Қазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім

3. Қазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама . . .

4. Қазақстан бойынша саяхат . . .

5. Қортынды . . .

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.
Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.

1 Қазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама

Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетте туризмнiң дамуы 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы заңымен, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi №3476 Түркi тiлдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және ҚР Ұлы Жiбек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша БТҰ жобаларын орындау туралы ҚР Президентiнiң жарлығымен және 1998 жылғы 27 ақпандағы Туризм инфрақұрылымын құру, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын дамыту және сақтау, Ұлы Жiбек жолындағы тарихи орталықтарды жаңғырту туралы ҚР мемлекеттiк бағдарламасымен реттеледi. Сонымен қатар, мәдени ережелерiн және визалық құжаттарды хаттау, туристiк iс-әрекеттi лицензиялау ережесiн регламенттейтiн, бiрқатар заңдармен жүзеге асырылады. Барлық заң актiлерiн қабылдау Қазақстандық туристiк нарығын дамытуда өз үлесін қосуда. .

Туризм сферасындағы бүкiләлемдiк қатынасты дамыту қадамдарының бiрi, Қазақстанның 1993 жылғы Бүкiләлемдiк Туристiк Ұйымға (БТҰ) нақты мүше ретiнде кiруi, туризм облысындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдi бекiтуi. Шетел мемлекеттерiнiң Үкiметiмен Қазақстан бай туристiк потенциалға иелiк етушi, тиiмдi серiктес ретiнде танылды.

ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2007 жылы елде 1007 - туристiк ұйым қалыптасқан. Қазақстандық кәсiпорындармен 80 елдiң туристiк фирмаларымен келiсiмдiк қатынас бекiтiлген. 40 - алматылық және 13 - облыстық турфирмалар, 8 - мемлекетке чартерлiк әуе қатынасын жүзеге асырады.

Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларының туристiк фирмалар жүйесi анағұрлым дамыған. Осы облыстың және қалалардың туристiк ұйымдармен жыл сайын экскурсанттар мен туристердiң 88 % қызмет көрсетiледi.

Статистикалық және әкімшіліктік деректердің зерттеулері бойынша туристік қызмет 2007 жылы республикаға келушілердің есебінен 2006 жылы 16 пайызға өскені. Туристік индустрияның дамуы бойынша туризмнің барлық түрі кіру туризмі 12, 8%, шығу туризмі 38, 5%, ішкі туризм 12, 5% өсті. Туристік қызмет бойынша көрсетілген қызмет 59, 3% өсіп, 53863, 0 млн. тенгені құрады. 2006 жылмен салыстырғанда сатылған жолдама 1, 9 есеге өсіп, бюджетке 13890, 7 млн, тенгені түсірді (Кесте 1) .

Кесте 1.

Туризмді дамыту индикаторлары

Көрсеткіштер атауы
2004 жыл
2005 жыл
2006 жыл
Көрсеткіштер атауы: Туристік фирмалар қызметі
2004 жыл: 157
2005 жыл: 199
2006 жыл: 240
Көрсеткіштер атауы: Қонақ үйлер мен мейрамханалар
2004 жыл: 3069
2005 жыл: 1373
2006 жыл: 1611
Көрсеткіштер атауы: Туризм саласындағы қызметкерлердің айлық жалақысы, орташа есеппен
2004 жыл: 39436
2005 жыл: 41336
2006 жыл: 47944
Көрсеткіштер атауы: Қызмет көрсетілген туристер, адам
2004 жыл: 184448
2005 жыл: 251432
2006 жыл: 340296
Көрсеткіштер атауы: Келу туризмі
2004 жыл: 22647
2005 жыл: 31900
2006 жыл: 52963
Көрсеткіштер атауы: Шығу туризмі
2004 жыл: 18057
2005 жыл: 31783
2006 жыл: 31131
Көрсеткіштер атауы: Ішкі туризм
2004 жыл: 143747
2005 жыл: 187749
2006 жыл: 256204
Көрсеткіштер атауы:

Қонақ үй кәсіпорындарының саны,

Жеке кәсіпкерлердің саны

2004 жыл: 28
2005 жыл: 36
2006 жыл: 46

2007 жылы 1007 туристтік фирма и 51 жеке кәсіпкерлік туристік іс-әрекет жасап, 567, 0 мың келушілерді қабылдады. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 105% деңгейіне жетті. Қазіргі таңда қызмет атқаратын туристік фирмалар саны: Алматы қ. (587), Астанада (57), Қарағанды қ. (54), Павлодар қ. (48) және Алматы облыстарында (47) құрайды.

Жалпы алғанда Қазақстандағы туристік фирмалар туристерді қабылдау қызметінен гөрі оларды шет елдерге шығаруды көбірек жүзеге асырады. Негізінен туристерді шет елге шығарғаннан гөрі (“Жаңа - Арқа”, “Гульнар - тур” фирмалары), халықаралық туристерді қабылдау анағұрлым тиімді болар еді.

Қазақстанда туристік қызметпен 2003 жылы 691 туристік ұйым айналысқан. Бұл ұйымдар 177091 туристке қызмет көрсеткен.

Жалпы көлемдегі көрсетілген қызметтің көрсетілу барысында сыртқы, ішкі, шығу және кіру туризмінің үлесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі одан әрі дамытуды талап етеді. Сондай- ақ ойын - сауық индустриясы, демалысты ұйымдастыру, сервистік деңгей, бағалардың қызмет сапасына сәйкестігі дұрыс жолға қойылуы тиіс.

Туризм саласының дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн.

Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана (Кесте 2) .

Кесте 2.

Ішкі туризмнің 2007 жыл бойынша әлеуметік-экономикалық көрсеткіші

Көрсеткіштер атауы
Ішкі туризм
Туристке қызмет көрсету, адам
Сатылған жолдама, бірлік
Сатыл-ған жолдама құны, мың тенге
Келген адам-күн бойынша
Орындалған қызмет пен жұмыс, мың. тенге
Көрсеткіштер атауы: Қазақстан Республикасы
Ішкі туризм: 193122
69693
612293, 2
214732
974949, 5
Көрсеткіштер атауы: Ақмола
Ішкі туризм: 27821
24
865, 0
264
21224, 1
Көрсеткіштер атауы: Ақтөбе
Ішкі туризм: 745
362
8130, 1
2768
6110, 5
Көрсеткіштер атауы: Алматы
Ішкі туризм: 22868
14484
79968, 9
22530
130878, 0
Көрсеткіштер атауы: Атырау
Ішкі туризм: 258
258
12902, 0
2355
12902, 0
Көрсеткіштер атауы: Шығыс-Қазақстан
Ішкі туризм: 29247
4455
49440, 2
33321
112110, 6
Көрсеткіштер атауы: Жамбыл
Ішкі туризм: 3187
410
7320, 0
2254
3071, 0
Көрсеткіштер атауы: Батыс-Қазақстан
Ішкі туризм: 355
35
869, 9
347
700, 0
Көрсеткіштер атауы: Қарағанды
Ішкі туризм: 4421
392
7429, 0
2265
7644, 9
Көрсеткіштер атауы: Қостанай
Ішкі туризм: 2356
384
10482, 3
1802
14450, 1
Көрсеткіштер атауы: Қызылорда
Ішкі туризм: 1156
334
15683, 3
4311
16225, 3
Көрсеткіштер атауы: Манғыстау
Ішкі туризм: 2986
2195
76029, 5
42647
2244, 0
Көрсеткіштер атауы: Павлодар
Ішкі туризм: 6292
5145
46113, 5
16610
3243, 0
Көрсеткіштер атауы: Солтүстік-Қазақстан
Ішкі туризм: 6896
2855
42322, 0
7688
35267, 7
Көрсеткіштер атауы: Оңтүстік -Қазақстан
Ішкі туризм: 1505
971
5055, 9
1470
863, 5
Көрсеткіштер атауы: . Астана қ.
Ішкі туризм: 30390
5031
108355, 1
18281
365951, 0
Көрсеткіштер атауы: . Алматы қ.
Ішкі туризм: 52639
32358
141326, 5
55819
242063, 8

2007 жылы ішкі туризмді дамытуда ең көп үлесті Алматы қаласы алады, мұнда келген адам 55819 адамды құрайды. Алматының әсем табиғаты мен қолайлы ауа-райы жылдың қай мезгілі болса да ішкі туризмді дамытуға қолайлы, туристерге ыңғайлы болып келеді. Мұнда туристердің қыдыратын жерлері де демалатын жерлері де көп болғандықтан, көбінесе туристер Алматы қаласына баруды қалайды. Екінші Маңғыстау облысы (42647), мұнда іскерлік туризмге байланысты шетелден қонақтар мен инвесторлар сапарға шығады. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы Каспиий теңізіне демалушылар да көп. Болашақта ішкі туризмді дамыту мақсатында Ақтау-Сити қалашығы орын алып, туризмнің лорталығына айналмақшы. Ол кезде туристер саны 5 есеге көбейеді деп болжануда. Үшінші кезекте Шығыс-Қазақстан облысы (33321), мұнда табиғат көріністерін тамашалауға және Қатон-Қарағай қорығына арнауы сапар шегушілер саны күннен-күнге көбеюде (Кесте 3) .

Кесте 3.

ҚР-ғы туристік қызмет етуші кәсіпорындар саны, 2007 жыл

(бірлік)

Көрсеткіштер атауы
Кәсіпорындар саны
Барлы-ғы
Оның ішінде туристік қызмет түрі бойынша
туроператорлық
турагенттік
экскурсиялық
әртүрлі туристтік қызметтер
Көрсеткіштер атауы: Қазақстан Республикасы
Кәсіпорындар саны: 1007
318
651
10
28
Көрсеткіштер атауы: Ақмола
Кәсіпорындар саны: 20
14
5
1
Көрсеткіштер атауы: Ақтөбе
Кәсіпорындар саны: 20
3
17
Көрсеткіштер атауы: Алматы
Кәсіпорындар саны: 47
30
8
3
6
Көрсеткіштер атауы: Атырау
Кәсіпорындар саны: 24
2
21
1
Көрсеткіштер атауы: Шығыс-Қазақстан
Кәсіпорындар саны: 40
22
17
1
Көрсеткіштер атауы: Жамбыл
Кәсіпорындар саны: 19
15
4
Көрсеткіштер атауы: Батыс-Қазақстан
Кәсіпорындар саны: 10
1
9
Көрсеткіштер атауы: Қарағанды
Кәсіпорындар саны: 54
3
47
1
3
Көрсеткіштер атауы: Қостанай
Кәсіпорындар саны: 19
2
17
Көрсеткіштер атауы: Қызылорда
Кәсіпорындар саны: 4
2
2
Көрсеткіштер атауы: Манғыстау
Кәсіпорындар саны: 22
12
7
1
2
Көрсеткіштер атауы: Павлодар
Кәсіпорындар саны: 48
48
Көрсеткіштер атауы: Солтүстік-Қазақстан
Кәсіпорындар саны: 18
3
15
Көрсеткіштер атауы: Оңтүстік -Қазақстан
Кәсіпорындар саны: 18
6
12
Көрсеткіштер атауы: Астана қ.
Кәсіпорындар саны: 57
13
42
1
1
Көрсеткіштер атауы: Алматы қ.
Кәсіпорындар саны: 587
190
380
2
15

Өткен жылдардағы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштер:

- Сырттан келушілер туризмі 8%-ға өсіп, 4 млн. 706 мың адамды құрады;

- Ішкі туризм 7 %-ға өсіп, 3 млн. 495 мың адамды құрады;

- Шығу туризмі 23%-ға өсіп, 3 млн. 687 мың адамды құрады.

Кесте 4.

ҚР-ғы сапар барысында қызмет көрсетілген туристер саны, 2007 жыл

Көрсеткіштер атауы
Барлы-ғы
Оның ішінде
Демалыс бойынша
Туыстарды аралау
Іскерлік сапар мақсатында
Емделу
Діни
Ком-мерциялық
Бас-қа да мақ-сат
Көрсеткіштер атауы: Қазақстан Республикасы
Барлы-ғы: 3207290
Оның ішінде: 1026000
81152
1909859
23836
12724
132267
21452
Көрсеткіштер атауы: Ақмола
Барлы-ғы: 166233
Оның ішінде: 80061
940
84945
113
1
173
-
Көрсеткіштер атауы: Ақтөбе
Барлы-ғы: 74356
Оның ішінде: 11879
3365
53815
530
-
1622
3145
Көрсеткіштер атауы: Алматы
Барлы-ғы: 316397
Оның ішінде: 225541
4175
45460
986
-
40209
26
Көрсеткіштер атауы: Атырау
Барлы-ғы: 193965
Оның ішінде: 2035
3548
188168
5
-
209
Көрсеткіштер атауы: Шығыс-Қазақстан
Барлы-ғы: 302836
Оның ішінде: 136352
11007
131362
6002
-
14297
3816
Көрсеткіштер атауы: Жамбыл
Барлы-ғы: 76545
Оның ішінде: 18315
4477
42427
1295
61
9908
62
Көрсеткіштер атауы: Батыс-Қазақстан
Барлы-ғы: 71964
Оның ішінде: 12480
1006
58134
272
-
72
-
Көрсеткіштер атауы: Қарағанды
Барлы-ғы: 217029
Оның ішінде: 54119
5465
150361
5032
134
1918
Көрсеткіштер атауы: Қостанай
Барлы-ғы: 62098
Оның ішінде: 7818
5255
47272
529
1224
Көрсеткіштер атауы: Қызылорда
Барлы-ғы: 25418
Оның ішінде: 1949
387
22506
383
5
188
Көрсеткіштер атауы: Манғыстау
Барлы-ғы: 113195
Оның ішінде: 33188
304
70207
284
8
9204
-
Көрсеткіштер атауы: Павлодар
Барлы-ғы: 132551
Оның ішінде: 50257
2521
74631
893
2
4212
35
Көрсеткіштер атауы: Солтүстік-Қазақстан
Барлы-ғы: 46887
Оның ішінде: 12791
2885
28664
373
8
2166
Көрсеткіштер атауы:

Оңтүстік

Қазақстан

Барлы-ғы: 107929
Оның ішінде: 13574
11298
56498
360
11034
8878
6287
Көрсеткіштер атауы: . Астана қ.
Барлы-ғы: 455121
Оның ішінде: 148140
4214
282426
5203
145
8124
6869
Көрсеткіштер атауы: . Алматы қ.
Барлы-ғы: 844766
Оның ішінде: 217501
20305
572983
1576
1331
30046
1024

Қазақстан Республикасы бойынша сапар барысында қызмет көрсеткен туристер саны іскерлік сапар бойынша 1909859 адамды құраған (Кесте 4) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Франчайзингтік төлем
Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Қазақстанның туризмін дамыту туралы ұлттық бағдарлама
Қызылорда облысындағы туризм
21 – ғасырдағы туристік фирмалардың қызметі
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ
Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz