Жанқұтты Ботантайұлы



Жақсы Жанқұтты (1810, Қарағанды облысы Шет ауданы Аюлы тауының баурайы — 1873, Сауд Арабиясы, Мекке қаласы) — шешен, би. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашады. Кейін әкесі Жанқұттыны Қарқаралы қаласындағы медресеге оқуға береді (1824). Медресені бітіргеннен кейін ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай бидің батасын алып, тәлім-тәрбиесін көрген. Ол Жанқұттыға былай деп бата берген екен: “Аллаға жағам десең — азанды бол, Ағайынға жағам десең — қазанды бол, халқыңа жағам десең — әділ бол, Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің ұзақ болсын, Аймағың суат болсын, Сөзің халқыңа қуат болсын!”. Құнанбай, Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым-қатынаста болған Жанқұтты бала Абайдың болашағын болжап, бата берген. Қажылыққа екі рет барған (1850, 1873). Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген сөзіне: “Келер жылға қарар едім, ажал қарамайды ғой” деп жүріп кетеді. Сол сапарында Меккеде қайтыс болған. Жақсы Жанқұттыты атанған шешен, бидің кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырған, үлгі боларлық нақыл сөздері мол. Жанқұттының алғаш жұртқа танылуы Жамантаймен жауаптасуы. Қарқаралыға аға сұлтан болып сайланған Жамантай төре елдің игі жақсыларын жинапты. Жер көріп, танысын деген ниетпен Ботантай Жанқұттыны ертіп келеді, мұны көрген Жамантай: “Бұл қатын-қалаш, бала-шағаның өсек айтатын жері емес, алқалы топтың бас қосатын мәжілісі емес пе, мына бала кім?” депті. Сонда Жанқұттыты: “ұафу етіңіз, кеше келгенде бір үйге қонақ болып дәм ішіп едік, бір ақсақал “еті арық екен” деп тыжырынып отырды, бүгін мені көріп сіз тыжырынып отырсыз! Сонда бұл қалай? Адам алжыса астан шошиды, төре алжыса жастан шошиды деген осы ма? Болмаса, “асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады” деген аталы сөзді аттап кеткеніңіз қай сасқандығыңыз?” депті. Жамантай қасындағылардың бірі: “Сөзін қара, болайын деп тұрған бала екен!” дегенде, Жамантай төре: “Болайын деп емес, болып тұрған, төрт құбыласы тең түсіп толып тұрған жас екен, бұдан былай біздің округтің ішіндегі дауға қатысты мәселені осы шешетін болсын”, деп шешім шығарыпты. Жалпы, Жанқұттының айтқан сөздерінен үш түрлі бағыт байқалады: 1) халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшін жасаған іс-әрекеттері; 2) ел бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық жасау; 3) ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беріп, көңіл бөлуі. Жанқұтты туралы деректер Қ.Жұмалиевтің “XVІІІ— XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті” (1967), Б.Адамбаевтың “Халық даналығы” (1984), “Ел аузынан” (1990) еңбектерінде келтірілген.
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгімелер
Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін:
- Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды.
Сонда Жанқұтты:
- Адал болсаң, судай бол,
Су арамды кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді, -
деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқүұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:
Аллаңа жағам десең, азанды бол,
Ағайынға жағам десең, қазанды бол,
Халқыңа жағам десең, өділ бол.
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Сөзің халқыңа куат болсын! -
деп батасын беріп аттандырған екен.
Жанқұттының өскен ортасы қасиетті Сарыарқаның өнегелі де, тәрбиелі елі болған. Талай өнерпаз, білімдар, парасатты, әруақты ата-бабалар ғұмыр кешкен сол бір аймақтан Қаз дауысты Қазыбек,

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жанқұтты Ботантайұлы.

Жақсы Жанқұтты (1810, Қарағанды облысы Шет ауданы Аюлы тауының баурайы —
1873, Сауд Арабиясы, Мекке қаласы) — шешен, би. Бала кезінде ауыл
молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашады. Кейін әкесі Жанқұттыны Қарқаралы
қаласындағы медресеге оқуға береді (1824). Медресені бітіргеннен кейін ел
ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты өз
заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді шешені Шабанбай бидің батасын
алып, тәлім-тәрбиесін көрген. Ол Жанқұттыға былай деп бата берген екен:
“Аллаға жағам десең — азанды бол, Ағайынға жағам десең — қазанды бол,
халқыңа жағам десең — әділ бол, Судай таза бол, Жердей берік бол, Өмірің
ұзақ болсын, Аймағың суат болсын, Сөзің халқыңа қуат болсын!”. Құнанбай,
Алшынбай, Құсбек төре сияқты ел жақсыларымен қарым-қатынаста болған
Жанқұтты бала Абайдың болашағын болжап, бата берген. Қажылыққа екі рет
барған (1850, 1873). Соңғы барғанда Құнанбайдың келесі жылы барайық деген
сөзіне: “Келер жылға қарар едім, ажал қарамайды ғой” деп жүріп кетеді. Сол
сапарында Меккеде қайтыс болған. Жақсы Жанқұттыты атанған шешен, бидің
кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырған, үлгі боларлық нақыл сөздері мол.
Жанқұттының алғаш жұртқа танылуы Жамантаймен жауаптасуы. Қарқаралыға аға
сұлтан болып сайланған Жамантай төре елдің игі жақсыларын жинапты. Жер
көріп, танысын деген ниетпен Ботантай Жанқұттыны ертіп келеді, мұны көрген
Жамантай: “Бұл қатын-қалаш, бала-шағаның өсек айтатын жері емес, алқалы
топтың бас қосатын мәжілісі емес пе, мына бала кім?” депті. Сонда
Жанқұттыты: “ұафу етіңіз, кеше келгенде бір үйге қонақ болып дәм ішіп едік,
бір ақсақал “еті арық екен” деп тыжырынып отырды, бүгін мені көріп сіз
тыжырынып отырсыз! Сонда бұл қалай? Адам алжыса астан шошиды, төре алжыса
жастан шошиды деген осы ма? Болмаса, “асыл тастан шығады, ақыл жастан
шығады” деген аталы сөзді аттап кеткеніңіз қай сасқандығыңыз?” депті.
Жамантай қасындағылардың бірі: “Сөзін қара, болайын деп тұрған бала екен!”
дегенде, Жамантай төре: “Болайын деп емес, болып тұрған, төрт құбыласы тең
түсіп толып тұрған жас екен, бұдан былай біздің округтің ішіндегі дауға
қатысты мәселені осы шешетін болсын”, деп шешім шығарыпты. Жалпы,
Жанқұттының айтқан сөздерінен үш түрлі бағыт байқалады: 1) халыққа қамқор
болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшін жасаған іс-әрекеттері; 2) ел
бірлігін сақтау, ру арасындағы даулы мәселелерді шешу барысында әділ
қазылық жасау; 3) ұрпаққа ұлағатты сөз қалдыру, жастарды тәрбиелеуге
айрықша мән беріп, көңіл бөлуі. Жанқұтты туралы деректер Қ.Жұмалиевтің
“XVІІІ— XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті” (1967), Б.Адамбаевтың “Халық
даналығы” (1984), “Ел аузынан” (1990) еңбектерінде келтірілген.
Жанқұтты Ботантайұлы туралы әңгімелер
Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі
Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін:
- Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды.
Сонда Жанқұтты:
- Адал болсаң, судай бол,
Су арамды кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді, -
деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқүұттыны бірнеше күн
қонақ етіп, кетерінде:
Аллаңа жағам десең, азанды бол,
Ағайынға жағам десең, қазанды бол,
Халқыңа жағам десең, өділ бол.
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Сөзің халқыңа куат болсын! -
деп батасын беріп аттандырған екен.
Жанқұттының өскен ортасы қасиетті Сарыарқаның өнегелі де, тәрбиелі елі
болған. Талай өнерпаз, білімдар, парасатты, әруақты ата-бабалар ғұмыр
кешкен сол бір аймақтан Қаз дауысты Қазыбек, Шортанбай жырау Қараменде,
Сеңкібай, Шабанбай, Жидебай, Жалаңбас, Боранбай тәрізді ділмар шешен билер,
не бір батырлар шыққан ғой. Міне, осындай өнегелі халық арасынан тәлім
алған Жанқұтты да осал болмаған.
Атақты жырау Шортанбай Кенесары ханның ақылгөй ақыны болса, Жанқұтты оның
батыр сарбазы оң жағында отыратын кеңесші бас биі екен. Сол бір ұлт-азаттық
қозғалыстың жорық, шайқасына талай қатысып ел азаттығы үшін, үрім-бұтақ
болашағы үшін күрескен азамат Жанқұтты бидің бұл саладағы атқарған қызметі,
билік, кесім, шешендік сөздері кезінде хатқа түспеген. Ауызша айтылып
жүрген нұсқалары ұмытыла бастаған.
Кезінде Шабанбай биден бата алған Жанқұтты шешен жайлы Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы мынадай дерек жазып қалдырған "Құлжаннан Айдабол, Амантай,
Дәріпсөлі, Маман, Шуаш. Шуаштан, Ботантай, Айбада, Ботантайдан Жанқұтты.
Бұл Жанқұтты Мұса, Секербай заманында ауызға ілігіп, көзге түскен қазақ
жақсыларының касқа маңдайы болған. Бірі ескі заң, бірі - жаңа заң, Бұл
Жанқұтты жаңа заңды көрген жок, ескі заңды қажыға барып қалып, басына тас
орнаттырып, тасына жаздырған: "Қазақ, Арғын, Сарым руынан Жанқұтты
Ботантайұлы. Мекке мен Мединені көрмеген кісі анадан тудым, жалған дүниенің
жүзіне келмедім десе де болар", депті. Онан бұрын әулиелерді зиярат қыла
Алатау, Қаратауға барған. Үйсін Төле бидің қасында отырып, билік айтып,
төре берген төбесін көремін деп барғанда, Алатау Қаратаудың пәлен қалай,
түген қалай деп сұрағандарына айтқан: "Тобықты Құнанбай шыңның басынан
шыққан қайнар бұлақ, қыпшақ Ыбырай қажымас қара болат, Мұса қабыршағы колға
тұрмас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ билерінің шешендік сөздері
Ақ тілеудің белгісі – бата
Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс
Билер жөнінде бірер сөз
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Шешендік өнер
Шешендік сөздер жайлы
Зар заман» ақындарының шығармашылығындағы ел мен жер тағдыры
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті
Пәндер