Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ...3
1.ТАРАУБАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН БАҒАЛАУЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ...6
1.1Зейін психологиясын зеттеген ғалымдардың ой пікірлері ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2Бастауыш сынып оқушыларындағы зейін түрлерінің жетілдіру.шарттары ... ... ... ... ...8
1.3Бастауыш сынып оқушыларызейінінің қасиеттерін анықтау жолдары ... ... ... ..13
1.4Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту ... 15
2 .ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ.ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1Бастауыш сынып оқушылары зейінінің таңдамалық сипатын зерттеу диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2Бастауыш сынып оқушылары зейін деңгейін анықтау диагностикасын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3Бастауыш сынып оқушылары зейінінің ауысуын бағалау дигностикасын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуға байланысты..жүргізілген түзету жұмыстары ... ... 32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.ТІЗІМІ ... ... 48
ҚОСЫМША ... ... ..49
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» – делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»бағдарламасының ІІІ- блогында «Мектеп жасындағы балалардың психологиясы» бөлімінде, «Балалардың психологиялық жас ерекшеліктері»- талаптары қойылған.
Әр баланың өзіне ғана тән танымдық іс- әрекет ерекшеліктерін айта кеткен жөн, әрбіреуі жекелей тәсілді қажет етеді, бірақ мұғалім әр түрлі себептермен
оны үнемі жүзеге асыра алмайды. Тіпті мынадай жағдайда да мұғалімнің кәсіби педагогикалық дайындығының төмен сапасынан және кәсіби тосқауылдың болуынан олардың әрекеті нәтижесіз болады. Мектепте психологтың болуы ондағы мәселелерді шешуге және мектеп өмірін түсінуге, өсіп келе жатқан жеке тұлға дамуына көп жәрдемдеседі. Қазіргі заманғы педагогикалық сала қызметкерлерін дайындаудың негізгі кемшіліктері олардың диагностика әдістерімен, танымдық сферасымен, балалардың жеке ерекшеліктерімен қаруланбауы болып табылады. Қазіргі заман мұғаліміне баланың жеке бас ерекшеліктерін білу үшін психология төңірегінде терең білімге ие болуы қажет.
1 Социальная педагогика. Москва, 2000 ж.
2 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау іс- әрекеті туралы ̸ ̸ Жантану мәселелері ̸ ̸ №4(11),2009 ж.
3 Бабанский Ю. Методы обучение в современной общеобразовательной школе. Москва, 1985 ж.
4 Донцов А.И. Психология коллектива. Москва, 1984 ж.
5 Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы. А.,1999ж.
6 Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы,1996 ж.
7 Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология.Алматы,2004 ж.
8 Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев .Ө. Жантануға кіріспе. А.,1995 ж.
9 Жарықбаев Қ., Ә.Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.Мектеп, Алматы, 1976 ж.
10 Мұқанов.М. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп,Алматы,1990 ж.
11 Жалпы психология. Алдамұратов Ә. А.,1996 ж.
12 Жұмабаев М.Педагогика, Алматы,1922 ж.
13 Ұлттық тәлім- тәрбие: Хрестоматия: Орта мектеп. арн.̸̸̸ ̸ Жарықбаев Қ.- Алматы:Атамұра,1996,-221б,с.
14 БабаевС.Б. Көрнекті психология. Алматы, «Заң әдебиеті», 2008 ж.
15 Мұқанов М. Ми және сана. ҚМБ, Алматы,1959ж.
16 Немов Р.С Психология. Психодиагностика Т-3;2173-184 б
17 Темірбеков А.,Балаубаев С. Психология. Алматы,1966 ж.
18 Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992 ж.
19 Жарықбаев Қ.,С. Қалиев Қазақ-тәлім тәрбиесі.- А.,2000 ж
20 Бастауыш сынып оқушыларының зейіні туралы̸̸ Жантану мәселелері̸̸ №4(11),2009 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
Ғылыми - зерттеу жұмысының әдістемесі

Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері



Орындаған:
Тексерген:
Баға________

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-ТАРАУБАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН БАҒАЛАУЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1Зейін психологиясын зеттеген ғалымдардың ой пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ..7
1.2Бастауыш сынып оқушыларындағы зейін түрлерінің жетілдіру ... ... ... ... .шарттары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Бастауыш сынып оқушыларызейінінің қасиеттерін анықтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... .15
2 - ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1Бастауыш сынып оқушылары зейінінің таңдамалық сипатын зерттеу диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2Бастауыш сынып оқушылары зейін деңгейін анықтау диагностикасын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3Бастауыш сынып оқушылары зейінінің ауысуын бағалау дигностикасын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.4 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуға байланысты ... ... ... ... жүргізілген түзету жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030бағдарламасының ІІІ- блогында Мектеп жасындағы балалардың психологиясы бөлімінде, Балалардың психологиялық жас ерекшеліктері- талаптары қойылған.
Әр баланың өзіне ғана тән танымдық іс- әрекет ерекшеліктерін айта кеткен жөн, әрбіреуі жекелей тәсілді қажет етеді, бірақ мұғалім әр түрлі себептермен
оны үнемі жүзеге асыра алмайды. Тіпті мынадай жағдайда да мұғалімнің кәсіби педагогикалық дайындығының төмен сапасынан және кәсіби тосқауылдың болуынан олардың әрекеті нәтижесіз болады. Мектепте психологтың болуы ондағы мәселелерді шешуге және мектеп өмірін түсінуге, өсіп келе жатқан жеке тұлға дамуына көп жәрдемдеседі. Қазіргі заманғы педагогикалық сала қызметкерлерін дайындаудың негізгі кемшіліктері олардың диагностика әдістерімен, танымдық сферасымен, балалардың жеке ерекшеліктерімен қаруланбауы болып табылады. Қазіргі заман мұғаліміне баланың жеке бас ерекшеліктерін білу үшін психология төңірегінде терең білімге ие болуы қажет. Сабақ жоспарын құру процесіне баланың қабілеттерін қабілеттерін даму процесіне бағыттай алуы қажет, көбінесе бұл қабілеттер зейіннің даму ерекшеліктеріне әкеледі.Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады.Зейін туралы көп тараған теориялардың бірін Т. Рибо ұсынды. Оның айтуы бойынша, зейін немесе күшті болуына қарамастан, әрқашанда эмоциялармен байланысты және эмоциялар арқылы туады. Т. Рибо, эмоция және ырықты зейін арасындағы ерекше тығыз байланысты қарастырды.
3
Оның айтуы бойынша, зейіннің осындай интенсивтілігі және ұзақтығы эмоционалды жағдай объектісінің интенсивтілігі және ұзақтығына негізделген. Сондай-ақ ырықсыз зейін жалпы эффективті күйге тәуелді. Зейін жағдайы әрқашанда тек эмоционалды күйзелістермен ғана емес, сонымен қатар дене өлшемінің және ағзаның физиологиялық жағдайының белгілі өлшемдерімен қатар жүреді.
Т. Рибо үшін психикалық үрдістердің және қалыптардың физиологиялық өзара байланысы ерекше болды, және де осы жағдай, бізді қызықтыратын көріністері оның трактатында айтылды. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Т. Рибо концепциясын психофизикалық деп атауға болады. Қозғалыстың зейін актісіндегі маңыздылығын Т. Рибо келесі түрде көрсетті. Қозғалыс физиологиялық тұрғыда берілген сана қалпына күш бере отырып оны күшейтед [25].
Сезім мүшелері үшін, зейін, көру және есту, басқару және көрумен байланысты қозғалыстарды шоғырландыру және тежеу болып табылады.Ұсынылып отырған күш зейінді жинақтайды және тежейді, әрқашанда дене негізіне сүйенеді. Т. Рибоның ойы бойынша, зейіннің қозғалыс нәтижелігі мыналардан құралады: кейбір түйсіктер, ойлар, есте сақтаулар. Бұл құрылымдар басқа қозғалыс белсенділіктерімен салыстырғанда ерекше интенсителінеді және нақты болады. Қимыл-қозғалыстарды басқару - ырықты зейін құпиясы болып табылады. Қажетті қозғалысты ырықты түрде қайталау негізінде зейінімізді осы қозғалысқа аударамыз. Т. Рибо ұсынған зейіннің моторлы теориясының сипаттары осындай.
Зейін құрылым түсінігімен байланыстыратын тағы бір теорияны Д.Н. Узнадзе ұсынды. Оның құрылым туралы теориясы бастапқыда тәжірибе әсерінен ағзада пайда болатын және келесі әсерлерге реакцияларын анықтайтын алғашқы құрылымның ерекше қалпымен ұштасты. Мысалы, егер адамның қолынан көлемі бойынша бірдей, салмағы жағынан әртүрлі екі бірдей шар ұстатсақ, ол адам шарлардың салмақтарын әртүрлі бағалайды. Қайталанған жағдайда, қолына бұрын түскен жеңіл шар барлық қатынаста бірдей болып көрінеді. Осындай иллюзия байқалатын адамдарда, заттардың салмақтарын қабылдауы бойынша белгілі бір құрылым қалыптасты делінеді
Д.Н. Узнадзенің ойы бойынша, құрылым зейін үрдісімен тікелей байланысты және адамның ішкі зейін жағдайын көрсетеді. Импульсивті мінез құлық жағдайында көрсетіледі.

4
Зейіннің болмауымен байланысты субъектінің белгілі психикалық қатарының, сезімдерінің ойларының, образдарының пайда болуы осылайша түсіндіріледі. Әрбір белгі құрылым жағдайының өзектілігі негізінде субъект саласында бітқатар күйзелістер, психикалық мазмұндар туады.
Зерттеудің обьектісі: Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін зерттеу
Зерттеудің мақсаты:
+ Бастауышсынып оқушыларының зейінін бақылай отырып, оқу үлгеріміне ықпалын және даму ерекшеліктеріне байланысты диагностикалау;
+ Бастауыш сынып оқушыларының зейінінің даму жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Бастауыш сынып оқушылары зейінінің таңдамалық сипатын зерттеу диагностикасын жүргізу.
2.Бастауыш сынып оқушылары зейін деңгейін анықтау диагностикасын жүргізу.
3.Бастауыш сынып оқушылары зейінінің ауысуын бағалау.
4.Зерттеу нәтижелерін талдау және қорытынды шығару.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Бастауыш төменгі сынып оқушыларының зейінінің өнімділік, тұрақтылық, ауысуы және көлемі сияқты қасиеттерін бағалау.Оқу іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттеріне байланысты әдістемелер жүргізу. Зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, жүргізілген зерттеулердің барлығына стандарттау, зерттеудің мақсаттарына сәйкес тестілер (сынақ), шкалалар қолдану. Зерттеу материалдарын өңдеуде статистикалық есептеулер жасау .
Зерттеудің практикалық қолданылымы:Бастауыш сынып оқушыларының зейініне әдістемелер жүргізу арқылы олардың орта буынға дайындығын анықтау.Зейінді дамыту жұмыстарын жүргізу.Зейіннің психологиялық феномен ретіндегі мәнін анықтау. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлерін, зейіннің тәуелсіз үрдіс екендігі туралы анықтамалар келтіру. Зейін туралы философтардың талдаулары.Мектептегі оқу-тәрбие істері бойынша балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамыту нәтижелерін бағалау. Оқушылардың көңіл- күйіне баса назар аудара отырып, сабақты қызықты етіп ұйымдастыру.
Зерттеудің базасы: № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4Ә сынып оқушылары.
5
1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1Зейін психологиясын зеттеген ғалымдардың ой-пікірлері

Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.
Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі т.с.с.) арқылы зерттеуге болады. Зейін - сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс [132].
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын орындайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып азғантай үзілістен кейін тарихты, одан кейін географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, басқа істермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Зейін деп -- адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді.
6
Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды[145].
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді.
И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек.
7
Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады.
А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың Қозудың оптимальдык, алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.[133].
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды оптимальдық жағдай жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап -- ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді. Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
1.2Бастауыш сынып оқушыларында зейін түрлерінің жетілу шарттары
Бастауыш сынып оқушысы өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Ондай болу үшін, өзін, тұлғалығын, білімдері, икемділіктері және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процессуалдық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиісті. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.
8
Зейіннің негізгі түрлері:
Ырықсыз зейін кейбір зерттеулерде пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл ескі түрлі атау, да мәні ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.
Пассивті зейін объектіге бағытталған санын шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді.
Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіш ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады.
Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі қызыл түстің көзге әсер ету
коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды.
Оқушыларды байқаудың көрсеткіштері бойынша, зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу оқуды жақсы үлгеріміне әсер ететін фактор ретінде болды. Сонымен бірге үлгерімінің зейін қасиеттерін дамытуға ықпалы да болады.
Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда оқуда жақсы үлгере алатындары көрінді.
Зейіндерінің қасиеттері төмен дамыған оқушылардың үлгерімдері және қылықтары жайлы әңгіме ерекше зерттеуді талап етеді.
Осылай өзін-өзі бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның - өзінің даралығына, қылығына тұлғалық ерекшеліктеріне зейінінің дамуы негізінде ғана болады.
Өзін-өзі бақылауды ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.
Өзін-өзі бақылау үрдісін ұйымдастыруда таным әрекеттерінің ішінде зейіннің қасиеттері ерекше әрі маңызды орында. Әсіресе бақыланатын объектіге сананы бағыштап шоғырландыру және қажет уақыт аралығында мақсатқа сәйкес тұрақтатып нысананы түзету мәселесі зейіннің жоғарыда аталған қасиеттерімен дәнекерленеді.
Дегенмен зейін туралы жалпы айту мүмкін емес. Оның көрінісінің көпжақтылығы мен салыстырмалы тәуелсіздігі біржағының жақсы басқаларының нашар дамығанын көрсетеді.
9
Зейіннің күшті жақтары оқу - тәрбие үрдісінде т. б. іс-әрекеттің түрлерін орындауда өзін-өзі бақылауды алғы жоспарға жетелеп негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады.
Зейіннің іс-әрекеттегі бақылаушы функциясы зерттеп талдаған ғалым П. Я. Гальперин өзінің тұжырымдарында жеке адамның еріктік сферасын дамытудың ерекше маңызды рөл атқаратынын атаған.
Оның пайымдауынша ерікті әрекеттер мен амалдар - мәнісі құрылымы жағынан өте күрделі үрдіс.
Ерікті амал - мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.
Ондай әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады:
- мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі);
- мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну (мақсат қою);
- ниет-тілектердің пайда болуы;
- ниеттер тартысы және оның бірін қалау;
- тоқтамға келу үшін мүмкіндіктерінің бірін қалау;
- тоқтамға келген шешімді орындау.
Еріктің осы аталған кезеңдері зейіннің келесі сапалық жақтарымен тығыз байланыста болған көптеген зерттеулерден белгілі.
Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне тартып алады. Кез келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалылығы да еріксіз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетіне көңіл-күйге қатты әсерлер ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер, т.б. Адамды таңдандырып, сүсіндіретін құбылыстар да зейінді өзіне ырықсыз аударады. Көркемөнер туындыларының да адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін, ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бірі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеті белгілі бір шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз.
10
Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші, есепші, тәжірибе жүргізуші, ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығару мүмкін емес.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу іс-әрекеті балалардың шама шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті. Талпыныстың нәтижелі болуы баланың өзіне деген сенімін арттырады.
Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі іс-әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орнының қолайлы болуы - ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында баланың көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпау керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.
Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психологиялық күйі. Шаршап шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар тағы басқалар ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білумен адамның міндеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді. Адамның күрделі мәселелерді шешу, жаңа терминдермен шетел тілін меңгеру - мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғандай, ол ырықты зейіннен кейін ұйымдастырылады. Үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.
Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ, бұның қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай - ақ ойнап - күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.

11
Сыртқы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталады.
Мұны перцептивті зейін деп атайды. Ішкі зейін - сананың ішкі әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды, өйткені, олар өз жан - дүниесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін - бірі тежеп отырады.
Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның сыртқы қимылдары, еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл - қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көтерілген қылықтарға зейін аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Ұжымдық зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ түсіндіруі жатады. Бір сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бір қалыпты ұстау мүмкін емес. Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауып кетуі мүмкін.
Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі.
Мұндай жағдайда жеткіншектің іс-тәжірибелері ерекше орын алады.
Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Зейіннің арнайы мәні, тұлғаның объектіге қатынасы ретінде айқындалып, осы түсінікті ерекше пікір талас етті. Осы орайда ағылшын эмпирикалық психологиясының өкілдері - ассоцианистер өз пікірлерін ұсынды. Олар зейінді тіпті психология жүйесінде де енгізбеген. Олар үшін тұлғаның да объектінің де мәні болмаған, тек олардың ассоциациялары және көріністері болған, сондықтан да олар үшін зейін мәнсіз.

12
1.3Бастауын сынып оқушылары зейінінің қасиеттерін анықтау жолдары
Зейіннің айтылған психикалық үрдістерден айырмашылығы өзіндік іс-әрекеттік нәтижесінің болмауында. Сонымен бірге зейінсіз ешқандай іс-әрекеттің тиімді орындалуы мүмкін емес. К.Д. Ушинскийдің айтуынша сыртқы әлемнен санамызға бәрі біздің рухымыздың жалғыз есігі - зейін арқылы енеді.
Психологиялық сөздіктерде зейін - адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып, шоғырлануыдеген анықтама берілген.
Белгілі мерзімде оқушының зейінді болуы немесе болмауы біршама қылықтарынан, жүріс-тұрысынан көрінеді. Зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы.
Зейіннің көлемі - адамның бір көргенде-ақ қабылдаған объектілер саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 110 секунд ішінде 10-12 бірліктерден тұратын сандар, әріптер неше түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау.
Сыналушы адам тек бірнеше объектілердің ғана атын атап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 бірлікке тең.
Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсақ, онда көрінетін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сыналушы сөз әріптерінің орны ауысқанын, кейбіреуінің түсіп қалғанын аңғара алмайды. Объектілерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.
Зейіннің бөлінуі деп адамның кез келген іс-әрекет кезінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет үрдісінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптимальдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.
Мысалы, жас ұстаз өз зейінін бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды.

13
Сабақ айтып тұрып, қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді де байқамай қалуы мүмкін. Мұғалім назары өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдей түседі, зейіннің оған бөлінуі де ширап, сыныпты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірті-бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.
Зейіннің шоғырлануы - адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу қажет. Мәселен, математикадан есеп шығарып отырған оқушы зейінін тек есептеуге, таңбаларға ғана аудармаса, онда ол есепті дұрыс шығара алмайды.
Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі - қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу есебінен ми қабығының аз ғана бөлігінде күшті пайда болады.
Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдістерінің күшіне, әдеттерге т.б. жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.
Физиологиялық тұрғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
Зейіннің ауысуы- деп оның бір объектіден екінші объектіге арнайы көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы - оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді, ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.
Іс-әрекет кезінде адам алдында жаңа міндеттер қойып, зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір жағынан екінші жағына ауыстырып отырады. Зейіннің бұл қасиетінің физиологиялық негізі - қозудың оптималдық ошағының тежеліп, жаңадан жасалуы.

14
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту
Зейін - баланың мектепте оқуға деген танымдық процестерінің, оқудағы жетістіктерінің ерекшеліктерінің бағалануы тәуелді психологиялық үрдістердің бірі. Оқудың алғашқы сатысында кездесетін қиыншылықтар зейіннің дамуының жетіспеушілігімен байланысты. Егер мектепке түсер
алдында 1 жыл бұрын, баланың зейінінің дамуының деңгейін анықтап, жұмыс жасалатын болса, қиыншылықтардың алдын алуға болады. Жалпылай онтогенезде зейін көп өзгере қоймайды және оның негізгі мінездемелері жас ұлғайған сайын тұрақталады, алайда көп еңбектеніп, системалық үлес қосу арқасында бала зейініндегі ақаулардан арылуға болады. Бұл зейіннің нашар дамыған қасиеттерін жақсы дайындалған оның басқа қасиеттері арқылы орнын жабуға болатындығымен түсіндіріледі. Осылайша, зейіннің нашар тұрақталуы кей жағдайда оның жақсы ауысуымен толықтырылады; зейіннің кемшілік ретіндегі аз көлемі зейіннің өнімділігі арқасында жеңіледі; көру зейіні есту және қимыл-қозғалыс зейінімен толықтырылады; механикалық зейіннің аздығы логикалық зейіннің дамуымен толықтырылады.
Ұсынылып отырған жүйеге жекелей тұрақты, сонымен қатар толықтырушы зейіннің қаситтерін бағалайтын әдістемелер енгізілген. Зейіннің тұрақтылығы дегеніміз оның бір нәрсеге, ұзақ және жоғары деңгейде сақталуы. Зейіннің үлестірілуі дегеніміз бір уақытта бірнеше объектке назарын аударып, оларды бір зейінмен қабылдауды айтамыз. Сонымен қоса зейіннің мінездемесіне бір уақытта зейін көлемінде үлкен кеңістікті немесе қандай да бір объекттің үлкен көлемін сақтап тұру жатады. Зейіннің ауысуы бір нәрседен екіншіге ауысып, біреуінен ауытқып екінші объектке зейінін шоғырландырумен түсіндіріледі. Мұнда зейіннің жылдамдығы және бір объекттен екіншіге зейінін шоғырландыру уақыты саналады. Зейін көлемі - бұл адам зейінінің сферасындағы бір мезетте сақталатын объекттер саны.
Төменгі сынып оқушыларының зейінінің тұрақтылығын, ауысуын және үлестірілуін зерттейтін методикалық, стимулдық материал ретінде
Ландольт сақиналары алынған, ол универсалды құрал және әр түрлі жастағы балалардың, ересектердің зейінін бағалауға мүмкіндік береді.
Мектепке түсуші балалардың зейіні мектепте оқуға деген ынтасын тексеру мақсатында бағалану себебімен, оларға арналған сақиналардың үлкендігі алфавиттегі әріптердің үлкендігіндей болғаны дұрыс.
Бұл сақиналардың үлкендігі, егер матрица машиналық жазу парағына сиятындай етіліп жасалса дұрыс болады.
15
Бұл қағаздың оң жағында баланың аты-жөні, жасы, сыныбы, сонымен қатар тексерудің өткізілген күні жазылуы керек.
Л.С. Выготский зейінді адамның пайда болу тарихымен байланыстырды және баланың дамуында зейіннің біртіндеп дамуына байланысты екі негізгі. атап өтті. Олар - 1.зейіннің табиғи даму жолы; 2. зейіннің мәдени даму жолы.
Л.С. Выготскийдің зейін мәселесін дамытудағы маңызды ғылыми жетістіктері зейін мәселесіне әлеуметтік және генетикалық тәсілдерін іске асыруы. Ол ырықты зейінге жағдай жасау, сөйлеу функцияларының бағыттылығын кеңейту, зейінді дамытудағы сөздің ролі және зейінді ойлаумен біріктіре түсіндіруге мән берді.[44].
Доминанта туралы ілімді қолдаушы психологтар Л.С. Выготский, оның оқушылары А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, солармен қатар Б.Г. Ананьев және С.Л. Рубинштейн. 1926 жылы Л.С. Выготский доминанта принципінің мәнділігін теория жүйесінің терминдерімен былайша түсіндірді: ...доминанттық механизм тұтастық, интегралдық, эквифиналдық (мақсаттың соңы) және эмердженттілік (жүйенің элементтерінде болмайтын жаңа сапалардың пайда болуы) жүйелік қасиеттерін қамтамасыздандырады.
П.Я. Гальперин (1974), өз зерттеулерінде ырықты зейін жоспарымен, яғни алдын ала құрастырылған үлгімен бақылауформасы ретінде іске асырылатын зейін, деген қорытынды жасады.
Оқу іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттерін зерттеген Н.Ф. Добрынин, И.В. Страхов, О.Ю. Ермолева т.б. Осы аталған зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, біздің зерттеулердің барлығына стандартталынған, зерттеудің мақсаттарына сәйкес тестілер (сынақ), шкалалар қолданылды. Зерттеу материалдарын өңдеуде статистикалық есептеулер жетекшілікке алынды [51].
К.Д. Ушинский еңбегінде зейінді сыртқы әлемнің әсерлерін рухқа енгізетін есік, - деп сипаттаған. Зейін, балалардың оқу материалын анық және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-әрекетте бақылауды қамтамасыз етеді.
Мұндай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді.
Зейіннің физиологиялық табиғатын түсіну үшін И.М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, А.А. Ухтомскийдің, П.К. Анохиннің еңбектері маңызды.
Шетел психологтарының ішінде В.Вундт зейін мәселесін сана
16
психологиясымен байланыстарады, У. Джемс зейіннің түрлерін зерттеді,
Э. Б. Титченер зейінді генетикалық тұрғыдан қарастырады, Т. Рибо зейінді эмоциямен ұштастырады, А. Трейсман зейінді мәтіннің семантикалық сипатымен байланыстырып зерттеді.
Ал бұрынғы одақтас мемлекеттер психологтарынан зейін теориясын зерттегендер Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Добрынин, А.Н. Леонтьев, И.В. Страхов, Д. Н. Узнадзе .
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Мектеп -- оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім -- балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің психодиогностика жасаудың маңызы
Оқушыларды зейінділікке баулудағы ұстаз әрекеті және зейіннің бала өмірінде алатын орны
Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушысының зейін ерекшелігінің даму жолдары
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Пәндер