Балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама


Балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама
Бала тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайларында салмағына ай сайын 170, 0 - 190, 0 г, бойына - 1 см қосып отырады. Екі жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12, 0 - 12, 7 кг, бойының ұзындығы 85, 0 - 86, 0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Бала мықты және ширақ бола түседі.
Бірінші жарты жылдықта белсенді сергектену уақытының ұзақтығы 3-4 сағат; екінші жарты жылдықта 4-5, 5 сағат. Ұйқының тәуліктік мөлшері 14 сағаттан 12, 5 сағатқа дейін қысқарады. Ұйқы мен сергектену арасындағы арақатынас өзгереді.
Баланың тік жүруі негізгі қимылдардың анағұрлым күрделі түрі болып табылады, ол қоршаған ортаны тануына және орталық жүйке жүйесінің айтарлықтай дамуына әсер етеді.
Іс-әрекеттің маңызды түрлерінің қалыптасуы барысында кеңістікте бағдарлану аясы кеңейеді. Жүру баланы жағымды эмоцияға итермелейтін қимылдың жетекші түріне айналады. Өмірінің екінші жылының соңында қимылдардың үйлесімділігі жетіледі: бала қадамдарын жылдамдатады, жүгіреді, жолдағы шағын кедергілерді еңсереді. Жүрісті дағдыландыруға сәйкес қимылдағы тепе-теңдікті сақтауға әсер ететін қолдардың қимылдары дамиды. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеру барысында заттардың пішіні мен көлемін, олардың қасиеттері мен орналасуын қабылдайды.
Бала өмірінің 2-ші жылында ересек адамдардың тілін түсінуі және сөйлеу белсенділігінің дамуы, сенсорлық дамуы, заттармен әрекеттің, ойындардың дамуы, қимылдарының дамуы, дербестік дағдыларының дамуы қалыптасады.
Осы кезеңде сөйлеуді үйренуге ерекше сезімталдығы байқалады, ересектерге оның тілін түсінуге еліктейді. Бірінші жарты жылдықта сөздік қоры 30 - 40 сөзге жетеді, екінші жарты жылдықта белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала барынша жеңіл дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады. Бала тілі қатынас құралы болып табылады.
Бала 1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі кезеңде ересек балалар мен ересектердің қимылдарын қарап, өзінің нені көргенін жаңғыртады. Заттық әрекеттің жинақталған тәжірибесінің және ересектермен қарым-қатынастың арқасында балада заттарды салыстыруға үйренетін көріністік-бейнелеу ойыны пайда болады.
Заттық әрекет барысында балада тілді меңгерумен қатар көрнекі-қимылдық ойлау қалыптасады.
1 жастан 2 жасқа дейінгі кезеңде бала эмоционалды дамиды, шақырғанда үн қатады және музыканы, көркем сөзді сезеді, музыкамен қимылдау қабілеті пайда болады.
Осы жаста бала жинақылықты сақтайды, қарапайым тәртіп ережелерін орындайды, ересектің талаптарына бағынады және олардың тапсырмаларын орындайды, өзінің бастамасы бойынша ересекке жүгінеді.
Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
Бала өмірінің екінші жылында психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалар екі топқа бөлінеді:
бірінші - 1 жастан 1 жас 6 айға дейін;
екінші - 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.
Әрбір жас тобына өз күн тәртібі ұсынылады.
1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балалар күніне екі рет, ал 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар бір рет ұйықтайды. Баланың түнгі ұйқысы 10-11 сағатқа созылады.
Жылдың суық және жылы мезгілдеріне сәйкес топтар бойынша күн тәртібі жасалады.
Ауа-райы жағдайларына байланысты екінші шағын топтың балалары күніне 1-2 рет серуендейді.
Жылдың жылы мезгілінде балалардың барлық топтардағы тәрбиелеу үдерісі балабақшаның арнайы көгалдандырылған жабдықталған алаңында ұйымдастырылады.
Режимдік сәттер: тамақтандыру, ұйқы, гигиеналық және сауықтандыру-шынықтыру шаралары ғимаратта өткізіледі.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары табиғи факторларды, яғни ауа, күн, суды қолдану арқылы өткізіледі. Топтық жайларда ауаның температурасы +21-22°С, жатын бөлмесінде +15-16 °С құрайды.
Жаз мезгілінде серуеннен кейін шынықтыру шаралары әр баланың денсаулық жағдайларын ескере отырып қолдарды, аяқтарды жуу арқылы жүргізіледі.
Арнайы шынықтыру шаралары ата-аналардың тілектерін ескеріп, әкімшілік және медицина қызметкерлері ұйымдастырады.
Тәрбие мен оқыту мазмұны
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуына, денсаулығын нығайтуға, білім, білік, дағды негіздерін қалыптастыруға бағытталған.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ерте жас тобында ұйымдастырылған оқу қызметі аптасына 7 сағат 7-10 минуттан өткізіледі (бұдан әрі-ҮОЖ) .
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
- 1 жастан 1 жас 6 айға дейін сергектену кезеңінің екінші жартысында;
- 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін таңғы және кешкі сергектену кезеңдерінде өткізіледі.
Аталған жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнын меңгеру білім беру салаларын кіріктіру және заттық дамытушы ортаны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлау барысында бағдарламалық міндеттер және ойын-сабақтардың мазмұны, топтағы балалардың даму деңгейі, ойын- сабақтардың аптаға бөлінуі ескерілуі қажет.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар Бағдарламада көрсетілген білімді игереді. Ойын түріндегі ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысатын балалардың саны олардың жастарына, іс-әрекеттің сипатына, мазмұнына байланысты.
Жаңа білім (алғашқы таныстыру кезеңінде) жеке немесе шағын топпен (3-5 бала) меңгертіледі. Балаларды шағын топтарға біріктіргенде әр баланың жас деңгейі ескеріледі.
Бағдарламалық мазмұнды меңгеру бағдарламада ұсынылған тақырыптарды игеру дидактикалық ұсынымдарды сақтауға байланысты. Өтілген материалды қайталау балалардың белсенділігін арттырады (өзгертусіз немесе дидактикалық материалды толықтырып қайталауға болады) . Білімнің тиімді меңгерілуі дидактикалық материалдарды, атрибуттарды кеңінен қолдануға және таңдауға байланысты. Аталған жастағы балалармен ойын түріндегі ұйымдастырылған оқу қызметінде тосын сәттерді, әртүрлі ойыншықтардың кенеттен пайда болып, ғайып болуын көбірек қолдану ұсынылады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларды ересектердің айтқан сөздері мен сөйлемдерін қайталауға, іс-әрекеттеріне еліктеуге ынталандыру.
«Денсаулық» білім беру саласы
Аталған білім беру саласын ұйымдастыруда қажетті негізгі гигиеналық талаптардың бірі: еденді дымқыл шүберекпен сүртіп алу, таза ауа (19-20°С), маусымға сай, жеңіл, еркін қозғалыс жасауға лайықты киімнің болуы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына негізгі қимыл түрлері: жүру, еңбектеу, лақтыру, домалату, кейбір ойын түріндегі жалпы дамытушы жаттығулар, қимылды ойындар және ойын жаттығулары (олардың көпшілігі заттармен және еліктеушілік сипатта болуы) енеді.
Ерте жастағы бірінші топтағы (туылғаннан 1 жасқа дейін) заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру.
Ерте жастағы топтардағы заттық-дамытушы орта балалар үшін ұйымдастырылады, сондықтан, барлық қоршаған заттар олардың бойына, қолына және физиологиялық мүмкіндіктеріне сай шамалас болуы тиіс. Ойын бөлмесі бір түс гаммасында (сары, жасыл, көк) рәсімделеді.
Туылғаннан бір жасқа дейінгі балалар топтарында кеңістіктік ортаны ұйымдастыру жеткілікті түрде кеңінен, жақсы қарастырылатын өту мүмкіндіктеріне есептелуі тиіс.
Туылғаннан бір жасқа дейінгі балаларға арналған топтарда келесіні қарастыру қажет; 3-4 жазық баспалдағы мен еңісі бар, қоршаулануды қарастыратын, биіктен құлауды болдырмайтын (әдетте терезе жанында) төбешік. Төбешік астына қозғалтқыш-ойыншықтар орналастырылады (ірі машиналар жиынтығы) ; ленталы дидактикалық үстел (тік бұрышты, сопақ, крест тәрізді болуы мүмкін) - оған барлық жақтан жақындауға болатындай болуы тиіс; сондай-ақ, төбеде кеңістікте координацияны және орнықтылықты дамытатын ірі ойыншықтарды, түрлі-түсті ленталарды, қоңырау, әткеншекті және т. б. ілуге арналған топсалы құрылғы ұсынылады; биік емес сопақ шағын қақпалар (поролондық модульдерді де болады), аласа банкеткалар ұсынылады.
Ерте жастағы (туылғаннан 1 жасқа дейінгі) балалардың жетекші қызметі -заттық, ойнау кеңістігінің 2/3 бөлігі дидактикалық ойыншықтармен толтырылған. Топтарда балалар үшін педагог ойыншықтарды жайып қояды, бірақ жағдаяттық ойын көріністерін жасамай, балаға ойын әрекеттерін орындауға, ойын жағдайын ашуға көмектеседі, мысалы: аюды бесік арбаға отырғызып оны қыдырту.
Ойыншықтар: ірі, бала бойына жететін; біртиптік: 5-6 бірдей үйрек балапандары, матрешкалар және т. б. ; орта мөлшерлі; көлемі, пішіні, түсі бойынша әр түрлі: үлкен аю, кішкентай аю, ақ мысық, қара мысық; ермек ойыншықтар.
Жылдың соңында енгізіледі: «Ас үй»: плита үстіндегі шәйнек, кастрөл; қуыршақты шомылдыруға арналған ванна; баланың бойы жететін айнамен «киім-кешек» бұрышы (орамалдар, алжапқыштар, ленталар) ; жанында музыкалық ойыншықтар оранластырылады: металлофон, кішкентай бубен, барабан, қоңыраулар, кішкентай балалайка; табиғат бұрышы: 2-3 ірі жапырақты өсімдіктер (бегония, фикус) .
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта - бұл бала әрекеттерінің материалдық нысандар жүйесі, балалардың әртүрлі әрекет жасауды қамтамасыз ететін әлеуметтік және заттық құралдардың тұтастығы. Балабақшада заттық- кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының барлығының қызметі қажет. Себебі ойыншықтардың алуандығы бала дамуының негізгі шарты болып табылмайды. Педагогтар орта құру барысында ең алдымен оның дамытушы сипатына мән беру керек. Заттық әлем балаға белсенді және жан-жақты әрекеттерде қажеттіліктерін іске асыруын қамтамасыз етуі тиіс.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта баланың құрдастармен және педагогтармен эмоционалдық-тәжірибелік өзара әрекеттестік тәжірибесін байытуға, белсенді танымдық әрекеттерге топтағы барлық балаларды тартуға мүмкіндік береді. Орта дербестікті, бастамалықты дамытуды ынталандырады, онда балалар өз қабілеттерін жүзеге асырады.
Балаларды қоршаған ортаның ыңғайлы әрі эстетикалық тұрғыдан әсем болуы топтық дамытушы ортаны құруда өте маңызды. Әдемілік баланы қалыптастырады. Сондықтан, бұрыштардың эстетикасына назар аударған жөн.
Оның безендірілуі балалар үшін тартымды болып және оларды дербес әрекет жасауға ынтаны туғызуы керек. Сондай-ақ, балаларды бұрышта тазалықты сақтауға және ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйрету керек.
Баланың дамуы - тәрбиелеу мен оқыту үрдісі барысында, ересектермен және құрдастармен алуан түрлі формадағы педагогтар ұйымдастыратын белсенді қарым-қатынаста, мазмұндық әрекеттерде іске асырылады. Баланың айналасында, ол өмір сүретін және білім алатын арнайы заттық дамытушы ортасы құрылады. Бұл ортада мектепке дейінгі жастағы бала өз физикалық қызметтерін дамытады, сезімталдық қабілеттерін қалыптастырады, өмірлік тәжірибе жинайды, түрлі заттар мен құбылыстарды реттеуге және салыстыруға үйренеді, өзі тәжірибеде үйренеді.
Балалар мен ересектердің тұлғалық-бағытталған өзара әрекеттестігі негізінде құралған заттық-кеңістіктік дамытушы орта әр балаға тең бастамалық мүмкіндіктер беруі тиіс, оның шеңберінде тұлғаның жүйелік дамуы іске асырылады. Алайда түрлі мүмкіндіктер бірдей дегенді білдірмейді. Дамытушы орта оның құрылуынан бастап әр бала үшін нұсқалық, көпфункционалды, бейімделген және қолжетімді болуы керек.
Заттық орта мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын бағдарламаға сәйкес жобалануы тиіс. Бұл ретте педагог топтың ерекшеліктерін ескеруі, жалпы балалар тобын және әр баланың дербес ерекшелігін, олардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен тілектерін білуі тиіс.
Осылайша, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның маңыздылығын түсіне отырып біз оның ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды анықтадық:
- балаларды қызмет етуге, өзін жақсы сезінуге, денсаулыққа және дүниені сезінуге, оң әрекеттер жасауға үйрету;
- баланың толық және уақытылы дамуын, бала мен қоршаған орта арасында үйлесімді қатынасты, ыңғайлылықты қамтамасыз ету;
- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін барынша ескеру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz