Қазақстан Республикасында белсенді туризмді дамытудың перспективаларын анықтау


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Бет
: КІРІСПЕ . . .
Бет: 5
:
Бет:
:
  1. БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Бет:
:
  1. Қазіргі заманғы туризм сыныптамасында белсенді туризмнің орны . . .
Бет: 7
:
  1. Белсенді туризм түрлері . . .
Бет: 13
:
  1. Белсенді туризмнің әлемдегі географиясы . . .
Бет: 21
:
Бет:
:
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН ПОТЕНЦИАЛДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Бет:
:
  1. ҚР-дағы туристік саланың дамуын талдау . . .
Бет: 26
:
  1. Белсенді туризмнің дамуы үшін Қазақстан Республикасының ресурстар потенциалын талдау . . .
Бет: 34
:
  1. Астана қаласы Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы қызметін және құрылымын саралау . . .
Бет: 41
:
Бет:
:
  1. ҚАЗАҚСТ9АНДА БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Бет:
:
  1. Қазақстанда белсенді халықаралық туризмді дамытудың негізгі мәселелері . . .
Бет: 51
:
  1. Туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары
Бет: 56
:
  1. ҚР- да белсенді туризм дамуының негізгі перспективалары . . .
Бет: 62
:
Бет:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Бет: 71
:
Бет:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Бет: 74
:
Бет:
: ҚОСЫМША . . .
Бет: 76

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі туризм экономиканың ірі және қарқынды салалардың бірі болып табылады. Оның жоғары қарқынмен дамуы, валюталық түсімдердің үлкен көлемі экономиканың әртүрлі секторларына белсенді әсер етеді, бұл меншікті туристтік индустрияның қалыптасуына ықпал етеді. Туризм саласына әлемдік жалпы ұлттық өнімнің шамамен 6%, әлемдік инвестициялардың 7%, әрбір 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушылық шығыстардың 11% келеді. Осылайша, қазіргі күні туризм индустриясы әлемдік экономикаға көрсететін үлкен әсерін елемеу мүмкін емес. Туризмнің әлемдік экономикаға да, жекелеген елдер мен өңірлердің экономикасына әсері әлемдік шаруашылықты қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін елеулі, тұрақты және ұзақ мерзімді үрдістердің бірі болып табылады. Туризмді ұлттық экономиканың ірі жеке саласына айналдыру жария болады, оның қызметі халықтың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл қажеттіліктердің алуантүрлілігі тек туристтік кәсіпорындармен ғана емес, сондай-ақ басқа салалардың кәсіпорындарымен де қанағаттандырылады, бұл туризм мәнін экономиканың дамуына мультипликативтік әсер ету факторларының бірі ретінде шарттайды. Туризм әлемдік интеграциялық процестердегі факторлардың бірі болып табылады, ал туристтік бизнес экономиканың маңызды секторына айналды. Туризм кіріс түсірумен қатар, елдің беделін, әлемдік қауымдастық және азаматтар алдында оның мәнінің өсуін арттыратын қуатты факторлардың бірі болып табылады.

Қазақстан бай табиғи ресурстарға және көшпелі халықтың ерекше мәдениетіне ие бола отырып, мұнда туризмді халықаралық және өңірлік нарықта дамыту үшін іске асырылмаған үлкен әлеуеті бар. Рекреациялық ресурстардың және тарихи-мәдени мұраның туристтік әлеуеті Қазақстанға туризмнің халықаралық нарығына үйлесімді интегралдануына және елдегі туризмнің қарқынды дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың жұмысбастылығының және кірістерінің тұрақты өсуін, туризммен шектес салаларды ынталандыруды және ұлттық экономикаға инвестициялар ағымын арттыруды қамтамасыз етеді. Қазақстанда туризм индустриясы мемлекеттік деңгейде экономиканың басым салаларын бірі деп танылды. Статистикалық деректерді талдау Қазақстандық туристтік өнімге деген өспелі қызығушылықты және туристтер санының қолайлы өсу қарқынын және өткізу нарығының кеңеюін растайды. Республика туризмді дамытудың заманауи кезеңінде бизнесмендерге, спортшыларға, ғалымдарға, экстремалдық демалысты ұнатушыларға, сондай-ақ Ұлы Жібек жолында орналасқан елдердің тарихымен және бүгінгі күнімен қызығатын адамдар үшін тартымды. Бұл мүддені дамыту қажет. Қазақстанның аумағының бір бөлігін таулар алып жатқаннан кейін, олар алыс шетелдегі туристтер үшін барынша тартымды ресурс болып табылады. Қызық оқиғалы туризм әлемдік туристтік нарықта жоғары сұранысқа ие. Қазақстан табиғи көрікті жерлермен қатар, әлемдік мәнге ие Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен бай. Ұлы Жібек жолында транзиттік турларды ұйымдастыру әсіресе өзекті, себебі бұл Қазақстанға Япония, Малайзия, ҚХР, Корея секілді елдердің, сондай-ақ еуропалық мемлекеттердің қызығушылық аймағына кіру мүмкіндігін береді.

Шетелдік елдердің тәжірибесіне сәйкес, туризм саласында дұрыс есептелген мемлекеттік саясат оның пайда түсіруін қамтамасыз ете алады және әлеуметтік-экономикалық дамудың кейбір мәселелерін шешуге көмектесе алады. Шетелдік туризм үшін қымбат және қымбат емес орналастыру құралдарын үйлестіре отырып, қажеттіліктерді бағыттаған және ынталандырған кезде турөнімді жасау Қазақстан Республикасына кіру туризмін дамытуға мүмкіндік береді, дотациялар, пайыссыз займдар мен несиелер, соның ішінде валютаны, халықаралық туризмді сапалы дамыту үшін оны елдің мамандануының негізгі түрлерінің біріне айналдыра отырып икемді салық саясатын ұсыну қажет.

Қазақстан туризмді дамытудың заманауи кезеңінде спортшыларға, ғалымдарға, экстремалдық демалысты ұнатушыларға, сондай-ақ Ұлы Жібек жолында орналасқан елдердің тарихымен және бүгінгі күнімен қызығатын адамдар үшін тартымды.

Аталған зерттеудің объектісі Қазақстандағы туризмді дамытудың ерекшеліктері болып табылады. Пәні - ҚР-дағы туризмнің белсенді түрлері.

Дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында белсенді туризмді дамытудың перспективаларын анықтау болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста мынадай міндеттер қойылды:

  • белсенді туризмнің қалыптасуын және заманауи жағдайын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасында белсенді туризмді дамыту үшін талдау жүргізу және әлеуетіне баға беру;
  • ҚР-да белсенді туризмді ұйымдастыру бойынша негізгі мәселелерді шешу жолдарын анықтау.

Зерттеудің жаңашылдығы және алыстан келетін туристтер үшін тартымды ресурстар ретінде қазақстандық таулар жатады. Қазақстан табиғи көрнекілігімен қатар, әлемдік мәнге ие Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен бай. Ұлы Жібек жолында транзиттік турларды ұйымдастыру әсіресе өзекті, себебі бұл Қазақстанға Япония, Малайзия, ҚХР, Корея секілді елдердің, сондай-ақ еуропалық мемлекеттердің қызығушылық аймағына кіру мүмкіндігін береді.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, кезеңдік басылымның материалдары және т. б. қызмет етті.

Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеулердің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері және Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі комитетінің мәліметтері болды. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, тараудың бірнеше бөлігінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БЕЛСЕНДІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Қазіргі заманғы туризм сыныптамасында белсенді туризмнің орны

Жұмыс басында туризмге анықтама беріп кетейік. Ол үшін белсенді туризм туралы бар анықтамаларды ұғынып алайық. «Туризм» ұғымын анықтау секілді, «белсенді туризм» ұғымның да нақты анықтамасы жоқ, тек әр түрлі авторлар, тәуелсіз сарапшылар және түрлі ұйымдардың көптеген пікірлері ғана бар.

Белсенді туризм - туризмнің жаңа бағыттарының бірі, ол өзіне қызықты оқиға, экотуризм және мәдени ашылуларды қамтиды. Белсенді туризм демалыс пен білім ұштастыра отырып, туристке де, ол баратын елге де пайдасын тигізуді көздейді.

Сонымен қоса, белсенді туризм - ол міндетті түрде табиғат аясында демалу дегенді білдірмейді. Экскурсиондық, тіпті жағажай бағдарламалары белсенділікке толы болуы мүмкін. Өз мәнінде белсенді туризм - ол көңіл көтеру, жаңа тәжірибе алу немесе бар тәжірибесін кеңейту. Мұндай уақыт өткізу бір күнге ұсынылған мультибелсенді «мәзірден» (бұл қолайлы жағдайда мекендеуді жоққа шығармайды) жаныңа жақын іспен айналасуға мүмкіндік береді. Дегенмен, жалпылама айтқанда белсенді туризм деп табиғи ортада болумен байланысты саяхатты атайды.

Саяхаттауды түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады. Шет елдерге туристік саяхаттар бар - шетел туризмі.

Тундрамен де, шөл даламен де және басқа да біртекті ландшафтымен де шынайы туристік саяхаттар танымал. Бірақ ол саяхаттар өзіне ересек білікті туристерді өзінің спорттылығымен - өтуге қиын шексіз созылған жерлерді еңсеру қиындығымен тартқан. Саяхаттаушыларға көбінесе таулы аймақтар тартымды, оларда өте әр түрлі табиғи нысандар шоғырланған: шыңдар, асулар, жоталар, мұздықтар, қар жұрнағы, көлдер, өзендер[1] .

«Үлкен өзен», «биік тау», «ну орман», «шексіз дала» туралы әркімнің өз түсінігі бар. Қанша өзен, тау, орман және даланы көрсең, соншама олар туралы түсінігің нақты болады.

Кез келгені мұздықтың, үңгірдің не екенін түсіне бермейді. Бұл жерде түсіндіру көп көмектеспейді. Осы нысандарды өзі көзімен бір рет болса да, әсіресе балалық шақта көрген абзал.

Жоғарыда аталғандардан туындайтыны, белсенді саяхаттың мәні саяхатшылар мақсатын - барғысы (көргісі келетін) табиғат нысандарын өздері таңдайды; таңдалған мақсатқа жету үшін кедергілерден рационалды өтуге мүмкіндік беретін машрутты өздері жасайды.

Қазіргі заманғы белсенді саяхаттар - кезінде Жер бетін ашқан және зерттеген зерттеуші экспедициялардың моделі. Туристер (әсіресе балалар) осылайша жаңа аумақтарды ашады және зерттейді. Жүз рет естігеннен гөрі, бір рет көрген артық. Адам өз көзімен тайга мен даланы, шөл дала мен тундраны көре алады. Тек түрлі аймақтарға саяхаттағандарда ғана өз елінің, жалпы Жердің мөлшері туралы дұрыс түсінігі болады. Үйде отыратындарға ұшақ мен телевидение, пошта мен телеграф тұратын үйлері көлемі шағын доп секілді Жерде орналасқандай етіп кішірейтіп жіберді. Бәрі алыста, бірақ бір күндік жол шегінде.

Белсенді маршруттар негізінен келесідей бағалаулармен айқындалады: саяхаттау аймағы қол жетерлік болу керек (транспорттық жүйе жедел әрі сенімді жетуді қамтамасыз ету керек) ; маршрут қысқа, қызықты (әр түрлі) және жеткілікті түрде қарапайым болу керек.

Белсенді саяхат адамның табиғатпен тығыз байланысын қамтиды. Ағаштар от жағу үшін отын береді. Өзенмен қайық не кеме арқылы жүзуге болады, бірақ абай болу керек, өзенде батып кету мүмкін. Жаңбыр туристер үшін үлкен қолайсыздық тудырады, бірақ ол өзенді қоректендіреді, өсімдіктерді суарады. Осындай және осы сынды табиғаттағы құбылыстар адамдарда табиғатқа адамдардың, адамдар табиғатқа тәуелді екенін, табиғат құбылыстарының тығыз байланысын түсінушілігін қалыптастырады, өзін табиғаттың бөлігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді.

Саяхаттың белсенділігі оның мақсаты мен оған жету жолдары (маршруты) алдын-ала анықталған және жарияланған. Маршрутты өте алмау, оны өзгерту саяхаттың сәтсіздігін, команданың (туристік топтың) жеңілісін білдіреді. Әрине онда бәрі шартты, біраұ осындай талаптар жалпы спортқа да тиесілі.

Белсенді туризмнің бір ерекшелігі бар. Саяхатта шартты мақсатқа табынды талпынысы сақтықты қажет етеді. Әйтпесе басқа - шартты емес қалай аман есеп оралу мәселесі туындайды. Мұнда жеңіліс деп тек шартты жеңіліс емес, «Қалай шығамын, қалай аман-есен қаламын?» деген қиын сұрақты білдіру мүмкін.

Белсенді саяхат - ұзақ мерзімді (күндер, апталар), кешенді іс шара. Ол көп физикалық (күш, шыдамдылық, техникалық қабылдаулар) және интеллектуалдық (тактикалық тапсырыстар, техникалық қабылдаулар) күштерді талап етеді. Барлығын алдын-ала болжап алу мүмкін емес. Маршрутта шытырман оқиғалар күтіп отырады. Нақты шынайы жағдайда жоспарланған ойды жүзеге асыра білу керек. Әрине, егер кішкене де болса маршрутта не күтіп тұратынын болжай алатындай болса, барлығын жа жүзеге асыруға болады.

Белсенді туризмге «жабайы туризм» жақын келеді. «Жабайы туристер» көп немесе аз мөлшерде белгілі бір ауданға баруға, нысандарды көруге ниетті. Бірақ, оларда өтуге тиісті нақты маршрут болмайды. Ресми түрде бұл олардың саяхатты «жарияламауымен» анықталады. Белгілі бір жағдайларға байланысты «жабайы» туристер саяхаттау кезінде өз маршруттарын өзгерте алады. Белсенді және «жабайы» туризмнің арасында нақты бір шектеу жоқ екені анық.

«Жабайы туризм» терминін пайдалана отырып, оған деген менсінбеушілік көрсеткіміз келмейді. Бәрі де солай «жабайы турист» ретінде бастаған, бұл құбылыс кеңінен таралған.

Туризм демалудың керемет құралы. Белсенді, қимылды, қызықты, ол адамның және қоғамның физикалық және психологиялық қуатын қалыпқа келтіреді. Тек туризм бере алатын демалудың контрасты түрлері (өмірдің қалыпты жағдайы мен ырғағын ауыстыру) адам мен ұлттың қазіргі заманғы жағдайда шынайы сауығуына көмектеседі.

Бос уақыттағы саяхат (сапар, жорық) - әдетте туристік ұйымдармен маршрут бойынша жүзеге асырылатын белсенді демалыстың бір түрі. «Туризм процесс ретінде сұраныс (турист), ұсыныс (туристік индустрия) және туристің қызығушылығына бағытталған туристік өнімнен тұрады».

Туризмнің үш негізгі функциясын ажыратады:

  1. Қалыпқа келтіруші функциясы - индивидті жағдайы мен қызмет түрін контрасты ауыстыра отырып, шаршаудан арылту;
  2. Көңіл көтеруші функциясы - демалушыға көңіл көтеруге, жермен, адамдармен, мәдени шаралармен танысуға мүмкіндік беру;
  3. Интеллектуалды функциясы - тұлғаның дамуына, танымдық және шығармашылық қызметін кеңейтуге мүмкіндік беру.

«Туризмнің белсенді түрлері» мәні бүгінгі күнге дейін де бір мағыналы емес, және оны түсіндіруде түрлі авторлардың келіспеушілігі бар. Бас ассамблея «туризмнің адамды сауықтыру және физикалық тәрбиелеумен және оның жұмысының жаңа құралы, оның ішінде туристік-спорттық қызметі саласымен байланысты материалды емес аспектілеріне көп көңіл бөлу керек» деп есептейді. Үлкен Ресей энциклопедиясында «туризмнің белсенді түрлері» деген ұғым «қозғалыстың белсенді тәсілі пайдаланатын, яғни туристің өзінің физикалық күшін шығындайтын туризм түрі» деп түсіндіріледі. Қозғалыс түрлеріне қарай су, жаяу, атты, тау, шаңғы, спелео, вело-, авто-, мото- туризмі болып бөлінеді. Туристердің демалысын ұйымдастыру үшін жорық деген өткізу формасын пайдаланады [2] .

Туристік жорық белгілі бір: танымдық, сауықтыру, спорттық, оқу, дайындық және басқа да мақсатпен елді және елсіз мекенде жаңа, бұрын дайындалған не таныс маршрутты өтуді көздейді. Қазіргі таңда туризмнің белсенді түрлері «Туристік жорық» қызметімен ұсынылған.

Белсенді туризмде жорықтардың негізгі түрлері болып біркүндік, екі-үш күндік жорықтар (ДКЖ - демалыс күннің жорығы) және көпкүндік - сатылы, категориялық немесе қиын жорықтар болып табылады. Категориялық жорықтар туристердің физикалық дайындығына байланысты жоспарланады.

Белсенді демалыс - туристік қызметтің ерекше түрі. Оның ерекшелігі клиенттердің ерекше контингентімен ғана емес, туристердің денсаулығы мен өмірлері үшін объективті түрде қауіпті (таулар, тайга, су және т. б) болып табылатын жағдайлар жиынтығымен де анықталады.

Туризмнің белсенді түрлері орналастыру амалдарын, саяхаттың ұзақтығы, топтың нақты құрамы, қозғалу жолдары, ұйымдастыру формасын пайдалану кезінде және туристік өнімнің бағасын қалыптастыру принципіне негізделетін туристік саяхатты ұйымдастырумен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Кез келген туристік жорық үлкен дайындық жұмыстарының нәтижесі болып табылуы керек. Жорықтағы шараларды алдын ала ойлап жоспарлау табысты, қызықты және апатсыз саяхаттың негізі болып табылады. Жорықта бәрі байланысты: жорық мақсаты, мысалы маршрутты, топ құрамын анықтайды; өткізу уақыты - жеке және топтық жабдықтарды жасақтаудың ерекшелігін; қатысушылар арасында міндеттерді бөлуден маршрутты дайындау, маршрут жөнінде мәлімет жинау, тамақтануды ұйымдастыру және т. б [3] .

Жорыққа дайындық сатыларының төменде көрсетілген кезектігі өзін тәжірибеде ақтады:

  • жорықтың мақсатын анықтау;
  • қатысушылар тобын таңдау;
  • жорық қатысушыларының арасында міндеттерді бөлу;
  • жорық ауданын анықтау;
  • саяхаттау ауданы туралы мәлімет жинау;
  • маршрутты дайындау;
  • жорықтың календарлық жоспары мен графигін құру;
  • жорықтың сметасын жасау;
  • жеке жабдықтарды іріктеу;
  • топтық жабдықтарды іріктеу;
  • тамақтануды ұйымдастыру;
  • жорықтың құжаттарын рәсімдеу;
  • жорықтың нәтижесін қорытындылау.

Жорықтың мақсатын айқындау. Жорықтың мақсаттары әр түрлі: сауықтыру (көңіл күйін көтеру, табиғат аясында стрессты кетіру және т. б), насихаттау-агитациялық (салауатты өмір салтын, туристік өлеңдерді насихаттау), танымдық (аймақ тарихымен, табиғатымен, халықтар мәдениетімен таныстыру), әскери-патриоттық (атақты соғыс және еңбек орындарымен таныстыру), оқулық (туризм техникасын үйрету), спорттық (туристік біліктігін арттыру, туристік техника дағдыларын жетілдіру), табиғи қорғаушылық (құстарға үйшіктер салу, су көздерін қоқыстан тазалау), жаттығушылық (одан да қиын жорықтарға дайындалу) және т. б. Бастысы, әрбір қатысушы қайда және не үшін шығатынын білу қажет. Бұл топтарды қалыптастыруда қателіктерді болдырмайды. Бір мақсатпен біріккен адамдар экстремалды жағдайлардың (тоқтаусыз жауындар, салқындық, маса, тамақтардың жетіспеушілігі) қиындығын жақсы еңсереді [4] .

Жорыққа қатысушылардың тобын айқындау. Топ құру кезінде белгіленген талаптарды ұстану қажет. Адамдар бірдей жас шамасында болғаны, бірдей физикалық дайындықта болғаны, өтуге, жүктерді тасымалдауға және т. б. қатысты бірегей нормаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ортақ көзқарастары болғаны жөн.

Саны бойынша шағын туристік топтар (4-тен 11 адамға дейін) және орташа (11-ден 16 адамға дейін) қалыптастыру ұсынылады, себебі осылайша поезға немесе автобусқа отырғызу кезінде билет алу және аз топтық жабдықтардың қажеттілігі ыңғайлы келеді. 8-ден 10 адамға дейін топ құрамы оптималды болып саналады. Топтың аз ғана саны психологиялық климатқа оң әсерін тигізеді, маршрутты өту кезінде жағымды жағдай жасайды. Мұндай топты басқару жеңіл, бұл өз кезегінде басшыларға маршрутқа қатысушылардың барлық іс-қимылын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Шағын топпен бивак ұйымдастыру барысында тез әрі шағын лагерь құруға, ал маршруттың қиын және қауіпті бөліктерін өту кезінде сақтандыруды ұйымдастыруға болады.

Топтағы адам саны туримз түрімен, жорықтың қиындық дәрежесімен, оның мақсатымен, саяхаттау ауданының ерекшеліктерімен белгіленеді. Топтағы адам санын белгілеуші басты себебінің бірі - ол маршруттың қиын бөлігін өту барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету [5] .

Топтың машрутқа дайындығы және маршрут таңдау. Машрут ауданы жорықтың мақсаты мен жыл мезгіліне қарай таңдалады. Жорыққа қатысушыларға туған өлкенің назар аударарлық орындарын көрсету, оның тарихымен таныстыру керек. Ауданды таңдау үшін маршрутты-сыныптамалық комиссиядағы туристік клубтардың есептерін зерделеп, тәжірибелі туристерден сұрастыру қажет. Маршрут жүргізілуі көзделетін ауданның топографиялық картасын зерттеу керек. Туристерге аудан туралы ақпаратты алдын ала ұсынса, кез келген жорық қызықты және танымды өтеді. Бұл үлкен және мұқият жұмыс. Туған өлкенің тарихы, назар аударарлық орындар туралы мамандандырылған әдебиеттерді, маршруттың ерекшелігі жөніндегі туристік карталарды оқу қажет.

Жорыққа шығатын аудан туралы жалпы ақпарат жинап және жорықты ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарды бағалап, ірі масштабты және орта масштабты пайдалана отырып, маршруттың мұқият қалыптастыруға кіріседі. Ең бастысы, жорық күні, маршруттың ұзындығы, сонымен қатар осы күн ішінде туристер өте алатын жорықтың қиындық дәрежесі анықталады. Картаға маршрут линиясы басылып, аялдама және түнеу орындары көрсетіледі, қиын бөліктер, аялдау орындары, сонымен қоса туристерге көрсетілетін экскурсиондық нысандар анықталады [6] .

Туристік топтағы міндеттер құрамы және оны бөлу. Жорықты қатысушылары өздері ұйымдастыратын туристік топтарда олардың функционалдық міндеттері үлестіріледі. Топ басшысы - ең тәжірибелі және беделі жоғары турист немесе дайындалған нұсқаушы. Ол жорық кезінде болатын барлық нәрсеге жауап береді, соның ішінде қауіпсіздік үшін де. Тамақтану бойынша шаруашылық меңгерушісі тамақтанудың дайындығына, калориялығына, түрлілігіне жауап береді, тамақтардың сатып алынуын, олардың оралуын, жолдағы олардың шығынын есептеуді ұйымдастырады. Басшы орынбасары немесе жабдықтар бойынша шаруашылық меңгерушісінің міндетіне лагерьлерді, примустарды, басқа да топтық жабдықтарды таңдау және дайындау кіреді. Дәрігер туристердің жағдайын бақылайды және қажет жағдайда медициналық көмек көрсетеді. Егер топтағы адам саны жеткілікті болса, кейбір туристерге жорық күнделігін жүргізуді, фотоға түсіруді тапсырады, жөндеу мастерін, ал балалар-жасөспірімдер тобында- жорықтың мәдени бағдарламасы үшін жауапты тұлғаны бөліп береді. Барлық осы міндеттер маршрутта уақытты қызықты өткізуге және басшыға көмектесуге мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастырумен айналысатын туристік фирмалар не жетекші-гидтер ұйымдастыратын коммерциялық туристік топтарда басшы функциясын жорық нұсқаушысы атқарады. Жорықта міндеттерді бөлу ерікті [7] .

Маршрут құжаттамасын дайындау және жол құжаттарын рәсімдеу. Дәрежесіз жорықтар үшін құжат болып маршруттық қағаз табылады. ол саяхатты ұйымдастырушы ұйыммен беріледі (туристік фирма, оқушылардың өнер орталығы, мектеп дирекциясы, ЖОО спортклубтары, турклубтар және т. б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы туралы
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Экономиканы кластерлік жүйемен дамытудың теория-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz