«Төрелік» ақпараттық жүйесін сот қызметкерлері пайдалануға арналған электрондық кітапша құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе5
1 Аналитикалық бөлім7
1. 1 Пәндік аймақты зерттеу және талдау7
1. 2 Төрелік ақпараттық бағдарламасы жайлы мәлімет9
1. 3 Сотта заңды тұлғаларды, өкілдерді қабылдауды ұйымдастыру10
1. 4 Таңдаған бағдарламалар16
2 Практикалық бөлім21
2. 1 Ақпарат базасының спаттамасы21
2. 2 Деректер қорын машиналық жобалау түрінде іске асыру23
3 Экономикалық қолайлылықты негіздеу36
3. 1 Негізгі көрсеткіштерді есептеу36
3. 2 Бағдарламалық өнімнің сату бағасын есепеу40
4 Экологиялық және еңбекті қорғауды ұйымдастыру42
4. 1 Компьютер кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері43
4. 2 ПЭЕМ-ді қолданушылар ережесі46
4. 3. Электр қауіпсіздігі54
Қорытынды60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі62
Қосымша А
Қосымша Ә
КіріспеШығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты өз жұмысын 2002 жылы 2 қыркүйекте бастады. Алғашқыда сот К. Либнехт көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша әкімшілік ғимаратта орналасқан.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 22 мамырындағы №885 Жарлығымен соттың тұңғыш төрағасы болып Шарнаева Бакытжан Файзолдановна тағайындалды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: «Төрелік» ақпараттық жүйесі. «Төрелік» ақпараттық жүйесі барлық процессуалдық құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бақылау мерзімінің бұзылу фактілерін тіркейді. Аудио-бейне тіркеу сот процесінің ашықтығын арттырады. Сот істерін қорыту негізінде «Істер санатының бірыңғай жіктегіші» әзірленді. 2015 жылдың соңында Жоғарғы Соттың сайтында арнайы «Талдау» форумы ашылды, ол барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: «Төрелік» ақпараттық жүйесі мамандардың жұмысын жеңілдету үшін қолданылса, бұл дипломдық жұмыстың басты өзектілігі, мамандардың жұмысын жеңілдетумен қатар төрелік ақпараттық жүйесінің жұмысын тереңдету болып табылады. Ең бастысы пайдаланушыларға ақпаратпен тез, әрі түсінікті қылып таныстыру. Электронды кітапшада сот туралы, ондағы қағидалар мен ережелер туралы, төрелік ақпараттық жүйесін қалай қолдану керектігі жөнінде толық ақпарат берілген. Яғни бұл электрондық кітапшаны пайдалана отырып пайдаланушы өзінің құқықтары туралы және де соттағы қағидалар мен ережелермен таныса алады. Бұл электрондық кітапшаны құру барысында бірнеше бағдарламалық қамтамасыздандурулар қолданылады.
Диплоомдық жұмыстың мақсаты: «Төрелік» ақпараттық жүйесін сот қызметкерлері пайдалануға арналған электрондық кітапша құру.
Дипломдық жұмыстың алға қойған мақсатына жетуге арналған міндеттері:
- соттың тарихымен танысу;
- «Төрелік» ақпараттық жүйесі құрылымымен танысу;
- сот жұмысының ішкі жүйесін зерттеу;
- соттың атқаратын қызметі мен қызметкерлер кадры бойынша ақпарат жинау;
- кітапша құруға арналған ақпараттық жүйе құрылымымен бағдарлама таңдау;
- «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын меңгеру;
- кітапшаны сот қызметкелреіне ұсыну.
Электрондық кітапшаны құру үшін келесі бағдарламалар қолданылды:
MS Access Office, Delphi 7 бағдарламалау ортасы және HTML бағдарламалау тілі.
1 Аналитикалық бөлім 1. 1 Пәндік аймақты зерттеу және талдау 1. 1. 1 ШҚО ауданаралық экономикалық соты туралы мәліметШығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты өз жұмысын 2002 жылы 2 қыркүйекте бастады. Алғашқыда сот К. Либнехт көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша әкімшілік ғимаратта орналасқан. Сот құрамына сот төрағасы, алты судья, кеңсе меңгерушісі, бас маман, сот мәжілісінің жеті хатшысы, сот приставы, сот хатшысы, екі машинист, мұрағатшы және іс-зағаздарын тасушы кірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 22 мамырындағы №885 Жарлығымен соттың тұңғыш төрағасы болып Шарнаева Бакытжан Файзолдановна тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 22 тамызындағы №927 Жарлығымен экономикалық соттың судьялары болып Агажанова Бибигуль Рахимжановна, Джалбагаева Айгуль Ельтаевна, Кадырова Мира Таировна, Каирбеков Нурлан Муратович, Каиров Аскар Макенович, Калелова Салима Кудысовна тағайындалды.
2005 жылдың қаңтарынан бастап, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты Бажова көшесі 2 үй мекен-жайы бойынша орналасты.
Сот төрелігі бойынша жоғары сапалы жұмыс, көпқұрамдылық, тәжірибелі судьялардың болуы, соттың кеңсе бөлімінің мінсіз жұмысы, жоғары тәртіп және орташа моральдық-психологиялық ахуалдың арқасында 23 қараша 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық істерді қараудың негізгі соты мәртебесіне ие болды.
2014 жылдан бастап сот Өскемен қаласы, Ворошилова көшесі 60 үй мекен-жайына көшті.
Соттың ішкі құрылымы төмендегі суретте көрсетілген (1 сурет) .
1 сурет - ШҚО экономикалық сотының ішкі құрылымы
ШҚО мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы туралы ақпаратпен төменде таныса аласыздар.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы - Рамазанов Анарбек Қожахметұлы (2 суретте) .
2 сурет - Соттың бас төрағасы
15. 07. 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Вознесенка ауылында дүниеге келген. 1981 жылы С. М. Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
10. 1981-06. 1982-ШҚО Лениногорск қаласының прокуратурасының стажеры;
06. 1982-09. 1985 -Лениногорск қаласының аға тергеушісі;
09. 1985-05. 1992-Лениногорск қаласы прокурорының орынбасары;
05. 1992-04. 1993 - ШҚО табиғаты қорғау ауданаралық прокуратурасының прокуроры;
04. 1993-04. 1996-Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі;
04. 1996-03. 1999-ШҚО әділет басқармасы басшысының 1-ші орынбасары;
03. 1999-03. 2000-Акмола облысының әділет басқармасының бастығы;
03. 2000-05. 2002-Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
05. 2002-12. 2007-ШҚО Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы;
12. 2007-03. 2009-Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы;
03. 2009-03. 2010-Акмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
03. 2010-09. 2012-Шығыс Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы;
09. 2012-қазіргі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот төрағасы.
1. 2 Төрелік ақпараттық бағдарламасы жайлы мәлімет2015 жылғы қыркүйек айынан бастап барлық гарнизондық әскери соттары «Төрелік» ақпараттық жүйеге толығымен көшіп, іс пен сот өндірістері осы бағдарлама тіркеуі арқылы жүзеге асырылып келеді. «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» сот құжаттарының базасы, «Аудио-бейне тіркеу» жүйесі, «Істер санаты бойынша бірыңғай жіктегіш» істі едәуір жеңілдетеді және сот процесінің ашықтығын арттырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ақпараттық сервистері сотқа жүгіну кезіндегі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік береді және сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
«Төрелік» жүйесі барлық процессуалдық құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бақылау мерзімінің бұзылу фактілерін тіркейді. Аудио-бейне тіркеу сот процесінің ашықтығын арттырады. Сот істерін қорыту негізінде «Істер санатының бірыңғай жіктегіші» әзірленді. 2015 жылдың соңында Жоғарғы Соттың сайтында арнайы «Талдау» форумы ашылды, ол барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.
Барлық сервистер азаматтардың электронды-сандық қолтаңбасы болған жағдайда кез келген қолайлы жерде ғаламтор арқылы қолжетімді. Жалпы сот қызметіндегі жаңашылдықтармен олардың жұмысы туралы мәселелер бойынша азаматтар 1401 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып біле алады.
Алдағы уақытта «Tөрелік» жүйесі соттарды қағаз тасымалдаушылардан барынша арылтады. Жүйедегі барлық операциялар автоматтандырылған, бұл айтарлықтай сот мамандарының жұмысын жеңілдетеді, өйткені көп өтініштер мен жүгінулер «Сот кабинеті» жүйесі арқылы келіп түседі, бұл жерде процеске қатысушылардың мәліметтері мен өтініштерінің мәні хат-хабарды жіберушілердің өздерімен толтырылады.
«Tөрелік» жүйесінің ерекшелігі, барлық соттар бір типтік номенклатура бойынша жұмыс істейтіні болып табылады.
Істерді тіркеген уақытта тараптардың ұялы телефоны көрсетілсе автоматты түрде СМС жіберуге мүмкіндік қарастырылған.
«Төрелік» ақпараттық жүйесі жеңілдетілген жүйе, яғни ақпараттандырылған болып табылады.
1. 3 Сотта заңды тұлғаларды, өкілдерді қабылдауды ұйымдастыруОсы Қағида «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Жоғарғы Сот Төрағасы және Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент) басшысы, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің басшылары жүргізеді.
Жеке қабылдау кезінде түскен өтініштер сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласуға жол бермей, қабылдауды жүргізіп отырған тұлғаның құзыреті шегінде шешілуге жатады.
Сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға жататын мәселелер бойынша жеке қабылдауға сұранған кезде Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңнама нормаларына түсіндірме беріледі.
Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлғалар судья әдебінің, мемлекеттік қызмет туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы, әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың нормаларын, соттарда іс қағаздарын жүргізу туралы ведомстволық нормативтік актілердің талаптарын және осы Қағиданың ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
1. 3. 1 Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды ұйымдастыруЖоғарғы Сотта, жергілікті және басқа соттарда жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды уәкілетті лауазымды тұлғалар тиісті соттың төрағасы бекітетін кестеге сәйкес жүргізеді.
Соттарда азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету олардың құзыретіне сәйкес Департаменттің (сот аппараттары) құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жүктеледі.
Қабылдауды жүргізетін тұлға туралы деректер, қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі соттардың қарауға ыңғайлы жерінде орналастырылады, сондай-ақ тиісті соттың Интернет-ресурсында жарияланады.
Жеке қабылдау күні мереке немесе демалыс күніне түсетін жағдайда жеке қабылдаудың өткізілетін күні одан кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Жеке қабылдауды жүргізуге уәілетті лауазымды тұлға жекелеген тұлғаларды олардың тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, жасын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, бекітілген кестеден тыс, арыз берген күні қабылдау туралы шешім қабылдауға құқылы. Жеке қабылдау сот ғимаратында жүргізіледі. Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, олардың келісімімен, жеке қабылдау бейнеконференбайланыс арқылы өткізілуі мүмкін.
Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру азаматтардың сот ғимараттарында болу қағидаларын, өткізу және объект ішіндегі режим туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Жеке қабылдау басталғанға дейін белгіленген тәртіппен келген азаматтардың жеке бастарын анықтау шаралары қабылданады.
Азаматтарды қабылдау арыз беруге байланысты кезектілік сақталып жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер және мемлекеттік наградалары бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
Жеке қабылдау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің ана тілін немесе өзі білетін тілді қолдануға құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.
Жеке қабылдауды жүргізетін лауазымда тұлға жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің өтінішін мәні бойынша шешу үшін түбегейлі шаралар қабылдайды.
Егер лауазымды тұлға өтінішті жеке қабылдау уақытында шеше алмаса, ол жазбаша түрде жазылады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.
Жеке қабылдауда берілген өтініштерге жазбаша жауаптар, әдетте, қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаның қол қоюымен беріледі.
1. 3. 2 Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жоғарғы Сотта азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді осы Қағидаға 1-қосымшадағы бекітуге сәйкес Департаменттің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауға жазылу жөніндегі жазбаша арызбен, сондай-ақ пайдаланып, жеке қабылдау туралы өтінішпен алдын-ала жүгінуге құқылы.
Жеке қабылдауға жазылу, пайдалану туралы арыздар электрондық үкімет порталы немесе Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсы арқылы электрондық байланыс құралдары қолданылып берілуі мүмкін.
Арыздың электрондық түріне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс.
Жеке қабылдау мәселелері бойынша жазбаша, соның ішінде электрондық арыз жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жеке қабылдауды тиімді ұйымдастыру мақсатында арызға дәлелдерді растайтын материалдар, арыз берген адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар, тиісті түрде расталған сот актілерінің көшірмелері не оларды сұрату жөніндегі өтініш қоса беріледі.
Сұрақтың мәні көрсетілмеген жеке қабылдауға сұрану жөніндегі өтініш оны берген адамға қараусыз қайтарылады.
Жеке қабылдау мәселелері жөніндегі өтініштер ұйымдық-техникалық шараларды қабылдау үшін жеке қабылдауды жүргізетін лауазымды адамның қызметін қамтамасыз ететін Департаменттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.
Нақты сот істері бойынша іс жүргізушілік шешімдердің және сот әрекеттерінің заңдылығымен байланысты Жоғарғы Сот басшылығының жеке қабылдауы мәселелері жөніндегі өтініштер олардың шешілуін ұйымдастыру үшін Жоғарғы Соттың тиісті қадағалаушы сот алқаларының хатшылықтарына беріледі.
Қажеттілігіне байланысты жеке қабылдауды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше азаматтарды жеке қабылдауға уәкілетті лауазымды тұлғаға пайдалану туралы ұсыныс енгізеді.
арқылы жеке қабылдау жүргізу туралы шешім мүдделі жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне, сондай-ақ тиісті соттың кеңсесіне электрондық жүйенің іске қосылатын күні мен уақыты көрсетіліп алдын ала хабарланады.
арқылы жеке қабылдауды жүргізу кезінде қабылдауға келген адамдардың жеке басын куәландыруды, аудиосигналдың және бейнесуреттің қабылдануын бақылауды сот кеңсесінің жауапты қызметкерлері қамтамасыз етеді.
Жеке қабылдау уақытында жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен түскен арыздар орындау үшін жеке қабылдау жүргізіп отырған лауазымды тұлғаның бұрыштамасына сәйкес бөлінеді.
Жеке қабылдауда берілген азаматтық, қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініштер, шағымға немесе өтінішке наразылықтар, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін басқа да іс жүргізушілік сипатындағы құжаттар Жоғарғы Соттың тиісті қадағалаушы сот алқаларына беріледі.
Жеке қабылдау мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ жеке қабылдау уақытында түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу және олардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекіткен Жоғарғы Сотта құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке қабылдаудан түскен өтініштерге «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылады.
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің әрбір өтініші бойынша Жалпы бөлімнің жауапты қызметкері қабылдау жүргізілген күні осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша қабылдауға келушілердің есеп карточкасын толтырады.
Қабылдауға келушілердің есеп карточкасы, тұлғаның жазбаша өтініші, қолда бар барлық қадағалау өндірістері және басқа да материалдар қабылдауды жүргізетін лауазымды тұлғаға қабылдау басталғанға дейін беріледі.
Қабылдау аяқталғаннан кейін қабылдаудың нәтижелері туралы мәлімет, қабылдау жүргізген лауазымды тұлғалардың тапсырмалары мен бұрыштамалары салынған жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, қадағалау өндірістері және басқа да материалдар есепке алу және қатыстылығына байланысты тапсыру үшін тез арада Жалпы бөлімге беріледі.
«Жеке қабылдаудан» деген белгісі бар өтініштер арыз берген адамға қабылдауды жүргізген лауазымды тұлға не оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлға қол қойған дәлелді жауаптың негізінде, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасы төрағасының өтінішті қарауды тоқтату туралы қабылдаған шешімдеріне байланысты бақылаудан алынады.
1. 3. 3 Сотқа келушілерге арналған қағидалар
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында жэне ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Соттар, Департамент және оның аумақтық огандары ғимараттарында өткізу жэне объектішілік режимді үйымдастыруды жэне жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз етеді.
1. 4 Таңдаған бағдарламаларМәліметтер дегеніміз жүйелендірілген құрылымға келтірілген ақпарат. Мәліметтер банкі Ақпаратты сақтауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы формасы және оған қатынау болып табылады.
Мәліметтер банкі дегеніміз бұл мәліметтерді орталықтандырып жинақтауға және коллектипті көп мақсаттық қолдануды қамтамасыз ету үшін арналған арнайы ұйымдастырылған мәліметтер бағдарламмалар, техникалық, тілдік, әдістемелік ұйымдастырылған құралдар жүйесі.
Бұл түсініктемеден мәліметтер банкі автоматтандырылған мәліметтерді өңдеу жүйелерінің жұмыс істеуі үшін қажетті барлық қамтамасыз ететін ішкі жүйелерді қосатын күрделі жүйе болып табылады.
1. 4. 1 HTML бағдарламалау тілі
HTML тілін британ ғалымы, Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женев (Швейцария) Еуропалық ядерлік зертеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған документті оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер сосын қосылған. Программалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды
HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған. Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан. Ол W3C(World Wide Web Consortium) деп аталады.
HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай документтер әдетте . html немесе . htm форматтында болады) тексттік документтер форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, және әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейс және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.
1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді. Одан соң 3. 2 кейін 4. 0 версиялар пайда болады.
Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4. 01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.
1. 4. 2 Microsoft Office Access дерекқоры
Дерекқор - бұл ақпаратты жинау мен ұйымдастыру құралы. Дерекқорлар адамдар, өнімдер, тапсырмалар немесе басқа кез келген заттар туралы ақпаратты сақтауы мүмкін. Көп дерекқорлар мәтіндерді пысықтау бағдарламасында немесе электрондық кестеде тізім ретінде басталады. Тізім кеңейіп тұрғанда деректерде артықшылықтар мен сыйымсыздықтар пайда бола бастайды. Тізім пішініндегі деректерді түсіну қиын болады, сараптаудан деректерді іздеу немесе жинау жолдарының саны шектелген. Осы ақаулықтар пайда болуды бастаған кезде, Office Access сияқты дерекқор басқару жүйесі (ДҚБЖ) арқылы деректерді дерекқорға тасымалдау керек.
Компьютерленген дерекқор нысандарды құрайды. Бір дерекқор бірден көп кестені құрауы мүмкін. Мысалы, Басқа қайнар көзінен деректерді немесе кодты қолдануға арнайы құрастырылған болмаса, Access дерекқоры кестелерін пішіндер, есептер, макростар және модульдер сияқты басқа нысандармен бірге бір файл ішінде сақтайды. Access 2007 пішімінде жасалған дерекқорлар . accdb кеңейтімін алған, ал бұрынғы Access пішімдерінде жасалған дерекқорлар . mdb файл қеңейтімін алған. Access 2007 қолданып файлдарды бұрынғы файл пішімдерінде жасауға болады (мысалы, Access 2000 мен Access 2002-2003) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz