Мектеп ұстаздардың қағаз жұмысының автоматтандырылуы және ішкі жүйесінің реттелуін қызмет жасайтын веб парақша құру
Кіріспе 5
1 Аналитикалық бөлім 7
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы 7
1.2 Ақпараттық тапсырмалардың жалпы сипаттамасы 10
1.3 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары 10
2 Жобалау бөлімі 16
2.1 Бағдарламаны концептуалды жобалау 16
2.2 Деректер базасын машиналық жобалау 18
2.3 Веб.сайтты жобалау 23
3 Экономикалық бөлім 35
3.1 Негізгі көрсеткіштер 35
4 Экологикалық бөлім 37
4.1 Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы 37
4.2 Электр қауіпсіздігі 43
Қорытынды 46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 48
Қосымша А
Қосымша Б

Қазіргі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы баса назар аударарлық мәселе. Сол себепті бүгінгі күнгі мектеп оқытушылары білім беру жүйесінің алдында бірінші кезекте – бұл қиыншылыққа төзе алатын, ақпараттық жүйеге дағдыланған адамдарды дайындау. Орта білім беру белсенді, білімді және жете алатын адамдарды тәрбиелеуге жауап береді.
Біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың саяси және әлеуметтік, экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды. Бұл салада оқушылардың білімдік сапасын жоғарылата отырып, оқытушылардың жұмыс істеу мүмкіншілігі де есепке алынды. Мектеп директоры мен оқытушылардың жұмыс істеу мүмкіншілігін тиімді болу себебі – мектеп жұмысына арналған бағдарламалық веб-сайт құрылуы. Веб-сайт оқытушылардың білім беру жүйесінің жаңа үлгісін қалыптастырып, біраз өзгерістер енгізілген.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ұстаздарға арналған күнделікте қағаз жұмыстарын автоматтандырылуы үлгісінде қолдану үшін жасалған.
Дипломдық жобаның басты мақсаты мектеп ұстаздардың қағаз жұмысының автоматтандырылуы және ішкі жүйесінің реттелуін қызмет жасайтын веб парақша құру.
Мақсатқа жету үшін қойылған талаптар:
Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебінің ұстаздарына тиімді жұмыс үрдісін зерттеу және талдау;
бағдарламалық қосымшаларды құру үшін мәлімет жинақтау;
– мектеп бағдарламасының ішкі жүйесін құру;
қолданушының сұраныстарын өңдеу үшін жүйеге қатынауды және жүйенің дайындығын қамтамасыз ету;
қауіпсіздік жүйесін құру. Ақпаратқа қатынауды шектеу және жүйелендіру.

1. Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. Қ. Информатика. Астана: Ақ арман, 2004. – 453 с.
2. Вайсбанд И. 5000 лет информатики. – М.: «Черная белка», 2010. – 352 с.
3. 2. Байшоланова Қ. С. Ақпараттық жүйелер теориясы. Алматы: Жалын, 2002. – 569 с.
4. Балпанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы: Рауан, 1999 – 498 с.
5. Балпанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Мадиярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар: кітап. – Алматы: Атамекен, 2000. – 652 б.
6. Глушков В. М. Безбумажная информатика. – М.: Наука, 1978. – 598 с.
7. Грошев А. С. Информатика. Учебник для вузов. – Архангельск: Арханг, 2010. – 470 с.
8. Дорот В.Л., Новиков Ф.А. Толковый словарь современной компьютерной лексики. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 491с.
9. Ершов А. П., Монахов В. М., Бешенков С. А. Основы информатики и вычислительной техники. – М.: Дом книги,1985. – 355 с.
10. Ермеков Н., Ермеков М., Ноғайбаланова С. Информатика. – Алматы: «Жазушы», 2002. – 487 б.
11. Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. – Алматы: Атамұра, 2000. – 325 с.
12. Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. Алматы: Мектеп, 2000. – 526 с.
13. Информатика. Базовый курс. Под ред. С.В.Симоновича. СПб: – 2000. – 489 с.
14. Колин К. К. Становление информатики как фундаментальной науки и комплексной научной проблемы. – СПб.: Эрудит, 2006. – 456 с.
15. Михайлов А. И., Черный А. И., Гиляревский Р. С. Информатика. Научные коммуникации и информатика. – М.: Наука, 1976. – 433 с.
16. Михайлов А. И., Черный А. И., Гиляревский Р. С. Основы информатики. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Наука, 1968. – 352 с.
17. Могилев А.В., Н.И.Пак, Е.К.Хеннер. Информатика. М.: Аспект пресс, 2000. – 536 с.
18. Советов Б.Я., Цехановский В.В. Информационные технологии: Учеб. для вузов. – М.: Высш. шк., 2003. – 263 с.
19. С.Айзекс DynamicHTML:пер. с англ.-СПб: Азбука, 2001. – 256 с.
20. Фролов А.В., Фролов Г.В. Сервер Web своими руками. Язык HTML, приложения CGI и ISAPI, установка серверов Web для Windows. – М., ДИАЛОГ-МИФИ, 2000. – 368 с.
21. SSL // Википедия. [2017–2017]. Дата обновления: 12.06.2017. URL: http://ru.wikipedia.org/oldid=85755838( Дата обращение: 12.06.2017).
22. Компьютер: электр қауіпсіздігі // Балнұр Сағын. Дата обновления: 13.12.2015. URL: http://el.kz/ ( Дата обращение: 14.04.2017).
23. SQL // Википедия. [2017 – 2017]. Дата обновления: 12.06.2017. URL: http://ru.wikipedia.org/?oldid=85930735 (дата обращения: 12.06.2017).
24. CSS // Википедия. [2017 – 2017]. Дата обновления: 08.06.2017. URL: http://ru.wikipedia.org/?oldid=85868641 (дата обращения: 08.06.2017).
25. HTML // Википедия. [2017 – 2017]. Дата обновления: 26.02.2017. URL: http://ru.wikipedia.org/?oldid=83906736 (дата обращения: 26.02.2017).
26. Java // Википедия. [2017 – 2017]. Дата обновления: 11.06.2017. URL: http://ru.wikipedia.org/?oldid=85921401 (дата обращения: 11.06.2017).
27. JavaScript // Википедия. [2017 – 2017]. Дата обновления: 06.06.2017. URL: http://ru.wikipedia.org/?oldid=85831928 (дата обращения: 06.06.2017).

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Аналитикалық бөлім 7
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы 7
1.2 Ақпараттық тапсырмалардың жалпы сипаттамасы 10
1.3 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары 10
2 Жобалау бөлімі 16
2.1 Бағдарламаны концептуалды жобалау 16
2.2 Деректер базасын машиналық жобалау 18
2.3 Веб-сайтты жобалау 23
3 Экономикалық бөлім 35
3.1 Негізгі көрсеткіштер 35
4 Экологикалық бөлім 37
4.1 Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы 37
4.2 Электр қауіпсіздігі 43
Қорытынды 46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 48
Қосымша А
Қосымша Б
Кіріспе
Қазіргі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы баса назар аударарлық мәселе. Сол себепті бүгінгі күнгі мектеп оқытушылары білім беру жүйесінің алдында бірінші кезекте - бұл қиыншылыққа төзе алатын, ақпараттық жүйеге дағдыланған адамдарды дайындау. Орта білім беру белсенді, білімді және жете алатын адамдарды тәрбиелеуге жауап береді.
Біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың саяси және әлеуметтік, экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды. Бұл салада оқушылардың білімдік сапасын жоғарылата отырып, оқытушылардың жұмыс істеу мүмкіншілігі де есепке алынды. Мектеп директоры мен оқытушылардың жұмыс істеу мүмкіншілігін тиімді болу себебі - мектеп жұмысына арналған бағдарламалық веб-сайт құрылуы. Веб-сайт оқытушылардың білім беру жүйесінің жаңа үлгісін қалыптастырып, біраз өзгерістер енгізілген.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ұстаздарға арналған күнделікте қағаз жұмыстарын автоматтандырылуы үлгісінде қолдану үшін жасалған.
Дипломдық жобаның басты мақсаты мектеп ұстаздардың қағаз жұмысының автоматтандырылуы және ішкі жүйесінің реттелуін қызмет жасайтын веб парақша құру.
Мақсатқа жету үшін қойылған талаптар:
Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебінің ұстаздарына тиімді жұмыс үрдісін зерттеу және талдау;
бағдарламалық қосымшаларды құру үшін мәлімет жинақтау;
мектеп бағдарламасының ішкі жүйесін құру;
қолданушының сұраныстарын өңдеу үшін жүйеге қатынауды және жүйенің дайындығын қамтамасыз ету;
қауіпсіздік жүйесін құру. Ақпаратқа қатынауды шектеу және жүйелендіру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуға бағытталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерді ескере отырып веб-сайт құрылады.
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы
1.1.1 Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебінің сипаттамасы
Ашылғанына бір ғасырға таяу уақыт болған Әбдікерім Ережепұлы атындағы Шыңғыстай орта мектебі 1907 жылы ашылды. Ал екінші корпусы 1911 жылы пайдалануға берілді. Оның құрлысы 1905 жылдан басталды. Мектеп салуға Әбдікерім 40 ағаш шеберін жалдайды. Олардың ішінде Катоннан Кострамин деген орыс Шыңғыстайдан Оқышев Нұрғазы деген ағаш шебері болған екен. Орысша-қазақша екі сыныптық Училищеге Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандарынан келіп оқыған. Олар мектеппен бірге ашылған интернатта тәрбиеленген Мұғалімдер саны 4-5 тен аспайтын. Олар Михаил Григоьевич Комаров, Владимир Ильич Подайников, Филип Иванович Батов, семинарист - Сентов, Сұлтанмахмұт Торайғыров сабақ берген. Осы мектепте ең ұзақ 46 жыл бойы еңбек сіңірген Ленин орденді ұстаз М.Г. Комаров.
1911 жылы санақ бойынша 2-сыныптық мектептер саны Қазақстанда 23 екен. Шығыс Қазақстан облысында 2-еу ақ болған. Оның бірі Көкпектіде, екіншісі біздің ауданда Шыңғыстайдағы орысша-қазақша 2 сыныпты Ережеп мектебі. Ережеп мектебі деп аталуының себебі Ережеп болыс болып тұрған кезде салдырған. Мектепте сабақ орыс тілінде жүргізілді. Оқылатын пәндер орыс тілі, арифметика, жаратылыстану, орыс тарихы, құдай Заңы, денешынықтыру. Осы мектептің алғашқы түлектері халық ағарту саласында 41 жыл еңбек еткен Садық Түкебаев, филология ғылымының докторы, профессор - Сәрсен Аманжанов, Генерал-майор И.Д Комаров болған. 1922-1927 жылдары мектепте комсамол ұйымы құрылды. 1937 жылы Шыңғыстай шаруажастар мектебі орта мектепке айналдырылды. 1937жылы бұл мектеп тұнғыш түлектері бітіріп шықты. Олардың ішінде Ахмади Найманғазин, Мәжін Жанасов, Серікбол Қазынбаев т.б бітірді. Ұлы отан соғысының ардагері Ахмади Наймангазин 44 жыл осы мектепте ұзтаздық қызмет атқарды. Орта мектептің ашылуына байланысты ауданның өзге мектептерінен 7 жылдық мектепті бітірушілер келіп оқыды.
Алғашқы түлектерінің көбі Ұлы Отан соғысында қаза тапты. Сұбыхан Шаханов көп жылдар Павлодар облыстық газетінің редакторы болып көп жыл еңбек етті. Социалистік еңбек ері экономика ғылымының кандиданты - Болат Кітапбаев көп жыл білім басқарды. Қазақстанның Мерасівы атанған Құмаш Нұрғалиев Боран орта мектебінде көп жыл қызмет атқарды. Содан бастап көкек айының 19-шы жұлдызын мектеп күні ретінде атап өтеміз. Ол күн мектептің үздік және жақсы оқитын оқушылары ата-аналарымен мұғалімдерімен бірлесе отырып озаттар мерекесін өткізді. Мектептің батыс жағында огороды бар. Онда оқушылар жазғы демалыс кезінде картоп отырғызып, оны баптап күтеді. Одан алған өнімнен мектеп асханасына пайдаланады. Бұл мектептің асханасында сабақ кезінде тамақ дайындалады. Оқушылардың алаңсыз оқып білім алуына барлық жағдай жасалған.
Филолог - Баламер Сахариев, геолог - Зейнолла Нұрбаев партия - совет қызметкерлері Ермұхан Әбдірахманов, Сейтзада Ластаев, Құмарғали Тоқанов, Федор Тұмарбаев, бітірді. Катонқарағай ауданындағы көптеген мұғалімдер, осы мектептегі мұғалімдер осы мектеп түлектері. Осы мектептің түлегі көп жыл осында қызмет атқарған Зәбилә Алпысова да, жолдасы Ілиас Қасабеков екеуі сан жылдар бойы мұғалімдік қызмет атқарды. Зәбилә Алпысова Қазақ ССР- інің еңбек сіңірген мұғалімі атағын алған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтарының лауриаты марқұм жазушы, драматург Оралхан Бөкей, жазушылар Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімхановосы мектептің түлектері. Мектептен екі генерал, бірнеше профессор ғалымдар түлеп шыққан қазіргі мектеп мұғалімдерінің көпшілігі осы мектептің әр жылдардағы түлектері. 1991 жылы мектеп жаңа екі қабатты ғимаратқа көшті. Қазіргі мектепте класстар жақсы жабықталған. Спорт залы, компьютер класы, екі шеберхана, асхана, акт залы бар. Мектепте өлкетану мұражайы бар. Жазғы спорт алаңы да қазіргі засман талабына сай. Жарық та кең аудиторияларда алаңсыз білім алуға барлық жағдай жасалған. Өткен жылы Оралхан Бөкейдің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп мұғалімдері мен қамту кызметкерлерінің көмегімен мектептің іші-сырты күрделі жөндеуден өткізілді. Мектептің ауласына жыл сайын көктемде ағаш көшеттері отырғызылады. Оны баптап, суғарып күтеді. Мектепте домбыра, би, драма, шахмат, болейвол үйірмелері жұмыс істейді.Сабақ беретін мұғалімдердің барлығына дерлік жоғарғы және орта арнаулы білімдері бар. Соңғы жылдары мектеп түлектерінің көпшілігі жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік грант пен несиені жеңіл алып жүр. Аудан мекетптері арасында біздің мектептің шоқтығы биік. 1911 жылы мемлекеттік анамастикалық комисияның шешімі мен мектепке осы мектептің іргесін қалаған Әбдікерім Ережепұлы ұлының есімі берілді. Дарындыларды даңғыл жолға сала білген улкен тарихы бар мектептің бүгінгісі айқын, болашағы жарқын.
1.1.2 Пәндік аймақты ұйымдастыру
Пәндік аймақ: Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебі.
Жүйе: Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебінің қызметкерлеріне арналған күнделік.
Үзінді: Мектеп ұстаздарының жұмыс мүмкіншілігін автоматтандыру.
Пәндік аймақтың сипаттамасы: Шығыс Қазақстан облысы Катон - Қарағай ауданы Шыңғыстай орта мектебінің ұстаздарына, мектеп директорына, оқу ісінің меңгерушісіне арналған күнделікте өз жұмыстарын жеңіл үлгіде қолдану үшін жасалған. Әр ұстаз өз жеке парақшасына құпия кілті арқылы ене алады. Мектеп директоры сыныптарға өткен тақырып бойынша баға қою, ұстаздарды жұмыстан босату, жұмысқа қабылдау, оқушыларды мектепке қабылдау, басқа мектепке ауыстыру, белгілі бір сынып жетекшісін өзгерту, оқушылардың өткен сабақтар бойынша алған бағаларын көру жұмыстарын жеңілдетілген үлгіде істей алады. Оқу ісінің меңгерушісі сабақ кестесі тізімін құру, сыныптардың сынып жетекшісін өзгерту, оқушылардың сыныбын өзгерту, әр сынып кестесін өзгерту жұмыстарын істеуіне болады. Ұстаздар сыныптағы әр балаға өткен тақырып бойынша баға қоя алады, өз сыныбы жайлы қысқаша мәлімет (сынып тізімі, оқушының аты-жөні, туылған жылы, жынысы, алған бағалары) көре алады. Толтырылған тізімде, мәліметте қате кетіп жатса (мысалы, аты-жөні , жынысы, туылған жылы, сыныбы) өзгертіп жөндеуіне болады.
Веб-сайт осы мектеп жайлы қысқаша тарихы, мекен-жайы, почта индексі, телефон номері жайлы ақпараттар көрсетілген.
1.2 Ақпараттық тапсырмалардың жалпы сипаттамасы
Қарастырылған пәндік аймаққа байланысты веб-сайт пен бағдарламаға келесі негізгі міндеттер табылды:
Барлық мәліметті ортақ бөлімдер мен жеке тақырыптарға бөліну керек;
Мәліметтерді кесте және график арқылы көрсетілуі тиіс;
Тақырып бойынша іздеу мен сұрыптау жүргізу мүмкіндігі болуы керек;
Пайдаланушылар мен жұмыскерлер арасында байланысу мүмкіндігі болуы тиіс;
Веб-сайт екі тілде болуы керек;
Жұмыскерлер бар мәліметті өзгертіп, жаңа мәлімет қоса алуы керек.
1.3 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары
1.3.1 Қолданылатын бағдарламар
OpenServer веб-әзірлеушілер үшін арнайы әзірленген портативті серверлік тұғырнама және бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық пакет компоненттерін басқару және конфигурациялау үшін қуатты мүмкіндіктерін береді, мүмкіндіктерге бай пайдаланушы интерфейсінің бай жиынтығы бар. Платформа веб жобаларды әзірлеу, баптау және тестілеу үшін кеңінен қолданылады, сондай-ақ жергілікті желілерде Web қызметтерді қамтамасыз ету үшін кешенін құрайды. Бастапқыда бағдарламалық өнімдер, арнайы бір-бірімен жұмыс істеу үшін арналмаған болса да, мұндай қатпарлану, негізінен олар Linux сервер деңгейдегі сенімділік бар бағдарламаларды еркін жиынтығын алды, бұл шын мәнінде, Windows пайдаланушылар арасында өте танымал болды. Басқару ыңғайлы және қарапайым, оның жұмыс iстеуiн кезінде Server көрсете білді.
Notepad++ - Windows амалдық жүйесіне арналған GPL рұқсат қағазымен азат таратылатын мәтін өңдеуіші.
Бұл бағдарлама STL кітапханасын пайдаланып C++ бағдарлау тілінде жазылған, негізгі құрлысы - Scintilla өңдеу модулі. Мәтін өңдеуіші өздігенен бөлектеп бірталай бағдарлау тілдері мен белгілеу жүйелерін қолдайды. Бағдарламаның негізгі жетелігі кеңейтімдер (plugins) арқылы, не сыртқы модулдер арқылы кеңейте алынады. PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR-не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.
1994 жылы даттық программист Расмус Лердорф HTML-құжаттар үлгілерін өңдейтін онлайн түйіндегі қатысушылардың шығару және енгізу үшін PerlCGI скриптер жинағын жасады. Лердорф жинақты Personal Home Page (Жеке Үй Беті) деп атады. Уақыт келе, Perl-скрипт интепретаторының жұмыс істеуі және жылдамдығы жеткіліксіз болып, Лердорф Си тілін қолданып үлгелерінің PHPFI (ағыл. Personal Home Page Forms Interpreter - Жеке Үй Беті Формалардың Интерпретаторы) жаңа интерпретаторын енгізді.
phpMyAdmin-PHP тілінде жазылған ашық кодты MySQL дерекқорын басқару жүйесі. Дерекқорды басқару веб-браузер көмегімен жүзеге асады.
MySQL - дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS). Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюс-тың (Michael Widenius) қызының аты "My" сөзінен алынған. Ал SQL фразасы-Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді. MySQL, проект қайнарын GNU General Public License (GPL) және әр түрлі жеке меншік лицензияларында шығарды. MySQL-ды кезінде MySQL AP атты Шведттық фирма демеу еткен, ал қазір оны толығымен Oracle корпорациясы сатып алды.
Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады.
Веб-бағдарламаларында MySQL кең қолданылады және кең тараған LAMP бағдарламаларының ішінде басты компонент рөлін атқарады. LAMP сөзі-"Linux, Apache, MySQL, PerlPHPPython" сөйлемінің акронимі.
MySQL - қайнары тегін бағдарламалар мен Интернеттегі танымал Flickr, Nokia.com, YouTube, Wikipedia, Google, Facebook және Twitter сайттарында қолданылады.
MySQL - C және C++ тілдерінде, ал SQLпарсері және sql_lex.cc деп аталатын лекксикалық анализаторы yacc тілінде жасалған.
MySQL көптеген жүйелер платформаларында жұмыс істейді. Оларға кіретіндер: AIX, BSDi, FreeBSD, HP-UX, eComStation, i5OS, IRIX, Linux, Mac OS X, Microsoft Windows, NetBSD, Novell NetWare, OpenBSD, OpenSolaris, OS2 Warp, QNX,Solaris, Symbian, SunOS, SCO OpenServer, SCO UnixWare, Sanos және Tru64. Сонымен қатар OpenVMS жүйесіне портталған түрі бар.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, көптеген бағдарламалау тілдеріне кітапханалар жасалынған. Мысалы, C# және VB.NET үшін MySQL ConnectorNet, ал Java үшін JDBC драйвері. Бұнымен қатар ODBC интерфейсін қолдайтын ASP және ColdFusion сияқты тілдер үшін MyODBC кітапханалары бар. Ал URL арқылы кез-келген web-клиенттің MySQL серверімен араласуға мүмкіндік беретін HTSQL технологиясы, MySQL-серверімен бірге келеді.
1.3.2 Қолданылатын бағдарламалық тілдер
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor-PHP: ерен мәтінді алдын-ала үдірістегіш) - Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады.
LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP менASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDFформатты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдердің саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы,Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.
Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.
Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.
Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының-тен бірі осы тілде жазылған.
HTML (HyperTextMarkupLanguage) - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.
HTML тілін британ ғалымы, Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женев (Швейцария) Еуропалық ядерлік зерттеу орталығында жасалынған болатын.HTML алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған документті оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер сосын қосылған.
HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай документтер әдетте .html немесе .htm форматтында болады ) тексттік документтер форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, және әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейс және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.
CSS стильдің каскадты кестелері HTML ден кейін, 1997 жылы пайда болды. CSS-тің HTML-мен жұмыс жасағанына қарамастан, ол HTML емес. сонымен қоса, CSS өзімен бар HTML тегтерді анықтай отырып, HTML мүмкіндіктерін кеңейтетін жеке кодты ұсынады. Бұл WWW мәтіндік құжаттарды алмасу тәсілі ретінде, ал HTML осы құжаттар жасалынатын тіл болғандығымен байланысты. Жауынгерлер мен ғылымдар үшін құжаттың көріктілігі емес, оның құрамы қызықтырды. Сондықтан да, HTML-дің алғашқы жобаларында веб-беттерге бейнені қосу әдістері болмаған. Бірақ, уақыт өте келе интернетке басқа да пайдаланушылар келіп, олар өздеріне әсем етіп жасауды талап етті. Осылайша, веб-дизайнерлердіңғ жұмысын жеңілдету мақсатымен жасалынған стильдердің каскадты кестелері пайда болды. қазіргі уақытта CSS1 және CSS2 қабылданған. Үшінші деңгей (CSS3) өңделу үстінде. Алайда, оны шығарғаннан кейін де браузерлер оны бірнеше жылдан кейін ғана қолдана алады. CSS3-тің алдынғы жобалардан ең негізгі ерекшелігі масштабталатын векторлық графика болып табылады. Яғни, векторлық графиканың барлық мүмкіндіктері енді интернетте де қол жетімді болады. Алайда, стильдер кестесінің бірінші дәрежесі де (CSS1) тамаша мүмкіндіктерді ұсынады.
Стильдің каскадты кестелері - HTML секілді веб-дизайнерге үлкен нақтылық және әсермен бетке элемент қосу және өзгертуге мүмкіндік беретін технология. CSS оқу, HTML оқыған секілді өте жеңіл. Ал негізінен CSS пен жұмыс жасау жеңілірек, себебі мұнда жаңа тегтер енгізбестен, бар тегтер қолданылады. Осы бөлімді оқи отырып, сіз стильдің каскадты кестелері қалай жұмыс жасайтындығын, олардың құрылу негіздерімен танысасыз. Ары қарай сіз осы кестелердің жеке қасиеттерін қолдануды үйренесіз.
JavaScript (ˈdʒɑːvɑːˌskrɪpt) - объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі. 1992 жылы Nombas компаниясы Cmm (Си-минус-минус) тілінің өңдеуінен басталады.
SQL (ағылш. Structured Query Language) - реляциялық дерекқорларын құруға, өзгертуге және басқаруға арналған универсалды компьютер тілі.
MS Оffice бағдарламасының қазіргі жағдайы ақпараттандыру технологиясында жоғары дамуда. Қажетті құжаттарды алу, тапсырмаларды шешу үшін бағдарламаны классикалық мәні бағдарлама болып табылады. Біріншіден құжат, ал бағдарлама бұл оның бөлімі. Бағдарламашының мақсаты, бағдарлама құру емес, шығыс құжаттарының функциялы спекторының нақты кеңінен қалыптасуын кадағалау. Пайдаланушы бағдарламамен емес, құжаттармен жұмыс істейді. "Құжат" терминің мағынасы өзгеруде. Енді құжат объект ретінде бағдарламалы бағыт-бағдарлама ретінде қарастырылады. Құжатты құру жүйесі MS OFFICE арасында офистік бағдарлама деп аталады. Құжат түрі, яғни берілгенді тіркеуге, жұмыс істеуге, айырбастауға анализдеуге т.б. болады.
SQL тілі (сұраныстардың құрылымдық тілі) 70 жылдың басында ЭЕМ фирмасында өңделген. Бұл берілген базамен жұмыс істеу үшін арналған жаңа тәсіл берілген базада қолданылады (құру, іздеу, өзгерту, жанарту, берілген хабар). SQL тілі Американың ұлттық стандарттау институты мен Халықаралық стандартау ұйымында компьютерлік спецификадан тәуелсіз берілген базалар үшін ресми стандарттау негізінде бекітілген.
1.3.3 Қолданылатын жаңа технологиялар
FontAwesome - 439 белгішелері бар кітапхана. Ол жеке пайдалану үшін тегін. Алғашында ол Bootstrap үшін жобаланған, бірақ сізге оны бөлек пайдалануға болады. Бұған қосылу үшін ең оңай жолы - CDN арқылы қосылу. Түрлі форматтарда жинақталатын CSS және қаріптерді жалғау керек. Белгішелерді пайдалану үшін, Сіз аралық элементтің ішіне оларды орналастыруыңыз керек. Содан кейін сіз оларды екі сыныпқа тағайындауыңыз қажет. Мұнда сіз барлық қолжетімді белгішелер атауын таба аласыз.
2 Жобалау бөлімі
2.1 Бағдарламаны концептуалды жобалау
2.1.1 Веб парақшасының бағдарламалық жүзеге асырылуы
ER-диаграммасын құру үшін пәндік аймақтың объектілерін және олардың атрибуттық құрамын белгілеу. Қойылған талаптар негізінде келесі мәндер атрибуттарымен қоса белгіленген (Қосымша А-да көрсетілген).
Нысан-байланыс моделі (Entity-Relationship model) - бағдарламалық жасақтама инжинрингінде дерекқорды сипаттау үлгісі. Ол пәндік аймақтың концептуалды кескіндерін сипаттауға мүмкіндік беретін деректер моделі. Оның көмегімен негізгі түйіндер мен олардың арасында орнатыла алатын байланыстарды белгілеп алуға болады.
1 кесте Объект мән арасындағы байланыс анализі:
Объект мән атауы
Байланыс атауы
Күнделік,Оқушы
Баға
Оқушы,сынып
Оқиды
Сынып, оқу кестесі
Орындайды
Күнделік, сабақ
Баға қою
1 кесте жалғасы Объект мән арасындағы байланыс анализі
Сабақ, оқу кестесі
Сабақ өтеді
Оқу кестесі, пәндер
Құрылады
Пәндер, жұмыскерлер
Сабақ береді
Жұмыскерлер, мамандық
Жұмыс істейді
Жұмыскерлер, сынып
Сынып жетекші
Деректер базасының мәндері таңдалынып, атрибуттар тізімі берілгеннен кейін мәндер арасында байланыс қортындысы жүргізілді. Содан кейін деректер базасының басқару жүйесінің инфологиялық моделі, яғни объектілердің ER-диаграммасы түрінде жобаланды. Деректер базсының ER-диаграммасы 1-інші суретте көрсетілген.
1 сурет - ER-модель
2.2 Деректер базасын машиналық жобалау
2.2.1 Деректер базасының басқару жүйесін құру
PhpMyAdmin-PHP тілінде жазылған, MySQL мәліметтер қорын басқару үшін арналған, веб интерфейс.
MySQL - реляциялық деректер базасын өте тез, сенімді басқару жүйесі. Деректер базасы деректерді тиімді сақтауға, іздеуге, сұрыптауға және алуға мүмкіндік береді. Құрылған деректер базасының ішінде деректер базасын концептуалды жүйелеу кезіндегі шектеулер бойынша бес кесте құрылды. Құру үшін MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесінде ең алдымен mektep кестесі құрылады. Мektep кестесін құру төмендегі суретте көрсетілген.
2 сурет - mektep деректер базасы құрылымы
Келесі Күнделік кестесі. Бұл кестеде оқушы аты-жөні, бағасы және сабақ аттары атрибуттарынан тұрады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
3 сурет - Күнделік кесте құрылымы
Жұмыскерлер кестесінде мектеп қызметкерлерінің толық тізімі көрсетілетін атрибуттардың құрылу жолы.
4 сурет - Жұмыскерлер кестесінің құрылу жолы
Жұмыскерлер кестесінің мәліметке толтыру. Бұл тізімді мектеп директоры ғана өзгерте алады, яғни оқытушыларды тізімнен шығара алады, немесе жаңадан бір қызметкер енгізе алады. Жұмыскерлер тізімі төмендегі суретте көрсетілген.
5 сурет - Жұмыскерлер кестесі
Сынып кестесінің құрылу кезінде оқушының аты-жөні, сыныбы және жетекші мұғалімдер туралы мәлімет көрсетіледі. Құрылу жолы төмендегі суретте көрсетілген.
6 сурет - Сынып кестесі құрылымы
Сынып кестесінің мәліметке толтыру кезінде оқушының реттік номері және сынып жетекшісінің белгілену номері көрсетіледі.
7 сурет - Сынып кестесі
Сабақ кестесін құру кезінде әрбір пәндерден оқытылатын тақырып аттарын және оқу кестесінің әр күн сайынғы өзгерісін көрсетіп отырады. Құрылу жолы төмендегі суретте көрсетілген.
8 сурет - Сабақ кестесінің құрылымы
Сабақ кестесін толтыру тек пән иелерінің мүмкіндігі болғандықтан, оны тек қана оқытушының толтыруымен ғана шектеледі. Мәліметке толтыру құрылымы суретте көрсетілген.
9 сурет - Сабақ кестесі
Оқу кестесі құрылымына мектептегі сыныптар саны, сабақ өтетін күні және пәндер аттары енеді. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
10 сурет - Оқу кестесі құрылымы
Мектеп бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді мамандықтары бойынша бөлу кестесі. Бұл кестеде мектеп директорынан бастап оқытушыларға дейінгі мамандықтарды енгізеді. Олар: директор жазылады, директордың аға меңгерушісі және мұғалімдер жазылады.
11 сурет - Мамандық аты кесте құрылымы
Пәндер кестесінің құрылымы мектеп оқушыларына оқытылатын барлық пәндер тізімінен және пән иелері, яғни оқытушылар аттарынан тұрады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
12 сурет - Пәндер кестесінің құрылымы
Пәндер кестесінің мәліметтері барлық сыныпқа арналған пәндер тізіміен тұрады және әрбір пәндердің оқытушылары көрсетілген. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
13 сурет - Пәндер кестесі тізімі
Мектеп оқушылары туралы ақпарат Оқушылар кестесінде көрсетілген. Кестенің құрылымында оқушының аты-жөні, сыныбы, туған күндері көрсетіледі. Кесте құрылымы төмендегі суретте көрсетілген.
14 сурет - Оқушы кестесі құрылымы
Оқушы кестесінің толық тізімі төмендегі суретте көрсетілген.
15 сурет - Оқушы кестесі тізімі
2.3 Веб-сайтты жобалау
2.3.1 Веб-сайтты құрылымдық жобалау
Бағдарламаны өңдеуде құрылымдық енудің маңызы автоматтандырылған функцияларға оның декомпозициясын (бөлшектеу) бекіту. Автоматтандырылған функциялар: мәселелерге бөлінетін өз кезегінде ішкі функцияларға ажыратылатын жүйе функционалдық ішкі жүйелерге бөлінеді. Бөлшектеу процесі нақты процедураларға дейін жалғастырылады. Осымен автоматтандырылған жүйе барлық компоненттері өзара байланысқан тұтас ұсынумен сақталады. Ең бірінші веб-сайтты ашқанда алдымызда басты бетке өту, мектеп тарихы, веб-сайтқа кіру және орналасу аймағы атты батырмалар орналасқан. Тарихы батырмасын басқанада мектеп жайлы қысқаша ақпарат шығады. Бұл парақшада Шыңғыстай орта мектебі туралы қаша құрылғаны, ең алғашты мектеп директоры және тағы басқа керекті ақпараттар берілген. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
16 сурет - Мектеп тарихы
Ашылған терезенің үстінгі жағында басты бетке, тарихы, кіру, орналасу аймағы батырмалары орналасқан. Кіру батырмасын басқанда алдымызға веб-сайтқа кіру терезесі ашылады. Бұл сайтқа тек мектеп қызметкерлері, яғни оқытушылар кіре алады. Веб-сайтқа кіру жолы төмендегі суретте көрсетілген.
17 сурет - Веб-сайтқа кіру жолы
Сондай-ақ веб-сайтта қосымша ретінде мектептің орналасқан аймағы картада көрсетілген.
18 сурет - Орналасу аймағы
Веб-сайтқа кіргеннен кейін алдымызда оқутышының аты-жөні, мамандығы, кім болып істейді және тағы басқа ақпарат көрсетіледі. Яғни кез келген оқытушы құпия сөздерін жазып кіргенде көрінетін ақпарат. Сондай-ақ бұл ақпаратты өзгертуге болады. Егерде мектеп директоры кірсе онда оған мұғалімдер жайлы ақпарат, олардың жұмысы туралы ақпарат, оқушылар жайлы ақпарат көрсетіледі. Сонымен қатар, мектеп директоры өзгеріс енгізе алады.
19 сурет - Директор туралы ақпарат және мүмкіншілігі
Мектеп директоры веб-сайтқа енген кезде төменгі жақта жұмыскерлер батырмасы тұрады. Батырманы басқан кезде мектеп директорына мектеп қызметкерлерінің тізімі ашылады. Бұл тізімде жұмыскердің аты-жөні, жұмыс істеу стажы мен мамандықтары көрсетіледі.
20 сурет - Жұмыскерлер тізімі
Жұмыскерлер тізімін мектеп директоры өзгерте алады. Яғни, жұмыстан шығару немесе оқытушы жайлы ақпаратты өзгерте алады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
21 сурет - Өзгерту
Мектеп аға меңгерушісі веб-сайттқа кірген кезде қандай пән бойынша сабақ өткізеді, мұғалімдер тізімі, сыныптар, сабақ кестесі, оқушылар туралы ақпаратты шығара алады. Сондай-ақ ақпаратқа өзгеріс енгізе алады.
22 сурет - оқу ісінің меңгерушісі мүмкіншілігі
Аға меңгеруші өзгеріс енгізе алатын мектеп мұғалімдер тізімінде оқытушылар туралы ақпарат көрсетіледі.
23 сурет - Мұғалімдер тізімі
Сыныптар батырмасын басқан кезде мектептегі сыныптардың тізімі мен сынып жетекшілердің аты-жөндері көрсетіледі. Аға меңгеруші мектеп директоры енгізген өзгертуді осы веб-сайтта өзгерте алады. Мысалы, сынып жетекшісіні өзгерте алады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
24 сурет - Сыныптар және сынып жетекшілер тізімі
Ал, оқушылар батырмасын басқан кезде мектептегі барлық оқушылардың сыныбы бойынша тізімдері шығады. Бұл тізімде оқушылардың аты-жөні, сыныбы, туылған күндері және жынысы көрсетіледі. туралы қажетті ақпараттар ғана көрсетіледі.
25 сурет - Оқушылар тізімі
Сондай-ақ аға меңгеруші мектепке жаңадан келген оқушыны енгізе алады. Мысалы, қай сыныпта оқитыны жайлы ақпарат енгізе алады.
26 сурет - Оқушы енгізу және өзгерту парақшасы
Сыныптар батымасын басқан кезде аға меңгеруші алдына барлық сыныптардың тізімі ашылады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
27 сурет - Сыныптар тізімі
Сабақ кестесі терезесінде оқу жылына арналған пәндердің өтілу күні көрсетіледі.
28 сурет - Сабақ кестесі тізімі
Сонымен қатар, аға меңгеруші болатын сабақ күніне өзгеріс енгізе алады. Яғни, сабақ күнін аптаның басқа күніне өзгерте алады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
29 сурет - Сабақ кестесін өзгерту
Веб-сайтқа мектеп мұғалімдері кірген кезде аты-жөні, мамандығы, жұмыс өтілі және қай сыныпқа жетекші екені көрсетіледі. Сонымен қатар, сабақ өткізетін пән атауы көрсетіледі.
30 сурет - Мұғалім парақшасы
Менің сыныбым батырмасын басқан кезде сынып оқушылары туралы тізім көрсетіледі. Бала саны, яғни, сыныпта ұлдар қанша және қыздар қанша екендігі көрсетіледі.
31 сурет - Жетекші сынып парақшасы
Сонымен қатар, мектеп оқытушылары бірнеше пәндер бойынша сабақ өткізеді. Және тек бір сыныпқа жетекші бола алады.
32 сурет - Мұғалім парақшасы
Мектеп бойынша 3-сыныптағы оқушылардыңбала саны соның шінде қыздар мен ұлдарды іріктеп көрсету парақшасы.
33 сурет - Сынып парақшасы
Бастауыш сынып бойынша сабақ беретін оқытушы парақшасы. Ол төменгі суретте көрсетілген.
34 сурет - Бастауыш сынып жетекші парақшасы
Бастауыш 1-сынып бойынша барлық оқушылардың саны тізімдері төмендегі суретте көрсетілген.
35 сурет - Бастауыш сынып парақшасы
Мектеп мұғалімдері веб-сайтқа кірген кезде менің сыныбым парақшасында оқушыларды іздеу арқылы пәндерден алған бағаларын шығара алады. Яғни, онда пән аттары, оқушының алған бағасы, сабақтың өткізілген уақыты, өткізілген уақытттағы сабақ тақырыбы және сабақ өткізген мұғалімнің аты-жөні көрсетіледі. Сонымен қатар, пән иесі бұл ақпаратты құжат ретінде шығара алу мүмкіндігін қолдана алады. Ол төмендегі суретте көрсетілген.
36 сурет - Оқушы бағасы туралы ақпарат
Оқушының сабақ үлгерімі туралы ақпаратты парақшаға шығару операциясы төмендегі суретте көрсетілген.
37 сурет - Ақпарат шығару жолы
Белгілі бір пән бойынша оқушыларды сыныптары бойынша іздеу төмендегі суретте көрсетілген.
38 сурет - оқушы атын іздеу
Мектеп мұғалімі кез келген пән бойынша оқушы тізімін шығара алады және баға қояды. Әрбір сынып бойынша веб-сайт парақшасында оқушыға сыныпбы бойынша іздеу жасай алады. Оқушыны пән бойынша іздеу төмендегі суретте көрсетілген.
39 сурет - Оқушының аты-жөні
Пән бойынша баға қою кезінде сабақ өткізілген күн және сабақ тақырып таңдалынып, оқушы бағасын көрсетеді.
40 сурет - Баға қою парақшасы
Осы автоматтандырылған веб-сайт мектеп директоры мен қызметкерлерге жұмыс істеу барысында едәуір көлемде жеңілдетілді.
3 Экономикалық бөлім
3.1 Негізгі көрсеткіштер
Бағдарламалық құралдарды жобалау барлық үрдістері бірнеше тәуелсіз фазалар мен кезеңдерге бөлінеді. Осындай кезеңдердің нақты сандары және мазмұндары нақты жобалар мен құрулардың мақсаттарымен және масштабтарымен анықталады.
Әзірлеуші үшін экономикалық тұрғыдан анағұрлым маңызды мезеті бағаның құрылу үрдісі болып табылады. Бағдарламалық өнімдер оған тән көптеген ерекшеліктері бар спецификалық тауар болып келетіні белгілі. Олардың көптеген ерекшеліктері олардың бағаларын есептегенде белгілі болады. Бағдарламалық өнімді жасау үшін әдетте орта есеппен болымсыз қаржы ғана жұмсалады. Бірақ, ол өнім анағұрлым қымбат тұратын жүйелерді қолданудағы нәтижеден асып түсетіндей экономикалық нәтиже беруі мүмкін. Бағдарламалық өнімдердің практика жүзінде физикалық ескіруі және тозуы жоқ деуге болатындығын ескеріп кеткен жөн. Олар үшін әдетте қиын және қымбат емес магниттік тасығыштар мен сүйемелдеу құжаттамаларын көшіру процедурасы болып табылатын тираждау үрдісіне қарағанда негізгі шығындар үлгіні құру үшін кетеді.
Бағдарламалық өнім дара экземплярда жүзеге асырылуы мүмкін немесе бірнеше тапсырыс берулер санына байланысты тираждалуы және жүзеге асырылуы мүмкін.
Есепке алу қажеттілігі айдан анық нарықтағы бәсекелестік бағаның құрылу үрдісіне әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Өнімнің бәсекелестігін арттыру мақсатында оның нарықтағы бағасын түсіру қажеттілігі тууы мүмкін. Бәсекелестікті көтеру мақсаттарына тек қана бағаны түсіру ғана жатпайды, сонымен қатар оның сапасы және сол сияқты бәсекелес тауарынан басқа ерекшелейтін белгілері болып табылатындығын ескерген маңызды.
Бағдарламалық өнімнің бағасы бағдарламалық өнім бірлігінің жеткізілім кешенділігін есепке алуымен белгіленеді. Оның бағасы әдетте өндірістің нормативті өзіндік құнымен және пайда негізінде қалыптасады формула.
Бө = Ө + П (1)
Мұндағы Ө-өнім бірлігінің өзіндік құны, тг.
П-пайда, тг.
Негізгі сипаттамасы ретінде:
бағасы;
сенімділігі;
қатынаудағы қарапайымдылығы;
Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін Ms Access МҚБЖ жазылуының арқасында ұйымдағы мәліметтерді шығаруды автоматтандыру бағдарламасының оқу мен жұмыс процесін барынша ықшамдайтын интуициялық түсінікті бағдарламалық интерфейсі бар. Оның шағын көлемі, қатынаудағы қарапайымдылығы, жұмсақ жоғары сенімділік, өйткені бағдарлама жақсы тексерілген технолиялармен жасалған. Берілген бағдарламаны қолдану қажетті сұраныстарды автоматизациялауға, оларды сақтауға және бар сұраныстарды іздеуге мүмкіндік бергендіктен, бір сұранысты шығару уақытын азайтып, еңбек тиімділігін арттырады.
4 Экологикалық бөлім
4.1 Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы
Еңбекті қорғаудың негізгі бағыты жұмыстарды қауіпсіз орындауға қажетті профилактикалық және техникалық құралдар болып табылады. Еңбекті қорғау профилактикасы Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне (ЕҚБЖ) сәйкес жүргізіледі.
Жүйенің негізгі қызметтері мыналар:
қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлық профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді дайындаудың және іске асырудың бірыңғай тәртібін белгілеу;
еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;
еңбекті қорғау жағдайының көрсеткіштерін есепке алу, талдау және бағалау.
Жүйенің негізгі міндеттері:
қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің еңбекті қорғау бөлігіндегі талаптарды сақтауын бақылау;
еңбек жағдайларын жақсартумен байланысты іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау;
жұмыс істеушілерді қауіпсіз еңбек әдістеріне оқыту және еңбекті қорғауды насихаттау;
өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өндірістік барысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын қалыптандыру;
жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
жұмыс істеушілерге санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсету
4.1.1 Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпараттқ қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік, тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп пқпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпартты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.
Жүйенің сенімділігі (немесе сенәм дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.
Компьютерді дұрыс орналастыру
1, Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі коздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болуы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің арт жағы қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы керек. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отыруға болмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап тұрады.
8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
9. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.
10. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.
4.1.2 ДЭЕМ қауіпсіздік техникасы
Дербес компьютерде (ДЭЕМ) денсаулығы бойынша өткен қызметкерлер жұмыс істей алады.
Дербес компьютерде тек қызмекерлердің жұмысына қатысты әрекеттер орындалуы тиіс.
Дербес компьютерде жұмыс істеген адам электр қауіпсіздігі бойынша 1-ші квалификациялық топқа ие болу керек.
Дербес компьютермен жұмыс кезінде адам өз денесіне ақыл - ой, эмоциялық, көргіштік ауырлықтарды сезінеді. Осыған орай Мемлекеттік энцеклопедияның еңбек қауіпсіздігі туралы типтік нұсқауларда келесі қауіпсіздік ережелері жазылған:
компьютерлері бар жұмыс орны жарық, құрғақ және жылу болу керек. Еденді поливинилхлоридты, антистатикалық затпен жабу керек;
компьютер құрылымы ионизациялаушы және ионизацияланушы емес сәулелерден сенімді қорғанысты қамтамассыз ету керек. Дисплейден шағылатын рентген сәулелері 5 см қашықтықта 100 мкРсағ-тан аспауы керек. Электростатикалық өрістің қуаты 15 квм-ден аспауы қажет. Дисплей қосылған кезде жоғары кернеулі электронды - сәуле трубкасы жұмыс істей бастайды;
дербес компьютермен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz