«Жастар ресурстық орталығының» Веб сайтын құру



Кіріспе 5
1 Аналитикалық бөлім 6
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы 6
1.2 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары 13
1.3 Қолданылатын бағдарламалық тілдер 18
2 Жобалау бөлімі 22
2.1 Wordpress жүйесін орнату 22
2.2 Wordpress жүйесінің деректер базасы 24
2.3 Веб.сайтты қолдану 26
3 Экономикалық бөлім 31
3.1 Негізгі көрсеткіштерді есептеу 31
4 Экологиялық бөлім 32
4.1 Еңбекті қорғау шарасы 32
4.2 Электр қауіпсіздігі 34
4.3 Өрт қауіпсіздігі алдын алу шаралары 35
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А
Қазіргі таңда жастарды алға жетелеу,оларды қала өміріне үйрету және жұмыспен қамту өте маңызды болып саналады. Жастар ресурстық орталығы қала жастарын жұмыспен қамту барында бірнеше жұмыс орындарын дайындау, қала өңірінде өткізілетін мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мен қадағалау барысында жастарды жұмысқа жетелейді. Осы атқарылатын жұмыстарды ескере отырып жастар ресуртық орталығының қызметкерлері мен қала жастарына арнап веб-парақша құрылады. Веб-парақша мекеме қызметкерлерінің жұмысын, яғни қала жастарына арналған ақпарат ретінде құрылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жастар ресурстық орталығының қызмет саласы жайындағы мағлұматтардың жастарға қолжетімді болуы.
Дипломдық жұмысты жазу кезеніңдегі орындалатын тапсырмалар:
- мамандықпен және оның білім беру бағдарламасымен танысу;
- болашақ мамандық объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жалпылама танысу;
- болашақ кәсіптік қызмет түрлерін, қызметтері мен тапсырмаларын үйрену;
- экономикалық салада және басқаруда алғашқы статистикалық құжаттарды жинау және өңдеуге дағдылану;
- іскерлік хат-хабарлар мен іс-қағаздарын жүргізуді зерттеу;
- еңбек ұжымдарында жұмыс жасауға дағдылану.
«Жастар ресурстық орталығының» өзектілігі: 2015 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы» жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін нағыз қолдау болып табылады. Қазіргі кезде жастардың бос уақыттарында мемлекет өміріне, саясатқа «Жастар ресурстық орталығының» қызмет саласы бойынша веб – парақшаның маңыздылығы орталық жұмыскерлерінің жұмысын жеңілдетеді.
1. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. – Астана: Атамұра, 2004. – 256 б.
2. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы. – Алматы: Дәуір, 2002. – 358 б.
3. Балпанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. – Алматы: Киік, 1999. – 434 б.
4. Балпанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Мадиярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы: Жалын, 2000. – 383 б.
5. Ермеков Н., Ермеков М., Ноғайбаланова С. Жазушы. – Алматы: Ажар, 2002. – 222 б.
6. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. – Алматы: Кітап, 2000. – 383 б.
7. Камардинов О. Есептеуіш техника және программалау. – Алматы: Атамұра, 2014. – 420 б.
8. Камардинов О. Информатика, Бірінші бөлім. – Шымкент: Дәуір, 2000. – 400 б.
9. Камардинов О. Информатика, Екінші бөлім. – Шымкент: Дәуір, 2000. – 400 б.
10. Кушниренко А.Г., Лебедев Г.В., Сворень Р.А. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. – Алматы: Кітап, 1998. – 222 б.
11. Королев М.А., Мишенин И.А. Хотяшов Э.Н. Теория экономических информационных систем. – М.: Мир, 2004 г. – 280 с.
12. Могилев А.В., Н.И.Пак, Хеннер Е.К. Информатика. – М.: Питер, 2000. – 420 с.
13. Мишенин А.И. Теория экономических информационных систем. – М.: Наука, 1999. – 235 с.
14. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс. – СПб.: БХВ-Петербург, 2000. – 390 с.
15. Хакимова Т. Компьютерлік өңдеудің әдістемелері. – Алматы: Атамұра, 2002. – 200 б.
16. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: Дәуір, 2000. – 150 б.
17. Юркевич Е.В. Введение в теорию информационных систем. М.: Питер, 2004. – 350 с.
18. Михайлов А.И., Черный А.И., Гиляревский Р.С. Информатика. Научные коммуникации и информатика. – М.: Наука, 1976. – 433 с.
19. Советов Б.Я., Цехановский В.В. Информационные технологии. – М.: Питер, 2003. – 263 с.
20. Михайлов А.И., Черный А.И., Гиляревский Р.С. Основы информатики. 2-е изд. – М.: Наука, 1968. – 425 с.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Аналитикалық бөлім 6
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы 6
1.2 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары 13
1.3 Қолданылатын бағдарламалық тілдер 18
2 Жобалау бөлімі 22
2.1 Wordpress жүйесін орнату 22
2.2 Wordpress жүйесінің деректер базасы 24
2.3 Веб-сайтты қолдану 26
3 Экономикалық бөлім 31
3.1 Негізгі көрсеткіштерді есептеу 31
4 Экологиялық бөлім 32
4.1 Еңбекті қорғау шарасы 32
4.2 Электр қауіпсіздігі 34
4.3 Өрт қауіпсіздігі алдын алу шаралары 35
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Қосымша А

Кіріспе
Қазіргі таңда жастарды алға жетелеу,оларды қала өміріне үйрету және жұмыспен қамту өте маңызды болып саналады. Жастар ресурстық орталығы қала жастарын жұмыспен қамту барында бірнеше жұмыс орындарын дайындау, қала өңірінде өткізілетін мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мен қадағалау барысында жастарды жұмысқа жетелейді. Осы атқарылатын жұмыстарды ескере отырып жастар ресуртық орталығының қызметкерлері мен қала жастарына арнап веб-парақша құрылады. Веб-парақша мекеме қызметкерлерінің жұмысын, яғни қала жастарына арналған ақпарат ретінде құрылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жастар ресурстық орталығының қызмет саласы жайындағы мағлұматтардың жастарға қолжетімді болуы.
Дипломдық жұмысты жазу кезеніңдегі орындалатын тапсырмалар:
- мамандықпен және оның білім беру бағдарламасымен танысу;
- болашақ мамандық объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жалпылама танысу;
- болашақ кәсіптік қызмет түрлерін, қызметтері мен тапсырмаларын үйрену;
- экономикалық салада және басқаруда алғашқы статистикалық құжаттарды жинау және өңдеуге дағдылану;
- іскерлік хат-хабарлар мен іс-қағаздарын жүргізуді зерттеу;
- еңбек ұжымдарында жұмыс жасауға дағдылану.
Жастар ресурстық орталығының өзектілігі: 2015 жылы қабылданған Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін нағыз қолдау болып табылады. Қазіргі кезде жастардың бос уақыттарында мемлекет өміріне, саясатқа Жастар ресурстық орталығының қызмет саласы бойынша веб - парақшаның маңыздылығы орталық жұмыскерлерінің жұмысын жеңілдетеді.
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы
1.1.1 Жастар ресурстық орталығының құрылымы, қызметтері мен міндеттері
Жастар ресурстық орталығы 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жастар ресустық орталығының директоры Ахметжанов Ринад Руланович. Бүгінгі күні Өскемен қаласында мемлекеттік жастар саясаты жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді: жастар саясатының сәтті жүзеге асырудағы басты құралының бірі 2015 жылы қабылданған Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы болып табылады. Жаңа Заң жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуда. Бұл, ең алдымен, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін нағыз қолдау. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңында Еңбек жөніндегі уәкілетті органның Жастар еңбек биржасы атты бірыңғай ақпараттық порталдың жұмыс істеуі туралы норма қарастырылған. Заңда жас кәсіпкерлерге қарастырылған үлкен мүмкіндіктер айтарлықтай маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, жастардың сұрақтарының оңтайлы шешімі республикалық және аймақтық форумдар; жастар қызығушылығының барлық мемлекеттік органдарда ескерілуі; мемлекеттік жастар саясатын қарқынды ғылыми қолдау; жастардың азаматтық қызығушылығын жоғарлату. Заңның негізгі мақсаты болып жастардың табысты әлеуметтену және елімізді одан әрі дамыту үшін олардың әлеуетін мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру үшін заңнаманы жетілдіруге бағыттау болып табылады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы Заңының аясында Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар орталығы қаланың жастарымен кездесулер өткізуде. Осы ретте, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қ. Нұрғалиев атындағы колледжінің, Шығыс техникалық-гуманитарлы колледжінің студенттерімен түсіндірме жұмыстар жүргізілген болатын.
Кәсіпорынның негізгі қызметтері:
oo Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету;
oo Жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру;
oo Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
oo Жастарға жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өкілеттік шеңберінде өңірлік және республикалық жастар форумын өткізу;
oo жастардың бос уақытын дамытуға көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізу;
oo Психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмектер көрсетуді жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне кеңестер беру;
oo Еңбек және оқу ұжымдарында жастарға құқықтық көмек;
oo Құқықтық насихат, жастарды жұмысқа орналастыру, білім алу және кәсіптік даярлау, бос уақытты өткізу, туризм және спорт салаларындағы өз құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы хабардар ету;
oo Жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да функциялар;
oo Жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.
Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы мен қызметкерлері, олардың лауазымы мен міндеттері:
Директор - Ахметжанов Ринад Руланович. Директордың қызметтік міндеттері - орталықтың қаржылық және шаруашылық қызметіне басшылық жүргізеді. Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, ұйымдармен жұмыс жасауды және тиімді қарым-қатынас ұйымдастырады. Орталықтың барлық қызметкерлеріне қатысты бұйрық шығарады және тапсырмалар береді. Орталықтың тиімді стратегиясын дайындайды. Орталықтың қызметінде заңдылықтың сақталуын, ҚР заңнамасына сәйкес Орталықтың қызметін іске асырудағы талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Курманбаева Фатима Ерсаиновна - орталық бухгалтері. Бухгалтерлік есеп беру жұмыстарын ұйымдастырады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық, құрамдылық, көлемдік, салалық керек-жарақтар ерекшелігін және есеп жүргізу заңнамасына сәйкес есеп жүргізу саясатын қалыптастырады, жоспарлау, талдау, бақылау, қаржылық жағдайын бағалау және орталық қызметінің нәтижесін қалыптастырады.
Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және басшылық есептің талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алу және есеп берудің ақпараттық жүйесін қалыптастыру. Бухгалтерлік есеп берудің шотында шаруашылық операциялардың, активтер қозғалысының, кірістер мен шығындардың қалыптасуы, міндеттердің орындалуы уақтылы және нақты болуын қамтамасыз етеді. Алғашқы есепке алу құжаттарының ресімделу тәртібі сақталуына бақылау жасайды.
Махмұтов Ерасыл Махмұтұлы - оқу орындары және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі сектордың меңгерушісі.
Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарымен, қалалық мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара әрекеттестік, ХМҰ бірлесіп ұйымдастырылған мерекелер, оның ішінде семинарлар, конференциялар, әр түрлі сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер.
Жастар бірлестіктерінен банк құру және үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін есепке алу мен талдау жасау;
-Жастар арасында болып жатқан жағдайларды сараптау, жастар және балалар ұйымдарына қолдау көрсету;
Өскемен қаласының Жастар және Жастар саясаты бағдарламасын іске асыруды бақылау.
Амренова Еркежан Оразбековна - оқу орындары және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі сектордың кадрлар бойынша инспекторы.
Кіріс-және шығыс құжаттарды тіркейді. Директордың бұрыштамасына сәйкес құжаттарды орындаушыға береді, тіркеу карточкаларын рәсімдейді. Құжаттарды тіркейді, рәсімдейді, олардың орындалуына бақылау жүргізеді, тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамалар береді. Орындалған құжаттарды жолданған мекенжайға жібереді. Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Орталық директорының өкімдерін, бұйрықтар мен тапсырмаларын уақтылы орындалуын іске асырады. Орталықтың жеке құрамына есеп жүргізеді. Қолданыстағы заңнамаға, ережелерге және орталық басшысының бұйрығына сәйкес жұмысшыларды қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату құжаттарын, сондай-ақ, кадр бойынша басқа да құжаттарды рәсімдейді. Жұмысқа қабылдаған кезде жұмысшылардың жұмыс және демалыс уақытымен, ұйымның жұмыс тәртібімен таныстырады және қызметтік куәлік береді. Жұмысшылардың жеке істерін жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді. Еңбек кітапшаларын толтырады және сақтайды, еңбек өтілін есептейді. Еңбек кітапшаларына қызметкердің мадақталуы мен марапатталуы жөнінде жазады. Талап еткен мекемелерге жұмысшылардың еңбек қызметі туралы анықтама береді. Жұмысшылардың еңбек демалысын есепке алады, кезекті еңбек демалысының кестесін құруға және оны сақтауға бақылау жүргізеді.
Төлеубекова Кристина Қанатқызы - оқу орындары және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі сектор инспекторы.
Жобалардың мақсаттары мен негізгі кезеңдерін әзірлейді және сектордың басшысымен, концепциялар жобаларының жетекшілерімен келіседі. Жобаларға қаражаттар шығынының жоспарын дайындайды. Жобалардың құжаттарын дайындайды. Жұмыс жоспарына сәйкес жобалардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Жобаларды дайындайды және оларға презентация жүргізеді. Жобаларға өзгерістер енгізеді. Жоба жасаушы топтардың жұмысын үйлестіреді. Жиналыстар, отырыстар өткізуді ұйымдастырады. Жобалар бойынша аралық және жиынтық есеп берулерді қалыптастырады, келіседі. Жобалардың жетекшілеріне аралық және жиынтық есеп берулерді ұсынады.
Жотабаева Гульназ Мухаметкалиевна - ақпараттық-талдау секторының меңгерушісі. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жастар арасында әлеуметтік - экономикалық жағдайларды сараптау, сәйкесінше аналитикалық және эксперттік материалдарды, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың іске асырылуы бойынша салдарының мүмкіндіктерін сәйкесінше пайымдау; саяси және әлеуметтік - экономикалық мәселелер бойынша бұқаралық ақпараттық құжаттардың анализын жасау. . Басқа мамандармен бірлесіп кадрлардың жиі ауысуына, еңбек тәртібін бұзуға әкеліп соғатын ең маңызды мәселелер мен әлеуметтік сипаттағы мәселелермен танысады және оларды жою жолдарын қарастырады. Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған нақты орындау уақыты және орындаушылары, сондай-ақ қажетті қаржылық қаражаттар көрсетілген іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуына еңбек ұжымын жұмылдыру шараларын қабылдайды.
Еркін Бейбітұлы - ақпараттық-талдау секторының әлеумет бойынша инспекторы.
oo Шетелден (тарихи отанына) келген ұлты қазақ жастарын қоғамдық іс-шараларға немесе қоғамға бейімдеуге ықпал ету;
oo Жастарды спортпен айналысуға қызығушылығын арттыру, және бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау;
oo Ақын, жазушылармен және әр түрлі мекемелердің басшыларымен жастарды кездестіріп, сыр-сұхбат, дөңгелек үстел өткізу арқылы отанына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
oo Құжаттарын реттеп, азаматтық алуға кеңес беру;
oo Жастарға мәдени, рухани тәрбие беру,
oo Ауыл жастарының мәселелерін шешу, патриоттыққа қалыптастыру,
oo Тұрақты жұмыспен қамтамассыз ету, және қоғамдық жұмыстарға белсенді қалыптастыру,
oo Жастарды кәсіпкерлікке үйрету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру,
oo Өнерлі, білімді жастардың өз шығармаларын қалыптастыруға ықпал жасау.
Жарымханов Ермек Жарымханұлы - ақпараттық-талдау секторының әлеумет бойынша инспекторы. Кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жұмысшылардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік-психологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ісшараларды дайындайды және енгізу мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Әлеуметтік зерттеулердің бағдарламаларын құрайды және олардың орындалуын бақылайды. Өткізілген зерттеулер негізінде еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, еңбек қызметінің жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс әзірлейді.
Қайсарбеков Сырым Бектасұлы - жастар бастамасын дамыту секторының меңгерушісі. Жастар арасында болып жатқан үрдістерге талдау жасау, жастар мен балалар ұйымдарының қызметіне, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларына басшылық ету және көмек көрсету, жастардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру, өзін-өзі басқарудың дамуына ықпал ету, жастардың интеллектуалды шығармашылық әлеуетін дамыту, дарынды жастардың ары қарай дамуына ықпал етіп, қолдау көрсетеді.
Жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсете отырып, көмектесу; жастардың инновациялық саладағы жұмыстар жобасын әзірлеуді ынталандыру; басқа қоғамдық бiрлестiктермен және жастар ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқару және де мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.
Берікболова Бақытгүл Берікболқызы - жастар бастамасын дамыту секторының инспекторы.
Азаматтық бастамаларды, жастардың рухани, интеллектуалды, шығармашылық әлеуетін дамыту және де жастар саясаты саласында туындаған мәселелердi шешуді ұйымдастырады. Оқу орындарымен байланыс жасап, қоғамға қарсы қимылдар бойынша әр түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Өз құзыретi бойынша директордың берiлген тапсырмаларын орындайды.
oo Жастардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру, өзін-өзі басқарудың дамуына ықпал ету;
oo Жастардың интеллектуалды шығармашылық әлеуетін дамыту;
oo Дарынды жастардың ары қарай дамуына ықпал етіп, қолдау көрсету;
Мускенов Радик Витальевич - жастар бастамасын дамыту секторының инспекторы. Жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыруды қамтамасыз етеді. Азаматтылық және патриотизм үлгiсiнде тәрбиелеу, мемлекеттiк рәмiздерге, тарих, мәдениет және халықтар дәстүрлерiне қошемет, барлық жемқорлық пен қоғамға қарсы қимылдарға қарсы iс қимылдар жүргiзу, жастар арасында iшкi саяси тұрақтылық пен этникааралық келiсiмдi нығайту, жастар арасында қоғамдық-саяси, мәдени iс-шараларды ұйымдастырып өткiзу.
Жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсете отырып, көмектесу; жастардың инновациялық саладағы жұмыстар жобасын әзірлеуді ынталандыру; басқа қоғамдық бiрлестiктермен және жастар ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқару және де мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.
Жастар орталығының ұйымдық құрылымдық қызметі төмендегі суретте көрсетілген.

1 сурет - Жастар орталығының құрылымы
1.1.2 Пәндік аймақты ұйымдастыру
Пәндік аймақ: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы
Жүйе: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының қызмет саласы бойынша ақпараттық веб парақша.
Үзінді: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне арналған веб-парақша.
Пәндік аймақтың сипаттамасы: Веб-парақша жастар орталығының мәліметтер парақшасы ретінде құрылған. Яғни, жастар орталығының веб-парақшасын қолданатын жастарға ақпарат ретінде көрсетіледі. Веб-парақшада жастар орталығының тарихы, құрылымы, байланыс телефондары, мекен-жайы және жұмыс беру орындары көрсетіледі. Сонымен қатар, қызметкерлер мекеме орындарына арнайы хабарлама ретінде хаттама жібере алады.
1.2 Ақпараттық жабдықтаманы жобалау құралдары
1.2.1 Open Server Panel веб-сервері
Open Server веб-әзірлеушілер үшін арнайы әзірленген портативті серверлік тұғырнама және бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық пакет компоненттерін басқару және конфигурациялау үшін қуатты мүмкіндіктерін береді, мүмкіндіктерге бай пайдаланушы интерфейсінің бай жиынтығы бар. Платформа веб жобаларды әзірлеу, баптау және тестілеу үшін кеңінен қолданылады, сондай-ақ жергілікті желілерде Web қызметтерді қамтамасыз ету үшін кешенін құрайды. Бастапқыда бағдарламалық өнімдер, арнайы бір-бірімен жұмыс істеу үшін арналмаған болса да, мұндай қатпарлану, негізінен олар Linux сервер деңгейдегі сенімділік бар бағдарламаларды еркін жиынтығын алды, бұл шын мәнінде, Windows пайдаланушылар арасында өте танымал болды.
1.2.2 Notepad++ мәтін редакторы
Notepad++ - Windows амалдық жүйесіне арналған GPL рұқсат қағазымен азат таратылатын мәтін өңдеуіші.
Бұл бағдарлама STL кітапханасын пайдаланып C++ бағдарлау тілінде жазылған, негізгі құраласы - Scintilla өңдеу модулі. Мәтін өңдеуіші өздігенен бөлектеп бірталай бағдарлау тілдері мен белгілеу жүйелерін қолдайды. Бағдарламаның негізгі жетелігі кеңейтімдер (plugins) арқылы, не сыртқы модулдер арқылы кеңейте алынады. PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.
1994 жылы даттық программист Расмус Лердорф HTML-құжаттар үлгілерін өңдейтін онлайн түйіндегі қатысушылардың шығару және енгізу үшін PerlCGI скриптер жинағын жасады. Лердорф жинақты Personal Home Page (Жеке Үй Беті) деп атады. Уақыт келе, Perl - скрипт интепретаторының жұмыс істеуі және жылдамдығы жеткіліксіз болып, Лердорф Си тілін қолданып үлгелерінің PHPFI (ағыл. Personal Home Page Forms Interpreter -- Жеке Үй Беті Формалардың Интерпретаторы) жаңа интерпретаторын енгізді.
1.2.3 MySQL реляциондық деректер базасы
phpMyAdmin - PHP тілінде жазылған ашық кодты MySQL дерекқорын басқару жүйесі. Дерекқорды басқару веб-браузер көмегімен жүзеге асады.
MySQL - дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS). Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюс-тың (Michael Widenius) қызының аты - "My" сөзінен алынған. Ал SQL фразасы - Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді. MySQL, проект қайнарын GNU General Public License (GPL) және әр түрлі жеке меншік лицензияларында шығарды. MySQL-ды кезінде MySQL AP атты Шведттық фирма демеу еткен, ал қазір оны толығымен Oracle корпорациясы сатып алды.
Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады.
Веб-бағдарламаларында MySQL кең қолданылады және кең тараған LAMP бағдарламаларының ішінде басты компонент рөлін атқарады. LAMP сөзі - "Linux, Apache, MySQL, PerlPHPPython" сөйлемінің акронимі.
MySQL - қайнары тегін бағдарламалар мен Интернеттегі танымал Flickr, Nokia.com, YouTube, Wikipedia, Google, Facebook және Twitter сайттарында қолданылады.
MySQL - C және C++ тілдерінде, ал SQLпарсері және sql_lex.cc деп аталатын лекксикалық анализаторы yacc тілінде жасалған.
MySQL көптеген жүйелер платформаларында жұмыс істейді. Оларға кіретіндер: AIX, BSDi, FreeBSD, HP-UX, eComStation, i5OS, IRIX, Linux, Mac OS X, Microsoft Windows, NetBSD, Novell NetWare, OpenBSD, OpenSolaris, OS2 Warp, QNX,Solaris, Symbian, SunOS, SCO OpenServer, SCO UnixWare, Sanos және Tru64. Сонымен қатар OpenVMS жүйесіне портталған түрі бар.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, көптеген бағдарламалау тілдеріне кітапханалар жасалынған. Мысалы, C#және VB.NET үшін MySQL ConnectorNet, ал Java үшін JDBC драйвері. Бұнымен қатар ODBC интерфейсін қолдайтын ASP және ColdFusion сияқты тілдер үшін MyODBC кітапханалары бар. Ал URL арқылы кез-келген web-клиенттің MySQL серверімен араласуға мүмкіндік беретін HTSQL технологиясы, MySQL-серверімен бірге келеді.
1.2.4 Wordpress мәліметті басқару жүйесі
WordPress -- GNU GPL лицензиясы аясында таратылатын, қайнар коды ашық, сайт контентін басқару жүйесі (CMS). PHP-де жазылған, дерекқор ретінде MySQL қолданады. Қолдану аясы -- блогтардан бастап күрделі жаңалык порталдарына дейін сонымен қоса интернет-дүкен жасауға да болады. Қоса салынған тақырыптар және қондырмалар жүйесімен бірге сәтті архитектура кез келген жоба құруға мүмкіндік береді.
Вордпресс мүмкіндіктері:
oo сыртқы бағадарламалар және қызметтер арқылы жариялау;
oo оңай орнатып, теңшелеу;
oo RSS, Atom, trackback, pingback қолдайды;
oo кодпен әрекеттесеттін бірегей оңай жүйесі бар қосылатын модульдер (қондырмалар);
oo тақырыптарды қолдау, тез әрі оңай түрде сайт көрінісін және деректер еңгізу тәсілдерін өзгерту;
oo тақырыптар PHP-де жазылған файл-үлгілер жинағы түрінде жазылған, сондықтан бұл жылдамдыққа жақсы әсерін тигізеді;
oo көптеген тақырыптар және қондырмалар кітапханасы;
oo архитектура потенциалы күрделі жобаларды жасауға мүмкіндік береді;
oo адам түсінетін сілтемелер;
oo қазақша аудармасы бар.
WordPress (CMS -- Content Management System) -- танымал әрі қазіргі таңдағы ыңғайлы мазмұнды басқаруды қамтамасыз ететін бағдарлама. Алғашында блогтардың мазмұнын басқару жүйесі ретінде ойластырылып, көп ұзамай кішігірім сайттар мен танымал әрі үлкен блогтар арасында кең қолданысқа ие болды. WordPress бағдарламасы көптеген бағдарламалаушылардың арқасында күнен күнге даму үстінде. Бұл бағдарламаның коды ашық әрі дүние жүзіне тегін таратылады. Сол себепті кез-келген қолданушы WordPress-ті өз тәжірибесінде қолдана алады. WordPress бағдарламасы жоғарыда айтылғандай тек блог жасау үшін ғана емес, сонымен қоса персоналды веб беттерін, компания сайттарын, электронды оқулықтар жүйесін, ақпараттық жүйе құрылымдарын, веб-порталдарын және онлайн ғаламтор дүкендерін ашуға ыңғайлы әрі арнайы бағдарламалау тілін қажет етпейді. WordPress бағдарламасы өте түсінікті интерфейсімен және басқару батырмаларымен жабдықталған. Бастамашы адамға бағдарламаны жалпы түсінуге 2-3 сағаттың өзі жеткілікті. Бірақ озық пайдаланушылар үшін WordPress функционалы арнайы плагиндермен толықтырылады. Бағдарламаның негізі болып суреттермен, стильді парақтармен, макетінің бөлшектерімен жабдықталған оның тақырыптары қолданылады. Бағдарламалаушы жобаның көрінісін өз коллекциясымен оңай өзгертіп жаңа мазмұнды бірден қоса алады. Сондықтан бұл қозғалтқышта сайт немесе бағдарлама құру үшін дербес компьютерге арнай бағдарламаның орнатылуын қажет етпейді, компьютеріңізде тек браузер болса болғаны. Бұрын сайт немесе қосымша әзірлеу үшін арнайы тілдерді (HTML, CSS, PHP, JavaScript) білу қажет етсе, Wordpress-те бұл тілдер аса қатты қажет етпейді. Сонымен WordPress жүйесі түгелімен тегін және MySQL мен CSS қолданылады. Каскадты стиль кестелері сайтта лезде өзгертуге мүмкіндік береді және әрбір бет үшін бөлек осы істеу жасаудың қажеті жоқ өзгерістер толығымен бүкіл сайтқа қатысты жасалады.
WordPress құрылымы негізгі 4 бөліктен тұрады. Басы (header.php) жаһандық файл, мәзірдің жоғарғы бөлігіндегі мета-деректерді head бөлімінде көрсетеді. Сосын, cайдбар (sidebar.php) - бұл файл сайт құрылымының оң жақ немесе сол жақ бөлігін генерациялау үшін пайдаланылады. Ол жерде көбінесе санаттардың тізімін, соңғы жазбаларды, тегтерді, түрлі баннерлерді шығару үшін қолданады. footer.php -- бұл файл деректеменің, төменгі мәзірінде, авторлық және жабу HTML-тегтің жою үшін жауапты болып табылады.
1.3 Қолданылатын бағдарламалық тілдер
1.3.1 PHP мәтінді алдын-ала үдірістегіш
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor - PHP мәтінді алдын -ала үдірістегіш) - Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады.
LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP - де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдердің саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы,Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.
Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.
Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту орталығына арналған бағдарламалық қосымша әзірлеу
Проектор және компьютер
ХАКЕРЛІК ТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАҒАН КИБЕРШАБУЛДАРЫ
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Инновация және туризм
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Электрондық коммерция және электрондық бизнес жүйелерінің түрлері
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары
Пәндер