Ақындар айтысы жайлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Ақындар айтысы

Ақындар айтысы

Ұлттық өнерiмiздiң ең бiр қасиеттi де қастерлi саласы - ақындар айтысы. Сан ғасырларды көктей өтсе де тарихи тұрғыдан ешқашан құнын жоймаған, ең бастысы елдiң жүрегiнен, жадынан еш уақытта көшпеген шынайы өнер жарысы - айтыс бүгiн де рухани өмiрiмiздiң алтын дiңгегi болып отыр.

Осы өнердiң мәңгiлiк жасампаз көрiнуiнiң басты сыры да - осы ұлттық сөз өнерiнiң құдiретiнде, осы халықтық өнердiң көркемдiк, рухани астарында жатыр. Ал ендi шынайы ұлттық өнер, халықтық шығарма тек қана тума таланттың еңбегiмен ғана келедi.

Оны әдебиет тарихы сан қайтара дәлелдеген. ХIХ ғасырда қазақ әдебиетiнде айрықша қарқын алып, көш бастаушы жанрдың бірі айтыс . Ақын өзiнiң әрбiр сөзiне, әрбiр сөз тiркесiне мұқият қарайды. Сөздiң астарында жататын ой қуатына, көркемдiк мәнiне, керек болса әрбiр сөздiң әлеуметтiк астарына, қоғамдық салмағына аса жоғары мән берген .

Алдымен терең дүниетаным, сонан соң көргенi мен түйгендерiн төрт аяғынан тең тұрған, тартымды да бейнелi көркемдiк жинақтаулар арқылы түйiндеп отыратын, сол арқылы сөз өнерiн айшықтап көрсете алған ақын өз қарсыластарын тұқырта жеңiп отырған.

Кейiнгi айтыстарының әлеуметтiк өткiрлiгi де ұштала түсiп, салмақ тартып, әсiресе қоғамдық, рухани астары тереңдеп, көркемдiк бояуы қалыңдай беретiндiгi бiрден назар аудартады.

Ақынның ой өрбiтуiне, сөз саптауына арқау болатын сол тұстағы тарихи-қоғамдық шындық, заман қайшылықтары, ең бастысы ұлт тағдыры, қазақ тiршiлiгi, әлеуметтiк теңсiздiк, елдiк мәселелер, адам бойындағы жаман мiнездер және адамгершiлiк, кiсiлiк қасиеттер, ұлттық құндылықтар, ұлттық салт-дәстүр, барлығы-барлығы жиылып келгенде оның ақындық өрiсiнiң қаншама кең, мол, көркемдiк көкжиегiнiң шексiз де, шетсiз, суреткерлiк шеберлiгiнiң аса бiр шетiн, нәзiк екендiгiн бiзге тайға таңба басқандай ажыратып, айшықтап танытады

Бұқар жырау мен Дулат Бабатайұлының

тәлім тәрбиелік идеялары

1. Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары. (1668-1781)

ХҮІІІ ғасырда Қазақстанда ағартушылық ой-пікірдің дамуында өзіндік із қалдырған, ақын-жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Бұқар-жырау Қалқаманұлы. Батырлар жанұясында дүниеге келген. Қалқаман батыр туралы кезінде еліне, халқына батырлығымен белгілі болған, аты аңызға тұлға екені белгілі. Ол өте сауатты, өз атасын елге ерте танылған және Тәуке ханның маңындағы ең құрметті адамдардың бірі болған.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде Бұқар жырау халқымен бірге халқының басына туған ауыр қиыншылықты басынан кешірді, бірақ ол үмітін үзген жоқ, өз отанын шетел басқыншыларынан қорғауға халықтан елін, жерін жанқиярлықпен қорғайтын батырлардың, ел басқыншылардың шығатынына сенімін жоғалтқан жоқ. Міне, осындай үміт артқан, өз кезінде барлық жандардың ең мықтысы болған Абылай ханның кеңесшісі, ақылшыларының бірі болды. Абылайдың ел басқарған кезеңі әртүрлі өте күрделі және қарама-қайшылық жағдайлармен сипатталады. Осы қиын жағдай, Абылай ханның саясатының екіжақтылық сипаты Бұқар жырау шығармашылығында өзіндік бейнеленді. Өзінің ұзақ ғұмырында Бұқар жырау халқының көрген көптеген қиындықты өз көзімен көре білді. Сондықтан да оның шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғай білу, тәлім-тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесіне толғауларында ерекшке мән береді.

Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауларында:

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз

Ер шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа, - деп

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкіліксіз көйлек кимеске.

Қазақ даласында бейбіт өмір болуын, Бұқардың авйтуынша, халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес береді.

Ақын халықтың тыныштығының қымбат екендігін, көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың және халықтың мұддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырады:

Жан біткен еріп соңынан

Он сан алаш баласын,

Аузыңа құдай қаратып,

Жусатып тағы ергізіп,

Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, - деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға, көрші елдермен қарым-қатынас жасаудағы роліне оң бағасын береді.

Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге, ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар өзара достасудың» қажеттігін, «жау әруақытта да бізді айналып өтсін», «сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар», -деп руларға, тайпаларға ықпал етуге ұмтылды.

Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Бұқар Жырау Абылау туралы өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін дәріптейді.

Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы достық пен қастықты салыстыра келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік мәні бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді:

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

Дос болғанмен хан болмас,

Екі жақсы дос болмас,

Дос болса, түбі бос болмас, - деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жастардың арасында кеңінен насихаттайды.

Бұқар жыраудың шығармашылығында қарама-қайшылықтар мен керітартпа көзқарастар аз емес. Егер де ол кейбір жағдайда уақыттың және халықтың қажеттігіне байланысты елді бірлікке шақырса, сонымен қатар кейбір өлеңдерінде хан, сарай мүддесінен асып кете алмайды. Ханға берілгендік, оның мүддесін көздеу, феодалдық талаптарды, ислам дінінің ұстанымдары Бұқар жырау поэзиясына тарихи шектеушілік із қалдырады. Кейбір өлеңдерімен толғауларында ханға, жекеленген ықпалды феодалдарға табыну, әлсіз руларды, әлді көпшілік руларға бағынуды насихаттайды. Мәселен, Абылайға тәуелді, бағынышты керейлер сияқты рулардың ханның өктемдігі мен қысымына шыдай алмай басқа жаққа көшу туралы шешім алуына Бұқар жырау ханды жақтап, «Керей қайда барасың?» атты өлеңінде туған жеріңен қайда көшіп барасың, егер де Абылайдың қойған шартын орындамасаңдар мен сендердің бітіспейтін жауларың болам, - деп хан атынан сөйлейді.

Кейбір өлеңдерінде Абылайды асыра мадақтайды, сонымен қатар Бұқар жыраудың өлеңдерінің мазмұны исламның жаттанды қағидаларына сүйенеді. Оның көзқарасындағы қайшылық сол кезеңнің, оны қоршаған феодалдық- патриархалдық салт-дәстүрлермен, хандық биліктің күшімен байланысты. Бірақ оның өлеңдері мен толғауларының терең де философиялық-дидактикалық, тәлімдік-тәрбиелік мәні орасан зор.

Жыраудың көптеген афоризмдері мен өрнекті өлең жолдары халықтың арасында кеңінен тарағаны белгілі, олар мақал-мәтелдерге айналғанын аңғару қиын емес.

Бұқар жыраудың:

Жақсының аты өлмейді

Ғалымның хаты өлмейді, - деген аталы нақыл-афоризмге айналған сөздерінің күні бүгінге дейін халқымыздың арасында кеңінен таралғандығы, оның мақал-мәтелдерге айналғандығын білеміз. Оның нақыл сөздері мен шешендік өнерін ұрпақ тәрбиесінде кеңБұқар

Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырларда тіршілік еткен Бұқар сияқты көп ақындарының өмірбаяны бізге толық мәлім емес. Ол кездерден қалған жазба белгі жоқ. Ауызша айтылған там-тұм сөздер болса, оның кейбір қатары бұл күндерге жетпей жоғалып, өшіп қалған. Және ауыздағы шала-шарпы әңгімеге карап өмірбаянын тізу тегі мүмкін емес. Онда, адам жайында желілі тұтас сөз болмайды. Ел ішінде қалған, аңыз болған көп аузына ілінген бірен-саран сөз, мінез, істер ғана айтылатын болады. Қазақта жазба белгі сақталудан бұрын шыққан тарихи адамдардың бәрінің жайындағы сөздер осы күйде ғана қалады. Пәлен хан, пәлен би, пәлен ділмәр - пәлендейлік ортаның, заманының тұрғысы болды деп кейінгіге үлгіғып көрсететін сол адамдарды шығарған үстем тап болады. Соның кейінгі орынбасары болған таптар, қоғамдар сол сөздерді ескінің мұра, жарасы қып сақтап, сөз кезегіне құрал етеді. Хан мен биін көпшілікке жарықтық дегізіп қойып, сол бұрынғыларынан қалған пікір және артқылы-кейінгі қаналушы қауымның ой-сезімін тұсап отырады.

Сондай өз дәуіріндегі біртұтас салт-сананың жыршысы болған адамның бірі - Бүқар жырау. Бірақ оның өмірі туралы тұтасқан мағлұмат жоқ дедік. Сол себепті, оның, кім болғаны туралы берілетін мағлұматта жамау-жасқау, үзінді-кесінді, шала-шарпы мағлұмат болады. Осындай хал Абайға шейін болған, бірқатар ақын Абай артынан шыққан, тағы бірнеше ақын туралы да еріксіз болады. Түк айтпай кетудің орнына, кейінгі уақытта толықталар деген үмітпен бір сөзге бір сөз жамау-демеу болар деген сеніммен, осы адамдар туралы өзіміз естіген азын-аулақ мағлұматтарды олардан қалған әдебиет үлгілерін тексеруден бұрын, қысқаша күйде айта отырамыз.

Осымен Бұқарға көшсек, бұл: XVIII ғасырда тіршілік еткен ақын болады. Сол ғасырдын соңғы жарымында, Орта жүзге хан болған Абылайдың жырауы деп аталады. Абылай 1772 жылы өлген. Бұқардың бұл ханнан кейін . . . інен қолдануға болады.

Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді*14.

Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін ата-бабаларының мекені болған Сырымбетте өткізді. Бұл тарихи аңыздарға бай Солтүстік Қазақстандағы көркем жерлер Шоқанның балалық шағын және жасөспірім кезінде салған суреттерінде бейнеленген. Әлі тіптен жас Шоқан қазақ халық эпостарын алғаш Құсмұрында жазып алған.

Уәлихановтардың естеліктеріне қарағанда, Шоқан өте ширақ, әрі ақылды бала болған. Оның балалық шағы далада, өзінің ерлікке толы өткені жайлы көптеген аңыздарды сақтаған халықтың арасында өтті. Алғыр бала жастайынан тарихи аңыздарға құлақ қойып, халық арасынан шыққан адамдармен араласуға, ән-жыр және қарапайым адамдардың әңгімелерін тыңдауға құштар болды. Шоқанның рухани байлығының басты белгілері бала кезінде-ақ біліне басталды. Ол ерте есейіп, үлкендерше ойлайтын болды.

Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі білім мен халық даналығының сарқылмас көзі болды. Ол Шоқанға қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есте сақтады.

Шоқан әуелі Құсмұрындағы жеке қазақ мектебінде оқыды. Мұнда ол арабша хат танып, қарындашпен сурет салуды үйренді. Әдетте бұл мектепте қыпшақ және шағатай тілдеріндегі ортағасырлық әдеби мұраларды оқумен, ауызекі араб және парсы сөздерін білумен жаттығып, шығыс ақындарының өлеңдерін жатқа оқумен айналысатын.

Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу» міндет болатын. Бұл дәстүр ол кезде әлі сақталып тұрды, сондықтан Шоқан, мұрағат материалдарынан аңғарылғандай, шығыс тілдерімен айналысып, әуелі араб жазуын, кейіннен ұйғыр жазуын да жақсы меңгерді.

Шоқанның бала кезінде құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ уақыт тұрған орыстың суретші-топогрофтары мен геодезистерінен үйренді. Оның үстіне Уәлихановтардың ауылында жиі қонақ болып жүрген орыс ғалымдары, инженерлер мен білімді офицерлер қабілетті баланы өнер мен әдебиетке құштарландыра түсті.

Жас Шоқанға сұңқармен аң аулау үлкен ләззат сыйлады. Шоқан далада ұзақ жүретін. Оны шексіз де шетсіз кең дала, жасыл орман, өзен алқабының тоғайлары мен биік жартастар өзіне тартты, ол туған елінің сұлу табиғатынан ләззат алатын. Осындай саяхаттар Шоқанды туған өлкесімен етене етті. Бала кезінде-ақ ол Ақмола мен Баянауыл жерлерін аралап, Баянауыл тауының маңындағы нағашыларына жиі қонақ боп жүрді. Бұл сапарларынан алған әсерлер көпке дейін Ш. Уәлихановтың есінен кетпеді. Кадет корпусының тәрбиеленушісі бола жүріп ол досы Г. Н. Потанинге сол жерлер жайлы естеліктерді әңгімелеп беретін*15.

Шоқан Уәлиханов ерте жастан қазақтың халық поэзиясына қатты құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, ата-анасына оқып беріп жүрді. Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті.

Оның отбасында жиі қонақ болатын қазақ әншілері мен жыршылары Шоқанның халық поэзиясына деген қызығушылығын оятуға көп әсер етті.

Шоқан шығыстың басқа да халықтарының поэзиясымен шұғылданды. Ауылда жүрген кезінің өзінде ол шығыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас көтерген емес. Шоқан өзі жазғандай, шығыс поэзиясына деген сүйіспеншілігін өмір бойы сақтап қалды. «Шоқан ақынжанды және шығыстық кейіптегі адам еді, - деп жазды Шоқанның жақын достарының бірі, белгілі публицист Н. М. Ядринцев*16, - оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдермен масаттанып отыратын».

Шоқанның ғылымға қызығушылығын қалыптастыруда, жоғарыда айтқанымыздай, әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауым өкілдерімен байланыста болуы көп әсер етті. Шыңғыстың ауылында академик А. И. Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин, Қазан университетінің студенттері С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар болды*17.

Қазақстанды зерттеп жүрген орыс ғалымдары үшін түрлі материалдар жинап, оларды дайындауға Шыңғыс кейде баласын да қатыстырып отырды.

Шыңғысқа қазақтың халық поэзиясы мен ертегілерінің, аңыз-әңгі-мелерінің нұсқаларын жинау жөнінде декабрист В. И. Штейнгельдің сол уақытта Шекаралық комиссияның бастығы полковник М. В. Ла-дыженскийдің атынан жазған хаты бүгінге дейін жеткен.

Шыңғыс М. В. Ладыженскийдің өтінішін орындай отырып, үйіне үздік ақындар мен жыршыларды талай рет шақырып, Шоқанның көмегімен қазақтың әндері мен аңыздарын жаздырып алып, оларды одан соң Омбыға жіберіп отырған*18.

Жарқырап өткен қара түннің жұлдызы…

1835жылы Қостанай облысы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген, қазақтың маңдайына тұтқан сәулелі жарық жұлдызы, атақты Абылай ханның шөбересі- Шоқан Уәлиханов. Алғаш Еуропа терезесінің көрінісін ашқан, халқының көзінің қарашағын кеңейткен, артынан жол қалдырған жас саяхатшы осы кісі. Жастайынан мұсылманша хат таныған.

Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін түсіндіруі, әсіресе, қазақтардың шамандығы туралы айта келіп, философияның негізгі мәселесі - материя мен сана байланысын материалистік тұрғыда түсіндіргенін көрсетеді. Ағартушы табиғат пен қоршаған ақиқат-шындық адамның санасынан тыс (тәуелсіз) тіршілік етеді деген шешімге келді. Ол әлемнің басын да, аяғын да мойындамайды, әлемді мәңгілік және шексіз деп санайды. Сонымен қатар, Ш. Уәлиханов адамдардың діни түсінігінің пайда болуы табиғат күштерінің ықпалының ақиқат шындықтың әлемді түсінуге, оның құбылыстарын түсіндіруге тырысқан адамға тигізген және адамның табиғат күштері алдында дәрменсіздігінің нәтижесі деп есептейді. «Қырғыздардағы шамандық қалдығы» мақаласында ол: «Табиғат пен адам, өмір мен өлім үнемі таңданыс туғызатын және құпиясы ашылмаған ерекше құбылыс болып келді. Табиғат пен адам! Адам мен табиғаттан асатын тамаша әрі жұмбақ құбылыс табылар ма екен? Бүкіл әлемді оның барлық кереметімен тануға, адамның өмірі мен өлімі туралы құпияны ашуға деген талпыныс шамандықты - бүкіл әлемді және табиғатты сүю, өлген жандардың аруағын қастерлеуді туғызды. Осылайша санасы әлі толықпаған адам баласы күнді, айды, жұлдызды, тағы да сондай мәңгілік әрі әртүрлі біз табиғат немесе әлем деп атайтын құбылыстарға бас иді»*143 . . .

Ш. Уәлихановтың озық ағартушылық ойлары оның Орта азиялық хандығы туралы жазғандарында жақсы көрініс тапқан. Орта Азия халықтарының феодалдық хандар мен бектерінің езуінен жапа шегіп жатқан өмірін жақсы білгендіктен, ол өзінің еңбектерінде феодалдық құрылыс пен деспотизмді сынап, сол аймақтың артта қалғандығын өкінішпен: «Ежелгі Шығыстың ең бай және білімді елі - Мәуренахрда, қазір қараңғылық пен кедейшілік жайлап кеткен» дейді. Діни білімнен басқа білімді мойындамай, Самарқанд, Ташкент, Ферғана . . . , Хиуа, Бұха-ра және басқа жерлерде . . . Самарқандтағы обсерватория татарлардың аяусыз қолымен жасалған вандализмі мен бұқара инквизициясынан орнына келместей болып қирады*145. Ш. Уәлиханов Орта Азия мен Қазақстан халықтарының консервативті өмір сүру формаларына белсенді түрде қарсы шығып, осы артта қалушылық пен дағдарысты тудыратын қоғамдық құрылыстың кеселдерін сынады . . .

Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының білім алып, мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты да азат өмір сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан кейін ғана жүзеге асты . . . Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталып, Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы Тарих, археология және этнография институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның есімімен аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, Алтынемел асуы) обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған. Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985 жылдар) . Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова «Жизнь замечательных людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарды . . .

Құдайбердіұлы Шәкәрім

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.

Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді.

Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.

Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның шығармашылығ сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19 ғ. - дың аяғы мен 20 ғ. -дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айтыс
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы
Айтыс өнерінің өткеніне шолу жасау
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
Айтыстың жанрлық ерекшелігі
Ақындар айтысы
Ирония мен сарказм - айтыс жанрын көркемдеуіш тәсілдер
Айтыс – сөз барымтасы
Айтыс жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz