Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу



Кіріспе
1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Психологиялық.педагогикалық әдебиеттегі «логикалық ойлау» түсінігі
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту шарттары
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту жолдары
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ.ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы
2.3.Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру, коррекциялық жұмыстар
Тренинг және оны қолдану туралы түсінік
ҚОРЫТЫНДЫ
Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.А. Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін дұрыс пайдалану керектігін айтады.Т. Тәжібаев «Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады» – дейді.Ж. Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен мектеп оқытушылары бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие үдерісіндегі озық ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады.Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде «Баланың логикалық ойлауын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі» – делінген.М. Жұмабаев та өзінің «Педагогика» атты шығармасында оқу ағарту ісінің келелі мәселелерін қарастыра келе логикалық ойлауға тоқталған.
1. Байнеш Ш.Б. Неміс тілін оқытудың ғылыми педагогикалық негіздері // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. Хабаршы, 2006. - №21 б.
2. Амирова М.А. Ресей психологиясындағы ойлау мәселесі //Қазақ қыздар мемлекетті қыздар педагогика институты Хабаршысы, 2007.-№6 22б.
3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың тәсілдері мен зерттеу әдістері http://kursik.kz/kurstyq-zhumystar/psixologiya-kurstyq-zhumysta
4. Давыдов А.А. Драгунова Т.В. Педагогика және жас ерекшелігі психологиясы.-«Мектеп» баспасы, 1987.-88б.
5. Смирнов А.Н., Проблема психологий памяти. М.: Просвещение.-1997.-3б.
6. Амандықова Г.Н., Ш.Е. Мұхтарова., Б.С. Бисенғалиева. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана: 2007.- 40 б.
7. Блонский П.П. Память и мышление спб 6.: Питер, 2001.-5-6 с.
8. Султанова К.А. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау негізінде оқуға деген қабілеттілігінің психологиялық ерекшеліктері. www.rusnauka.com
9. Леонтьев А.Н. Развитие памяти. М.:1931.-7-8 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға біріншіден - айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден - баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден - сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.А. Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін дұрыс пайдалану керектігін айтады.Т. Тәжібаев Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады - дейді.Ж. Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен мектеп оқытушылары бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие үдерісіндегі озық ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға болады.Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде Баланың логикалық ойлауын дамыту, ұғымдарын өсіру - науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі - делінген.М. Жұмабаев та өзінің Педагогика атты шығармасында оқу ағарту ісінің келелі мәселелерін қарастыра келе логикалық ойлауға тоқталған.
Оқыту үдерісінде логикаға көңіл бөлген чех педагогы Я.А. Коменский оқушыларды ой тұжырым жасауға үйретіп оларды өмірмен байланыстыра білуге ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ол қандай пән болмасын ойлаудың формалары талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл бөлген. Бұл көзқарастар ары қарай ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде көрініс тапты. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту - бастауыш сыныпты оқытудың басты мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыта оқытудың негізгі ерекшелігі - айнала қоршаған орта және табиғатты бақылау және көрнекі оқыту болу керек - деп құнды пікір айтады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту туралы психолог ғалымдардың Н.А. Менчинская, Е.Н. Кабанова-Меллер, Л.С. Выготский, З. Калмыкова, Л.Н. Леонтьев, А.А. Люблинская, А.В. Петровский, Л.В. Занков, В.В. Давыдовтың және т.б. еңбектерінде көптеген пікірлер айтылған. Ойлауды дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер А.Я. Зорина, Ж. Икрамов, И.Я. Лернер, А.В. Усова, оқушының логикалық ойлауын дамыту туралы Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаже, Л.С. Рубинштейн, Э.Ж. Гингулис, И.С. Якиманская, В.А. Крутецкий, Ю.А. Самарин, Л.П. Стойлова, В.П. Стрезикозин А.Д. Гетманова, В.С. Егориналар да пікірлер айтқан. Мектеп жасы жеке психикалық үдерістің саналы және өздігінен әрекет етуінің пайда болуы мен және дамуымен сипатталады және оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді - дейді Л.В. Выготский.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау процесін дамыту үрдісі.
Зерттеу мәні: тілдік теорияны үйрету үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту жүйесі.
Зерттеу мақсаты: - бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу және логикалық ойлауды дамытудың дидактикалық ерекшеліктерін айқындап, оқу үдерісінде кешенді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттер анықталды:
1. бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
2.
бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың моделін құру;
3.
оқу - тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшелігін анықтау;
4.
зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеу базасы: № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 А сынып оқушылары.

1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4.1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі логикалық ойлау түсінігі

Логика адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастыратын ғылым болғандықтан оны философия, психология, педагогика, әлеуметтану, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдардың зерттеу пәні. Философия өз пәні ретінде тұтастай ойлау мазмұнын, адамдардың әлемге деген көзқарасы мен әлемнен алатын орнын, олардың таным қабілеттерін зерттейді. Адамның жоғарғы жүйке физиологиясы адам ағзасында өтетін физиологиялық үдерістердің механизімі мен заңдылықтарын қарастырады. Психология адамның түрлі топтарының ойлау ерекшеліктерін, олардың өзара әрекетін айқындайды, олардың жасерекшелігіне қарай дене және психикалық дамуын зерттейді. Ал, педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік деп танып, өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне үйрету мақсатына бағытталған қызметі ретінде зерттейді. [4, 88 б.].
Танымдық әрекеттің күрделі үдерісі - ойлау. Ойлау сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі. Ойлауды зерттеумен айналысатын ғылымдардың бірі логиканың ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде өзіндік ерекшелігі - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы. Ұғым - деген сөздің өзі ұғу деген етістікпен бір түбірлес. Біздің қандай да бір нәрсе не құбылыс туралы біліміміз болса, оның қасиеті туралы басқа нәрселермен қатынасын білген жағдайда ғана оны басқалардан ажыратамыз және сол нәрсе туралы ұғымымыз болады. Ұғым - нәрсенің мәнді белгілерін бейнелейтін ойдың формасы. Сөйлеу тілімізде ұғымдар сөзбен, сөз тіркестерімен беріледі. Мысалы, оқулық, тәрбие, және т.с.с. [5, 3 б.].
Д. Рахымбек Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Ал ұғымды меңгеру дегеніміз - болмыстың, заттар мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, олардың арасындағы мәнді байланыстарды, ара қатынасты білу - дейді. Ғылыми зерттеулер мен адамның тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген, ғылымның қаруы ретінде қабылданған ұғымдардың мазмұны оқу үдерісінде біртіндеп ашылады. Ұғымды меңгеру оқушылардың белсенді ой қызметімен, талдау және жіктеу, салыстыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ойлау операцияларын орындаумен байланысты. Сондықтан ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың ойлауын дамытумен тікелей байланысты.М. Жұмабаев ұғым ойдың ғана ісі, сондықтан оны ойда ғана қалыптастыруға болады. Ұғым көп заттардың ортақ сандарын алып жия білу, басқаша айтқанда, зат туралы ой. Ұғымды қалыптастыру үшін алдымен бір тектес заттардың әрқайсысына тән дербес белгілерін алып тастап, дерексіздендіріп, олардың бәріне ортақ бірлігін көрсететін жалпы белгілерін анықтап алу қажет.А. Байтұрсынов ұғымның өзін екіге бөліп қарастырады: 1) ес ұғымы. Ол арқылы - адам заттардың мәнін, сипатын, сырын, т.б. таниды; 2) іс ұғымы. Ол арқылы - табиғат күшін танимыз деп жазған. Ұғым деп қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың қасиеттері мен маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық сипаттамасын түсінеміз. Ұғым зерттелінетін нысананың жалпы, сонымен бірге мәнді белгілері, негізгі игі түйіні болатын барлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар. Ұғымның қалыптасуының негізгі логикалық тәсілдері: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау және жалпылау. Ойлаудың барлық тәсілдерін жеке-жеке қарастырғанымен тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты және бірге орындалады. Осы тәсілдердің барлығын оқушылар оқыту бағдарламасы бойынша бастауыш сыныпта меңгереді.Оқушыларды ой қорытулар жасау мен дұрыс қорытынды шығаруға үйрету - мектептегі барлық пәндерді оқытудағы басты педагогикалық мәселелердің бірі. Мұнда барлық пәнінің маңызы ерекше. Себебі жаңа білімдерді алу мен оларды игеру барысының әрбір қадамы сайын ой қорытулар жасау және қорытынды шығарып отыруға тура келеді.
Ой тұжырымы нәтижесінде дұрыс қорытынды шығару үшін ақиқат пайымдарды негіз ете отырып, ойлау заңдарының орындалуын басшылыққа алады. Кез келген ғылымдағыдай, логиканың өз заңдары бар, ол айрықша заңдар. Олар, бір жағынан, ойлаудың негізгі қасиеттерін бейнелейтіндіктен ғылым заңдарына, басқа жағынан, дұрыс ойлауға қойылатын негізгі заңдарды құрайды. Ол заңдарға қайшылық заңы, тепе-теңдік, үшіншісінің болмау заңы және негіздеу заңы. Логиканың формалары мен заңдары дұрыс орындалуы арқылы оқушылар білімдерді меңгереді және логикалық ойлайды.

4.2 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту шарттары

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының дамуы екі негізгі саты арқылы өтеді. Бірінші сатыда (ол шамамен I - II сынып) олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Мұнда көрнекі әсер ету басым болады. Балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларына, бейнелеулерге сүйенеді. I - II сыныптың оқушыларын заттар мен жағдайларды олардың қандай да бір жеке сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Балалардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге түсетін белгілерінің күшті қысымымен болады. Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың көпшілігі заттар мен құбылыстардың бетінде жататын нақты қабылданған белгілер мен қасиеттерді қамтиды. Бастауыш сынып оқушысына олар жасаған жаттығулар нақтылы бақылау жағдайларына, олардың егжей-тегжейлі сөзбен сипаттауға сүйенетіндей етіп беріледі. Мұндай материалдарды салыстыруда балалар ұқсас белгілерді табады және оларды тиісті сөздермен белгілейді. Білімді толық жинақтаудың негізгі критерийі баланың алған білімге сай келетін нақтылы мысал келтіре білуі болып табылады. Осы кезеңде оқытудың көрнекілік ұстанымын кеңінен
қолдануға негіз болады. [6, 26 б. ].
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының заттар мен құбылыстардың белгілері мен қасиеттері туралы пайымдауларының негізінде көбінесе көрнекі бейнелеулер мен суреттеулер жатады. Сонымен қатар бұл пайымдаулар мәтінді талдау, оның жекеленген бөліктерін ойша салыстыру, бұл бөліктердегі басты сәттерді ойша айқындау, оларды бірегей көрініске біріктіру, ақыр соңында, кейбір жаңа, ендігі жерде тікелей түп нұсқадан қашық жатқан және абстрактілі білім болған пайымдаулардағы жеке нәрселерді жалпылау болып табылады. Белгілі заттар мен құбылыстарды жіктеу іскерлігі бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ой әрекетінің жаңа күрделі формаларын дамытады, ол қабылдаудан біртіндеп бөлінеді де оқу материалдарымен жұмыс істеудің өз алдына бөлек, өзінің ерекше әдістері мен тәсілдерін жинақтай бастаған үдерісі болады. [6, 28 б.].
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытудың маңызды факторы, баланың психикалық, ақыл-ой іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу үдерісін жолға қою.
Оқытудың негізі болып табылатын таным мен қарым-қатынас арасындағы әртүрлі байланыстар оқу үдерісі нәтижесінде жан-жақты кеңейтіледі және ол тек іс-әрекет барысында ғана емес, таным қызметтеріне әсер етеді. Демек, мұғалім жетекшілігімен танымдық іс-әрекет арқылы оқушылар әлемді нақты, жүйелі тану, ғылыми ақиқаттарды меңгеруге көшеді. Нәтижеде, оқыту үдерісінде оқушылар оқу материалының заңдылықтары мен байланыстарын бірінші рет ашушы, танушы жағдайында болады. Бұл танымдық ғылыми зерттеу әдістері оқушылардың оқып үйрену қызметінің әдістері де болып табылады. Оқыту үдерісінде танымның дәлелдеу, жаттығу, талдау, жіктеу, индукция және дедукция, жалпылау мен нақтылау сияқты әдістері қолданылды. Бұл әдістер логикалық ойлау әдістері де болып табылады деп те айтуға болады.
Қазіргі мектеп курсында оқушылардың логикалық сауаттылықтарын тәрбиелеуді бірыңғай мазмұнды әдістемелік тұрғыда құрудың үлкен мүмкіндігі бар екендігін көрсете отырып, бастауыш сынып оқушыларының меңгеруге тиіс мынадай логикалық білім мен дағдыларды көрсетіледі: ұғымдарға анықтама бере білу; анықтаманың жәрдемімен ұғымдарды тани алу; ұғымдарды жіктей білу; логикалық байланыс жасайтын сөздердің мәнін ажырата білу; пайымдаулар кезінде жіберілетін қателіктерді таба білу; сипаттау; пікір айту; тәсілдерін меңгеру болып есептеледі. Осы аталған білім мен дағды негізінде оқушыларды дұрыс ойлай білуге, ойды жүйелі жеткізе білу дағдылары қалыптастырылады. Сондықтан ой дамытудың логикалық амалдарымен байланысты болады: мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жетікілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтау, пайымдаулар мен ой қорытындылар жасауға т.б. Алдымен оқушыларды танымның әдістерімен, логикалық амалдары және тәсілдерімен таныстырудың жолдары анықталды. [8,170б.].
Бұл зерттеулердің түпкілікті нәтижелері қарастырылған әдістемелердің қайсы біреуін артық деп санауға негіз бермейді. Бұл орайда, басқа факторлардың іс-әрекеттердің мазмұнының оқушылардың дара ерекшеліктерінің, мұғалімнің жеке басының ықпалы - әдістемелердің айырмашылығынан гөрі күштірек болып шығады.
Білім негізі бастауышта демекші, білім берудің алғашқы сатысы - бастауыш білім. Сондықтан баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылықпен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету қажет. Оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бізден тәрбиешілерден өнімді жұмысты талап етсе, балалардан сол бастауыш сынып оқушысына лайықты тұлғаны талап етеді. Ол дегеніміз, балалардың алған білімдерін меңгеруі үшін көп еңбекті қажетсіндіреді. Оны жүзеге асыру жолдары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуды міндеттейді. Яғни, оқу тәрбие барысындағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, сол арқылы қарым-қатынас жасай білуге үйрету өзекті мәселені танытады.
Оқыту үдерісінде оқушылардың алатын білімдерін тең емес екі бөлікке бөлуге болады деп есептелінеді. Оның біріншісі интеллектуалды қызмет тәсілдерін, ал екіншісі оқытылатын пәннің нақтылы материалдарын құрайды. Бұлардың екінші бөлігінің оқу құралдарындағы көрініс табуы біріншісінен артық болғанымен сондай дәрежеде дамыту тұрғысынан алып қарағанда екіншісінің мәні біріншісінен кем болып қалады. Ал нақты материал білімді құрайды. Мұндайда ақыл-ой іс әркеті екіге бөлінеді: өзіндік арнаулы және жалпы логикалық білімдер.
Өзіндік арнаулы білім мазмұны пәндік білімдердің ерекшеліктерін бейнелейтін болса, екіншісі ақыл-ой қызметінің бағдарлық негізі болып, ойлаудың логикалық тәсілдерінің құрылғысын, алған нәтижелердің дұрыстығын бағалайтын логикалық бақылау ережелерін құрайды. Сондықтан оқушылардың ойлау қабілетін дамыту екі категорияға байланысты болатынын атап көрсетеміз: жинақталған білімдер қоры және білім алуға қажетті ойлау амалдарын меңгеру.
Оқу іс-әрекетінің мәні - оқушының пәндік білімдер мен біліктерді меңгеруімен бірге пәндік мазмұнға қатысты іс-әрекет тәсілдерін меңгеруінде де жатыр. Д. Рахымбек Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы және оның соңғы нәтижесі - білімдір жүйесі. Жаңа білімдер жүйесі оқу үдерісінде бұрын игерілген білімдер негізінде жалпы логикалық және арнайы тәсілдер жәрдемімен қалыптасады және дамиды. Сондықтан мұғалім оқушы санасында білім қорының негізі қаланбаса ешқандай ақыл-ой іс-әрекетінің, яғни дамудың болуы мүмкін емес екенін естен шығармауы тиіс - деген пікір айтады.

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту жолдары
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үдерісінде оқытудың мынадай үш құрамды бөліктерін ескеру қажет деп есептелінеді: мазмұндық, амалдық (операциялық), ой-түрткілік (мотивациялық). Мәселен, оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиіс ұғымдар жүйесі, ережелер, заңдылықтар жатады. Бұл мәліметтер оқытудың бөлігі - оқу бағдарламалары мен оқулықта баяндалады. Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады. Оларға оқу материалдарына ең бастыны ажыра алуды, деректерді, құбылыстарды салыстыру, сәйкестендіру мен жалпылауды, өз ойын дәлелдей алуды және ойлаудың амал-тәсілдері мен әркеттік құрамды бөліктерін жатқызады да, оқушылар не мақсатпен, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру оқытудың түрткілік (мотивациялық) аспектісін құрайды. Бұл ойлау үдерісінің құрамды үш бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Олар білім, біліктің негізін қалайды. Сондықтан білімдерді игерудің тәсілдерін қаншалықты тиянақты меңгеру жүзеге асырылса, білім негіздері соншалықты берік қалыптасады, оқушы білім мен ол білімдерді алу жолдарының қажеттілігін саналы түсініп, білімді тәжірибелік жақтан қолдана білуге ынталанса, олардың ойлауы соншалықты жедел дамиды.Ақыл-ой қызметінің логикалық дидактикалық жіктелуі оқу үдерісіндегі оқытудың мақсаты және оның тікелей нәтижесі ретінде қалыптаса отырып, ойлауды дамыту мәселелерін де шешуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық зерттеулер оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Оны пайымдаулар жасап, ой қорытулар жүргізе алуға оқушыларды үйрету кезінде де логикалық маңызы арта түседі. Мысалы, оқушы өзінің құрастырған сөйлемі бойынша айтылатын ойдағы негізгі ұғымды анықтай отырып, оған сөзді таңдауы, ойлау кезінде маңыздыны ажыратады. Оқушылардың логикалық ойлауы ойлау амалдарын орындай алумен, әрекетпен байланысты. Демек, оқушылардың ойлау амалдарын меңгермейінше, оларды пайымдауға, дәлелдеуге және қорытынды шығара білуге үйретуге, мүмкіндік болмайды.Балалар алдына мәселенің шешу жолдарын табу мен белсенділікті талап ететін тапсырмалар жүйесі бастауыш сынып оқушыларын әуел бастан-ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігінен ашылады. Осындай ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және мұғалім тарапынан дұрыс басшылық жасауды талап етеді. Сондықтан оқытудың алғашқы кезеңінен балаларды қайсы бір мәліметтерді олардың қажеттілігі мен қолдану жағдайларын тиісті дәрежеде түсінбей тұрып жай есте сақтауды талап ету ерекше қауіпті. Әрине, бастауыш сынып оқушылары көп нәрсені берік есте сақтай да алады және осының арқасында оқудың тікелей тиімділігіне қол жетеді. Бірақ маңызды сәті - балалардың логикалық ойлауын дамыту назардан тыс қалдыру алдағы бүкіл оқу ісіне зиянын тигізеді. Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы және оқушылардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу үдерісіне байланысты. Сондықтан педагогика үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады. Қорыта келгенде, оқушының әр түрлі пәндік тапсырмалар мен жаттығулар орындау барысында ұшырасатын қиындықтар мен қолайсыздықтар оқу құралының мазмұнының қиындығына, сипаттамасына, мұғалім арқылы ұйымдастырылған оқушылар әрекетінің құрылымына байланысты болады
Соңғы жылдары педагогика ғылымында модельдеу әдісі кеңінен қолдануда (М.И. Зотов, Е.Л. Невский, В.Н. Кузьмина, И.Г. Михеева), бұл әдіс білімнің басқа салаларында да өзін кеңінен ақтап отыр. Модельдеу әдісі бастапқы ұғымдар мен гипотезалар арқылы құрылатын іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Модельден алынған мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің тоериялық негіздерін құру үшін мәнді мазмұнға ие болады. Зерттеу барысындағы жетекші теориялардан туындайтын талаптарға сәйкес бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды басшылыққа алатын теориялық моделін ұсындық. (кесте 1)

2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы

Артық сөзді тапәдістемесі
Әдістеме баланың аналитикалық-синтетикалық ойлау қызметін анықтауға,жалпы түсінік пен жекелей түсініктерді ажырата алуын анықтауға арналған.
Нұсқау:Бағандағы сөздердің қайсысы артық.Неліктен?10 тапсырманы орындауға 10 минут беріледі .Сұрақтарын барма?

Артық сөздің астын сыз:
Роза,фиалка,ромашка,бұршақ,лилия
Өзен,көл,көпір,тоған,теңіз
Қуыршақ,секірмек,құм,доп,машина
Стол,кілем,кресло,төсек,орыындық
Терек,қайың,жаңғақ ағашы,емен,көктерек
Шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш,шыбықша,кв адрат
Алмас,Ардақ,Жасұлан,Қанағатов,Айдос
Сана,бөл,мүсін,шегер,көпте
Көңілді,жылдам,қамықтырғыш,дәмді,ұс тамды
Қаз,ү йрек,көгершін,шағала,арыстан

Кілт:Бұршақ,көпір,құм,кілем,жаңғақа ғашы,шыбықша,Қанағатов,мүсін,дәмді, арыстан
Қорытынды: 10 ұпай - өте жоғары
8 - 9 ұпай - жоғары
4 - 7 ұпай - орташа
2 - 3 ұпай - төмен
0 - 1 ұпай - өте төмен

Артық сөзді тапәдістемесі
4аоқушыларының аналитикалық-синтетикалық ойлауын бағалау

Кесте 1


Т.А.Ә.
Ұпай
Нәтижесі
1.
Х1
4
Жоғары
2.
Х2
3
Орташа
3.
Х3
3
Орташа
4.
Х4
4
Жоғары
5.
Х5
4
Жоғары
6.
Х6
3
Орташа
7.
Х7
3
Орташа
8.
Х8
4
Жоғары
9.
Х9
2
Төмен
10.
Х10
3
Орташа
11.
Х11
2
Төмен
12.
Х12
3
Орташа
13.
Х13
3
Орташа
14.
Х14
4
Жоғары
15.
Х15
3
Орташа
16.
Х16
4
Жоғары
17.
Х17
3
Орташа
18.
Х18
2
Төмен
19.
Х19
3
Орташа
20.
Х20
3
Орташа
21.
Х21
2
Төмен
22.
Х22
4
Жоғары
23.
Х23
3
Орташа
24.
Х24
3
Орташа
25.
Х25
2
Төмен

Қатысқандар саны: 25
Сынып бойынша нәтиже: жоғары - 8
орташа - 13
төмен - 4



Артық сөзді тапәдістемесі
4аоқушыларының аналитикалық-синтетикалық ойлауын пайыздық есеппен бағалау
Гистограмма 1

Әдістемені қорытындылай келе зерттеу қорытындысының пайыздық мөлшері бойынша:

Жоғары ұпай алған 8 оқушы - 32%;
Орташа ұпай алған 13 оқушы - 52%;
Төмен ұпай алған 4 оқушы - 16% құрады.

Артық сөзді тапәдістемесіне

Хаттама№1

Машықкер:
Зерттеу өткізілген мерзімі: 7.04.2017ж
Зерттеу объектісі: 4 А сыныбы
Қатысқандар саны: 25
Қатыспаған:0
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының аналитикалық-синтетикалық ойлауын анықтау

Зерттеу қорытындысы

Зерттеу қорытындысын жалпылау: Бастауыш сынып оқушыларының аналитикалық-синтетикалық ойлау қабілетін анықтау мақсатында диагностика жүргізілді.Бұл сараптама бойынша оқушылар өз бетінше жұмыс жасай алуды, сонымен қатар ойлау процестерінің маңыздылығын ұғына алады. Сынып белсенді, әрі ұйымшылдықпен зерттеу жұмысына қатысты. Қорытынды бойынша 8 оқушы - жоғары, ,13 оқушы - орташа, 4 оқушы - төмен деген нәтиже алды.
Ал пайыздық көрсеткіш бойынша, жоғары - 32%, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ойлау процесінің формалары мен тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Пәндер