беру әдістерін қолданып, танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін дамытуды ынталандырады.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу мәні: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетін қалыптастыру, дамыту жағдайлары.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетінің даму деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетін дамыту табысты өтеді, балаларды шығармашылық ойлау тәсілдеріне үйрету, креативті ойлау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауының даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту .

Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттер анықталды:

  1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
  3. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
  4. Эксперимент арқылы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын дамыту жағдайларының тиімділігін тексеру.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.

Зерттеу базасы: № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «В» сынып оқушылары.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі«креативті ойлау» түсінігі

Креативтіліктің кейбір анықтамалары іс-әрекет нәтижесі, өнім терминінде жүйеленсе, басқалары - тұлғалық құрал процесінің терминінде жүйеленеді. Бір автор креативтілікті сирек кездесетін қабілеттің арнайы түрімен түсіндірсе, екіншісі, барлық дені - сау тұлғалардың белгілі бір деңгейде иемденетін жалпы креативті қабілетті назарға алады. К. Спирмен креативтілікті адамзаттың ойының күші ретінде есептесе, Симпсон креативті ойлау процесіндегі идеялар қатарының жалпы қабылданған қатарының бұзылуы ретінде сипаттаған Е. Торренстің пікірінше, креативтілік - бұл арнайы емес, өнімді ойлау, зиятқа, жеке сипаттарға жүгінетін жалпы қабілет деп түсіндіреді. Ол шығармашылық процесті проблеманы қабылдау, шешім қабылдау, болжамды құру, түрлендіру, шешімін табумен сипатталады деген. Кеңес психологиясында креативтілік адамның шығармашылық мүмкіндігі ретінде, адамның әлеуметті маңызды шығармашылықты белсенділік айқындай алу қабілетін қамтамасыз ететін адамның тұрақты әрі ерекше құралы ретінде қарастырылады. [5, 3 б. ] .

Шығармашылық кәсіби әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы В. И. Загвязинский, В. А. Кан-Калик, А. И. Кочетов, Н. В. Кузьмина, З. С. Левчук, М. Р. Львова, Н. Д. Никандров, А. И. Пискунов, А. А. Толмачев, В. И. Щербина басқа да ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олар маманның шығармашылық еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын анықтайтын қасиеттерді тапты. Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін талқылай отырып, барлық авторлар тек шығармашылық еңбек қана кәсіби шеберліктің жоғарғы өлшемі екені деген ұйғарымға келді. Кейбір авторлар (А. А. Деркач, Н. В. Кузьмина) «тұлғаның кәсібилігі» деген ұғым енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым - қатынасы адам қасиеттерінің кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады. Жоғары мектеп аясында жүзеге асатын шеберлік деңгейі, тұлғаның кіріктірілген қасиеттерін зерттеу тұлғалық бағдарға негізделген.

Соның ішінде оқушының әрекетінің түрткілік жағына, шығармашылығына басты орын берілетін қасиеттерге баса назар аударылады. Кәсіби түрткі мықты, тұрақты болған сайын, кәсібиліктің көрсеткіштері жоғары болады. Жоғарыда айтылғандай, шығармашылық тұлғаның қалыптасуы тек ішкі ғана емес, сыртқы (объективті) шарттарға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен олардың болашағын; қазіргі заман ғалымының даму деңгейін; жалпылама білім беру тәжірибесінің жағдайы; бағдарлама, оқулық, ұсыныстарда көрсетілген әдістемелік сілтемелер; бір педагогтің немесе педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады. Сөйтіп, шығармашылыққа деген жаңа тұжырымдамалық бағдарлар, шығармашылыққа дайындық түрлерін, факторларын, өлшемдерін ажырату бұл категорияның көп қырлы сипат алғанын көрсетеді. Шығармашылық қазіргі заман адамының өмірдегі әрекетінің маңызы бола бастады. Қоғам өзінің даму тарихында адамзат мәнін толық ашып, жүзеге асыратын орасан зор әлеует жинақтады. Өкінішке орай, білім берудің дәстүрлі жүйесі әлі күнге дейін ғылымның абсолюттік шындығына, рационализмді дамытуға ықпал жасауда. Шығармашылық қабілеттерді дамыту бұрын да білім берудің мақсатты қондырғысы ретінде қарастырылған. Бірақ, бұның өз мақсатына жетпеу себебі білім беру жүйесінің тұлғаның шығармашылық әлеуетін басып тастауында болды.

Зерттеу пәніне байланысты қарастырылатын психология-педагогикалық құбылысты жүйелі түрде қарастыру керек. Мұндай әдістемелік бағдар педагогикада креативтіліктің бүкіл процессуалды кешенділігін қарастыруды талап етеді, яғни ғылым негіздерін тану процесі мен қарама-қайшылық негізіндегі жаңа иделарының туындауының (ішкі және сыртқы) бастапқы сатысынан педагогтың шығармашылық гүлдену кезеңіндегі тұлғалық және әлеуметтік нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Я. А. Пономарев шығармашылық психологиясында туған жаңа бағыттарды сипаттай отырып, пайда болып, содан соң өз бетінше өмір сүре бастаған әлеуметтік психологияны және шығармашылық психофизиологиясын бөліп көрсетеді [7, 40 б. ] .

Шығармашылық психологиясынан жоғары қарай шығармашылық әлеуметтік психологиясы туындады. Әлеуметтік психологиясы арқылы қоғамдық ғылымдармен, ал шығармашылық психофизиологиясы арқылы биологиялық кең көлемді байланыс пайда болады. шығармашылық психология және оған жақын психологиялық топтар маңында педагогикалық және сол сияқты басқа ғылымдар, олар арқылы практикамен байланыстыратын қолданбалы пәндер пайда болады [4] .

Педагогикада креативтілік проблемасындағы күрт өзгеріс 60-70 жылдары басталды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-жаңашылдар пайда болды. Олардың білім берудегі инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша жаңа әдістері насихаттала бастады. жаңашылдық нәтижелері тек педагогтарды ғана емес, білім мен тәрбиедегі шығармашылықтың психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық психологиядағы шығармашылық әрекет механизмдерін оқып-үйрене бастаған психологтарды да қызықтыра бастады (В. В. Давыдов, И. А. Зимняя, Н. В. Кузьмина, Я. А. Пономарев, А. М. Матюшкин, В. В. Рубцов, Д. И. Фельдштейн және басқалар) .

Креативтілікті зерттеуде өткізілген талдау жалпы заңдылықтар мен ерекшеліктерді тауып, кәсіптік андрагогикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Креативтілік тұлғаның аса маңызды интеллектуалдық-эвристикалық сапасы ретінде емес, бағалы-тұлғалық, көп деңгейлі білім беру деп түсіндіріледі.

Креативтілік адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік даму шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы тұлғалық саналы категориясы. Ол оның өзіндік көкейтестілігінің айтарлықтай резерві болып табылады. Креативтілік тұлғаның білімнің жан-жақтылығымен емес, қабылдау, мәселелерге сезімталдығы, жаңа идеяларды қабылдауға икемділігі мен жаңаны құру мақсатында тұрақтап қалған стереотиптерді өзгертіп, өмірлік проблемалардың күтпеген және кездейсоқ шешімін табумен айқындалады. Зерттеу көрсеткендей креативтіліктің дамуының саналы диалектикалық процесіне тұлғалық жүйедегі сана және бейсана ұғымдары жатады. Креативтілік тұлғаның саналы және бейсаналы феномендарының психикасын зерттеу өзін-өзі тану мен өзіндік сана сатыларын айқындау қажеттіліктеріне әкеліп соғады. [6, 24б. ] .

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау қабілеттерін дамыту шарттары

Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін қалыптастыруға қосатын үлесі өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі ұғымдар мен сөйлемдер де бір емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. [6, 28 б. ] .

Жас бала үшін мәселені шешудің бірінші құралы - оның практикалық іс-әрекеті. Бала мәселені шешу үстінде өзіне берілген затпен тікелей іс-әрекет жасайды. Мұның мәнісі шешілуге тиісті нәрсенің көрнекті түрде берілуінде және практикалық іс-әрекетінің қатысуымен шешілуінде ойлаудың осы сатысындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі - сөздік өрнектер арқылы ойлау болып табылады, тіпті жас баланың ойы ең «ақылды» деген маймылдың ойлауынан түбегейлі айырмашылығы да осы арада. Ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арсындағы байланыстар мен қатынастар ойлау жолымен ашылады . Ойлау - танымның жоғары сатысы. Оның айрықша ерекшелігі - сөзбен тығыз байланыстылығы. Ойлаумен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы беріледі. Шындықтағы себеп-салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып, белгілі тілдік формалармен аталады. Адам дүние құбылыстарын тани отрып, бұларды бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы бейнелеп, түрлі сөздермен өрнектейді. Әрбір қабылданатын зат, құбылыстың белгісі, қозғалысы, күйі не қатынасын сөзбен атай отырып, адам оларды жалпылайды.

Ойлау арқылы заң, ереже түйінделеді, фактілер қорытылады, электронды күрделі механизмдерді пайдалана отырып, тікелей қабылдауға болмайтын құбылыстардың мән-жайын танып біледі. Ойлау шындық жанама жолмен танылады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы нақтылы болғандықтан, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады. Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, таным, ойлау, өзін-өзі тәрбиелеу т. б.

Мұғалімнің міндеті - оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысының ой-әрекетін қалыптастыру. Осыған орай оқушы оқыту процесінде, әрбір сабақта өзінің оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға үйренуге тиіс. Егер де сабақтарда бастауыш сынып оқушысының бойында танымдық белсенділік пайда болған жағдайда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі т. б. Бастауыш сынып оқушысының оқыту процесіндегі өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады. Амалдарды қолдану арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалды баяндау тәртібін өзінше өзгертіп айтып беруге шамасы келеді. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділік қалыптасады. Оқыту процесі өзіне екі міндет қояды: біріншіден, балаларға білім беру, екіншіден, оларды жан-жақты дамыту. Ақыл-ой дамуы танымдық қабілеттердің дамуы мен адамның гармониялық дамуының құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту процесіндегі іс-әрекет өзіне екі міндет қоя отырып, ойлау әрекетінің дамуын көрсететін белгілерді анықтау педагогикалық психологияның тағы бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Осы белгілерді көрсететін ойлау ерекшеліктері мәселелі тапсырмаларды шешуде жүзеге асатын ойлау операцияларынан көрінеді. Тапсырманы шешуде ойлау іс-әрекетінің тәуелсіздігі ақыл-ой дамуының мәнді көрсеткішін береді. Бастауыш сынып оқушысының ойлау іс-әрекетінің дамуын зерттеу, оларда интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қалыптастыру - ең өзекті мәселелердің бірі.

Бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский жалғастырған. Д. Б. Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы, барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады.

Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т. б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардың ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.

Шығармашылық үрдіс механизмдерін жүйелі зерттеудің салды. Гештальттіктер ойлауды қажетті гештальтты (құрылымды) табуға дейін жалғасатын бірізді құрылымдау бойынша іс-әрекет деген түсінікті қалыптастырды. Бұл сәт «инсайт» жетілу деген атқа ие болды. Аталған психологиялық мектеп өкілдері жүйелік, біртұтастық қағидаларын абсолюттерді және шығармашылық үрдісті әлемнің тұтас бейнесін топтастыру ретінде түсініп, бірінші рет жағдайдың өзекті мәселесі арқылы жасалған адамның өткен когнитивтік тәжірибесіндегі рөлін негіздеді. Олар мәселені алдын-ала және саналы шешу қажеттілігін және шығармашылық үрдісте тұлғалық сипат рөлін көрсетті. Аталған мәселені зерттеуді ары қарай Вюрцбург мектебінің «ойлау психологиясы» өкілдері (О. Кюльпе, К. Марбе, Н. Ах) жалғастырды, ойлауды міндеттерді шешу бойынша ішкі іс-әрекет ретінде қарастырды; шешудің әрбір кезеңінде қалыптың күйзелу динамикасын зерттеді; шығармашылық іс-әрекет кезеңдерін бөліп көрсетті:

1 кезең - саналы жұмыс: жаңа идеяны интуитивті іздеу үшін дайындық, алғышарттар;

2 кезең - санасыз жұмыс: идеяның жетілуі;

3 кезең - санасыздықтан санаға өту: шабыттану, инсайт;

4 кезең -саналы жұмыс: идеяны дамыту және оны безендіру мен тексеру

Дж. Дьюи шығармашылық ойлауды әлеуметтік іс-әрекеттің интелектуалды көріну формасы ретінде міндеттерді шешуге әкелетін деп қарастырды және «шешімсіздіктің, ауытқудың, күдіктенудің қалпын» саналы ойлау жұмысын бастаудың алғышарттары ретінде, өз бейнесінде адамның шығармашылық белсенділігінің факторын анықтады . Алғаш рет шығармашылық белсенділік негізінде жатқан факторды бөлуге әрекет, шығармашылық ойлауды зерттеуге психоаналитикалық тұғыр шеңберінде жасалынды. З. Фрейд шығармашылық жаншылған жыныстық және агрессиялық энергия нәтижесі болып табылады деп есептеді . А. Адлер оны толық емес кемшінді толықтыру амалы ретінде түсіндірді . К. Юнг шығармашылық феноменінде ұжымдық, санасыз, жанама жеке тәжірибе мен жасаушыны қабылдау архетиптерінің пайда болуын көрді. Бұл жағдайда, психоанализ алғаш рет мотивтер мәселесін және ойлаудағы санасыздық рөлін аталған мәселені зерттеу аспектісі ретінде бөлді .

Шығармашылық мотивтері психолог-гуманистермен зерттелді. Шығармашылықтың алғашқы бастауы тұлғалық өсу мотиві немесе, (А. Маслоу бойынша) өзіндік өзектенуге қажеттілік, өзінің қабілеттері мен өмірлік мүмкіндіктерін толық және еркін жүзеге асыру деп аталды

Шығармашылық ойлауды зерттеген танымал Ресейлік ғалымдар қатарында: Б. А. Лезин, өзі жеке, жасаушы тұлғасының сапасын (зейін жәнеқабылдау, қиялдау мен ойдан шығаруға қабілеттілік, шынайылық, бақылампаздық және даралық, интуициясы мен алдын-ала сезгіштік қасиетін) және шығармашылық үрдіс кезеңін: еңбек, санасыз жұмыс, шабыттануды анықтады . А. Н. Леонтьев өзінің «Опыт экспериментального исследования мышления» (1954 ж. ) баяндамасында шығармашылық үрдіс кезеңіне назар аударды: 1) шешімнің дұрыс амалын табу, 2) бірақ та, шығармашылық ойлаумәнін құрайтын, жеке іздеу үрдісінің барлық саласында оны еркін қолдану И. В. Сумбаев алғаш рет кеңес психологиясында адам психикасында саналылық және бейсаналықты бөлді және бейсаналықтағы шығармашылық үрдістің рөлін анықтады. Оның шығармашылық үрдіс кезеңіне қатыстыкөзқарасы: 1) шабыттану (қиял іс-әрекеті, идеялардың туындауы), 2) идеяларды логикалық өңдеу, 3) шығармашылық ниетті орындау. Автор бұлардан басқа, ғылыми шығармашылықтың төмендегідей сипаттамаларын бөліп көрсетті:нақты тақырыпқа зейінін шоғырландыру, материалды жинақтау және жүйелеу, нәтижелерді алу және толықтыру [100 с. 98-102] .

Қазіргі уақытта шығармашылықтың интеллектпен қатыстылығының үшнегізгі тұғыры бар. Бірінші пікірге сай, А. Танненбаум мұндай шығармашылық қабілет жоқ, ал интеллектуалдық дарындылық - қажет, бірақ тұлғаның креативті белсенділігі жеткіліксіз жағдайда деген тұжырым айтады. Шығармашылық мінез-құлық қозғағыштары мотивация, құндылықтар жәнекейбір тұлғалық сипаттар (когнитивті дарындылық, мәселені сезгіштік, белгісіз және күрделі жағдайларға тәуелсіздік) болып табылады - деп санайды [101] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
Креативті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жұмыстардың мазмұнын анықтау ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу
Дарынды балалар сипаттамасы
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін жазба жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz