ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХЫ . . .
1. 1 ТМД Мемлекеттерінің әлеуметтік және экономикалық алғышарттары . . .
1. 2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдер арасындағы қатынастар . . .
1. 3 ТМД елдерінің экономикалық жағдайындағы ортақ белгілері . . .
2. ТМД-НЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢНАМАЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛАБЫНА САЙ ЖЕТІЛДІРУ . . .
2. 1 ТМД-ның қазіргі заманғы нысандары . . .
2. 2 ТМД-ға қосылған мемлекеттер арасындағы шарттар . . .
2. 3 ТМД-ға мүшеліктер . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т. т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар. Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық «желілер» кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті. ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да «Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит» және «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т. б. ) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді.
1. ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХЫ
Кеңес Одағының жетпіс жыл бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде. Кеңес Одағы коммунистік партиясының XX VIIсъезінде сол заман бас хатшысы болған М. С. Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т. б. болатын. Одан кейінгі уақыттарда біздің ойымызша, Кеңес одағының ыдырауына негіз болған экономикалық себептермен қатар, саяси себептерде бар еді. Оған Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында Кеңес Одағы коммунистік партиясы саяси бюросының ел басшысы етіп Қазақстанда бұрын тұрмаған және халық салт-дәстүрінен хабары жоқ немесеаз Г. В. Колбин мырзаны тағайындауын, Таудағы Карабахтағы ұлт аралық шиеленісін немесе Балтика Республикаларының экономикалық және саяси тәуелсіздікке жету жолындағы қозғалыстарын жатқызуға болады. Екінші жағынан алғанда Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса тоқсаныншы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады. 80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.
Осыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.
1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.
1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н. Назарбаев, С. Ниязов, И. Каримов, А. Акаев, Р. Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н. Назарбаев ұсынған және И. Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикала арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н. Назарбаев Қазақстанда бүкілмүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украинабасшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "ТәуелсізМемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарынқойды.
ТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: сексенінші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады. ТМД құруға ниет білдірген мемлекеттер мынандай айғақтарды;
- жаңа Одақ шартын дайындау туралы келіссөздердің тұйыққа тірелгенін, республикалардың КСРО құрамынан шығу және тәуелсіз мемлекеттер құру процесінің шынайы факторға айналғанын;
- орталықтың алысты болжамайтын саясаты экономикалық және саяси дағдарысқа, өндірістің құлдырауына, қоғамның бүкіл салалары бойынша өмір деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соққанын;
- бұрыңғы КСРО кеңістігінің көптеген аймақтарында әлеуметтік шиеленісушіліктің өсуі, адамдардың өліміне әкеп соққан ұлтаралық қақтығыстарға ұласқанын басшылыққа алған болатын.
Осы және басқа да мәселелерді шешу мақсатында Беларусъ, Ресей және Украина басшылары "халықтардың тарихи бірлігі және олардың арасында орныққан байланыстарды негізге ала отырып, демократиялық құқықтық мемлекеттер орнатуға ұмтыла отырып және өзара қарым-қатынастарды дамытуға бағыт ала отырып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шешім қабылдады".
Бұл құжаттың ТМД-ға мүше боламын деген мемлекеттер (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар) үшін ашық екені көрсетілген. Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында жариялаған арызының соңғы тармағында ТМД мемлекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары мен келісімдерінен тарайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, ядролық қару және оның таралмауын қажағалауға бағыт ұстайтынын да ашық айтқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны Белорусь, Ресей және Украина болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде. ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация. Бұл құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін ратификация жасалатын болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті". Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды. 1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды. 1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді.
Экспортқа шығатын шикізатқа деген баға саясатындағы келіспеушілікте үлкен мәселеге айнала бастады және мұның бәрі де экономикаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Екінші жағынан алғанда, демпинг саясаты (рынокта бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін тауарларды әдейі арзандатып сату) орнығып қалған шаруашылық байланыстарға тұрақсыздық енгізіп, бұл елдерді қажетті шараларды қабылдауына мәжбүр етті. Мұндай жағдай қазіргі кезде де байқалуда. Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу арта түсті, тіпті кейбір елді мекендерде мемлекет аралық қақтығыстарға ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады
1. 1 ТМД Мемлекеттерінің әлеуметтік және экономикалық
алғышарттары
ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасама өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық. 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын әрі шынайы белгілеудің қажеттілігі туындады. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Н. Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын ұсынды. Бұл жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз.
ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті:
-Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану;
- экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету;
- өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;
- ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;
- Кеден одағы мүше-мемлекеттерінің дүние жүзі рыногына шығуы үшін қолдан келетін бар жағдайды жасау. Жоғарыда айтыпөткен Келісімнің бастауында мемлекеттер "Экономикалық одақ құру туралы" шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын - ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын ұқсас механизммен реттеугенегізделген, мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды. Кеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты - 1994 жылдың 15 сәуіріндегі "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә.
Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес. "Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н. Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы" Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында - "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты - ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұлқұжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады .
Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспенқарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде, интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізген жетістіктердің бар екеніне мына мысалдар дәлел бола алады. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін шығару. Бұл мәліметтерден Молдова мен Тәжікстанда өндіріс пен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің ұлғайғанын емес, керісінше кері кеткенін байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде осы елдердегі қарулы қақтығыстарды және соның салдары болып табылатын экономикалық құлдырауды айтуға болады. Егер Европалық Одақ елдерінде әр адамға шаққанда ішкі жалпы өнімнің өсуін байқайтын болсақ, ТМД елдерінде 1990 жылдардың бастапқы жылдарында керісінше құбылысты көремізде, 1998 жыл соңына қарай оның артқанына көз жеткізуге болады. Мұның өзі ТМД елдеріндегі жақындасудың сөз жүзінде емес іс жүзінде жүзеге асуы әбден ықтимал процесс екеніне дәлел ретінде бола алады.
1. 2 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдер арасындағы қатынастар
1991 жылғы 8 желтоқсанда ресей федерациясы, беларусь республикасының және украинаның басшылары беловеж тоғайында тәуелсіз мемлекеттер достастығын (тмд) құру туралы келісімге қол қойды. 1991 жылғы 21 желтоқсанда алматы қаласында он бір егеменді мемлекет (грузияны қоспағанда) басшылары аталған келісімнің хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде тмд-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы кср одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын алматы декларациясын қабылдады. 1993 жылдың желтоқсанында достастыққа грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан тмд-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес, ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және тең құқықты субъектілері болып табылады. Қазіргі уақытта атқарушы комитеттің төрағасы - тмд атқарушы хатшысы лебедев сергей николаевич болып табылады. Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын тмд мемлекет басшыларының 1ресми және 2 бей ресми отырыстары, тмд үкімет басшыларының 2 отырысы және тмд сыртқы істер министрлері кеңесінің 2 отырысы өтеді.
Құрылымы:
- Мемлекет басшыларының кеңесі.
- Үкімет басшыларының кеңесі.
- Сыртқы істер министрлерінің кеңесі.
- Экономикалық кеңес.
- Қорғаныс министрлерінің кеңесі.
- Шекаралық әскер басшыларының кеңесі.
- Тмд экономикалық соты.
- Тмд-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы.
- Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы тмд-ға қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері.
- Тмд экономикалық кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы достастық мемлекеттерінің тұрақты өкілетті өкілдері.
- Тмд атқарушы комитеті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz