Мемлекеттің пайда болуының негіздері



КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттің пайда болу себептері мен нысандары
1.2 Мемлекеттік ұғымы мен белгілері
2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРГЕ ЖІКТЕЛУІ
2.1 Формациялық тәсілдер бойынша мемлекеттің типтері
2.2 Өркениеттік тәсілдер бойынша мемлекеттің типтері
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соғанқарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.
1) Матузов Н.И., Малько А.В. Мемлекет және құқық теориясы /Оқулықты орыс тілінен қазақшаға аударған: Б.Ө.Алтынбасов. – Алматы: ЖШС «АйСан-Пресс» баспа үйі, 2013.

2) Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы, 1998
3) Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001
4) Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
5) Ибраева .А. Ибраева.Н « Теория государства и права» -Алматы : «Жеті жарғы» 2000
6) Cәкен Өзбекұлы. Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы» - Алматы : «Жеті жарғы», 2006
7) Булгакова.Д.А.
Мемлекет және құқық теориясы : Оқу құралы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2004.
8) Өміржанов.Е.Т.
Мемлекет және құқық негіздері : Практикум. - Алматы: Жеті жарғы, 201

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің адында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудын жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды, соғанқарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің
· құлиеленушілік,
· феодалдық және
· буржуазиялық түрлері анықталған.
Құлиеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдарқандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді. Буржуазиялық мемлекетөндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық беред.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Алғашқы қауымдық ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзініңсипатын, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген мемекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болпы отыр. Экономика мен бассқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін өсуі керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығыменғ өзінің іс- әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда мүмкіндік жасай алмайды: ол қалдықсыз пайдаланылды.
Осындай өте қиын жағдайларды, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек қауымның құрамы бойынша онда әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болып. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізгін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды :
1) сол кездегі іс - әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жұзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болу керек.
2) туыстық жағынан аса жақын емес, сондай - ақ даяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп - қатерден бірлесіп қорғануы керек; 3) осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басышысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды сондай - ақ олардың қызметін бақылауда жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз - пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы - қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.
Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ - ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлесіктерді де кездестіруге болды.
Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқа ру тәртібімен бірдей негізде жүргізілді.
Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер оның барлық тараптарына қатысты болды . Тұрмыстың экономикалық саласында болған өзгерістердің маңызы айыпықша еді. Күннен күнге өндіргіш күште жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс - жидектерді, дәнді дақылдарды жинау және жабай аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар, мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен,тастан, ал кейінірек қоладан еңбек құралдарын, аң аулайтын және қорғанатын құралдар қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артылып қаулы ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының негізінде жеке меншік пайда болды да, біріңғай әлеуметтік қоғамда үлкен бір өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртшылықтан бақташылар тайпасының бөлініп шығуы;қолөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі;көпестер тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.
Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне жүктелген міндетті орнындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, - мемлекетке жол беруі керек болды.
Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылды. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың сабақтастығын айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету - мәжбүрлеу бағытындағы басқасымен алмастырылды. Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын, функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан, антагонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл - бұйрықшыл, мәжбүрлеу - күштеу сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы, апробацялануы, іріктелу, жетілдірілуі болып отыр.
Көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының өзі әрекет етіп отырған барлық факторлардың - объективті және субъективті, ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі - жиынтығы мемлекттің пайда болуын алып келді. Бұдан былай қарай мемлекет өзінің тарихының барлық келесі кезеңдеріне серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болып.

1.1 Мемлекеттің пайда болу себептері мен нысандары
Мемлекет - қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамның саяси жүйесінде биліктің орталық институты болып табылатын, ерекше сипатқа ие саяси құрылым.
Мемлекеттің пайда болу туралы мәселе даулы болып табылады. Мемлекеттің пайда болуының себептері түрлі терияларда айтылады: теологиялық (құдай күші); шарттық (сана, ақыл-ой күші); психологиялық (адам психикасының факторлары); органикалық (биологиялық факторлар); материалистік (әлеуметтік-экономикалық факторлар); күштеу теориясы (әскери-саяси факторлар) және т.б.
Пікірлердің мұндай алуан түрлі болуы келесі жағдайлармен байланысты: біріншіден, мемлекеттіліктің пайда болу процесіне шын мәнінде көптеген факторлар әсер етті: әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-климаттық, ақпараттық- басқарушылық, психологиялық және т.б.; екіншіден, бұл процесті түсіндірген ойшылдар түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген және әр кезеңдегі білім деңгейі түрлі сатыда болған ; үшіншіден, ғалымдар мемлекеттің пайда болу процесі түсіндіру барысында өздеріне белгілі аймақтарды мысалға алып отырған; төртіншіден,көп жағдайда басқа ғалымдардың жетістіктеріне сүйсінген ойшылдар сол нәтижелерді қоғамдық ғылымдарға қатысты қолдануқа тырысқан, нәтижесінде олар мемлекеттің пайда болу процесіне жаңа көзқарастар қалыптастыруға бел буып, қоғамның дамуына өзге факторлардың ықпал ететіндігін басшылыққа алмаған; бесіншіден, қалыптасқан теориялар авторларының көзқарастарына олардың философиялық және идеологиялық ұстанымдарды елеулі дәрежеде ықпал еткендігін жоққа шығаруға болмайды(Т.В.Кашанина).
Әрбір теорияның ақиқатты белгілі бір дәрежеде ашатын ұтымды тұстары және артықшылықтары болады. Сондай-ақ, бұл теориялардың сынға аларлықтай әлсіз тұстары да кездеседі.Рулық тұрғыдан ұйымдастырылған алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы және мемлекеттік биліктің қалыптасуы түрлі тарихи кезеңдерде өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Мемлекеттің қалыптасуы-түрлі халықтарды түрлі жолмен жүзеге асқан ұзақ мерзімді процесс.
Шығыста (Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан және т.б.) өндірістің азиаттық тәсілі кеңінен таралды. Мемлекеттің пайда болуының мұндай жолы көп жағдайда бұл қоғамдарда ауқымды әлеуметтік жұмыстарды (суғару құрылғыларын салу және пайдалану, суғармалы жер өңдеуді ұйымдастыру және т.б.) жүргізу қажеттілігімен байланысты болды. Сондықтан, бұл жерлерде сол міндеттердің сипатына сәйкес келген рулық құрлыстың әлеуметтік - экономикалық құрлымды тұрақты сипатты иеленді - жер қауымы, ұжымдық меншік және т.б. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер тапқа дейінгі сипатты иеленді, олар бір мезетте ауылдық қауымдарды қанап басқарды, яғни өндірісті ұйымдастырушылар ретінде әрекет етті.
Ал Афины мен Римде мемлекеттің қалыптасуы басқа жол мен өрбіді. Бұл жерлерде құл иеленуші мемлекет жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі нәтижесінде пайда болды.
Афины - мемлекеттіліктің пайда болуының классикалық нысанының үлгісі,себебі, мемлекет рулық құрылымының ішінде орын алған таптық қарама- қайшылықтардан тікелей пайда болды. Бір ғасыр барысында орын алған Солон (б.з.д.594жыл) және Клисфеннің (б.з.д.509жыл) реформаларымен бекітілген екі революция ескі рулық құрылымның, басқару нысандарының түбегеилі өзгеруіне, халықтың аумақтық тұрғыдан бөлінуіне және заң шығару, кеңесу, атқарушы органдары, тұрақты әскер, полициясы және кеден күзеті, түрмелері мен басқа да мемлекеттік мекемелері бар саяси биліктің қалыптасуына әкеп соқты.
Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасу ерекшелігі - бұл процес плебейлердің ру ақсүйектері - патрицийлармен күресінің нәтижесінде жылдам қарқынмен өрбіді. Плебейлер негізінен бодан аумақтар халқының құрамындағы еркін адамдар болды, бірақ, олар Рим руларының құрамына кірмеді және Рим халқының бір бөлігі ретінде саналмады. Плебейлер жер меншігін иелене отырып, салық төлеп, әскери қызметті өтеуі тиіс болды.Олардың қандай да бір лауазымдарды иелену құқығы болмады , Рим жерлерінде билік жүргізе алмады. Негізгі революциялық күш ретіндегі плебейлердің патрицийлардың артықшылықтарына қарсы күресі шын мәнінде туыстық қатынастарға негізделген ежелгі қоғамдық құрлысқа қарсы күрес болды. Плебейлердің бұл күресте жеңіске жетуі ескі, рулық ұйымды ыдыратты және аумақтық мемлекеттік құрылымның пайда болуына негіз болды.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көп жағдайда герман тайпаларының бөтен аумақтарды - Рим империясының батыс бөлігін жаулап алуымен байланысты болды. Рулық құрлысқа негізделген бұл тайпалар өз ұйымдары арқылы Рим провинциясының басқара алмады, себебі , рулық ұйым ол жерлерде үстемдік жүргізу үшін дәрменсіз еді. Бұл ретте мәжбүрлеу мен күштеудің арнайы аппараты қажет болды. Бас қолбашы монархқа, халық игілігі король мүлкіне айналып , рулық құрлыс оргындары жылдам қарқымен мемлекеттік оргындар сипатын иеленді.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, Германия, Ресей және басқа да мемлекеттер феодалдық (мұндай мемлекетке тән белгілер - шаруалардың және жерге ірі жеке меншіктің болу) емес, феодалдық құрлысқа дейінгі (мұндай мемлекетке тән белгілер - ақсүйектердің жерге қатысты ірі меншігі болмады, ал шаруалардың басы бос болып, жерге меншік құқығын иеленді )мемлекеттер ретінде пайда болды.
Демек, біріншіден, мемлекет барлық кезде өмір сүрген жоқ (адамзат өз тарихының елеулі бөлігін бұл саяси ұғымсыз өмір сүрді) ;екіншіден ,ол әлеуметтік институт ретінде, қоғамдық дамудың өнімі ретінде пайда болды; үшіншіден, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде ерекше әлеуметтік басқару мен жүріс - тұрыстың ерекше әлеуметтік ережелеріне қажеттілік болған кезде пайда болды; төртіншіден мемлекет бірқатар факторлар жүиесінің әсерімен пайда болды.
Мемлекеттің қалыптасу процессі қаншалықты ұзақ болғанына қарамастан, барлық жағдайларда ол объективті түрдегі заңды процесс болды. Ол, ең алдымен, қоғамның ішкі дамуымен, оның түрлі әлеуметтік - экономикалық, әскери - саяси,мәдени - тарихи, этникалық - психологиялық , адамгершілік - діни, экологиялық - географиялық және басқа да жағдайларымен байланысты болды. Белгілі бір себептерге байланысты аталған факторлар ауысып отыруы мүмкін, бірақ әрқашанда аталған бастамалар біреуінің артықшылығымен үйлесімдікте болды.
Мемлекеттің пайда болу нысандары:
Бірінші көзқарас
* Өндірістің азияттық тәсілі(Египет,Вавилон,Қытай)
* Құлиеленушілік(Ежелгі Афины және Ежелгі Рим )
* Прафеодалдық(Германия, Ресей)

Екінші көзқарас (евроцентристік):
* Ежелгі Грекиялық
* Ежелгі Римдік
* Ежелгі Германдық
Қазіргі кезде әлемде шамамен екі жүз мемлекет бар . Алайда, жаңа мемлекеттердің пайда болу процесі әлі де тоқтаған жоқ. Уақыттың өтіуне қарай бір мемлекеттер ыдырап (КСРО, Югославия, Чехословакия), басқалары анағұрлым ірі одақтарға бірігуде (мысалы Еуропалық Одақ шеңберінде). Сонымен қатар, өз мемлекеттері жоқ халықтар мен ұлттар қаншама. Олар осындай мемлекеттердің құру үшін тырысып бағуда. Мысалы, палестиндіктер, күрділер, тиморлықтар және т.б.
Осылайша, мемлекеттердің пайда болу мәселесі әлі де толыққанды шешілген жоқ. Әлі де мемлекеттің пайда болуының жаңа себептері мен нысандары орын алуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, мемлекет теориясын байытатыны сөзсіз.

1.2 Мемлекеттік ұғымы мен белгілері
Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес. Мемлекет дегеніміз - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі қызметі негізгі қызметіне, кәсібіне, яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекет халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларында емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Бұл салық - мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, оларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экнонмикалық маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлінетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізінен мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады.Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Ежелгі грек философы Демокрит: Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: Жақсы басқарылатын мемлекет - үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі.
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
* мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
* мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,аудан,...) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
* мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
* мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
* мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
* мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнады.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымдарын басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбірлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерді атайтындай, жария - биліктің болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған , қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы адамдаррдың мұндай ерекше тобын алғашқы - рулық басқару ұйымы білген емес.Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады.Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай - ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болуынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізеттін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға ,медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға , экономиканың маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Мемлекет туралы ақпарат
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының себептері
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы ақпарат
Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік заңдылықтары
Мемлекеттің пайда болуы. Кезеңдері
Пәндер