Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін теориялық айқындау


Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И. П. Павлов, И. М. Сеченов), физиологиялық (Л. С. Выготский) .
А. А. Смирнов пен П. И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Бастауыш сынып оқушыларының - есте сақтау қабілетттерін барлық жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А. Н. Лентьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, Б. В. Зейгарник, Л. С. Выготский және т. б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.
Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.
Айқындалған қарама-қайшылық: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді. Аталмыш мәселе негізінде «бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетісын дамыту» деген зерттеу тақырыбын тұжырымдау мүмкін болды.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу мәні: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, бастауыш сынып оқушыларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттер анықталды:
- Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
- Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
- Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
- Эксперимент арқылы бастауыш сынып оқушыларының есін дамыту жағдайларының тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеу базасы: № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушылары.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Психологиялық-педагогикалық оқу құралындағы есте сақтау қабілеті түсінігі
Психологтардың зерттеуі бойынша адамның есте сақтау қабілеті бұған дейін жинақталған білім мен өмір тәжірибесін өзінің саналы әрекетінде қайта жаңғыртуға және пайдалануға мүмкіндік беретін үйлестіру және есте сақтау үдерісі болып табылады.
Адамның есте сақтау қабілетінің мәні мен маңызы ерекше. Мектеп қабырғасында тиісті пән бағдарламаларын меңгеріп, үздік оқу үшін, одан әрі жоғары оқу орнына түсіп, білімі мен білігін дамыту үшін оқушыға көп оқуға және ізденуге тура келеді. Осыншама қиын және қыруар жұмысты қайткенде оңай, дұрыс және тиімді үйлестірген жөн. Айта кетер жайт, жыл өткен сайын меңгертілетін пәндердің саны артып, мазмұны да күрделене түседі. Оған қоса көптеген оқушылар жекелеген пәндер бойынша өз бетімен білімін жетілдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де шұғылданады. Сәйкесінше, баланың есте сақтау қабілетіне түсер жүк те арта түседі. Есте сақтау қабілетінің жұмысын жеңілдету үшін, сондай-ақ оның ішкі беймәлім қуат көзін арттыру үшін мәліметтерді есте сақтаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет. Сонымен қатар, есте сақтау қабілеті жайлы теориялық тұрғыдан меңгертіп қана қоймай, оны оқушыларға білім беру тәжірибесінде және мұғалімдердің өзге тілді оқыту іс-тәжірибелерінде пайдалана алулары қажет.
Зерттеу жұмысында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан адамның есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметі жайлы зерттеу мәселесін өзекті деп танимыз. Қазіргі таңда есте сақтау қабілетінің үш түрі және үш типі ажыратылады. Есте сақтау қабілетінің түрлері: сенсорлық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Типтері: көрнекі-бейнелілік, сөздік-логикалық және эмоционалдық. Көрнекі-бейнелілік есте сақтау қабілеті арқылы біз айналамыздағы барлық дүниені (адамдар мен жан-жануарларды, олардың дауыстары мен әрекетін, түр-түсін, т. б. ), қысқаша айтқанда, көрген-білгеніміздің барлығын есте сақтай аламыз. Есте сақтаудың сөздік-логикалық түрі күрделі формулалар, кестелер және ғылыми терминдерді есте қалдыруға жәрдемдессе, ал эмоционалдық түрі ішкі көңіл-күй сезімімізді санамызға сіңіруге көмектеседі [5, 3 б. ] .
Аталған типтер өзара тығыз байланысты болып келеді. Өзімізге бұрыннан таныс белгілі бір зат немесе құбылысты көргенде біз оны бірден көрнекі-бейнелілік жады арқылы еске түсіреміз, ал сөздік-логикалық жадының көмегімен олардың атын атап, түсін түстейміз.
Мәліметтерді есте сақтау мерзіміне байланысты есте сақтау қабілетін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп екіге бөледі. XIX ғасырдың соңында неміс психологы Г. Эббингауз тәжірибе өткізіп, бір-бірімен байланысы жоқ мағынасыз буындар тізбегін жаттау арқылы есте сақтау және оны қайта еске түсірудің сандық заңдылықтарын анықтады.
Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «жұмыс» жадысымен қатар, ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «Жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді жадыдағы ақпаратпен «жұмыс істеу » мүмкіндігіне жол ашады. Басқаша айтқанда, ақпаратты белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат, айталық, есеп шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады. Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана) . Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы мүмкін. Мысалы, біреу оқытушыдан дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола алатын оқушыны ұсынуды өтінеді. Оқытушы білім алушылары жөніндегі негізгі ақпараттар қоры сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай оқушылар туралы ақпараттарды жұмыс жадына тасымалдап, қарастыра бастайды. Тікелей немесе жанама түрде оқытушы дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, өз ойын осы талап үрдісінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайды. Ұзақ мерзімді жадыны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексивті өңдеу үдерісі ойлаудың жылжымалы күйіндегі жұмыс жадысына жүзеге асады.
Қысқа мерзімді есте сақтау қабілеті арқылы мәліметтерді бірден жадымызда қалдырғанымызбен, олар тез ұмытылады. Ал ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті арқылы жатталған мәлімет санамызда ұзақ уақыт жаңғырып тұрады. Әрине, адам не нәрсені де бір көргеннен-ақ есте қалдыра алмайды, оны жаттап барып, есте сақтайды. Әркімнің есте сақтау жылдамдығы әртүрлі: кейбір адам тез, ал қайсыбіреуі баяу жаттайды. Көбіне баяу жаттайтындары жадындағыларды есінде ұзағырақ қалдырады. Себебі олар әдеттегіден шамамен үш есе артық уақыт жұмсайды.
Адам баласының кез келген іс-әрекеті оның жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты. Қолданылатын әдістің тиімділігі оның нәтижелілігінің кепілі бола алады. Егер есте сақтау қабілетін іс-әрекет деп танитын болсақ, онда сәйкесінше қандай да бір мәліметті есте сақтауға септігін тигізетін арнайы әдіс-тәсілдерді меңгеру қажет болады. Әрбір саналы адам мақсатты түрде есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерсе, өзінің есте сақтау жадын тиімді әрі рационалды түрде дамыта алатындығы ғылыми түрде дәлелденген. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, әрбір адам баласына қайталанбас есте сақтау қабілеті тән. Әрбір адамның жадында өзіне беймағлұм мүмкіндіктер бар дейтін болсақ, оны дер кезінде дамытып отырмағандықтан, ол қабілет біртіндеп бәсеңдейді. Ал қабілетіміздің бәсеңдемеуі үшін қандай да бір мәліметті алдын ала жаттамай,
дәл керек кезінде ойға бекітіп алған жөн. Түсініп оқып шығып, оның негізгі мазмұнын игергеннен кейін негізгі ойды көңілге бекіту қажет. Тағы бір қайтара оқып шығып, нені есте сақтап, нені есте сақтай алмағанын ойша шолып өтіп, материалды қажет күнге дейін кейін қоя тұру керек. Әрбір қайталаған сайын бұрын ескерілмеген және қиындық тудырған тұстарға мән беру қажет.
Білім беру үрдісінде доктор Джон Саймонстың Кембридж университетінде жүргізілген зерттеуге назар аударғанымызға жөн көрдік. Миды бұлшық еттермен салыстыру жиі кездеседі, өйткені миды жаттықтырсаң, ол жұмыс істеуін жақсарта бастайды. Бодибилдинг спортымен айналысатындар кір тастарын көтеру арқылы бұлшық еттерін қатайтып, күшейте алады, демек, адам есінде сақтағысы келетін ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішінен) жаттықтырса, онда өзін есте сақтау дағдыңыз жақсарта алады. Зерттеушілер көп жылдар бойы мұндай әдіспен ақпаратты қайталау оны қысқа мерзімді жадыда сақтап және ұзақ мерзімді жадыға беру үшін керек деп санаған. Бұл әдіс адамның инстинктісімен сәйкес келеді. Мысалы, ол телефон нөмірін есте сақтағысы келсе, онда оны ой-санасын қала ма? деген ниетпен ішінен көп рет қайталауы қажет. Көптеген оқушылар емтиханға қажетті дайындық кезінде дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу, нақты дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деген ұстанымда болды [6, 19 б. ] .
Психолог П. К. Зинченконың зерттеуінде есте сақтау - ол бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатынын айтады. Ғалым мынадай тәжірибе өткізілген: «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері және сұрақтар берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздерді есте жақсы сақтананын көрсетті. [7, 40 б. ] .
Зерттеулердің біріне қатысушыларға сөздер тізімі беріліп, оларға белгілі бір уақыт ішінде дауыстап айту сұралады. Қатысушылардан қайталаған сөздерді еске түсіруді тікелей байланысты болатыны анықталды. Соған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға қарағанда, есте ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып, стратегиялық қолданыстарға сүйеніп, есте сақтау анағұрлым тиімдірек болып шықты. Ырықты және ырықсыз есте сақтауды салыстыру кезінде, өз мақсаттарына және оған жетудің тәсілдеріне байланысты әр түрлі болатыны анықталды. Оның пікірінше, тіпті, әр түрлі мақсатқа бірдей тәсілдерді қолдану бірнеше өзгешеліктермен ерекшеленуі тиіс. П. К. Зинченко ес үрдісін ол жүзеге асырылатын іс-әрекетке тәуелділігі, осы үдерісінің іс-әрекеттің ерекше түрі ретіндегі мазмұны жайлы және есте сақтаудың жоғарғы деңгейлерінде қайталаулардың өзгешелігі жайлы «Ырықсыз есте сақтау» атты еңбегінде келтіреді. Ырықсыз есте сақтау құбылысы бұл жұмысты зерттеудің арнайы пәні болады. Естің екі түрі үшін де есте сақтаудың негізгі факторы - қайталау деп саналады, ал олардың саналық айырмашылықтары жайлы мәселе көтерілмеді. Оның еңбегі естің ең басты теориясы деген негізгі бағалауға ие болды және осы саладағы көптеген тәжірибелік жұмыстарға негіз болды. Ол зерттеулерін қорытындылай келе, өз жұмысының басты нәтижесін «ырықты және ырықсыз есте сақтауда құрылымдық, генетикалық және функционалды талдаудың ортақ бірлігі болып адам әрекеті табылады» деп тұжырымдайды [6, 24б. ] .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту шарттары
Есте сақтау мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг «алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдердің артықшылықтары туралы білгендердің алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест) қайта жаттау және қайта тестілеу (жаттау, тест) . Қайта жаттау тобына қайта тестілеу тобына қарағанда сөздермен жұмыс істеуге үш есе көп уақыт берілді. Егер үйрену тек қана жаттау үдерісінде болса, онда олар сөздерді жақсы есте сақтайды деп күтіледі. Бірақ Тулвинг таңдалынған жаттау тәсіліне қарамастан, барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқайды. Десек те, нақтылап оқу стратегиясы қолданылған қайта оқуға қарағанда, қайта тестілеу жақсы нәтижесі беруі мүмкін. Тестілеу маңыздылығы күнделікті оқу жағдайларында тестілерді пайдалану үшін көрсетілген [6, 26 б. ] .
Американдық психологтар Джефф Карпике және Роди Редигер шетел тілдерін оқу емтиханда 80 %-ға дейін есте сақтауға және оны қайталап айтып беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайдаланатын дәстүрлі стратегиялар есте сақтаудың 30%-ға төмендеуін көрсеткендігін анықтады. Зерттеушілер қатысушылардан өздерінің жетістіктерін болжауды сұраған кезде, соңғылар бұл әдіс оларға соншалықты басымдылық береді деп ойламаған [6, 28 б. ] .
Есте сақтау қабілетін дағдыландыруға келетін болсақ, дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау арқылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Дағдыға айналған адамның іс-әрекеті есінен біржолата шығып кетпейді. Дағдының пайда болуы әуелі ойланып толғануды талап ететін саналы істерден шығады.
Дағдының қалыптасуы жад үрдісінің негізінде жүзеге асырылады. Оқу үстінде дағдыға талпынуды жаттығу деп атайды. Дағдылану үнемі бір дәрежеде тұрып қалмау үшін жаттығу үдерісінің әр кезеңінде де түрлі әдіс қолданылып, сабақ беруді түрлендіріп жүргізеді.
Жаттығу жұмыстарын жемісті жүргізуге бірнеше талаптар қойылады. Бұл талаптардың бірнеше негізгілері байқалады:
а) жаттығу жұмысы нәтижелі болып оқушы ойдағыдай табысқа жету үшін, ең алдымен нені жаттауды оны қалай жаттауды, және осы материалды қалай ұзақ есінде қалуын білуі қажет. Егер оқушының алдында осындай мақсат болмаса, ол өзін-өзі күштеп, жұмысқа беріле алмайды;
ә) оқушының жаттығуы өріс алу үшін, ол өз жұмысының қалай орындалғанын үнемі тексеріп отыруы қажет. Егер жұмысты орындауда оқушы қателік жіберсе, сол қатені қалай жөндеудің тәсілі көрсетіледі;
б) жаттығу жұмысының мазмұны тек ауызша қайталау болмай, көбінесе әрекет жазу, сызу арқылы жүргізілуі тиіс. Себебі, ауызша қайталағанға қарағанда машықтанып, әр түрлі әрекет жасау мазмұнның есте терең қалуына себеп болады;
в) жаттығу жұмысы белгілі бір жүйелікпен жүргізілуі тиіс. Мысалы, оқу мазмұндары бірінен соң бірі бөлшектерге бөлініп, белгілі бір мерзім бойынша жүргізілсе, нәтижелі келеді;
г) жаттығу жұмысын жүргізу арасындағы уақыт аралықтары тым ұзақ болмауы тиіс. Егер жаттығу жұмыстарының арасындағы үзіліс ұзақ болса, бұрынғы өткендер ұмытылып, келесі мазмұндарды еске түсіру қиын соғады. Егер жаттығу жұмысы орынсыз көп қайталана берсе, оқушы тез шаршайды. Ал қайталау аз болса, онда дағды терең қалыптаспайды. Сондықтан қайталау оқу мазмұнының ерекшелігіне қарай, белгілі мөлшермен жүргізілуі тиіс [8, 169 б. ] .
Мектепте жаңа түскен баланы оқуға үйрету үшін, әуелі сөйлемдерді сөздерге, сөзді буындарға, буынды дыбыстарға бөліп, талдау жұмысын жүргізеді. Бұл мезгіл, талдау кезеңі болып есептелінеді. Бұл кезде оқушыға дыбыстардың бір түрін екінші түрінен ажырату қиынға соғады. Сондықтан, олар өзара салыстырады. Осы кезде оқушыны тек дыбыстарды ажыратуға ғана үйретіп қоймай, оларды буынмен оқып жаттықтыруға ерекше мән беріледі. Бұлай болмаған жағдайда оқушының тексті дұрыс оқи алуы көпке дейін созылады. Жаттығу бір сыпыра уақыт жүргізілгеннен кейін оқушы қайтадан топтау кезеңіне көшіріліп, дыбыстардын буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрастыру әдістері арқылы оқытылады. Дегенмен топтау кезеңінде оқушы әлі де болса, тексті бірден оқып кете алмайды. Тек еңақырғы кезенде, оқушы оқуда біраз жетістікке жеткен соң, дағды автоматтануға айналады.
Бұл зерттеулердің түпкілікті нәтижелері қарастырылған әдістемелердің қайсы біреуін артық деп санауға негіз бермейді. Бұл орайда, басқа факторлардың іс-әрекеттердің мазмұнының оқушылардың дара ерекшеліктерінің, мұғалімнің жеке басының ықпалы - әдістемелердің айырмашылығынан гөрі күштірек болып шығады.
«Білім негізі бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы - бастауыш білім. Сондықтан баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылықпен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету қажет. Оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бізден тәрбиешілерден өнімді жұмысты талап етсе, балалардан сол бастауыш сынып оқушысына лайықты тұлғаны талап етеді. Ол дегеніміз, балалардың алған білімдерін меңгеруі үшін көп еңбекті қажетсіндіреді. Оны жүзеге асыру жолдары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуды міндеттейді. Яғни, оқу тәрбие барысындағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, сол арқылы қарым-қатынас жасай білуге үйрету өзекті мәселені танытады.
Адамның есте сақтау қабілетінің мәні мен маңызы ерекше ғой. Мектеп қабырғасында тиісті бағдарламаны балаға меңгеріп, білімі мен білігін дамыту үшін оның есте сақтау қабілетіне жүк те артып отыр. Осы орайда есте сақтау қабілетінің жұмысын жеңілдету үшін, мәліметтерді есте сақтаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz