XVII ғасырдағы Жапонияның саяси-әлеуметтік жағдайы



XVI ғасырдың соңында Жапония мемлекетінің билеушісі – император мемлекет ісіне көп араласпайтын. Барлық билік әскери адамдар – сегундардың (сегун – әскери қолбасшы) қолында болды. Ең алғашқы сегундық жүйені – 1192 жылы Минамото Еримото енгізді. Алғашқы сегунатты Минамото мен Ходзе ақсүйектер үйлері (1192-1333) басқарса, екіншісін – Асикага (1335-1572), үшіншісін – Токугава (1603-1867) басқарды. Сегундық билік атадан балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. XVII ғасырдың басына қарай Жапониядағы князьдіктер саны екі жүз алпыстан асты. Бүкіл елде халық саны 18 миллионға жетті, оның 80%-ға жуығы ауыл шаруашылығымен айналысатын еді. Елдегі ең бай феодалдық әулет Токугава үйі болды, олар қолдарындағы билікті нығайтып, князьдіктерді біртіндеп өз қолына бағындыра бастады. Токугава үйінің меншігінде сол кезде бүкіл ел аумағының ширегіне жуығы болды.
XVII ғасырдың басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды, ал жапондық император (микадо) атаулы басқарушы болып қала берді. Жапония енді Токугава әулетінің билігіндегі орталықтанған мемлекетке айналды. Елдің астанасы сегундардың резиденциясы орналасқан Эдо қаласы еді (қазіргі Токио). Сөйтіп, Жапонияда әскери тәртіп орнады.
Сегунаттың әлеуметтік құрылысы “си-но-ко-се” сословиелік жүйесімен сипатталды. Си – самурайлар, но – шаруалар, ко – қолөнершілер және се – саудагерлер. Сословиелік топтардың ең жоғарғысында самурайлар тұрды. Си сословиесіне ең бай топтар мен сегундар кірді. Микадо (император) көне астана Киотода тұрды. Ал іс жүзіндегі бүкіл үкімет билігі сегунның қолында болатын. Сөйтіп, Жапония мемлекетінде қос билік өмір сүрді. Сегун нақты өкімет билігіне ие болды, ал император “тірі құдай” ретінде патшалық етті. Бірақ ол елді билеген жоқ, ол діни салт-дәстүрді қадағалап, синтоизм дінін ұстанды.
Жапонияда ең бай феодалдарды дайме деп атады. Ал Киотодағы императордың айналасындағы ақсүйектерді кугэ деп атады.
Токугава билігі кезінде Жапонияда қалалар көбейді, қолөнер мен сауда орталықтары өсті. Солардың ең ірілері Эдо, Осака, Киото, Нагоя, Нагасаки, Хаката қалалары болды. Өкімет билігіне келген соң Токугава үйі өзінің астанасы етіп алған Эдо қаласын өркендете бастады. XVII ғасырдың ортасына қарай Эдо мен Киото қалаларының тұрғын халқы 500 мың адамға, Осака тұрғындары 270 мың адамға жетті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
XVII ғасырдағы Жапонияның саяси-әлеуметтік жағдайы. XVI ғасырдың соңында Жапония мемлекетінің билеушісі - император мемлекет ісіне көп араласпайтын. Барлық билік әскери адамдар - сегундардың (сегун - әскери қолбасшы) қолында болды. Ең алғашқы сегундық жүйені - 1192 жылы Минамото Еримото енгізді. Алғашқы сегунатты Минамото мен Ходзе ақсүйектер үйлері (1192-1333) басқарса, екіншісін - Асикага (1335-1572), үшіншісін - Токугава (1603-1867) басқарды. Сегундық билік атадан балаға мұрагерлікпен беріліп отырды. XVII ғасырдың басына қарай Жапониядағы князьдіктер саны екі жүз алпыстан асты. Бүкіл елде халық саны 18 миллионға жетті, оның 80%-ға жуығы ауыл шаруашылығымен айналысатын еді. Елдегі ең бай феодалдық әулет Токугава үйі болды, олар қолдарындағы билікті нығайтып, князьдіктерді біртіндеп өз қолына бағындыра бастады. Токугава үйінің меншігінде сол кезде бүкіл ел аумағының ширегіне жуығы болды.
XVII ғасырдың басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды, ал жапондық император (микадо) атаулы басқарушы болып қала берді. Жапония енді Токугава әулетінің билігіндегі орталықтанған мемлекетке айналды. Елдің астанасы сегундардың резиденциясы орналасқан Эдо қаласы еді (қазіргі Токио). Сөйтіп, Жапонияда әскери тәртіп орнады.
Сегунаттың әлеуметтік құрылысы "си-но-ко-се" сословиелік жүйесімен сипатталды. Си - самурайлар, но - шаруалар, ко - қолөнершілер және се - саудагерлер. Сословиелік топтардың ең жоғарғысында самурайлар тұрды. Си сословиесіне ең бай топтар мен сегундар кірді. Микадо (император) көне астана Киотода тұрды. Ал іс жүзіндегі бүкіл үкімет билігі сегунның қолында болатын. Сөйтіп, Жапония мемлекетінде қос билік өмір сүрді. Сегун нақты өкімет билігіне ие болды, ал император "тірі құдай" ретінде патшалық етті. Бірақ ол елді билеген жоқ, ол діни салт-дәстүрді қадағалап, синтоизм дінін ұстанды.
Жапонияда ең бай феодалдарды дайме деп атады. Ал Киотодағы императордың айналасындағы ақсүйектерді кугэ деп атады.
Токугава билігі кезінде Жапонияда қалалар көбейді, қолөнер мен сауда орталықтары өсті. Солардың ең ірілері Эдо, Осака, Киото, Нагоя, Нагасаки, Хаката қалалары болды. Өкімет билігіне келген соң Токугава үйі өзінің астанасы етіп алған Эдо қаласын өркендете бастады. XVII ғасырдың ортасына қарай Эдо мен Киото қалаларының тұрғын халқы 500 мың адамға, Осака тұрғындары 270 мың адамға жетті.
Токугава сегунатының сыртқы саясаты. Токугава әулеті өзінің билігі барысында шетелдіктермен байланыс жасауға мәжбүр болды. Әсіресе оларға шетелдіктердің техникалық білімі, еуропалық қару-жарақ жасау әдісі керек еді. Бірақ шетелдіктердің елдегі тіміскі әрекеттері, елде өз ықпалдарын орнатуға тырысуы үлкен қауіп тудырды.
Еуропалықтар миссионерлікпен айналысты. Жапонияда осы кезде 700 мың христиан дінін қабылдаған адам болды. 1614 жылы арнаулы жарлықпен шетелдік дінді қабылдауға тыйым салынды. Ал 1636 жылы Токугава өкіметі жапондықтардың елдің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салып, оны бұзғандарды өлім жазасына дейін кесті. Шетелдіктерге миссионерлікпен айналысуға тыйым салды, оларға тек саудамен айналысуға рұқсат етілді.
Кюсю аралындағы Симабар қаласының тұрғындары христиан дініне кірген болатын. Осындағы шаруалар 1637 жылы Токугава тәртібіне қарсы көтеріліске шығады. Бұл көтерілісті әзер дегенде басқан сегун, енді елді шетелдіктер үшін мүлдем жабық деп жариялайды.
1638 жылы Токугава өкіметі елдегі барлық португалдар мен испандықтарды қуып шығады. Симабар көтерілісін басуға сегун әскеріне көмектескен голландықтарға ғана сәл артықшылық берілді. Тек қана Нагасаки қаласындағы порт арқылы жылына екі рет корейлік және қытайлық кемелерге келуге рұқсат етілді.
Токугава әулетінің елді жабық есік саясатымен томаға-тұйық жағдайда ұстауының басты себебі, сегундық билік арқылы бүкіл халықты бағыныштылықта ұстау, жатжерлік шапқыншылықтан, шаруалар көтерілістерінен мемлекетті қорғай алатын тәртіп орнату болды. Жапонияның оқшаулану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Еуроппалықтардың Жапония жағалауларына келуі
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Жапонияның тіл - жазу мәдениеті
Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Орта ғасыр кезіндегі Корея мен Қытай қарым-қатынастары
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Пәндер