Астана қаласындағы «Сарайшық» көп қабатты ТК жылыту жүйесі



1.1.Астана қаласы климатының сипаттамасы, жылулық желілердің температуралық графигі. «Сарайшық» тұрғын кешені туралы мағлұмат

1.2.Ғимаратты жылыту жүйесі, желдету және ыстық сумен жабдықтау

1.3.Қазандық сипаттамасы, жабдықтар құрамы және отын түрлері
Астана қаласының климаттық белдеуі – тым континенттік бөлікке жатады. Астана қаласы – елордамыз. Мұнда қыс мезгілі 4,5-5 айға созылады. Елорда тұрғындарын жайлы ғимараттармен жабдықтау және энергетикалық тиімді шешімдерді қабылдау тұрғын үй кешенін салушы жетекші компаниялардың алдындағы үлкен міндет болып тұр. Астана қаласының тағы бір климаттық ерекшелігі ұйтқып соққан қарқынды желі болып табылады.
Қазіргі таңда қуатты энергоблоктарда өтетін жылу технологиялық процестерді сапалы және тиімді жүргізу үшін жүздеген параметрлерді ұдайы бақылап, қадағалап, реттеп отыру керек. Электр станциялары мен жылумен жабдықтау объектілерінде күтілмеген жағдайлардың арқасында, мысалы, отын сапасының нашарлауы, жүйеге қосылған тұтынушылардың қуатының төмендеп кетуі т.с.с. себептердің салдарынан реттелетін параметрлерге қобалжытушы әсер түсіріліп, олардың мәндері ауытқып кетуіне байланысты технологиялық процеске зақым тиіп, апат қауіпі де төнуі мүмкін.Сондықтан жылутехникалық бақылау мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Осы уақытқа дейін қазандықтарда технологиялық бақылауды жүзеге асыратын комплекстер ескіріп, сенімділіктері төмендегендіктен қолданылатын аспаптарды жаңартып, қазіргі заманғы жетілдірілген қондырғылармен алмастыруды талап етеді. Технологиялық бақылаудың негізгі мәселелерін шешу төмендегідей талаптарға сай болуы керек:
1. Ресей және ТМД елдерінде қолданылып, біртекті өлшеулерді қамтамасыз ететін аспаптарды енгізу.
2. Қондырғы датчиктер мен сигнал көздерінің кез келген түрімен жұмыс істеуі қажет.
3. Кез келген релелік немесе аналогтық шығыстардың көмегімен басқарылатын мүмкіндіктің болуы.
4. Өлшеу каналдарының соның ішінде датчиктермен байланыс линияларының дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын үздіксіз бақылау мүмкіндігі.
Қазіргі заманғы қуатты энергоблоктардың технологиялық бақылау жүйесін жоспарлауда 1500-ден астам параметрлер бақылауға алынып, 1000-нан астам реттегіш блоктар мен 120 локальді реттеу контурлары қолданылады. Жылутасымалдағыштардың жылдамдықтары мен параметрлерінің жылдан жылға өсіп отыруы (қысымның 36 МПа-ға дейін артуы, температураның 565С-ге жетуі) жылутехникалық процестерді бақылау жүйесін жоғары дәрежеде жобалауды талап етеді.
«Сарайшық» тұрғын үй кешені Астана қаласы Алматы ауданына қарасты М.Жұмабаев пен оңт. Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан 9- қабатты 5-кіре берісті пәтерлер жиынтығы. «Сарайшық» ТК Есіл өзенінің оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы – 248 м2.
Жөртөледе орналасқан: жылыту пункті, электрмен жабдықтау және суды өлшеу аспаптары орналасқан.
Зерттеу нысаны ретінде «Сарайшық» ТК 9- қабатын алып отырмыз.
Жылдың ең суық кезеңінің климаттық параметрлері:
сыртқы ауаның есепті температурасы (ең салқын бес күндіктің): - 28оС;

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Астана қаласындағы Сарайшық көп қабатты ТК жылыту жүйесі

Жоспары

1.1.Астана қаласы климатының сипаттамасы, жылулық желілердің температуралық
графигі. Сарайшық тұрғын кешені туралы мағлұмат

1.2.Ғимаратты жылыту жүйесі, желдету және ыстық сумен жабдықтау

1.3.Қазандық сипаттамасы, жабдықтар құрамы және отын түрлері

1. Астана қаласы климатының сипаттамасы, жылулық желілердің температуралық
графигі. Сарайшық тұрғын кешені туралы мағлұмат

Астана қаласының климаттық белдеуі – тым континенттік бөлікке жатады.
Астана қаласы – елордамыз. Мұнда қыс мезгілі 4,5-5 айға созылады. Елорда
тұрғындарын жайлы ғимараттармен жабдықтау және энергетикалық тиімді
шешімдерді қабылдау тұрғын үй кешенін салушы жетекші компаниялардың
алдындағы үлкен міндет болып тұр. Астана қаласының тағы бір климаттық
ерекшелігі ұйтқып соққан қарқынды желі болып табылады.
Қазіргі таңда қуатты энергоблоктарда өтетін жылу технологиялық
процестерді сапалы және тиімді жүргізу үшін жүздеген параметрлерді ұдайы
бақылап, қадағалап, реттеп отыру керек. Электр станциялары мен жылумен
жабдықтау объектілерінде күтілмеген жағдайлардың арқасында, мысалы, отын
сапасының нашарлауы, жүйеге қосылған тұтынушылардың қуатының төмендеп кетуі
т.с.с. себептердің салдарынан реттелетін параметрлерге қобалжытушы әсер
түсіріліп, олардың мәндері ауытқып кетуіне байланысты технологиялық
процеске зақым тиіп, апат қауіпі де төнуі мүмкін.Сондықтан жылутехникалық
бақылау мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Осы уақытқа дейін қазандықтарда технологиялық бақылауды жүзеге
асыратын комплекстер ескіріп, сенімділіктері төмендегендіктен қолданылатын
аспаптарды жаңартып, қазіргі заманғы жетілдірілген қондырғылармен
алмастыруды талап етеді. Технологиялық бақылаудың негізгі мәселелерін шешу
төмендегідей талаптарға сай болуы керек:
Ресей және ТМД елдерінде қолданылып, біртекті өлшеулерді қамтамасыз ететін
аспаптарды енгізу.
Қондырғы датчиктер мен сигнал көздерінің кез келген түрімен жұмыс істеуі
қажет.
Кез келген релелік немесе аналогтық шығыстардың көмегімен басқарылатын
мүмкіндіктің болуы.
4. Өлшеу каналдарының соның ішінде датчиктермен байланыс
линияларының дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын үздіксіз бақылау
мүмкіндігі.
Қазіргі заманғы қуатты энергоблоктардың технологиялық бақылау жүйесін
жоспарлауда 1500-ден астам параметрлер бақылауға алынып, 1000-нан астам
реттегіш блоктар мен 120 локальді реттеу контурлары қолданылады.
Жылутасымалдағыштардың жылдамдықтары мен параметрлерінің жылдан жылға өсіп
отыруы (қысымның 36 МПа-ға дейін артуы, температураның 565С-ге жетуі)
жылутехникалық процестерді бақылау жүйесін жоғары дәрежеде жобалауды талап
етеді.
Сарайшық тұрғын үй кешені Астана қаласы Алматы ауданына қарасты
М.Жұмабаев пен оңт. Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан 9- қабатты 5-
кіре берісті пәтерлер жиынтығы. Сарайшық ТК Есіл өзенінің оң жақ
бөлігінде орналасқан. Ауданы – 248 м2.
Жөртөледе орналасқан: жылыту пункті, электрмен жабдықтау және суды
өлшеу аспаптары орналасқан.
Зерттеу нысаны ретінде Сарайшық ТК 9- қабатын алып отырмыз.
Жылдың ең суық кезеңінің климаттық параметрлері:
сыртқы ауаның есепті температурасы (ең салқын бес күндіктің): - 28оС;
- жылыту мерзімі кезіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы: -2,1оС;
- жылыту мерзімінің ұзақтылығы: 166 тәулік;
- жылыту мерзімі кезіндегі желдің орташа жылдамдығы: 1,1 мс.
Сыртқы қоршаулар материалының сипаттамалары:
а) Сыртқы қабырға 1:
- керамогранит, тығыздығы 900 кг;
- жылуоқшаулағыш пенополистирол, тығыздығы 150 кг;
- монолитті қабырға, тығыздығы 1400 кг;
- цементті-құмды штукатура, тығыздығы 1800 кг;
ә) Сыртқы қабырға 2:
- сыртқы жағы монолитті қабырға -300мм, тығыздығы 1400 кг;
- жылуоқшаулағыш пенополистирол, тығыздығы 150 кг;
- цементті-құмды ерітіндідегі кәдімгі балшық кірпіш, тығыздығы 1800
кг;
ішкі жағы гипсокартоннан, тығыздығы 80 кг.
б) Сыртқы қабырға 3:
- темірбетонды балкі, тығыздығы 7500 кг;
- жылу оқшаулағыш пенополистирол, тығыздығы 150 кг;
- монолитті қабырға, тығыздығы 1400 кг;
- цементті-құмды штукатура, тығыздығы 1800 кгм3.
в) Төбе жабыны:
- металдық профлист, тығыздығы 1600 кг;
- буизоляция - 1-қабаты полиэтиленді пленка, тығыздығы 150 кг;
- ауа қабаты;
- жылуоқшаулағыш стекловата, тығыздығы 150 кг;монолиттік
жабын, тығыздығы 700 кг.
г) еден жерде орналасқан :
- керамикалық плита, тығыздығы 1450 кг;
- жабыстырылатын мастика, тығыздығы 70 кг;
- гидроизоляция, құйылмалы, тығыздығы 1200 кг;
- цементті-құмды тегістеуші қабат М150, тығыздығы 1750 кг;
- жабын плитасы, 1800 кг.
ғ) терезе метал-пластикалық.
ж) есік - қарағай және талшық шырша.
Ең бірінші сыртқы қоршауларының жылу техникалық есебі жүргізіледі.
Содан кейін әр бөлмелердің сыртқы қоршауларынан жоғалатын жылуы
анықталады. Осы жоғалатын жылу арқылы жылыту жүйелерінің жылу аспаптарының
есебі мен гидравликалық есебі жүргізіледі.
Жылу берудің үш түрі болады: сәулелік, конвективтік және жылу
өткізгіштік.
Сыртқы қоршауларда жылу өткізгіштік түрі мол болады. Ішкі және сыртқы
ауа қатынасы сыртқы қоршаулар арқылы қарастырылады. Жылу техникалық есепті
орындауға негізгі қажеттіліктер: жылдың салқын мерзіміндегі ішкі және
сыртқы ауаның термодинамикалық параметрлері және сыртқы қоршаулардың
жылуфизикалық сипаттамалары.
Қоғамдық ғимараттың сыртқы қоршауларының жылу техникалық есептеуін
өткізу үшін бөлмелерінің тағайындалуы мен пайдалануын білу қажет, себебі
олардың ішкі ауа температурасы, ылғалдылығы санитарлық нормалар және
ережелермен беріледі. Сыртқы қоршаудың ішкі бетіндегі температурасы,
ылғалды нүктедегі температурадан артық болу керек, кем дегенде 2-3 0С.

2. Ғимаратты жылыту жүйесі, желдету және ыстық сумен жабдықтау

Жылумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік
ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, тұтынушыларды жылутасығыштар (ыстық
су немесе бу) арқылы жылумен қамтамасыз ету; тұрғын, қоғамдық және
өнеркәсіпті ғимараттар мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ауа
алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылутасығыштың (ыстық су не бу)
көмегімен жылумен жабдықтау. Бұл жүйенің жылулық көзі ретінде пайдалы әсер
коэффициенті жоғары болатын, жылутасығышты жылулық тораптар арқылы 10-15 км
қашықтыққа дейін тасымалдайтын, құбыр диаметрі 1000-1400 мм болатын
жылуэнергоорталығы немесе ірі қазандық орындары қызмет жасайды. ЖЭО-ның
қуаты 1000-3000 МВт, қазандықтардың қуаты 100-500 МВт. Ірі
орталықтандырылған жылумен қамдау жүйелері бірнеше жылу көздерінен тұрады.
Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйелеріне біріңғай гидравликалық,
жылулық режим және ортақ басқару жүйесі өзара байланысқан ғимараттарды
жылумен қамдау жүйелері де кіреді.
Жылумен жабдықтау жылу көзінен жылу тасығышты тұтынушыға жеткізетін
жылу торабынан және жылу тұтынатын қондырғылардан тұрады. Жылумен жабдықтау
бір орталықтан жылумен жабдықтау және жергілікті жылумен жабдықтау болып
ажыратылады. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жылуды өндіру орнынан тысқары
орналасқан көптеген тұтынушыларға жылу жеткізуді қамтамасыз етеді. Мұндай
жағдайда қала мен өндіріске қажетті жылу көзі ретінде жылу электр
орталықтары (ЖЭО) және жылыту қазандықтары кеңінен таралған. Бір орталықтан
жылумен жабдықтау жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіне қарағанда отынды
едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның құрамына жылу көзі (қазандық немесе
ЖЭО) және жылуды тұтыну орындарына жеткізіп беретін құбырлар кіреді.
Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін дербес (цех, бөлме немесе пәтер
дербес жылу көзінен, соның ішінде пеш арқылы жылумен қамтамасыз етіледі)
және жеке (әрбір ғимарат өзінің жылу көзімен жабдықталады, оны ғимаратты
орталықтан жылыту деп атайды) жылумен жабдықтау түрлеріне ажыратады.
Қалаларда көп қабатты үйлерді салуға көшкенде КСРО-ның экономи-калық
жағдайында технико-экономикалық зерттеулер нәтижесінде пешпен жылыту және
дербес жылу көздері – жеке үйлердегі жергілікті қазандықтар қажет емес деп
табылды. Әрбір ғимарат жылу тұтынудың бірлігі сияқты, орталық жылу көзінен
жылу алатын болды.
Іс жүзінде жылыту, желдету (ауаны баптау – кондиционирование) және
тәсілдемелік мақсат үшін жуынатын және ас бөлмелерді ыстық сумен қамдау
үшін қыздырылған суды пайдалану қалыптасты.
Жылумен қамдау жүйелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
деп бөлінеді.
Кішкене елді мекендерінде және көбінесе жеке меншік үйлер
салынған қаланың кейбір аудандарында орталықтандырылған емес жылумен қамдау
жүйелері (ОЕЖҚЖ) қолданылады, оларда жылу көздері және тұтынушылардың жылу
қабылдағыштары бір үй-жайда болады немесе жылытылатын ғимаратқа жалғай
салынады, сирек жылытылатын ғимаратқа жақын орналастырылады.
Булық жүйелер. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды бумен қамдауда бу
құбырлармен шық құбырларынан тұратын жүйелер қолданылады. Бу құбырлары
арқылы бу тәсілдемелік жылуқабылдағыштарға жеткізіледі. Шық құбырлары
арқылы тәсілдемелік құбылысында будың салқындауы
нәтижесінде алынған шық толығымен немесе ішінара жылукөзіне қайтарылады.
Кейбір тәсілдемелік құбылыстар шықты жылукөзіне қайтармай жұмыс
істейді.
Сулық жүйелер. Жылутасығышты жылукөзінен тұтынушыға дейін, әдетте екі
құбырлы жылу торабы бойынша тасымалданады. Кейде үш құбырлы жылу тораптары
қолданылуы мүмкін, мысалы, тәсілдемелік жүктемені бөлу үшін.
Екі құбырлы жылу торабында бір құбыр бойынша (жеткізетін)
қыздырылған су тұтынушылардың абоненттік түйіндеріне келеді, басқа құбыр
бойынша жылыту аспаптарында салқындаған су жылукөзіне қайтады.
Қазақстан
қалаларында жылу торабының жеткізу құбырлары, әдетте, керілермен қатарлас
жер астында құрама темірбетон арналарында немесе жер үстінде арнайы
темірбетон тіректерде болады. Құбырлар тотықтырмайтын және жылу
оқшаулағыш жабындымен қорғалады. Жер асты суы болса оған қарсы шаралар
қолданылуы мүмкін. Сулық жүйелер тұтынушылардың ыстық сумен қамдау жүйесіне
қосу сүлбесіне қосуға байланысты жабық және ашық деп бөлінеді.
Жабық жүйелерде (1.1 сурет) жылутасығыш (су) жылу торабының
тұйықталған контурында айналады, тікелей жүйеден су алу рұқсат етілмейді.
Жуынатын, ас бөлме, тәсілдемелік құбылыстарды ыстық сумен қамдау екінші
контурдан қамтамасыз етіледі, онда су-сулық қыздырғышта жылулық торап
суымен (тораптық сумен) қыздырылған қалалық су құбырының суы айналады. Су-
сулық қыздырғышта және қызатын
жылутасығыш су жеке тұтынушыларға немесе тобына (тұрғын квартал, ауданша,
ірі ғимарат, зауыт корпусы) қызмет ететін жылулық орында қондырылады.

1- Сурет. Ыстық сумен қамдаудың бір нұсқасының сұлбасы тізбектеліп
қосылғын екі сатылы су- сулық қыздырғышы бар жылулық орын үшін:
1 – ішетін су құбырының суы; 2 – төменгі саты су-сулық қыздырғыш; 3 –
айналу сорғысы;
4 – температура реттегіш; 5 – шығыс реттегіш; 6 – элеватор; 7 – жоғары
саты су-сулық қыздырғыш; 8 – ыстық су алу шүмегі; 9 – ғимарат жылыту
аспаптары.

Ашық жүйелерде (2-сурет) ыстық сумен қамдау үшін су алу тікелей жүйеден
тұтынушылардың абоненттік кіруінде болады.

2- сурет – Ыстық сумен қамдаудың ашық жүйесіндегі ғимараттың жылулық
орнының сұлбасы
1 – диафрагма; 2 – кері клапан; 3 – элеватор; 4 – араластырғыш –
температура реттегіш; 5 – ыстық су алу шүмектері (кран); 6 – жылыту
аспаптары;
Жабық жүйелерде су ысырабын жылукөзде механикалық қоспадан және
тұздардан су дайындау цехында тазартылған және газдан тазартқышта оттектен
тазартылған толықтыру суымен толтырылады.

3. Қазандық сипаттамасы, жабдықтар құрамы және отын түрлері

Қазандық жұмыс температурасы 70-150 0С болатын суды өндіреді. Қыстың
ызғарлы-суық кезеңдерінде, қазандықтың жылулық міндеттемесі, оның бу
құбырында және сыртқы жылу желісінде жоғалтқан жылумен бірге: өндірісте 200
Гкалсағ; желдетуге 15,5 Гкалсағ; ыстық су торабына 5,5 Гкалсағ жылу
өндіру.

Қазандық қалалық су торабынан алынған суды қолданады.

Түтінді газдарды тарту, түтін сорғыш арқылы жүзеге асырылады. Әр
қазанның түтін сорғышы жекеленген. Қазандық химиялық тазартылған,
деарациядан өткен 104 0С-тағы сумен қоректендіріледі.
Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің негізінде әдеттегі энергияны қолдану
жатады. Жылулық жүктеме қазандық агрегаттардың есебімен жабылады. Қазандық
жылу потенциалын керекті деңгейге дейін көтеруге рұқсаты бар. Түтін
сорғыштар, үрлегіштер, оттықтар және де сорғылар қазандықтың басты
қондырғылары болып табылады. Энергияның көзі ретінде отынды
қолданғандықтан, жылумен қамтамасыз ету жүйесін іске келтіргенде
экологиялық қауіп-қатер туындайды (3-сурет).

3- Сурет - Жылумен жабдықтау жүйесінің пневмогидравликалық қағидалық
сұлбасы

1 - БТП6001,2 - технологиялық қыздырғыштар блогы;

1 - БНТ - жылутасымалдағыштар сорғылардың блогы;

3 - Е650 - резервтік су ыдысы; 4 - Е6002 - резервтік су бөлігі, 5 - Е6001
- су айналымы жүретін бөлік.
БТП - 6001 және БТП - 6002 су жылытқыш қазандары жылуөндірулігі 10
және 20Гкалсағ қысымы 13,5кгссм² және көрсетілген

температурасы 150ºС ыстық су алуға, жылыту жүйесіне, өнеркәсіпте және
тұрмыстық қолданыста желдету мен ыстық су алуға арналған [1].
1- кесте. Қазандықтың техникалық сипаттамалары
№ Қазандық атауының Қазандық типінің өлшемдері
көрсеткіштері
БТП-6001 БТП-6002


1 2 3 4
1. Белгіленген 11,63(10,0) 23,26(20,0)
жылуөндірулігі,МВт (Гкалсағ)
2. Отын түрі Газмазут Газмазут
3. Жұмыстық су қысымы,МПа 2,5 2,5
4. Кірістегі су температурасы,ºС 70 70
5. Шығыстағы су 150 150
температурасы,ºС
6. Гидравликалық кедергі,МПа 0,25 0,25
7. Жылуөндірулігіне қарасты кең
ауқымды реттеу шамасы,% 30-100 30-100
8. Құбыр жүйесінің массасы,кг 18400 26200
9. Ұзындығы,мм 6590 9700
10. Ені,мм 3200 3200
11. Биіктігі,мм 7300 7300
12. Су шығыны,тсағ 123,5 247,0
13. Отын шығыны-газ,нм³сағ 1330 2660
-мазут,кгсағ 1220 2450


14. ПӘК,%
-газдан 94 94
-мазуттан . 92 92

15. Меншікті шығарынды
Noх,мгнм³
-газдан 230 230
-мазуттан 300 300
көп емес

16. Шулы аймақтағы қызмет етудің
баламалық деңгейінен,ДБ(А), 80 80
көп емес
17. Қазандықтың сыртқы беттік
қыздыру температурасы,ºС 45 45
18. Қазандықтың аэродинамикалық
кедергісі,кгм² 45,5 60,0
19. Шығар газдардың
температурасы,ºС
-газ 145 145
-мазут 220 220

Қазандықтың қосалқы жабдықтары

Су жылытқыш қазандарының жұмыс қабілеттілігін тікелей қамтамасыз
ететін қосалқы қондырғылармен жабдықталады. Сонымен қатар, котелнянын
технологиялық циклінің жұмыс қабілеттілігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Түркістан қаласының жел бағыты
Түркстан қаласындағы жануарлар ауруларын алдын-алу орталығы
ГТУ Н – 25 негізіндегі бу-газ қондырғысын пайдалана отырып Ақтау ЖЭО жұмысының тиімділігін арттыру
Батыс Қазақстан аймақтарының туризмінің дамуы
Ғимараттардың жылыту жүйелерінің технологиялық схемаларын талдау
Жабын плиталарын құрастыру құрастырудың техникалық схемалары
Талғар қаласындағы спорт ғимаратын жылыту
Жылыту жүйелеріне арналған жылу тасымалдағыштар
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Пәндер