Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы мектептеріндегі химияны оқыту ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы мектептеріндегі химияны оқыту ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011200 - «Химия »
Алматы, 2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Химия кафедрасының
«__» 2016ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы мектептеріндегі химияны оқыту ерекшеліктері»
5В011200 - «Химия»
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ
ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»
кафедра меңгерушісі
Ахметов Н. К.
«__» 2015 ж.
Диплом жұмысқа
ТАПСЫРМА
Студент университет ректорының 12. 11. 2015 ж. №03-01-01-03/15 бұйрығы бойынша «Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы мектептеріндегі химияны оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дипломдық жұмысы бекітілді.
Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі «__» 2016 ж.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінде қазақ орта мектеріптеріндегі химия пәнін оқыту әдістерін сараптау;
2. Екі елдегі қазақ орта мектептеріндегі химия пәнінің мазмұны мен оны оқыту әдістемесін салыстырып, ерекшеліктерін анықтау;
3. Анықталған сипаттамаларды, мазмұнды, әдістемелерді, ерекшеліктерді пайдалана отырып, жергілікті қазақ мектептерінде химиядан эксперименттік сабсқтарын жүргізу.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
- Құсайынов А. Қ. Оқулықтану, өзекті мәселелері. - Алматы, 2000. - 144 б.
- Құсайынов А. Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. - Алматы, 2013. - 196 б, .
- Нұрахметов Н. Н. Химия курсы қандай болуы тиіс. // Химия мектепте, 2015, № 1, б. 7-14.
- Қантарбай С. Е. Оқу әрекетіне танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Ақтөбе: Білім, 2010. - 232б.
- Нұғыманұлы И. Н., Шоқыбаев Ж. Ә., Өнербаева З. О. Химияны оқыту әдістемесі. - Алматы, print-s 2005 ж. - 365 б.
- Құсайнов А. Қ., Асылов Ұ. Ә. Оқулық жазудың әдістемелік ерекшеліктері. - Алматы: Рауан, - 2000. - 144б.
- ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы. Егеменді Қазақстан, - 2012 ж. - 2 наурыз, - № 52 (24305) .
- Кузнецова Н. Е. Формирование систем понятий при обучении химии. М. : Просвещение. -1989. -145c.
- Сорокин В. В. Научно-методические основы обучения на базе деятельной теории учения. РГПУ. М., -1992. - 370c.
- Мансұров Б. А. Органическая химия. Алтернативный учебник для 10 кл. -Алматы, ғылым - 2001, -170c.
- 赵宁, <初中化学大钢及教材分析> // 东北师范大学出版, 1999, -35-4页
- 新疆出版社<中学教科书>//九年义务教育. -1999, -2001.
- ҚХР Шинжаң оқу-білім баспасы химия бөлімі. Тоғыз жылдық міндетті оқу ағарту тізіміндегі үш жылдық орталау мектепке арналған оқулық. // 8-9-10-11-сынып оқулығы, 2000ж. - 56б.
- Міндетті оқу-ағарту түзіміндегі сабақ өлшемі бойынша құрастырылған сынақ оқулық. Химия: 9- жылдық 2-бөлімге арналған оқулық. - Шинжаң оқу-ағарту баспасы, 2010. 5-басылым. - 9-126б.
Сызба материалдардың тізімі:
- Сурет-1. ҚР-дағы білім беру жүйесінің қазіргі сұлбасы
- Сурет-2. ҚР-дағы орта білім беру жүйесінің болашақтағы нұсқасы
- Сурет-3. Химиялық реакция теңдеуі
- Сурет-4. Ерітінді тарауынан шағын қорытынды
- Сурет-5. Игерілген білімнің пайыздық үлесі
- Сурет-6. Эксперимент және бақылау тобындағы салыстыру диаграммасы
- Сурет-7. Эксперименттік және бақылау сыныптарындағы пайыздық өлшем деңгейі
- Кесте 1. - 2011-2012 жылдардағы лицей мен гимназия жайлы мәліметтер
- Кесте 2. Негізгі мектептердің базалық оқу жоспары
- Кесте 3. Жаратылыстану бойынша орындалған тестілердің нәтижесі
- Кесте 4. Екінші кезеңдегі химия пәні
- Кесте 5. Екінші кезеңдегі химия пәні, оған бөлінген сағаттық жүктеме
- Кесте 6. Химия пәні бойынша 8-сыныпқа арналған оқулық
- Кесте 7. Теориялық деңгейдегі айырмашылық
- Кесте 8. Бағдарлама бойынша сағат саны
- Кесте 9. Химия пәні бойынша 9-сыныпқа арналған оқулықтардың мазмұндық ерекшеліктері
- Кесте 10. Сабақ оқыту барысы
- Кесте 11. Элементтердің сипаттамасын толтыру кестесі
- Кесте 12. Білім деңгейін анықтау өлшемдері (%)
- Кесте 13. Оқушылардың көміртек туралы білімді меңгеру нәтижесі
- Кесте 14. Оқушылардағы химиялық білімді меңгеру дәрежесі, %
Дипломдық жұмысты орындаудың
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Зерттеу нәтижелерін апробациялау
а) Студенттердің ғылыми конференциясына қатысу
б) зерттеу тақырыбы бойынша мақала жазу
Тапсырма берілген күн «__» 2015 ж.
Ғылыми жетекші:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Жаңа есік ашқан ғасыр әлемнің барлық елдерінде экономиканың, ғылымның және мәдениеттің қауырт дамуымен ерекшеленеді, бұл жағдай мемлекетаралық экономикалық бәсеке тікелей жалпы білім беретін мектепте қалыптасатын интеллектуалды ахуалға тәуелді болатынын байқатып отыр. Осыған байланысты қоғамның әрі қарай дамуының қозғаушы күші міндетін білім беру жүйесі атқаратындықтан, үздіксіз білім берудің базалық буыны ретінде жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік және экономикалық прогрестің негізін қалайды. Білімді әлемдік деңгейге көтеру білімді және білім беру жүйесін дамытуға тәуелді болды. “Қазақстан республикасындағы білім және ғылым” атты ақпараттық статистикалық материалдар жинағында ел басы айтқандай, XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдердің тығырыққа тірелері анық [1. 4] . Республикамызда білім беру жүйесінің одан әрі дамуының стратегиясы жетілдіру міндеті анық. Білім берудегі жаңа жетістіктердің жүйесін табу тек Қазақстандықтардың емес, әлемдік педагогикалық ғылым саласына ортақ мәселе. Осы ретте Қазақстан Республикасы, әсіресе тәуелсіздік кезеңінен соң әлемдік деңгейден артта қалмау үшін білім беру жүйесінде - әлемдік білім деңгейіне көтерілу, техникалық ғылымдар дамыту, оқытудың жаңа әдістерін қолдану секілді маңызды әрітүбегейлі жаңаша міндеттер қойып отыр. Білім беруді халқаралық стандартты жіктеу үсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру, білім беру жүйесінің материалдық - техникалық базасын нығайту; білім беруді, ғылым мен өндірісте ықпалдастыру; көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігінің қамтамазыз ету секілді бір қатар нақты міндеттер қойылып отыр [3] . Қазақстан Республикасының білім жүйесін сапалы түрде реформалау және дүниежүзілік білім жүйесіне ену үшін әлемдік білім жүйесіндегі озық тәжірибелерді жинақтап, сұрыптап, оның тиімді тұстарын енгізу қажет. Әлемде көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, жекеленген мемлекеттердегі оқу-ағарту, білім беру салаларындағы ізденістер мен демократияланған үрдістер, әуелі білім мазмұнын тереңдетіп, қазіргі заман талаптарына сай болуын қажет етіп отыр. Ал, әлемдегі қауымдастықтың бөлінбес бір бөлігі ретінде Қазақстан Республикасы ізгілік білім беру тұжырымдамасында “білім берудің ізгілік сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде құдірітті мәдениет үлгілірін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап алатын субъект ретінде көрінумен белгіленеді” - делінген. Мұндай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруда, осы салаға байланысты болатын әлемдегі түрлі елдердің жетістіктерінде талдауды керек етеді.
Қазіргі кезде Республикада жұргізіліп жатқан білім реформасы, оның ұйымдастырылуы, экономикалық, құқықтық, құрылымдық және мазмұндық құрамдастардың түбегейлі өзгеруіне бағытталған кешендік шаралар мақсатымен тығыз байланысты. Білім жүйесіне жаңадан енгізілетін мәннің, сипаттың және бағыттылықтың дәйектіде айқындаушы есептері бар: Қазақстан Республикасының егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуы; нарықтық экономика үлгісінде бағытталуы; жеке меншіктің түрлі түрін дамыту; әлемдік білім жүйесіне енуі. Еліміздегі білім жүйесін реформалау үрдісі мен ісінің тимділігі осы айтылған есептермен қатар, оларды қаншалықты терең түсініп, қаншалықты оңтайлы пайдалана алғандыққа да тәуелді болмақ.
Жалпы педагогика тарихына шолу жасағанда салыстырмалы педагогика мен әр түрлі мемлекеттердегі оқыту әдістемесін салыстырудың толық дамымағаны байқалады. Ол әсіресе әлеуметтік-экономикалық және саяси экономика кезеңдерінде әлемнің түрлі елдеріндегі халыққа білім берудің жайын терең зерттеген тұста айқында өткір сезіледі. Ұлыттық білім жүйесін даму тұрғысынан қарастырғанда оның тимді тұстарын пайдалану үшін шет елдің тәрбиесін зерттеген ләзім. Осы орайда ондағы ерекшеліктері еуропалық мемлекеттерде болып өткен буржуазиялық капитализм мен буржуазиялық революция кезеңдерінде зерттеу нысаны болғаны байқалады, оның бастаушылары Париждегі Марк Антуан Жюльен, Сорбон университетінің профессоры Виктор Кузен, неміс педагогтері К. А. Крузе, Фредрих Тирш, Ф. Харкорт, америка педагоктері Г. Мани, Г. Бернард, К. Стоу, Ч. Турбер, А. Флекснер, ағылшындық М. Сэдлер және т. б. Бұған ресейліктер К. Г. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. Даденков, П. Копнист, П. Г. Мижуев, А. Музыченко, М. А. Поспелов және т. б. педагогикалық зерттеулерді жатқызуға болады.
Әдістеме саласы айтарлықтай зерттелініп, әлемдік дәрежеде дамыған болса да, салыстырмалы педагогика саласы өз деңгейінде әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұған жоғарыда келтірілген ойлармен қатар олардың даму географиясы да дәлел. Сол сияқты оған әр әлемдегі өркениеті түрлі дәрежеде дамыған мемлекеттер деңгейі мен өзара ықпалдасу үрдісі де, түсінісуі де, тіпті саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы да себеп болса керек. Сондықтан да әр түрлі елдердегі білім беру мәселелерінің сан-алуан саласы бойынша ықпалдасқан, кіріктірілген мәлімет алу міндеті, педагогикалық білімнің нақ осы саласының үлесіне тиесілі, өйткені бұл сала педагогикалық ілімді әлемдік дәрежеде біріктіре, үйлестіре алатын тарихи кезеңде тұр. Алайда Қазақстандағы педагогика ғылымының даму бағыты мен деңгейін талдаудың нәтижелері көрсетіп отырғанындай, И. Н. Нұғыманов, Н. Н. Нұрахметов, Ж. Ә. Шоқыбаев, А. К. Құсаинов, Г. К. Нұртаева, С. Ж. Жайлау, еңбектерінде қарастырылған. Мұндай жағдай Ресейде де, ТМД елдерінде де сақталуда. Бұл аталмыш тақырыптың көкейкестілігін еселей түсуде. Ал білім жүйесінің әлемдік стандартқа қарай бағыт алу үрдісі, оның қалыптасуы басталып та кеткендіктен, зерттеу жұмысының мағынасы мен мәні, міндеті артуда. Қазірше бұл мәселе Қазақстан Республикасында белгілі деңгейден аспай отырғандықтан, қарама- қайшылық пайда болуда. Екінші жағынан өзгелердің өзгерісі мен жетістігін, республикадағы білім жүйесіне, оны теориялық тұрғыдан талдамай, практикалық сынақтан өткізбей- ақ, механикалық түрде енгізе салу қарама- қайшылыққа әкелуі мүмкін. Осы зерттеу Қытай Халық Республикасы (ҚХР) мен Қазақстан Республикасының (ҚР) қазақ мектептерінде химия пәнін оқытудың мазмұнын, әдістемесін салыстыра зерттеуге арналған бітіру жұмыс және ол оң нәтижені тиімді қолдану мақсатында білім жүйесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты айқындауға, оны тұжырымдауға бағытталған. Осы жағдай және жоғарыдағы қарама- қайшылықтар «Қазақстан Республикасы және Қытай халық республикасы мектептеріндегі химияны оқыту ерекшеліктері» деп бітіру жұмысының тақырыбын таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Қытай Халық Республикасындағы химиядан білім беру жүйесінің мазмұны мен Қазақстан Республикасы мектептеріндегі химияның мазмұнын салыстыру және оның ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінде қазақ орта мектеріптеріндегі химия пәнін оқыту әдістерін сараптау;
- Екі елдегі қазақ орта мектептеріндегі химия пәнінің мазмұны мен оны оқыту әдістемесін салыстырып, ерекшеліктерін анықтау;
- Анықталған сипаттамаларды, мазмұнды, әдістемелерді, ерекшеліктерді пайдалана отырып, жергілікті қазақ мектептерінде химиядан эксперименттік сабсқтарын жүргізу.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі: Зерттеу тақырыбына сәйкес химияны оқыту бағдарламаларын салыстыру, білім беру стандарты негізінде, химиядан берілетін білімнің жеке тұлғаны қалыптастыруға қосатын үлесін анық көрсету болып табылады.
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы химия пәнін оқыту процесі.
шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл Әл-Фараби “Бақытты болу, камелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығыда білімділікке байланысты. Шын мағынасында білімділік үлкен адамгершілік сипат, зиялылық адамның жақсы мінезінен, білім-дағдысынан, имандылық қасиеттерінен туындайды. ” - деп көрсетсе, қазақтың педагог-ағартушысы және жазушысы Ыбырай Алтынсарин “Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқып-тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ. ” - деп ой түйген, ал заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов “Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр. Осы күнде ғылыми мәдинет жерді, суды ауаны аспанды ай жұлдызды биледі, ”-дейді. Бұл ой иелері өткен он ғасырдың арасында әр түрлі тарихи, әлеуметтік, саяси экономикалық сипаттағы қоғамдық дәуірлерде өмір сүргеніне қарамастан, ол күні бүгінге дейін мәнін жогалтқан жоқ. Мұнын өзі білім жүйесінің мәнгілік мақсатқа қызмет ететінін дәлелдейді. Ал Ата Түрік “ Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті, ”-деген, Елбасы Н. Назарбаев “Білім жүйесіне қызмет ету -еліміздің болашағына қызмет ету” деп бағалады. Демек, Елімізді XXI ғасыр дамыған елдермен теңестіріп өркениетті әлемнен орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет -білім, білімді ұрпақ. Оған өткеніміз бен бүгінгіміз осыған орай жүріп жатқан құбылыстар мен қабылдаған заңдармен заң күші бар құжаттар дәләл. [1-15] .
Қазақстан-1991 жылының қазан айына өз тәуелдігін жариялаған жас республика. Содан бері Қазақстан мемлекеті БҰҰ-ның, көптеген Халқаралық экономикалық, саяси және мәдени ұйымдардың толық мүшесі болды, бұл еліміздің, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты қауымдасы болуына деген ниеті мен ұмтылысын көрсетеді, сол сияқты өз тәуелсіздігін нығайтудағы халқаралық қауымдастықтағы рөлін де айқындайы. Егеменді Қазақстанның барлық салаларды қайта құру мен реформалау ісіндегі білім, ғылым, зиялылық әлеуметінің жиынтығы - аса қуатты жасампаздық факторы. Нақ осы себепкерлер қоғамдық санаға, ой-сезімге ықпал ету арқылы еліміздің нарықтық жүйеге өтуін жеделдетпек. БҰҰ мүше болып қабылданған әрбір мемлекет үшін, олар әркез ұмтылатын бағытты адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы айқын да нақтылы көрсетеді. Адам құқығы мен олардың орындалу кепілділігі Республиканың жаңа Ата Заңында (конституцияда) бекітілген.
Кешегі Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның білім беру мен ағарту саласындағы жетістігі - сөзсіз керемет, мақтанарлық, бұл дәлелдеуді қажет етпейді. Республикада үйлесімді түрде сауаттылық міндеті шешілді: жиырмасыншы жылдары - жалпы бастауыш білім, сосын жалпы жеті жылдық және сегіз жылдық, соңында 70-ші жылдардан бастап толық жалпы орта білім берілді. Білім жүйесіне мемлекет толық қаржы бөлді және соған сәйкес жүзеге асырылатын жоғарыдан төменге дейін акімшілдік басқару мен саяси тәуелділікте болатын, еуропалық тұрпаттағы кеңестік білім жүйесіне қабылдау мен бітірушілерді орналастыру ісі қолға алынды. Халық шаруашылығының әр саласы мен аймақтардың мамандарға деген сүранысына негізделініп, мемлекеттік тапсырыс түрінде орындалады. Әрине бұл жоспарлы экономика, ол әсіресе, бастапқы кезеңінде өзін ақтады. Жалпы кеңес білім беру жүйесіндегі іргелі білімнің деңгейі жоғары да сенімді болады.
Қалыптасқан білім жүйесінің кемшілігі сол, ол саяси идеологияға, яғни партия мұратына әрі тәуелді, әрі бағынышты болуы мен қатар, бітірушілердің басым көпшілігнің “орташаға” бағытталып, білім алушыны енжарлыққа бастауында. Тағыда бір айтпауға болмайтын кемшіліктің бір түрі, ол сол қоғам өзі дайындаған білім иелерінің деңгейі мен оларды керек етіп отырған қоғам сұранысының әр кез сәйкес болмауы болса керек. Бұған әлемдегі өркениетпен ықпалдасуды жасандылықпен шектеу, жоспар сясатыда енеді. Осы сияқты, тағыда басқа жайлар ресми идеология мен тоталитарлық жүйенің кемшіліктерін қайталайтын, өгеріссіз қабылданған білім жүйесін қалыптастырып қана қоймай, оны нығайта түсті. Ал бұл өз кезегінде қазіргі қайта құру мен жаңаша даму кезеңінде, мендеген жардай өршіп, қайшылықтарға толып кетті. Әрине бұл қоғам үшін де, білім жүйесі үшін де ауыр болды. Ендеше білім зиялы қауымда туындайтын рухы биік өндіріс көзі болумен қатар, ол сондай-ақ кез келген дағдарыстан қоғамды алып шыға алатын экономикалық база тұрғызуға мүмкіндік жасайды.
Біздер Қазақстан Республикасының білім туралы заңдары мен заңдылықтары туралы, заң күші бар түрлі құжаттар жайлы жүргізген жан-жақты талдаулар, олардың көптеген салалардаға өзара қатынасын көрсететін, реттейтін тараулар мен топтамаларда тұратындағын нұсқайды: отбасылық тәрбиелеу; мектепке дейінгі тәрбиелеу; жалпы орта білім; мектептен тыс оқыту және тәрбиелеу; кәсіби-техникалық білім; арнайы орта білім; жоғары білім; жоғары мектептен кейінгі білім; кәсіби мамандықты жоғарлату білімі мен мамандарды қайта дайындау курстары және қосымша білім. Осы топтамалардың әр қайсысы құқықтық нормалармен (ережелермен), бағыттармен сипатталынады; ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз етілумен; білім мазмұнын анықтаумен; субъектілердің білім беру үрдісі кезіндегі құқығы мен міндеттерінің тұрақтануымен; мекеменің ішкі оқу тәрбиелеу, ұйымдастыру қатынастарын реттеумен; білім ортасындағы білім алушылар мен қызымет етушілердің материялдық қамтамасыз етіледі. Бұл заңдармен білімнің ең басты міндеті анықталады - оқу орнының типі мен оқу тілін таңдау еркіндігіне, ұлттық және әлемдік, жалпы адамгершілік құндылықтарға негізделген жеке тұлғаның дамуы мен реформалауды жүгізуге қажетті мемлекеттік жағдай жасау. Нәтижеде оқу орындары көптен күткен бағдарламаны, оқытумен тәрбиелеудің әдістері мен түрін өздері таңдап алуға құқық беретін заңдылықтарға ие болды, жоғарыдан берілетінн ұсақ-түйек нұсқаулардан басталады. Реформалау негізіне оқыту мен тәрбиелеуді демократияландыру, білімнің көп бағыттылығы, баламалылығы мен үздіксіздігі, білім беру жүйесінің жіктеле сарапталуы мен жұмылдыруы сияқты ұстанымдар алынған. Бірінші дәрежелік ретінде ізгілікпен ізгілендіруұстанымына негізделген айақтық білім мен мектептердің өзін өзі ұлттық тұрғыдан анықтау мәні берілген.
КСРО-дағы білімді реформалау ісіне деген оймен түжырымның алғы шарты ғылыми-техникалық алға бастаушылықпен (прогреспен), яғни ҒТП- ғылыми-техникалық прогреспен анықталған жәнеде ол 60-шы жылдардағы “ жерсерігінің спутниктік толқынында ” соның тікелей ықпалымен туындаған.
Өткен асырдығ 70-80-ші жылдары ғылыми-техникалық прогрестің әлемдік дәрежедегі екінші ретті реформалау құбылысы басталды. Ол қоғамдық сан-алуан құбылыстарды қамти отырып, тереңдей жүрді. Ондай ақпараттық ортада дамып келе жатқан қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени үрдісін маңызды құрал ретінде ішкі түйсікпен түсіне отырып, білімге деген мақсат пен тәсілдерді өзгертті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz