Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі
Тақырыбы: Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру.
Орындаған:
Тексерген:
Баға
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Қабілет - адамның іс-әрекетті орындауға икемділігі
1. 1 Қабілет ұғымы, түрлері және адамның қабілет табиғаты . . .
1. 2. Нышан және қабілет . . .
1. 3 Дарындылық -нышанның ықпалы мен қалыптасқан қабілеттің түрі
2. Оқушы қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыру жолдары.
2. 1. Оқушылардың қабілетін дамыту
2. 2. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы қабілетін қалыптастыру жолдары
3. Оқушы қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыру жолдарын анықтаудағы эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың нәтижелерi
ҚОРЫТЫНДЫ .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі - еңбектің, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.
Қабілеттің жіктелуі өте көп, соның ішінде табиғи немесе тума биологиялық нышанға байланысты, немесе арнайы, олар қоғамдық тарихи шығу төркініне байланысты. Қабілеттілік - адамдардағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат Біз бір жағдайда оқып, тәрбиеленген адамдардың жетістіктерін талқылау барысында олардың қабілет деген түсінігіне назарды жиі аударамыз. Бұл түсінікті. Тек білім, іскерлік, дағдыларды негізгі қабілет кезінде немесе бұл мағлұматтарға ие бола алмаған жағдайда жиі пайдаланамыз. Қабілет дегенді белгілі бір немесе бірнеше іс-әрекетті нәтижелі меңгеру кезінде индивидуалды ерекшеліктерді атап көрсетуде қолданылады. Адам қабілетін дамыту бүгінгі таңда өте қажетті, себебі қоғам талаптарына сай әр іске қабілетті, немесе өз қабілетін қоғам жағдайына сай дамытып отыратын тұлға тәрбиелеу- білім беретін мекмелердің басты ұстанымы болмақ. Қабілеттің ең жоғары түрі- дарындылық, оны дамыту мен қалыптастыру қазіргі білім беру мен тәрбие мақсатының негізі болып саналады. Осы бағытта Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі “Білім беруді дамыту бағдарламасында”: “Бүгінгі білім берудегі басты мақсат-тек білім, білік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту”, делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізуі тиіс. Дарындылық-белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін адам қабілетінің ерекше қосындысын айтамыз. Адамның индивидуалдық ерекшелігі дарындылыққа қызығу бағытына байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қабілет ұғымы, түрлері және адамның қабілет табиғаты мәнін ашу
- Нышан және қабілет ұғымдарын айқындау
- Дарындылық -нышанның ықпалы мен қалыптасқан қабілеттің түрі екендігін анықтау
- Оқушылардың қабілетін дамытудың мәнін ашу
- . Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы қабілетін қалыптастыру жолдарын анықтау
- Оқушы қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыру жолдарын эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы анықтау
Зерттеу обьектісі : бала қабілетін дамыту
Зерттеу әдістері: синтез, анализ, мазмұндау, бақылау, сауалнама, эксперимент
Зерттеу саласы: оқыту-тәрбие үрдісі: психология
Зерттеу базасы: Семей қаласы. Бегалин атындағы орта мектеп, 4 сынып
Гипотеза: оқу-тәрбие үрдісінде бала қабілетін дамытуды жан-жақты, жүйелі, бірізді жүргізу арқылы бала дарындылығын ашуға ықпал етуге болады.
Зерттеу жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік мәні: Оқу- тәрбие үрдістерінде бала қабілетін дамытудың теориялық негізін және эксперимент жұмысының нәтижелерін жекелеме пән мұғалімдері оқытудың дамыту функциясын жүзеге асыруда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс келесі бөлімдерден құралған. Кіріспе бөлімі зерттеу аппаратынан тұрады, онда курстық жұмыстың өзектілігі, курстық жұмысты жазудағы мақсат - міндеттер мен қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалады, негізгі бөлімнің «Ойлау-психикалық процесс» атты 1 тарауында «Қабілет - адамның іс-әрекетті орындауға икемділігі» онда қабілет ұғымы, түрлері және адамның қабілет табиғаты, нышан және қабілет, дарындылық -нышанның ықпалы мен қалыптасқан қабілеттің түрі екендігі, 2 тарауы: «Оқушы қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыру жолдары» деп аталады онда, оқушылардың қабілетін дамыту мен оқу-тәрбие үрдісінде оқушы қабілетін қалыптастыру жолдары жазылды. 3 тарауда оқушы қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыру жолдарын анықтаудағы эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың нәтижелерi ұсынылған. Қорытынды бөлім мен қолданылған әдебиеттер қосымша ұсынылады.
1. Қабілет - адамның іс-әрекетті орындауға икемділігі
1. 1 Қабілет ұғымы, түрлері және адамның қабілет табиғаты
Қабілет деп - әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған; тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі етіп атқаруы. Адамның қабілеттілігі бұған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай өрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынандай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:
1) Іс-әрекетті тез өзгерту.
2) Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы. Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда; біріншіден, қолға алған істі қалайда тез және табысты меңгеріп; сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса; екіншіден; белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе - оны қабілетті адам дейді. Сондықтан қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып; іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады? Қабілеттілік - адамдардағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат Біз бір жағдайда оқып, тәрбиеленген адамдардың жетістіктерін талқылау барысында олардың қабілет деген түсінігіне назарды жиі аударамыз. Бұл түсінікті. Тек білім, іскерлік, дағдыларды негізгі қабілет кезінде немесе бұл мағлұматтарға ие бола алмаған жағдайда жиі пайдаланамыз. Қабілет дегенді белгілі бір немесе бірнеше іс-әрекетті нәтижелі меңгеру кезінде индивидуалды ерекшеліктерді атап көрсетуде қолданылады. Алайда "қабілет" термині өте ертерек кезде пайда болса да, бұл термин бір мағынада қолданылмайды. Барлық түсініктерді қорыта келе, оны негізгі З типке біріктіруге болады:
1. Психикалық процестер мен жағдайлардың бірлесуі-қосылу жиынтығы. Бұл қабілет терминін кең ертеректе түсіндірілу мағынасы
2. Адамның іс-әрекеттерді орындау барысында арнайы және жалпы білім, іскерлік дағдыларының өте жоғары деңгейде дамуы. Бұл түсінік психологаяда 18-19 ғасырда пайда болды. Қазіргі уақытта да кездеседі.
3. Қабілет- іскерлік, білім, дағды емес, алайда олардың іс жүзінде тез пайда болуы, бекуі, нәтижелілігін қамтамасыз ету
Ресей психологиясындағы эксперименттік зерттеулер соңғы кезде 3 көзқарас бойынша негізделген. Бұл көзқарастар дамуына үлес қосқан Б. М. Теплов болды. Ол "қабілет" түсінігінің 3 белгісін атап көрсетті:
1. Бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға болатын иңдивидуалдық ерекшеліктер
2. Қабілет дегеніміз барлық индивидуалдық ерекшеліктер емес, тек белгілі бір іс-әрекетте немесе көптеген іс-әрекеттерді орындауға нәтижелілік, жетістік қарым-қатынасы
3. "Қабілет" түсінігіне адамдарда қалыптасқан іскерлік, білім, дағды жатпайды.
Қабілеттің түрлері:
Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі - еңбектің, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.
Қабілеттің жіктелуі өте көп, соның ішінде табиғи немесе тума (биологиялық нышанға байланысты), немесе арнайы, олар қоғамдық тарихи шығу төркініне байланысты.
Табиғи қабілет адамдарда сонымен бірге жоғарғы деңгейдегі жан-жануарларда да бар. Мысалы: Қарапайым қабылдау, ес, қарапайым коммуникативтік қарым- қатынас.
Арнайы қабілет жалпы және арнайы жоғары интеллектуалды қабілет болып бөлінеді. Олар теориялық және практикалық заттық немесе жеке-дара қарым-қатынас т. б.
1. Жалпы қабілет - акыл-ой өзгешіліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез -келген адамнан табылатын, адамдардың кез-келген іс-әрекет түрінде көрінетін жетістік. Ол барлық адамға тән. Адамның ақыл-ой өзгеіпеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез-келген адамнан табылатын қабілет - жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер - жалпы қабілет болып табылады.
2. Арнайы қабілет - іс-әрекеттің арнайы, жеке салаларында түрінде көрінетін ерекше нышанды қажет ететін кейбір адамдарға тән қабілет түрі. Oған: музыка, математика, лингвистика, техникалық, әдеби т. б. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нөтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті - арнаулы қабіле. т деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Қабілетті зерттеушілердің айтуынша, арнайы және жалпы қабілет бір-бірімен дау-жанжалға түспейді, олар бір-бірін толықтырып, кеңейтеді. Қарым-қатынас, жеке дара қарым-қатынас қабілеттері әлеуметтенген. Олар адамды қоғамда өмір сүру барысында қалыптастырады.
3. Теориялық және практикалық қабілеттің бір-бірінен айырмашылығы,
теориялық қабілет адам абстрактілі-теориялық ойлауымен, практикалық қабілет нақты практикалық әрекеттермен сипатталады. Олардың жалпы және арнаулы қабілеттен айырмашалығы, бұлар көп жағдайда бір-бірімеп үйлеспейді, бірікпейді. Екеуінің үйлесуі өте сирек, бұл көбінесе данышпан, жан-жақты дамыған адамдарда кездесуі мүмкін.
4. Оқу және шығармашылық қабілет
болып бөлінеді. Олардың айырмашылықтары, біріншісі-оқу жетістігін қамтамасыз етеді, екіншісі-жаңа материалды және ішкі рухани заттардың пайда болуы, жаңалықтар т. б. әсер етеді. Кейбір авторлар оқу қабілеттері жалпы қабілетке, ал шығармашылықты- арнайы, шығармашылық жетістігін анықтаушы қабілетке жатқызады.
Қабілеттің әрі дамуы нақты іс-әрекетте көрінеді.
Қабілеттің құрамында екі компоненттті айтуға болады:
- негізгі компоненттер
- қосымша компоненттер
Негізгі және қосымша компоненттер бірлікті құрайды және ол іс-әрекетті жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. Е. П. Ильин пікірінше белгілі бір іскерлік пен білімді қабылдаудың өтемақысын индивидуалдық типтік іс-әрекетін қалыптастыру немесе басқа аса дамыған қабілеттің түрі арқылы жүзеге асыруға болады. Жоғары дамыған адамдар жетіспейтін қабілеттің түрін ол басқа да қабілет түрімен толықтырады.
Адам қабілетіне мінездеме беруде адамның шеберлік деңгейіне де назар аударады. Шеберлік- нақты іс-әрекеттегі жоғары дәрежедегі жетістік. Адамның шеберлігі туралы сөз қозғағанда оның ең алдымен өнеркәсіптік іс-әрекетпен айналыса алу қабілеті туралы айтылады.
Адамның қабілет табиғаты туралы. Адамның қабілет табиғаты туралы пікірталастар әлі толастанған жоқ. Соның бірі Платоннан басталады. Бүл кезқарас бойынша кабілет биологиялык, олардың көрінуі, туа біткен касиеттерге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеу, олардың көріну жылдамдыгына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарындылыгы - 3 жас, Рафаэльде - 8 жас, Ван Дейкте - 10 жаста көрінген.
Келесі көзқарастар адамның кабілеті оның миының салмағына байланысты. Ересек адамның миының салмағы орташа есеппен 1400 грамм. Дарынды адамның миының салмағын зерттегенде олардың ми салмагы орта есептен сәл жоғары. Мыс: И. С. Тургенев - 2012г., Д. Байрон - 1800 г. т. с. с.
Алайда кейін бүл көзқарастар өзінің дәлелсіздігін көрсетті. Атақты химик Ю. Либихтың миы - 1362г., А. Франсис - 1017. Ең үлкен, ауыр ми - 3000г, ақыл- ой кемістігі бар адамда болып шықты.
Қабілет тұқымға байланысты идеясы Франц Галл ілімінде, кейін ол френология (грекше- ақыл және ілім) деген атқа ие болды. Френологтар "адамның психикасының ерекшелігі адамның бас сүйегіне байланысты" деп түсіндіруге тырысты. Адам миының жарты шарлары бірнсше орталықтан тұрады. Осы орталықтарда адамның қабілеттері шоғырланған. Осы қабілеттердің даму дәрежесі мидың белгілі бір бөліктерінің елшеміне байланысты. Арнайы өлшемдер негізінде френологиялық карта жасалды. Адамның бас сүйегі 27 бөлікке бөлінеді, әрбір бөлік белгілі бір индивидуалдық ерекшелікке сәйкес. Соның ішінде: музыка, живопись, шыншьілдык, өнер, сараңдық, батырлық т. б. бөліктерге бөлді. Алайда бұл тәсіл негізсіз болды. Көптеген бассүйектерді ашу барысында бассүйек міндетті түрде адам миының жартышарынын көлемін қайталамай шықты. Психология мен адам ерекшелігі бұндай тәсілмен зерттеу негізсіз, ғылымға сай келмеді.
Фрэнсис Гальтон еңбектері бұл салада қызықты. Ол қабілетті Ч. Дарвиннің эволюция теориясына сәйкес зерттеді. Көптеген дарынды адамдардың өмірбаянын зерттеу барысында ол аса дарынды, ақыл-ой және дене дамуын зерттеу арқылы, тұқым қуалау арқылы адам табиғатын жақсартып, жаңа расаны (нәсілді) шығаруға болады, - деді. 20 ғасырда Гальтон идеясын Коте әрі дамытты. Танымал адамдардың дарындылық деңгейін энциклопедиялық сөздіктегі жолдарға байланысты 400 адам іріктелген. Бұл адамдардың жоғарғы қабілеттері бірнеше ұрпақта көрінген.
Бұл зерттеулерді негізсіз деуге болмайды. Әсіресе Бах өмірбаяны қызықты. Алғаш музыкалық қабілегі 1550 жыл көрінген. Отбасының басшысы В. Бах деген наубайханашы Т. Рибо өзінің "Наследственность душевных свойств" деген еңбегінде: Бах жұмыстан соң музыка, ән тындау арқылы жан рахатына батады. Оның 2 ұлы болды. Осылардан Германияда екі ғасырға жуық атақты музыканттар шықты. Бах отбасында 60 музыкант, сонын 20-сы өте танымал. Л. Н. Толстойдың әжесі-Ольга Трубецкая мен А. Пушкин әжесі-Евдокия Трубецкая апалы-сіңілілер болтан. Шиллер мен Гельдер, Шеллинг пен Гегель туысқандар болған. Олардың ортақ атасы 15 ғ. өмір сүрген - Иоган Кант.
Қабілеттің дамуы ортаға да байланысты. Қазіргі уақытта егіздер әдісі қабілет дамуына орта мен тұқым қуалауды зерттейді. Егіздер әдісінің мақсаты мақсатты түрде егіздерді зерттеу. Осы ретте бір клеткадан тараған монозиготалы және ағалы-апалы (сибс) жұптары зерттелді. Монозиготалы жұптарда қабілеттің даму деңгейі 70-80 процент, сибс жүптарда 40-50 процент келеді. Аталған зерттеулер, қабілеттің, соның ішінде нышандардың дамуына тұқым қуалаушылыққа әсерін тигізетінін анықтады.
Алайда қабілеттің дамуына орта әлде тұқым қуалаушылықтың қайсысы маңыздырақ? деген сұрақ әлі күнге дейін ашық.
Бұл сұраққа жауапты А. Басс пен Р. Плоумин еңбектерінде бар. Олар гомозиготалы және гетерозиготалы егіздерді зерттеді. Әртүрлі отбасында тәрбиеленген гомозиготалы егіздерде индивидуалдық-психологиялық тәртіпте көп алшақтық байқалмаған көп жағдайда бір отбасында тәрбиеленген, өскен сияқты дәрежеде қалған егіз балалар бірдей тұқым қуалауы, әртүрлі отбасында тәрбиеленген балалар, бір-біріне өте көп ұқсайтын болды. Тетелес балаларды тәрбилеуде оларға бірдей іспен шұғылдану мүмкіндігі өте аз болады да, олардың арасындағы байланыстар көп жағдайда біркелкі болмайды, - деп түсіндіріледі.
Тұқым қуалау қабілетіне көптеген отбасыларда өртіс, суретші, мұғалім т. б. іс-әрекетін атайды. Алайда бұны тек биологиялык деп қарауға болмайды., ол әлеуметтенген. Бала ата-анасының мамандығын таңдау себебі, кішкентай күнінен ол бұл мамандықты жан-жақты танып біледі.
Келесі көзкарас кабілет тәрбие мен оқытуға байланыстылыкы. 18 ғ. К. А. Тельвеций тәрбиелеу арқылы дарындылықты дамытуға болады, -деді. Бұл көзқарасты жақтаушылар танылмаған дамуда артта қалған елдерде балаларды оқыту арқылы дамытып, олар европалықтардан кем болмай шығады, -дейді. "Маугли-балаларды " мысалға келтіре отыра, олар адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, дейді. О. Н. Овчинникова, Ю. Б. Гиппенрейтер, А. Н. Леонтьев басшылыгымен жоғары дәрежедегі дыбыстар зерттелді. Осы перцептивті қабілет арнайы әдістер арқылы зерттелу барысында орыс сыналушыларда бұл қабілет дамымағанын анықтаған. Осы өдісті вьетнамдықтарға қолданған кезде оларда көрсеткіш жоғары болтан. Олардың музыкалық қабілеті 100 процент болды. Орыс тілі тембрлік, ал Вьетнам - тональді тілге жатады. Вьетнам тілінде дыбыс ойлық ерекшелік функциясын атқарады, ал орыс тілі жоғаргы тілдік дыбыс. Ал оларда бұндай функция жоқ. Орыс тілі европа тілдері сияқты тембрге байланысты ерекшеленеді. Соның нәтижесінде вьетнамдыктар өте ерте кезден бастап тілді, музыкалық қабілетті дамытады. Бұл мысал қабілеттің қалыптасуына орта мен жаттығу әсері барлығын көрсетеді. Бұл көзқарастардан шығатын қорытынды адамда кез-келген қабілетті қалыптастыруға болады. У. Ушби былай дейді: қабілет адамның балалық шағында қалыптасқан интеллектуалды іс-өрекет бағдарламасы болып табылады. Өздерінің бағдарламаларына сәйкес кейбір адамдар өз есептерін шығармашылықпен шығарады да, кейбіреулер өздеріне не үйретті соған байланысты жауап қайтарады. Қазіргі уақытта бұл көзқарастағылар арнайы орталықта дарынды балаларды "өсірумен" шұғылданады.
Б. М. Теплов, В. Д. Небылицын, АН. Леонтьев т. б. қорыта келе, адамдардың қабілеті табиғаты жағынан биоәлеуметтік деуге болады. Тұқым қуалаушылық қабілет дамуына әсерін тигізеді.
1. 2. Қабілет және нышан
Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Қабілет - адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілеттің даму деңгейінің жіктелуі: Қабілет дарындылық, талант, данышпандық. Қабілет туа пайда болатын нәрсе; қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік - нышан. Нышан- қабілеттің алғашқы табиғи негізі. Ол әлі дамытылмаған, алайда іс-әрекеттің алғашқы кезеңінен де көрінеді. Әрине, қабілет мидың анатомиялық ерекшелігіне, соның ішінде мидың микроқұрылысына байланысты. Бұл ерекшеліктерді индивидтің әртүрлі әрекеттерге психофизиологиялық процестермен қарым-қатынасынан көрінеді.
Қабілет дамуына нышан қажет. Нышан-нерв жүйелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Ол қабілеттің табиғатын дамытушы. Интеллектуалды қабілет нышаны - ми іс-әрекет функцияналдығымен көрінеді. И. П. Павлов нерв және туа біткен ерекшеліктерді генотип деп атады. Бұндай ерекшеліктерге ол мынаны жатқызады:
1) Қозуға байланысты нерв жүйесінің күші, яғни күнделікті, интенсивті, жиі қайталанатын қысымдарға байланысты күшті төзе алу қабілеттілігі, яғни тежелуді көрсетпеу.
2) Тежелуте байланысты нерв жүйесінің күші, яғни ұзақ, жиі қайталанатын тежелу әсеріне төзімділік қабілетті.
3) Тежелу мен қозуға байланысты нерв жүйесінің тепе-теңдігі, яғни қозу және тежелу әсеріне нерв жүйесінің реактивтілігі.
4) Нерв жүйесінің мобильділігі, нерв жүйесінің қозу мен тежелу процестерін алмастыра алу қабілеттілігі.
И. П. Павлов пен оның шәкірттерінің зерттеулерінде адамның миы өмір сүру барысында өзгереді. Балада типологиялық ерекшеліктер өте ерте байқалады. Осы алғашқы нышан. Б. М. Теплов өзінің соңғы еңбектерінде, типологиялық ерекшеліктер әржақты, олар мінез бен қабілеттің табиғи негізін құрайды. Жалпы және арнайы қабілеттің қалыптасуына кимыл-қозғалғыштық, күш, тепе-теңдік ерекшеліктері әсер етеді. Нерв процестерінің күші қимыл-қозғалыс пен тепе-теңдік бірлескенде - қозғалмалы тип пайда болады да ол жеке бастың коммуникативтік ерік күш жігердің қалыптасуына ал ол қасиеттер қоғамдық белсенділік пен ұйымдастырушылық қабілеттердің дамуына негіз береді.
Қазіргі кезде дифференциалды психология адамның нерв жүйесі 12 өлшемді жіктемесі пайдаланылады. Оны Р. Д. Небылицын ұсынған. Оған сегіз алғашқы ерекшелік (күшті, қозғалғыш, динамикалық, лабильді, қозу мен тежелу. байланысты лабильділік) және төрт екінші ерекшелік (осы негізгі ерекшеліктердің тепе-теңдігі) . Зерттеулердің дәлелдеулері бойынша бұлар жалпы, сонымен бірге жеке анализаторларға жатады.
И. П. Павлов индивидауалдык ерекшеліктерге байланысты:
- Суретші тип (1сигналдық жүйе басымдылық етеді)
- Ойшыл тип (2 сигналдық жүйе басымдылық етеді)
- Орташа тип (аралас) басымдық етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz