Пошта қызметіндегі веб-сайт құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе5
1 Аналитикалық бөлім7
1. 1 Пәндік аймақ «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сипаттамасы7
1. 2. Пәндік аймақты ұйымдастыру11
1. 3 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары13
2 Жобалау бөлімі23
2. 1 Деректер базасын концептуалды жобалау23
2. 2 Деректер базасын машиналық жобалау27
2. 3 Веб-сайтты жобалау31
3 Экономикалық қолайлылықты негіздеу38
3. 1 Негізгі көрсеткіштерді есептеу38
3. 2 Бағдарламаның бәсекеге қабілеттілігін талдау41
4. 1 Негізгі заңдық ережелер және еңбекті қорғауды ұйымдастыру. Еңбекті қорғауды реттейтін негізгі құжаттар43
4. 2 Өндірістік жарақат және кәсіби аурулар44
4. 3 Өндірістік зиянды факторлар және олармен күрес шаралары47
4. 4 Жұмыс орындарын жарықтандыру49
4. 5 Электр қауіпсіздігі51
4. 6 Электр қауіпсіздігін сақтаудың ұйымдастыру шаралары54
4. 7 ПЭЕМ-ға арналған талаптар58
Қорытынды62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі63
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Почта туралы» Заңына және басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес республикадағы пошта-жинақтау жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың жол басшысы ретінде «Казпочта» акционерлік қоғамы тұлғасындағы Ұлттық пошта операторы анықталды.
«Казпочта» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы №1940 «Республикалық мемлекеттік почта байланыс кәсіпорындарын және олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы» Қаулысына орай құрылды.
АҚ «Пошта» мекемесі нарықтық заманда акционерлік қоғамдар арасында заманауи сатыда көріну ушін ақпараттық технологиясын дамытуға міндетті. Ақпараттық технологиялар көмегімен қызмет жүйелі болуы тиіс. Интернет заманы болғандықтан әр мекеменің өз веб-сайттары болуы тиіс. Осы талапқа сай дипломдық жоба бағыт алды.
Дипломдық жобаның өзектілігі: пошта байланысында жалпы тасымал айналымы жүйелі жүруіне үлес қосатын веб-сайттың ұсынылуы.
Дипломдық жобаның мақсаты: пошта қызметіндегі жалпы жұмыс істеп тұрған веб-сайттың қарастырылмаған бөлігін автоматтандырып курьерлік жұмыстың деңгейін көтеру.
Дипломдық жобаның міндеттері:
- пошта қызметін зерттеу;
- пошта мысалында таңдап алынған пәндік аймақты жүйелеу;
- пошта мекемесінің құрылымын зерттеу;
- веб-сайтқа керекті деректерді жинау;
- деректер базасын құру;
- деректердің концептуалды моделін құру;
- бағдарламалық жабдықтамалар тапдап алу;
- жаңа технологиялар қолданып веб-сайт құру;
- веб-сайттың басты экономикалық көрсткіштерін қарастыру;
- қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған заманда интернет өмірдің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіл әлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.
Сондықтан өзекті мәселелерді қозғай отырып, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін берілген міндеттерге бағыттала отырып АҚ «Казпочта» мекемесіне веб-сайт құрылады.
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Пәндік аймақ «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облыстық мемелекеттік пошта байланыс қызметі Мемлекеттік поштаның Шығыс Қазақстан облыстық мекемесіне ауыстырылған (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 14. 12. 1994 жылғы №1409 шешімі) .
Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің Мемлекеттік поштасы Республикалық мемлекеттік пошта байланыс ұйымына (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 13. 11. 1995 жылғы №11521 шешімі), сонымен қатар, Шығыс Қазақстандық мемлекеттік пошта ұйымы еншілес ұйым құқығындағы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік пошта байланыс мекемесі деп ауыстырылған.
«Пошта саласын тұрақтандыру және қаржылай сауықтару жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы қаулысын қабылдағаннан кейін 1999 жылдың жазында поштаны толық реформалау басталды. РМПБК 1999 жылы 20 желтоқсанда жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Казпочта» Ашық Акционерлік Қоғам болып қайта құрылды, ол жалпы капиталы 903, 66 миллион тенге болып тіркелді, қоғамның бастапқы жарғылық капиталы тек ғимарат пен жабдықтардан құралды. Пошта саласының ауыр қаржылық жәйімен жағдай қиындай түсті - 1993 - 2000 жылдар арасындағы РМПБК-ның жинақтаушы зейнетақы қорының, салық және жалақы бойынша қарызы 140 миллион теңге, өткен жылдарда жинақталған шығындардың сомасы осы жылдар арасында 250, 6 млн. теңгеден астамды құрады.
Қазақстан Республикасының көлік, коммуникациялар және туризм Министрінің 28. 07. 1999 жылғы №458-1 еншілес мемлекеттік почта байланысы кәсіпорндары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігі жанындағы Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылды, оның ішінде Шығыс Қазақстан филиалы құқығында Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорны қосылды.
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар Министрлігі жанындағы республикалық мемлекеттік почтабайланысының кәсіпорны «Казпочта» Ашық Акционерлік Қоғам болып қайта құрылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20. 12. 1999 жылғы №1940) .
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының қабылдануына байланысты, № 415 13. 05. 2003 ж. «Казпочта» ААҚ "Казпочта" АҚ болып қайта тіркелді.
Мөрді тарату қызметі ШҚО байланыс кәсіпорыны құрылтайшысы болып табылатын «Колорит» шағын кәсіпорынға берілді (бұйрық 30. 12. 1992 ж. №221 ШҚОБК жанындағы «Колорит» ШК бекіту туралы) .
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық филиалдың қызметкерлерінің тізімдік саны 2043 адамды құрайды.
«Казпочта» АҚ ШҚ ОФ Директоры Кубентаев Ербол Кумашевич.
Директордың орынбасары - почта байланысын пайдалану басқармасының бастығы Саргалинов Болат Александрович болып табылады.
Директордың орынбасары - директордың орынбасары маркетинг және почталық сату және қаржылық қызметтер дамыту басқармасының бастығы Оразаева Гульназ Маратовна болып табылады.
Бас бухгалтер - бухгалтерлік есеп басқарма бастығы Темирханова Асем Алибековна болып табылады.
Өндірістік объектілерінің желісі 01. 06. 2016 ж. бойынша 278 өндірістік объектілерден тұрады:
- 19 орталық операциялық учаскелері;
- 69 қалалық почта байланыс бөлімшелері;
- 764 елдімекендерге қызмет көрсететін 167 ауылдық почта байланыс бөлімшелері;
- 77 елдімекендерге қызмет көрсететін 12 жылжымалы почта байланыс бөлімшелері;
- 5 почтамат;
- 1 жүктер супермаркеті;
- 5 төлем қабылдау пунктері.
«Казпочта» АҚ ШҚ ОФ-да: инкассация бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімі, кассалық операциялар бөлімі, бухгалтерлік есеп бөлімі, пошталық технологиялар бөлімі, іс - жүргізу бөлімі, анықтама - бақылау секторы, кейінгі бақылау бөлімі, банктік есеп беру бөлімі, қаржы - экономка бөлімі, әкімшілік - шаруашылық бөлімі, персоналды басқару бөлімі, сатылым және қаржылық қызметтер бөлімі, PR және маркетинг секторы, қауіпсіздік бөлімі, тіркелу бөлімі бар.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Почта туралы» Заңына және басқа но`рмативтік құқықтық актілеріне сәйкес республикадағы пошта-жинақтау жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың жол басшысы ретінде «Казпочта» акционерлік қоғамы тұлғасындағы Ұлттық пошта операторы анықталды.
«Казпочта» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы №1940 «Республикалық мемлекеттік почта байланыс кәсіпорындарын және олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы» Қаулысына орай құрылды.
«Казпочта» АҚ бастапқы мемлекеттік тіркеуінің мерзімі - 07. 01. 2001 жыл.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 01, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 13.
«Казпочта» АҚ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі болып табылады.
«Казпочта» АҚ - Қазақстан Республикасы аумағындағы почта байланысының ұлттық операторы және посткеңестік кеңістікте почта және қаржылық қызметтердің толық жиынтығын көрсететін ең қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорынлардың бірі. Бүгінгі таңда қазақстан почтасы - бұл 21 000-нан астам қызметшілер құрамы, 3500 -ден астам бүкіл елді қамтитын байланыс бөлімшелері, 14 областық және 4 республикалық маңызы бар филиалдар.
Қоғамның негізгі мақсаты ретінде тұтынушылардың үміттеріне сәйкес келетін сапалы деңгейді ұсынатын, пошта-жинақтау жүйесінің қызметтеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі басымдылық ретінде төмендегілер анықталды:
1. Қала мен ауыл арасындағы қызметке қолжетімділік деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту арқылы ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесу;
2. Халыққа әлеуметтік төлемдерді уақтылы төленуін қамтамасыз етуді төлем карточкалар жүйесіне ауысу арқылы зейнетақы жүйесінің сәтті жұмыс істелуіне көмек көрсету;
3. Қаржылық сауаттылықты және халықтың қаржы құралдарына қолжетімділігін жоғарлату бойынша трансфер-агенттік қызметті кеңейту жолымен бағалы қағаздар нарығын дамытуға көмек көрсету.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі тапсырмаларды шешу анықталды:
1. Клиенттердің талаптарына бағыттау арқылы жоғары технологиялық қызметтерді енгізу есебімен өнімділік сызбасын кеңейту;
2. Клиенттердің сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыру үшін пошта-жинақтау қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту;
3. Пошта-жинақтау жүйесінің тиімді жұмыс істелуін жоғарлату үшін қолданыстағы технологияларын оңтайландыру және жаңа технологияны енгізу;
4. Қойылған міндеттерге ойдағыдай қол жеткізу үшін жұмыскерлердің материалдық мүдделілігін жоғарлату;
5. Корпоративтік басқару принциптерін енгізу.
Кәсіпорынның міндеті - әрбір заңдық және жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының бүкіл территориясы бойынша почталық және қаржылық қызметтерді көрсету және осы мақсатта ең тиімді әдістемелерді, инновациялар мен жоғары сапа стандарттарын пайдалана отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның мақсаттары:
1. Заманауи және өнімді бизнес-үдерістерге көшуді қамтамасыз ету мақсатында қол жеткізілген еңбек нәтижелері және технологиялық үрдістердің деңгейіне сараптама жасау негізінде негізгі қызмет түрлерінің тиімділігін арттыру;
2. Тұтынушыларға сұраныс бар өнімдер мен қызметтерді көрсету арқылы табыстың өсуін және нарықты жаулап алуды қамтамасыз ету.
«Казпочта» АҚ отандық нарықтың барлық өзекті салаларында жетекші беделін сақтай отырып, Қазақстан аумағын түгелдей қамтудың артықшылықтарын барынша пайдалануды мақсат тұтады; сол үшін почталық қызметтер мен қаржылық қызметтердің кеңейтілген жиынтығын тиімді ұсынып, алдағы 10 жылда 2010 жылғы жылына 19, 9 млрд. теңгені құрайтын түсімді 2020 жылы 47, 5 млрд. теңгеге жеткізу, операциялық түсімді 2010 жылғы 0, 07 млрд. теңгеден 2020 жылы 1, 5 млрд. теңгеге шейін өсіруді көздейді.
«Казпочта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
2006 жылдың 7 маусымынан бастап «Казпочта» АҚ жалғыз акционері ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.
«Казпочта» АҚ құрылымдық схемасы төмендегі А қосымшасында көрсетілген
1. 2 Пәндік аймақты ұйымдастыру
Пәндік аймақ: «Казпочта» Акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.
Пәндік аймақтың сипаттамасы: АҚ «Қазпошта» қызметінде жұмыс атқаратын мамандарға, казпочта арқылы тасымал жұмыстарын жүргізіп отырған жеке кәсіпкерлерге, қала аралық тасымалдаулар клиенттерге, мемлекет аралық тасымалдаулар клиенттерге ақпаратты алуға мүмкіндің береді.
Тасымалдау қызметінің жұмысы пошта арқылы ғана болғандықтан тасымал процессі қолайсыз болып барады. Курьерлермен жеке қатынау қызметтері жеке дамымаған болғандықтан поштаның осал тұсының деңгейін жақсарту мақсатында алынған пәндік аймақ.
Веб-парақша қолданушыларға түсінікті әрі жеңіл түрде жасалуы тиіс. Қолданушы мен мекеме интернет желісіне қатынау мүмкіндіктері шектеулі болмауы керек. Қажеттті ақпараттардың бастыларына сүйене отырып, мекеме мен клиент арасындағы байланысты арақашықтық есебінсіз мінсіз орындату қажет.
Бұл мәліметтердің сарапталуы негізінде веб-сайт құрылып жасалған. Сайт қолайлы әрі түсінікті. Алдағы ақпараттар арқылы сайтта қолданылған бағдарламалармен веб-парақшаның өзінің жобалауын бақылауға болады.
1. 2. 1 Ақпараттық тапсырмалардың жалпы сипаттамасы
Қарастырылған пәндік аймаққа байланысты веб-сайтқа келесі негізгі міндеттер табылды:
- Барлық мәліметті ортақ бөлімдер мен жеке тақырыптарға бөліну керек;
- Мәліметтер кесте және график арқылы көрсетілуі тиіс;
- Тақырып бойынша іздеу мен сұрыптау жүргізу мүмкіндігі болуы керек;
- Пайдаланушылар мен қызметкерлер арасында байланысу мүмкіндігі болуы тиіс;
- Веб-сайт екі тілде болуы керек;
- Жұмыскерлер бар мәліметті өзгертіп, жаңа мәлімет қоса алуы керек;
- Жарнамалау фирманың өзіндік бейнесін жасап және оны қолдап, жарнамалық акциялар өткізіледі.
- Хабарландыру жалпы фирма тралы жан−жақты мәліметтер беріп, оның қызмет көрсету бағасы мен әріптестерге жеткізу қызметі жалпыға бірдей хабарланады.
- Сату каталогда бағалармен көрсетілген товарларға тапсырыс беруді құжаттаумен ақша төлеудің мүмкіндіктерін береді.
- Зерттеу−киенттердің тауарлар жәйлі сұрақтарына қатысты ақпараттарды жинайды
- Құрлымдау Фирманың құрлымын кемелдендіріп, әріптестердің фирманың дерекқорларына қатынас орнатуына анағұрлым көп мүмкіндік береді.
1. 3 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары
1. 3. 1 Open Server, MySQL бағдарламалары
Веб-сервер дегеніміз - веб-браузерлерден отыратын клиенттерден HTTP-сұраныстарын қабылдап, HTML-парақша, сурет, медиа-ағын және басқа да мәліметпен бірге HTTP-жауап қайтаратын сервер. Веб-серверлердің өте көп түрлері бар. Олардың ішіндегі ең көп қолданылатыны lighttpd, nginx және Apache болып табылады. 2011 жылдың тамызы бойынша ең көп қолданылатын веб-сервер, нарықтың 65 пайызын алып тұрған Apache болып табылады.
Apache - Linux, BSD, Mac OS, Windows, Novell NetWare, BeOS операциялық жүйелерінде қолданылатын тегін веб-сервер. Оның басқа веб-серверлерден артықшылығы: сенімділігі жоғары, икемді кескіндеме. 2016 жылдың қаңтарында бүкіл өмірдегі веб-серверлердің 33. 56 пайызында, яғни 304 миллионнан жоғары сайттарда қолданылады. Оған қоса Apache IPv6-ны қамтамасыз етеді, көптеген сыртқы модульдерді қосуға мүмкіндік береді. Оның ішінде: PHP, Python, Ruby, Perl, ASP, қолдаушыларды аутентификациялауға арналаған ДҚБЖ-лер және т. б. MySQL ДҚБЖ-сін қолданып, PHP тілінде сайт жазу үшін Apache веб-серверіне көптеген модульдер орнатып баптау керек. Apache веб-серверін баптауға уақыт кетірудің орнына дайын PHP, MySQL және т. б модульдері алдын ала орнатылған бағдарламаларды қолдануға болады. Ондай бағдарламаларды WAMP деп атайды.
WAMP - «Windows, Apache, MySQL, PHP» сөздерінің алғашқы әріптерінен құралған. WAMP жүйелері жеке орнатып және баптауды болғызбау үшін алдын ала бір-бірімен байланыстырылған бағдарламалардан тұратын пакет ретінде беріледі. Яғни, PHP мен MySQL арнайы орнатылып, бапталған Apache веб-сервері ретінде беріледі. Осындай жүйелерге ең танымал Denwer және Open Server жатады.
Бірнеше жыл бұрын Denwer веб-бағдарламалау саласында таптырмайтын бағдарлама болды деп айтуға болады. Бірақ Denwer-ді жасаған бағдарламашылар оның жаңа нұсқаларын шығаруды қойғаннан кейін қолданушылар басқа бағдарламаларға көше бастады. Ол бағдарламалардың бірі Open Server болып табылады.
Open Server-дің басқа WAMP бағдарламаларынан артықшылығы:
- компьютерге орнатып қажеті жоқ (оны флешка немесе сыртқы қатқыл дискінен де қосуға болады) ;
- домендерді басқару тәртібін таңдауға болады;
- командалық жолмен жұмыс істеуге болады;
- өте ыңғайлы графикалық интерфейсі бар;
- компоненттерді басқару және баптау мүмкіндіктері жоғары деңгейде;
- баптау профильдерін қамтамасыз етеді;
- HTTP/MySQL/PHP модульдерін алмастыруға болады;
- SSL және кириллицамен жазылған домендерді қамтамасыз етеді;
- тапсырмалар жоспарлағышы (cron) бар;
- домендер мен алиастарды ыңғайлы басқарылады;
- сайттарында толық қолданушы нұсқаулығы бар.
Open Server-дің бағдарламашылары қазіргі заманда қолданылатын ең соңғы веб-технологияларын өз бағдарламасына еңгізіп, жиі жаңа нұсқаларын шығарып отырады. Қай жағынан қараса да Open Server WAMP бағдарламаларының ішіндегі ең заманауи, әрі ыңғайлысы болып табылады. Сондықтан да дипломдық жұмыс барысында осы бағдарлама қолданылатын болады.
MySQL - дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS) . Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады. Open Server бағдарламасында MySQL-мен жұмыс істеуге арналған phpMyAdmin веб-бағдарламасы бар.
1. 3. 2 HTML бағдарламалау тілі
Егер сiз сiзге арналған немесе сiз туралы мәлiмет сақтайтын Web бет құрғыңыз келсе, сiз HTML (Hypertext Markup Language− гипертекстiк белгiлеу тiлi) тiлiн үйренуіңiз керек. HTML - бұл беттiң құрылымын суреттеу тiлi. Ол сiзге қарапайым мәтiн алып, оны абзац, тақырып, тiзiм және басқа да құрылымы бойынша форматтауға мүмкiндiк бередi. Онымен қоса, HTML сiздiң оқырмандарыңыз бiр құжаттан екiншi құжатқа оңай аттап өте алулары үшiн, сiзге байланысты беттерге сiлтемелер құруға мүмiндiк бередi. HTML SGML− ға негiзделген (standart Genere Lized Markup Language− жалпы белгiлеу стандартты тiлi) . Нақтырақ айтсақ, HTML бґл SGML құжатты типiнiң анықтауышы, немесе SGML қағидасының өзiндiк қосымшасы. Сiз HTML құжаттарын ақпараттық жүктеменi сақтайтын форматалмаған текстiң iшiндегi HTML тэгi (tags) арқылы құрасыз.
HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын анықтайды. Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар әр браузерде әр−түрлi көрiнiс табуы мүмкiн.
Осы HTML символдарын қолдану арқылы бiз қарапайым Web беттi құра аламыз. Web беттi көркемiрек ету үшiн HTML -дың басқа да көптеген тэгтерiн үйрену қажет. Оларды қолдану арқылы бiз Web−бетке графика және кестенi кiрiстiре аламыз.
Web парақты көркемiрек ету үшiн оған графиканы және кестенi енгiзу керек. Мәтіндiк бiркелкiлiктi бұзатын графикалық элементтер әр−түрлi болуы мүмкiн. Web графикасы қарапайым сызықтан күрделi суретке дейiнгi диапазонды қамтиды. Графиканы қолданудық негiзгi себебi-сiздiң Web торабыңыздың қолданушыларына ақпаратты қызықтырақ әрi түсiнiктiрек етiп көрсету.
Компьютерлiк графиканы сайтайтын бiрнеше форматтар бар. Бiрақ WorldWideWeb−те сiз тек ғана екi форматты қолданасыз. Олар: GIF және JPEG. GIF форматы (Graphics Interchange Format−графикалық мәлiмметтердi алмасу форматы) алғашында кескiнi бар файлдарды сақтау үшiн стандарт ретiнде СompuServe торабының қолданушыларына арнап құрастырылады. Қазiргi кездегi оның стандартты CIF 89a. CIF форматында сақталатын графика 256 түспен шектеледi. Сол үшiн бұл форматта толық түстi суреттi сақталмай ақ қайған жөн. CIF−ты белгi, эмблема және басқа да қолдан жасалған бейнелерге қолданған дұрыс. CIF стандартты Web бет авторлары үшiн маңызды келесi эффектердi қолдайды:
−Кезектi көрсетiлiм (Interlacing) . Бұл, көршi болмаған бейнелердiң бiрге сақталатындығын бiлдiредi. Браузер бұл бейненi оқуына байланысты, екiншi көрiнiстiң шетi бейнелене бередi. Бұл екiншi бейне толық шықпай ақ, оның не туралы екенiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
−Тұнықтылық (Transparency) Тұнық CIF бейнесiнде түстердiң бiрi тұнық етiп белгiленедi. Бұл құжат фонының одан өте алуына мүмкiндiк бередi. Сол үшiн тұнық CIF−тер өте кең таралған. Ондай кесiндердi құру үшiн жаңа програмалар да құрастырылуда. Мысалы, Photo CIF деп аталатын PhotoShop−тың модулi тұнық беттi де, кезектi CIF−тi де құруға мүмкiндiк бередi.
−Анимация. Анимацияланған CIF анимация құру үшiн бiр файлда сақталған суреттердiң ретiмен жасалалады. CIF 89а−ны толық қолдайтын браузер анимация жасау үшiн суреттерде кезегiмен шығару керек екендiгiн бiлетiн болады. Бұл программалар сондай−ақ анимация басталғанға дейiнгi уақытты және оның қайталану ретiн орнатуға мүмкiндiк бередi.
−JPEG. JPEG (Joint Photographis Experts Group) −кескiн бойынша бiрiккен эксперттер тобы ) толық түстi кескiндi қолдап, оларды сығулы күйде сақтауға мүмкiндiк беретiн форматтар жиынтығы. Кең таралған браузерлер JPEG форматының кескiндерiн көрсете алады, бiрақ бұрын ол үшiн арнай программалар қолданылған. Жақында шыққан прогрессивтi JPEG (р−JPEG) форматы, кескiнге кезектiлiк эффектiн бередi. Бiрақ JPEG−де тұнықтылық мүмкiн емес. Себебi берiлген бейнелердiң бiраз өзгеруiне түрткi болады. JPEG−форматы толық түстi суреттер үшiн таңдалынатын формат болса да, ол түстердiң жылдам ауысатын кескiндерiне жарамайды.
1. 3. 3 PHP бағдарламалау тілі
РНР тілінің негіздері − Кодта барлық командалар үтірлі нүктемен (; ) аяқталуы тиіс. Сіз үтірлі нүктемен аяқтай отырып бірнеше команданы бір жолда орналоастыра аласыз. Бірақ программа кодының анықтылығы үшін оны істеу қажет емес. Сонымен қатар РНР−де басқарушы элементтер (шартты операторлар, циклдер және т. б. ) бар, олардан кейін үтірлі нүкте қоюдың қажеті жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz