Мәңгілік ел идеясы. Қазақстанның даму жолдары және перспективалары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплинасы: Философия

Курс: II

Тақырыбы: Қазақстанның даму жолдары және перспективалары:"Мәңгілік ел" идеясы

Дайындау түрі: Эссе

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тобы: 207 Б

Қабылдаған : Сагимбаева Н. А.

Ақтөбе 2017 ж.

Мәңгілік ұғым түсінігі - барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін түпжаратушы тұр. Оның есімі - Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т. б.

Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айрылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.

- 2014 жылдың басында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы - «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді.

Байырғы түркілерден жеткен «Мәңгі Ел» ұғым-түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтап алу бүгінгі және болашақтағы ғылыми танымның нәтижесін дәйектеу бағытындағы бірінші қадам болып табылады. Біздің ойымызша, Күлтегін, Тоныкөк, олардың үлкен-кіші замандастары «Мәңгі Елді» идея ретінде де, манифест ретінде де тасқа басқан жоқ. Бұл ұғым-түсінікке халық пен тұлғаның, билік пен мемлекеттің пайда болғаннан соңғы демі таусылғанға дейінгі тағдыр-тәлейін сиғызды. Жарық дүниені қамтуы жағынан идеядан да, манифестен де әлдеқайда ауқымды. Өйткені идея дүниетанымның, ғылыми, көркем, т. б. с. с. ақыл-ойдың сүйенетін іргетасы, тірегі болса, манифестің мәнін жоғары билік немесе танымал күш тарапынан жарияланған бағдарламалық мәлімдеме құрайды. Орхон мұраларынан бұл екеуінің де белгілерін көруге болады. Дегенмен «Мәңгі Ел» сөзтіркесін бірінші кезекте тұжырымдама (концепция) мәртебесімен қабылдағанымыз жөн деп білемін. VIII ғасыр тұрғысынан келгенде, концепция дегеніміз - уақыт пен кеңістікке, үдеріс пен құбылысқа, бар мен жоққа, көк аспанның астындағы, қара жердің үстіндегі тыныс-тіршілікке тұтас көзқарас жүйесі.

Осы тұтас көзқарас жүйесі, құрамдас бөліктерінің бәрінің мәні бір ауыз «Мәңгі Ел» сөзіне сиғызылған. «Мәңгі Ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда байырғы түркілер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік дамудың биік шыңына көтерілген еді. Бұған Күлтегін тасындағы: «Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр (болған) елдікті, ығыр (болған) қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті» деген жолдар айғақ-дәлел бола алады. Империялық шалқыған көңіл 753 жылы орнатылған Тариат (Теркін) мәтінінде де тұр. Онда: «Алдыңғы күн шығыстың [елі], одан соң ай туар жақтың халқы, [дүниенің] төрт бұрышының халқы күш-қуатын берер, [ойы] бөлек жауым болмады. Жайлар жайлауым, егін алқабым сегіз Селеңгі, Орхон, Тоғла суы (дария бойы), Телдү, Қарға, Борғу ол жерлермен, сулармен көшіп-қонып жүрдім» делінген екен. Осындай пайым-тұжырымды Тоныкөк тасындағы жазудан да оқуға болады: «Бұл түрік халқына жарақты жау келтірмедім. Шұбырған аттыларды жүргізбедім. Елтеріс қаған иелік етпесе, оған еріп мен өзім иелік етпесем, ел де, халық та жойылар еді. Иелік еткендіктен, қасиетті еліме иелік еткендігім үшін, ел де ел болды, халық та халық болды».

Сонымен, тағдыр анықтағыш ұлы идеологема геосаяси факторлардың мемлекет мұратына жегілген немесе дөп келген дәуірінде, халықтың әл-ауқаты жоғары ортада, елішілік бірлік пен татулықтың салтанат құруымен түзілді. Өз кезегінде ұлттық қауіпсіздігі бекем, сыртқы саясаты мен халықаралық байланыстары көрегендікке, парасатқа жүгінген, әскері сақадай сай мемлекетте оның қоғамға, мемлекетке, азаматтарға қуат беруші артықшылығы да, мүмкіншілігі де зорая түседі екен.

«Мәңгі Ел» - арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз.

  1. «Өтікен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен» делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен - түркілердің астанасындай қасиетті жері. Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. Ол - мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек боларлық орда керек екен. Ең кереметі - «Мәңгілік Ел» идеясы да Қазақстанның жаңа Елордасы Астанада паш етілді ғой.
  2. Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі - мемлекеттің даму стратегиясын, ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке жол бермеу, екіншісі - билік пен халық арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі екенін баса көрсету. Осынау ұстаным қазіргі Қазақстан үшін бейтаныс емес.
  3. Көреген Күлтегін былайша толғанады: «Мен мәңгітас тіктім (тұрғыздым) . Табгач қағаннан бедізші келтірдім. Бедіз еттім. Менің сөзімді бұзбады». Демек, мәңгіліктің негізінде материалдық, геосаяси, әскери фактор ғана жатқан жоқ екен. Бұрмалаудан, әсірелеуден ада, ақиқатқа суғарылған тіл мен сөз, руханият пен идеология, тұжырым мен теория мәңгілікке жетелейтініне бабаларымыздың күмән-күдігі болмаған. Бұл қағидат бүгін де өз күшінде. Елбасымыз қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығын талап етуде. «Мәңгілік Ел» идеясын жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс», - дегені бәріміздің есімізде.
  4. Күлтегін жазуында мынадай жолдар бар: «Көңілдегі сөзімді (бастырттым) … […] он-иелік ұрпағыңа, кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер. Мәңгі тас тоқыттым». Бұл тұжырымның мәнісі, біздіңше, мынада: ұрпақтар жалғастығы қаншалықты маңызды болса, этникалық, рухани, идеологиялық, тілдік, т. б. с. с. құндылықтардың сабақтастығы одан бір мысқал кем емес. Бұлар мәңгіге айналғанда әркімнің және баршаның бәсекеге қабілеттілігі шыңдалады. Елдің мәңгілігі негізделеді. Осы орайда тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан ұлттық тарих, мәдениетті қолдау жылдарының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, қазіргі Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның маңызын тағы да мойындайсың.
  5. «Мәңгілік Елге» қатысты аманатталған Күлтегіннің соңғы өсиеті: «Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. Осындай киелі жерге мәңгі тас тоқыттым, жаздырдым. Бұны көріңдер, осылайша біліңдер». Тобықтай түйіні, біздің ойымызша, мемлекет үшін де, халық үшін де мәңгіліктің қасиетті көзі - жер дегенге саяды. Жер - бұл табиғат, экономика, байлық, өмір салты, геосаясат, руханият. Осылай болған және бола да береді.

Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы «Мәңгі Ел» идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының, ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да, Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының сабындай қысқа өмірінде адам терең ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік ел түзе алады. Басқасының бәрі - көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі - толағай интеллектуалдық ізденіс пен серпіліске сүйенген ұлттық идея. Ұлттық идеяның тарихи орнын, оның кешегі, бүгінгі, ертеңгі болмыс-бітімін анықтау үшін алдымен «ұлт» ұғым-түсінігіне тоқтала кеткен жөн.

Ғалымдардың пайымы бойынша, «ұлт» (латынша - nascor) термині Ежелгі Римде аз халықтар деген мағынада қолданылған екен. Бүгінде «ұлт» терминіне берілген анықтамалар қисапсыз көп. Бірінде этникалық қауымдастықты білдіретіні талданса, келесісінде мемлекеттің барша халқы мағынасында түсіндіріледі. Мемлекетті «ұлт» терминімен сипаттайтындар бар. Демек, Біріккен ұлттар ұйымы, ағылшын тілінен аударғанда, Біріккен мемлекеттер ұйымы мағынасында қолданылады.

Жинақтай айтсақ, ұлттық идея сөзтіркесі тарихи ахуалға қарай этностың немесе мемлекеттің мұраты дегенге саяды. Бір қарағанда, «мақсат», «мұрат» сөздері мағыналас тәрізді. Екеуінің айырмашылығын түсіну үшін «бірінші», «тұңғыш» сөздерін салыстырсақ жетіп жатыр. Парқы мен нарқы жағынан «тұңғыш» «біріншіден» қымбатырақ, ыстығырақ, биігірек. «Мұрат» сөзі де мағынасы жағынан «мақсаттан» маңыздырақ, жүрекке жақынырақ. Қайткенде де, мұратсыз ұлт та, мемлекет те жер бетінде болған емес.

«Мәңгілік Ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, көпдінді ахуалымызды, бірде-бір этносқа қандай ғана болмасын басымдық берілмейтінін меңзейді. Сөйтіп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды. Енді не істеу керек?

Біріншіден, Президент дәйектеген ұлттық идея болашаққа ұлы серпіліс болғандықтан оған конституциялық мәртебе беру - уақыт талабы. Ата Заңымыздың тарау-тарауына енгізумен идеяның жасампаз құдіреті ашылады. Экономикалық, идеологиялық, саяси пікіралуандығының өзекті ұйытқысы орнығады.

Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмауына Парламент пен Үкімет, Президент әкімшілігі жағдай жасағаны абзал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның даму жолдары және перспективалары: «Мәңгілік ел» идеясы
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты ынтымақтастық
Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау
Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz