Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі.

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі.

Орындаған:

Тексерген:

Баға:

Мазмұны:

Кіріспе. . 3

1 тарау. Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері . . . 5

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы5

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері… . . . 8

1. 3 Педагогикалық баға және бақылау, оның үлгермейтін оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері13

2 тарау. Оқу - тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау жолдары . . . . 17

2. 1 Үлгермеушілікті болдырмаудың құралдары, жолдары . . . 17

2. 2 Үлгермеуші оқушыларды анықтау жолдары . . . 27

2. 3 Эксперименттік тәжірибе жұмыстарының нәтижелері . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . 44

ҚОСЫМШАЛАР . . . 45

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің экономикалық, әлеуметтік - мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кеңестік дәуірде туып - өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады.

Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас.

Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет.

Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айқын көрсеткен: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау».

Көптеген мектептерде мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен қатар жаңа пәндердің көптеп қосылғандығы, авторлық білім беретңн және тәрбиелік бағдарламалардың жиі қолданатындығы, халықаралық білім беру бағдарламаларының игеріліп өз нәтижесін беріп жатқандығы кеңінен мәлім. Мұның барлығы шәкірттермен жұмыс істейтін әр типтегі барлық білім беру мекемелеріндегі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие саласын жетілдіруге бағытталған.

Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.

Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі - оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.

П. П. Блонский өзінің «Қиын оқушылар» атты еңбегінде үлгермейтін оқушылардың типтерін физикалық және психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты бөліп қарастырған.

Үлгермейтін оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал Л. С. Славинаның «Үлгермейтін және тәртіпсіз оқушыларға жеке ықпал ету» кітабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтін оқушылардың топтары, үлгермеушіліктің негізгі себебі анықталған.

Б. Г. Ананьев ғылымында педагогикалық процестегі бағаның ролі көп жақты зерттелді.

В. С. Мерли «Жеке тұлға психологиясының очеркі» еңбегінде кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екені анықтады.

Ғалым-педагог Л. В. Занков: «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», - дейді.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» - деп тұжырымдайды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.

Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. «Таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.

Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуды ілгері қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол - педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сынып оқушылары.

Зерттудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс - тәсілдерін пайдалану теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

1. Жалпы орта білім беретін мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың жолдарын іздестірудің теориялық негізін анықтау;

2. Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық шарттарды негіздеу;

3. Педагогикалық эксперимент арқылы үлгермеушілікті болдырмау жолдарының тиімділігін дәлелдеу және әдістемесін жасау.

Зерттеу пәні : мектептің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс - тәсілдерін пайдалану.

Зерттеудің болжамы: оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмау жолдары іске асады, егер де:

- оқытудың тиімді жолдарын іздестірсе, жаңа формаларды, технологияларды қолданса, оқытудың психологиялық жақтарын күшейтсе;

- педагогикалық диагностика, білімді тексеру, саралау, талдау жүргізілсе;

- қосымша сабақтар, өзіндік жұмыстар жүргізілсе;

- оқушы мінезіне тәрбиелік ықпал жасалса.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау,

педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.

Зерттеу базасы: №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «В» сынып оқушылары.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ҮЛГЕРМЕУШІЛІК МӘСЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы.
Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек.

Мектепке дейінгі балалармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардьщ сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалык және рөлдік ойында қолдануға болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Балалардын артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.

Осы қиыншылықтардың себебі-баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалык жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді.

Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. 6, 19 б

Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады. 5, 3б

Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.

Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық - гигеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:

- жекелеген мүғалімдер сабақтарының сапасындағы, жаңа материалды
тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жүмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін
есепке алудың болмауы, мүғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;

- үй тапсырмасын орындау жұмысын дүрыс ойластырмау және

тыңғылықты тексерудің болмауы;

- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі;

Жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;

- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың

болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтің ортақ
жұмыс жүргізбеуі;

- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар

тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі
тарапынан тәртіп бүзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;

- бағалаудағы біржақтылык ;

- оқытумен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;

- сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т. б. Оқу -тәрбие ісі меңгерушісінің бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем соған тоқтала кетейік.

Ең алдымен меңгеруші мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты) . Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар, семинар, тренингтер өткізуі тиіс.

Олардың тақырыптары:

Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру, үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс - әрекеті, т. т. Бұл шараларды оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.

Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі. 7, 40 б

Сондықтан біздің мектеп тәжірибесінде қальштасқан үлгермеушілікпен жүмыс үлгілерін ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз.
Үлгермейтін оқушылардын оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі

Бірінші кезең
Екінші кезең
Үшінші кезең
Төртінші кезең
: Оқу материалдарының мазмұнына көзқарас
Бірінші кезең: Ең оңай қызықты материал (маңыздылығына қарамастан)
Екінші кезең: Маңызы бар материал
Үшінші кезең: Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал
Төртінші кезең:
: Оқу үрдісіне көзқарас
Бірінші кезең: Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы
Екінші кезең: Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.
Үшінші кезең: Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.
Төртінші кезең: Оқушы өз бетімен әрекет етеді.
: Өзіне, өз күшіне деген көзқарас
Бірінші кезең: Көп күшті қажет теппейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау
Екінші кезең: Азғантай күш қажет ететін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау
Үшінші кезең: Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау
Төртінші кезең:
: Мұғалімге (ұжымға) көзқарас
Бірінші кезең: Нейтралитет
Екінші кезең: Мейірбандылық, көңіл бөлу, көмек беру, жаны ашу
Үшінші кезең: Көмек беру мен қатар өзіндік пікірінің болуы
Төртінші кезең:

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері

Мұғалімнің үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу мақсаттары. Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардьщ білім, білік дағдыларының жағдайын және сыныптарындағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекетін талдау.

Тексеру жоспары мына төмендегілерді қамтиды.

  1. Кадрларға мінездеме беру: аты-жөні, білімі, педстажы, кәсібибіліктілігін көтеруі.
  2. Нашар үлгеретін оқушылардың білім, білік дағдыларыныңжағдайы:

- мұғалімдермен әңгімелесу (нашар үлгеретін оқушылардың саны және

олардың жеке білім олқылықтарының есебін жүргізу, үлгермеушілікті
болдырмау жүмысының әдістері мен түрлері) ;

- бірінші жарты жылдық барысындағы мұғалімнің қойған бағаларын және

олардың нормаларға сәйкестігін талдау (бақылау жүмыстарын,
оқушылардың дәптерлерін, журналдағы, күнделіктердегі бағаларды
талдау) ;

- мұғалімнің сабақ барысында үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі

жұмысының түрлері (сыныптағы және үй жүмыстарының саралык
сипаты, қателердің алдын алу) ;

- қатемен жүмыс жүйесі және оқушылардың жадынамаларымен саналы

түрде жүмыс істей білуі;

- оқушылардың үлгермеущілігін болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-

әрекеті.

3. Нашар үлгеретін оқушылармен жүмысты бақылау түрлері.
Сабақтағы бақылау бағдарламасы. Оқушылардың үлгермеушілігін

болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі.

Мұғалімнің аты-жөні. Пәні. Уақыты. Сынып. Сұрау кезінде:

1. сыныпта достык қарым-қатынастар жағдайы жасала ма?

2. тақта алдында жауап беру кезінде оқушыларға көмекші құралдар қолдануға рұқсат етіле ме?

3. жауап жоспары беріле ме, үйден жасалған жоспарды пайдалануға рұқсат
етіле ме?

4. такырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріледі ме?

  1. оқушылардың үнемі қайталанатын қателіктеріне назар аударылады ма?
  2. оқушының жауабын көтермелеу тәсілі қолданылады ма?
  3. жетістікке жету жағдайы жасала ма?Жаңа тақырып түсіндіру кезінде:
  1. нашар үлгермеушілерге жаңа тақырыпты баяндау жылдамдығы киындықтуғызбай ма?
  2. жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіле ме?
  3. мұғалім нашар үлгеретін оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейінанықтап ескере ме?
  4. тақырыпка қызығу тудырытын құралдар қолданыла ма
  1. нашар үлгеретін оқушыларға әңгіме тартыла ма?Жаттығу кезінде:
  1. өз бетімен жүмысқа арналған жаттығулар дүрыс таңдалынды ма?
  2. нашар үлгеретіндерге өз бетімен жүмыс кезінде жедел көмек көрсетілдіме?
  3. оқушылардың жұмыс жылдамдығы ескеріле ме?

Өз бетімен жүмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдыланған ба? Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде:

  1. үй тапсырмасының көлемі қаншалықты тиімді?
  2. үй тапсырмасына қатемен жүмыс енгізілген бе?

Мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіре ме?

  • Нашар үлгеретін оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған ба?

1. 3 Педагогикалық баға және бақылау, оның үлгермейтін оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңьізы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Бұл туралы А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе аркылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігін ұзақ жолды қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл - амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер айтылады. 6, 26 б

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы: Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек.

Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: Ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі:

Жұмысты орындаудың және аяқталудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдаумен істеуі, оған әсер ететін мотивтер және т. б.

Оқушылардьң өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдері қолданып жасайтыншығармашылық жүмыстары да жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсендік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті

оның белсенділігін арттырады. Бүл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар.

Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес.

Белсенділік-дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ана тілі пәніндегі “Төрт түлік” тақырыбын мысалыға алуға болады. 8, 169 б

Қазақтың салт-дәстүрлі тойына келсек, үлгі алатын тойы да көп. Қазақ “Той дегенде қу бас домалайды” деп тегін айтпаған. “Тойдың болғанынан, болады қызық” деген. Біз өз салт-дәстүрімізді білуіміз керек.

Қазіргі оқушылар мектепке орысша сөйлеп, өз тілдерінде толық сөйлей алмайды. Біз сол үшін ұяламыз.

Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, түсінуі, құбылысты қабылдау қабілеттері әр түрлі екенін көріп жүрміз. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, бір нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді бірі самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Өйткені олар әр жанүядан, түрлі дайындықпен келеді.

Соның нәтижесінде әр сыныпта азда болса (сабаққа ынтасы төмен) үлгермейтін оқушылар кездеседі.

Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу - мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр уақытта газет-журналдарда жарияланған методикалык жаңалықтарды, озат тәжірибені, жаңашылдар әдісін (Ш. А. Амонашивили, С. Н. Лысенкова т. б. ) өз сабағында мүмкіндігінше пайдаланудамыз. 8, 170 б

Екіншіден, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, тұрмыс жағдайын ескеріп ата-анасымен тығыз байланыс жасаймыз. Сонымен бірге, оқушыны зерттеп, олардың білімдерін есепке алуды басты мақсат еттік. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде мынадай ұйымдастыру шараларының көп көмегі тиді.

- Сыныптағы балаларды зерттеу дәптерін арнаймыз. Г сыныпта 22 оқушы
бар. Дәптерге сыныптағы балалар жөнінде жалпы мәліметтерді
көрсетеміз. Окушының психологиялық ерекшеліктерін және алдағы
уақытта әр тоқсан сайын сабақ үлгерімі туралы көрсеткіштерін жазамыз.

- Топқа бөліп оқыту әдісін жиі пайдаланамыз. Оқыған оқушылардың

мінез-құлқы, ынтасы, білім деңгейі өзімізге белгілі. Сол қорытынды
бойынша оқушыларды топқа бөлеміз. І топ - “өте жақсы”; ІІ топ -
“жақсы”, ІІІ топ - “орташа”, ІV топ - үлгерім дәрежесі төмен оқушылар.
Жоғары үш топпен жүргізілетін жұмысқа тоқталмай, соңғы білім

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Логопед жұмысының маңыздылығы
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігі
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Үлгермеушіліктің себептері мен үлгермейтін оқушылардың типтері
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz