Малазықтық дақылдар және олардың сипаттамасы



Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Сүрлем дақылдар.
2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар.
3. Көпжылдық астық тұқымдастар.
4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар.
5. Біржылдық астық тұқымдастар.
6. Малазықтық тамыржемістілер.
7. Малазықтық бақша дақылдар.
8. Жемазықты дақылдар.
Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты – сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а.ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т.б. жатады.
Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз,

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Малазықтық дақылдар
және олардың сипаттамасы

Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн.
га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр.
Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп
азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар
өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады:
1. Сүрлем дақылдар.
2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар.
3. Көпжылдық астық тұқымдастар.
4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар.
5. Біржылдық астық тұқымдастар.
6. Малазықтық тамыржемістілер.
7. Малазықтық бақша дақылдар.
8. Жемазықты дақылдар.
Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын
көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды.
Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және
судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты – сүрлем алу және
жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме
азықтандыру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны
және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ
тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен
сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған
жағдайда 1 а.ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал
азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен
алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ
тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа,
қызыл беде өсіріледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса
дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп,
қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл
топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып
табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі,
итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа,
асбұршақ, ноғатық т.б. жатады.
Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық
және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын
дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз, тарна,
турнепс өсіріледі. Қазақстанда бұл дақылдардың үлесі аз.
Аз тараған, дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктерге жерсіндірілген,
табиғи флорадан енгізілген немесе ертеде бұл аймақта өсірілмеген мәдени
дақылдар жатады, қазіргі уақытта олар аз өсіріледі.
Мал азығының бірнеше жіктеуі бар. Мысалы, барлық мал азығын екі топқа
бөлуге болады: өсімдік және мал өнімдерінен жасалатын, ерекше топқа
минералды және дәруменді үстеме қоректендіру жатады. Мал азығы құрамындағы
су мөлшеріне негіздеп жіктеу қазіргі уақытта кең қолданады.
1. Шырынды мал азығы (көк балауса және жасыл балауса мал азығы,
сүрлем, тамыржемістілер).
2. Ірі қара мал азығы (пішен, сабан, пішендеме).
3. Құрама жем азығы (астық, құрама жем және т.б.).
4. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің қалдықтары
(кебек, күнжара, сүйек ұны т.б.).
Малдар рационында маңызды орынды (98%-ға дейін) мал азығын егістікте
және шалғындықта, сонымен қатар өсімдік шаруашылығында өндіруде өсімдіктен
жасалған мал азықтары алады. Өсімдіктен жасалған мал азығының тобы өте кең.
Оларға көк балауса (шөп), шырынды (тамыржемістілер, түйнек жемістер,
сүрлем), ірі азық (сабан, пішен, топан, бұтақтан жасалған мал азығы) және
құрама жем азығы (астық, бұршақ тұқымдастардың және майлы дақылдардың
дәні), тағам өндірісінің қалдықтары жатады.
Жасыл балауса мал азығына жайылымдық мал азығы, себілетін көпжылдық
және біржылдық шөптер, малазықтық қырыққабат т.б. жатады. Бұл мал азықтары
міндетті түрде барлық малдың рационына кіру керек, өйткені жас көк шөп
құрамында барлық минералды тұздар, дәрумендер бар, одан соң ол жақсы
қорытылады (4-кесте).
Жасыл балауса – өте арзан мал азығы. Табиғи малазықтық жерлерде малды
жаю әдісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ең арзан ет өнімін береді.
Көптеген аймақтарда пішен, сабан, топан мал азығының рационының
негізі, ал қыс кезеңінде барлық малға жем-шөп болып табылады.
Пішен. Оның қоректілігі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, шөптердің
жиналу мерзіміне, кептіру және сақтау әдісіне байланысты. Гүлдену кезеңінде
жиналған бұршақ және астық тұқымдас шөптерден жасалған пішен өте құнарлы
болып саналады. Сіңімді протеин мөлшері бойынша жоңышқа пішені кебекке
жақындайды, онымен азықтандырғанда рационнан құрама жем азығын қысқартуға
немесе мүлдем алып тастауға болады. (4-кесте).
Әр түрлі шөптерден дайындаған пішен құнарсыз деп саналады, өйткені
құрамында құнарлы шөптер арасында улы және зиянкес өсімдіктер болады.
Құнарсыз ірі азық мал азығына қияқөлең және елекшөптен дайындаған пішен
жатады. Малдар оларды нашар жейді.
Табиғи малазықтық жерлер өсімдіктердің өсу орны және ботаникалық
құрамына байланысты суарма, құрғақ алқап, орманды, далалы, таулы және
батпақты болады.
Суарма пішен суармалы шалғын жерлерден шауып алынады, ең жақсы шөпті
өзен аңғарының ортаңғы жерлерінен алады. Су тұрып қалатын ойпаң жерлерде
қышқыл астық тұқымдас дақылдар өседі, сондықтан пішеннің сапасы да төмен
болады.
Құрғақ алқап пішенді қырат (үстірт), суайрық жерлерде орналасқан
алқаптардан жинайды. Мұндай пішен құрамына 35-55% астық тұқымдастар, 10-15%
бұршақ тұқымдастар және әр түрлі шөптер кіреді. Бұл шөптің құрамында әр
түрлі шөптер неғұрлым аз болса, соғұрлым оның сапасы да жоғары.
Орман пішені. Жақсы, сапалы орман пішені ашық, жарық жақсы түсетін
алқаптардан алынады. Кесілген және жарық аз түсетін жерлер құнарсыз келеді,
өйткені олардың құрамында әр түрлі улы немесе желінбейтін (түймедақ,
бүлдірген, шытырмақ т.б.) өсімдіктер көп.
Далалы пішен малазықтық құндылығы жағынан әр түрлі еркекшөп, селеу,
бетеге, жауқияқ, ши сияқты өсімдіктерден құралады, олар жақсы сапалы мал
азығын береді. Тың даланың сортаң топырақтарының пішені әр түрлі, жусан
сияқты иісі аңқыған және ащы өсімдіктерден болады. Бұл пішенді, негізінен,
қойлар мен түйелерге береді. Сауын малдарына оны беруге болмайды, өйткені
сүт және сүт өнімдеріне ащы иісі сіңеді.
Таулы немесе альпі пішені – сапасы және қоректілігі жағынан ең жақсы
ірі қара мал азығы, жағымды иісі бар және малдар жақсы жейді. Оны таулы
учаскелерден, тау баурайынан жинайды. Бұл пішенде астық және бұршақ
тұқымдас шөптер көп.
Батпақта өсетін пішенді төмен жерлерде орналасқан шалғындардан, батпақ
жерлерден жинайды. Олардың құрамы әрдайым өте төмен сапалы, өйткені оларда
улы шөптермен аралас, қияқөлең, елекшөп және сарғалдақтар бар. Батпақ шөпті
жас төлдерге, асыл тұқымды малдарға, жылқыларға беруге болмайды. Оны басқа
ірі азығымен бірге ірі қара малдарға беруге болады. Себілген шөптердің
пішені – барлық малға ең құнды ірі азық. Жоңышқа, эспарцет, беде пішені
протеин, кальций, фосфор және дәрумендерге бай. Судан шөбі, сиыржоңышқа,
сұлы қоспасы,эспарцет, сераделла, ақ және сары жоңышқа, арпабас, итқонақ
жақсы сапалы мал азығы болады.
Пішеннің сипаттамасын берерде оның ботаникалық құрамын бағалау керек.
Ботаникалық талдауда пішенде мынадай өсімдіктер тобын анықтайды: астық
тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, желінетін әр түрлі шөптер, желінбейтін
шөптер, зиянкес және улы өсімдіктер. Бұл шөптердің құрамын алынған үлгі
салмағының пайызымен көрсетеді.
Пішеннің ең құнды бөлігі – бұршақ және астық тұқымдас өсімдіктер.
Қалған шөптердің бәрі әр түрлі шөптер тобына жатады. Көп тұрып қалған, әрі
түрлі шөптерден жасалған пішен қоректілігі өте төмен, өйткені өсімдіктің ең
маңызды бөлігі – жапырақтар жылдам түсіп қалады.
Аз желінетін шөптер (түйетікен, қымыздық, шағыртікен, салдырлақ,
шайқурай, жусан, қамыс, елекшөп т.б.) пішеннің малазықтық құндылығын
түсіреді. Улы өсімдіктер (сары сарғалдақ, тамырдәрі, сасық меңдуана,
меңдуана, есіртпе, үйбидайық, улы тамыр т.б.) малдарда ауруға шалдықтырады.
Пішен құрамында улы және зиянкес өсімдіктер мөлшері 1% -дан аспау керек.
Олар бір буда шөп ретінде кездеспеу керек, ондай жағдайда пішен малды
азықтандыруға жарамсыз.
Пішендеме. Пішендеме дайындауда ғылыми дәлелденген технологияны
сақтаған жағдайда, көпжылдық біржылдық және шалғындық шөптерден кон-
сервілеу әдісі ең тиімді деп есептеледі. Мал азығы жоғары энергетикалық
және протеиннің құнарлылығымен ерекшеленеді: орташа 1 кг пішендемеде 0,35-
0,45 азықтық өлшем болады. Пішендеме 50-55%-ға дейін кептірілген жіңішке
сабақты шөптерден дайындалады. Сапалы себілген шөптерден дайындаған
пішендеме өте бағалы.
Дәруменді шөп ұнын жоғары сапалы дәруменді пішеннен дайындайды.
Қоректілігі бойынша ол құрам азығынан кем емес, ал каротин және минералды
заттар бойынша тіпті асып түседі. Астық шаруашылығы жақсы дамыған
аймақтарда қырман мал азықтары (сабан және топан) көп және өте судан ірі
азығының қоры болып табылады.
Дәруменді шөп ұны өте жоғары температурада кептіру арқылы жасалады,
мұндай жағдайда дәрумендер және қоректік заттар ұзақ уақыт сақталады. Мал
азығын дайындауда ең жақсы тұқымдары – бұршақ тұқымдас шөптер. 1 кг
бұршақ тұқымдастардан дайындалған дәруменді шөп ұнының қорек-тілігі орташа
0,8-0,9 азықтық өлшем, протеин мөлшері 21-22%, каротин 1 кг 220-300 мг.
Сабан. Сүтті мал шаруашылығының қарқынды жүргізген жағдайда және
малдардың жоғары өнімін алу үшін рационда сабан болмау керек, бірақ та
орташа сауын сүт 2500-3000 кг болғанда сабан мал азығы ретінде берілуі
мүмкін. Өте жоғары сұлы, арпа, тары және бұршақ тұқымдас өсімдіктер сабаны
бағалы болады. Қоректілігі дәнді астық дақылдардың түріне байланысты.
Күздік астық дақылдардың (қара бидай, бидай) сабанында протеин аз, ал
жасұнық көп (35-45%). Орташа 100 кг күздік бидайда 20 азықтық өлшем және
0,8 кг сіңімді протеин болады. Сондықтан оның қоректілігі төмен және
қорытылуы нашар. Жаздық дәнді-астық дақылдарда орташа 100 кг сұлы сабанында
31,2 азықтық өлшем және 1,2-1,5 кг сіңімді протеин болады. Арпа және тары
сабаны қоректілік жағынан сұлы сабанынан кем емес.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің сабаны (асбұршақ, ноғатық) жалпы
қоректілігі бойынша жаздық дәнді астық дақылдарының сабанынан айырмашылығы
жоқ, бірақ ақуыз мөлшері көп. Сабанды бағалаған кезде оның түсіне, сабақтың
шытырлығына, жарқылына, қоспасына және сақталуына көңіл аудару керек.
Шаңды, шірік иіс сасыған, сынған, саңырауқұлақ араласқан, көгерген сабанмен
малдарды азықтандыруға болмайды.
Топан. Ол масақ бөліктерінен, жапырақтардан, дәнді және арамшөп
өсімдіктердің тұқымынан тұрады. Қоректілігі бойынша топан сол өсімдіктің
сабанынан біршама жоғары. Тек 100 кг сұлы топанында 42 азықтық өлшем
болады. Топан нашар кебеді, ылғалды жеңіл сіңіреді, нашар сақталады.
Азықтандыру алдында оны буландырады, сулап алады, шырынды мал азығымен
араластырады немесе мал азығын сүрлеуде қолданады. Бапталмаған қылтығы бар
астықтың топанын малдарға беруге болмайды.
Беде, ноғатық және майбұршақ топанының қоректілігі өте жоғары және
жақсы желінеді. Жүгері собығының өзегі қоректік заттарға біршама бай. Бірақ
олар ірі, сондықтан малға бөлшектеп, басқа мал азықтар қосып беру керек.
Бұтақты мал азығы. Орманды аймақтарда ешкі мен қойларды бұтақты мал
азығымен азықтандырады. Оны жазда қайың, жөке ағаштың, шетеннің,
көктеректің жапырақтанған бұтақтарынан дайындайды. Жапырақтар мен
кептірілген бұтақтарды жуандығы 30-40 см етіп байлап құрғақ қора-қопсыда
сақтайды. Жапырақты ағаш тұқымынан жасалған бұтақты мал азығы қоректілігі
бойынша орта сапалы пішенге тең. Ешкілерге ол әдетте ас қорыту үшін қосымша
заттар көзі ретінде қажет.
Шырынды мал азығы көп малазықтық дақылдар тобы мен сүрлемді
біріктіреді. Бұл мал азығында көп мөлшерде су және аз мөлшерде құрғақ зат
болады. Тамыржемістілер және түйнекжемістілер жеңіл қорытылатын қоректік
заттар – көмірсуларға бай. Олардың кейбіреулерінде дәрумен көп, бірақта
протеин, кальций, фосфор аз. Тамыржемістілер қорытылуы процесіне және
құрғақ мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісті жобалау
Poaceae тұқымдасы - Дәнді өсімдіктер
Асбұршақ дақылы
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Топырақ туралы мәлміет
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік
Льговская жоңышқа сорты
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Пәндер