Мәліметтер қорларын жобалау. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

ИНЖЕНЕРЛІК КИБЕРНЕТИКА КАФЕДРАСЫ

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЛАРЫН ЖОБАЛАУ

пәні бойынша

050702 - “Автоматтандыру және басқару” мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ешпанова М. Д., Ибраева Л. К., Сябина Н. В. «Мәліметтер қорларын жобалау» пәні бойынша 5В0702 -«Автоматтандыру және басқару» мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБИ, 2009. - 51 б.

Әдестемелік нұсқауда мәліметтер қорын жобалаудың сұрақтары және оны MS SQL Server мәліметтер қорларын басқару жүйесінде іске асыру сұрақтары: мәліметтер қорының объекттерін жасау, мәліметтермен әрекеттесу, ақпаратты іздеудің күрделі сұраныстарын құрастыру және де кәсіпқор пайдаланушының құралдарын - процедуралар, триггерлер, пайдаланушының қолданбалыларын өңдеу қарастырылады; сонымен бірге мәліметтер қорларын басқару жүйелер ортасында мәліметтерді шифрлеу сұрақтары.

Кіріспе

Ақпараттық жүйелерді жасаумен байланысты ең күрделі және жауапкершілік есептердің бірі мәліметтер қорларын жобалау болып табылады. Осы есепті шешу нәтижесінде мәліметтер қорларының мазмұны, оның болашақ пайдаланушыларына тиімді мәліметтерді үйымдастырудың әдісі және мәліметтерді басқарудың инструменталды құрылғылары анықталуы керек. Мәліметтер қорын жобалау процесі тақырып аймақтың ақпараттық құрылымының сөзбен бейнеленуінен тақырып аймақтың объекттерін кейбір модель терминдеріндегі формалданған бейнелеуге көшу болып табылады. Мәліметтер қорының құрылымын нақты жобалауда семантикалық модельдеу әдісі қолданылады. Бұл әдісте мәліметтердің құрылымы олардың мағнасы сүйемелденіп модельденеді. Семантикалық модельдеудің құрылғысы ретінде «нақтылық-байланыс» (Entity-Relationship - ER) диаграммаларының әртүрлі нұсқалары қолданылады. «Нақтылық-байланыс» диаграммаларының барлық нұсқалары тақырып аймақтың нақтылықтарының (объекттерінің), олардың қасиеттерінің және объекттер арасындағы өзара байланстарының графикалық бейнелерін қолданады. Мәліметтер қорларын жобалау нәтижесінде модельденетін тақырып аймақтың концептуалды сұлбасы (ER-диаграммасы) пайда болады.

Мәліметтер қорының жобасы өңделгеннен кейін оны белгілі мәліметтер қорларын басқару жүйесінде (МҚБЖ) іске асыруын бастауға болады. Қазіргі кездегі мәліметтерді басқару ақпараттық технологиялар реляциялық мәліметтер қорларын басқару жүйелерін қолдануда негізделген.

Реляциялық мәліметтер қорлары пайда боларының алдында өңделген мәліметтермен әрекеттесудің барлық тілдері файлдардың логикалық жазбалары түрде көрсетілетін мәліметтермен операцияларды жасауға бағытталған болатын. Бұл жағдай мәліметтерді сақтауының ұйымдасуын пайдаланушыға толығымен білуді талап етеді және де қандай мәліметтер керек екенін көрсетумен бірге олар қай жерде орналасқанын, оларды қалай алуға болатынын көрсетуге жеткілікті ынта керек. Әдістемелік нұсқауларда қарастырылып отырған процедуралық емес SQL ( Structured Query Language - құрамдасқан сұраныстар тілі ) тілі кестелердің логикалық өзара байланысқан жиындары ретінде көрсетілген мәліметтермен әрекеттесуге бағытталған. Бұл тілдің ерекшелігі олардың мәліметтерді өңдеудің поцедураларына бағытталғаны емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталғаны. Мәліметтер қай жерде орналасқанын, оларды алу үшін қандай индекстері мен операциялардың тиімділеу болатын тізбектерін орындау керек екенін SQL өзі анықтайды, мәліметтер қорына сұраныстың осындай детальдарын көрсетпеуге болады.

Мәліметтермен жұмыс жасау үшін мәліметтер қорын жобалап, жасаған жеткілікті емес. Мәліметтерге қол жеткізу, оларды өңдеу мүмкіншіліктері болуы қажет. Сондықтан пайдаланушыға ыңғайлы түрде мәліметтермен жұмыс жасауға негізделген арнайы бағдарламаны - “клиенттік қолданбалыны” жасау керек.

Жалпы кезде бір мәліметтер қорымен әртүрлі қолданбалының көптеген саны жұмыс жасауы мүмкін. Бір мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қолданбалыларды қарастырған кезде олар параллельді және бір-бірінен тәуелсіз жұмыс жасай алады деп есептелінеді. Дәл МҚБЖ тұтас жалғыз мәліметтер қорымен бірнеше қолданбалылардың жұмысын қамтамасыздандыруы керек: әрқайсысы дұрыс орындалуы, бірақ басқа қолданбалылардың мәліметтер қорына енгізілген өзгерістерді есепке алып отыруы керек.

Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқауларда мәліметтер қорын жобалаудың сұрақтары және оны таңдалынған мәліметтер қорларын басқару жүйесінде іске асыру сұрақтары: мәліметтер қорының объекттерін жасау, мәліметтермен әрекеттесу, ақпаратты іздеудің күрделі сұраныстарын құрастыру және де кәсіпқор пайдаланушының құралдарын - процедуралар, триггерлер, пайдаланушының қолданбалыларын өңдеу қарастырылады. Жобаны іске асыру үшін кәсіпорын деңгейінде мәліметтер қорларын жасап, сүйемелдеуге негізделген Microsoft SQL Server 2005 мәліметтер қорларын басқару жүйесі ұсынылады. SQL сұраныстар тілі әртүрлі мәліметтер қорларының мәліметтеріне қол жеткізу үшін стандартты құралдарын ұсынады. Мәліметтер қорының көбісінде осы тілдің өзінің версиясы бар. Бірақта SQL тілінің негізін түсіну әртүрлі платформалардағы көптеген мәліметтер қорларымен жұмыс істеуге көмек болады.

Ақпараттық қызметтер нарығында өнімдер әр 4-6 ай сайын жаңарады. Сондықтан зертханалық сабақтарда қазіргі кезде қолданатын Microsoft SQL Server программасының версиясы өзгеруі мүмкін. Зертханалық жұмыстарға тапсырмалар МҚБЖ-нің версиясынан бірсыпыра тәуелсіз болуы үшін, сонымен бірге әр оқу жылы әдістемелік нұсқауларды қайтадан баспадан шығармау үшін «Инженерлік кибернетика» кафедрасында қолданылатын SQL тілінің негізгі мүмкіншіліктерін үйрену үшін студенттерге көмек ретінде оқытуға программа өңделген. Бұл программаның көрнекі интерфейсі бар, ол видеоанимация құралдарымен қамтылған, көптеген мысалдармен сүйемелденген. Зертханалық жұмысқа дайындалған кезде студент осы программаның сәйкес бөлігін (әдістемелік нұсқалар бойынша) оқып алынған білімдерін зертханалық жұмысты орындауға пайдаланады.

Кестелермен жұмыс жасауға негізделген SQL тілінің күрделі қолданбалы программаларды жасаудың жеткілікті құралдары жоқ. Сондықтан көптеген МҚБЖ-де ол жоғарғы деңгейдегі программалау тілдермен бірге қолданылады. 7 зертханалық жұмыста пайдаланушының қолданбалысын өңдеудің сұрақтары қарастырылады. Өңдеудің нәтижесінің соңғы түрін көрсету үшін осы жұмыстың әдістемелік нұсқасында өңдеудің мысалы ретінде exe . файл ұсынылады.

Соңғы зертханалық жұмыста MS SQL Server ортасында шифрлеу сұрақтары қарастырылады. Бұл жұмыс «Ақпаратты қорғау» пәнінде қарастырылған алгоритмдерді қолдану нәтижелерін көрсетеді.

1 №1 зертханалық жұмыс. Мәліметтер қорын жасау және оның құрылымын анықтау

Жұмыстың мақсаты - MS SQL Server 2005 ортасында мәліметтер қорларын жасау, жою, резервті көшірмелеу және қалпына келтіру процедураларын меңгеру, мәліметтерді анықтау (мәліметтер қорының құрылымын жасау) тілін игеру.

1. 1 MS SQL Server 2005 жүйесімен танысу

1. 1. 1 Мәліметтер қорының логикалық компоненттері

MS SQL Server реляциялық мәліметтер қорларын басқару жүйесі. Р еляциялық мәліметтер қоры дегеніміз кестелер деп аталатын логикалық тұтас сегменттерге бөлінген мәліметтер қоры, осы кестелер мәліметтер қорының ішінде бір-бірімен кілттік өрістері арқылы байланысады. Мәліметтер қорында мәліметтерді сақтайтын негізгі түрі кестелер болып табылады. Реляциялық мәліметтер қоры мәліметтерді одан да майда және басқаруға ыңғайлы логикалық сегменттерге бөлуге мүмкіншілік береді. Сондықтан мәліметтерді оптималды көрсетуге және мәліметтерге қол жеткізудің бірнеше денгейлерін ұйымдастыруға болады. Кестелерде кілттер болғандықтан, бірнеше кестелердегі мәліметтерді жалғыз нәтижелік жиынтыққа ұйымдастырудың мүмкіндігі бар. Осы жағдай реляциялық мәліметтер қорларының негізгі артықшылығы болып табылады. Мәліметтер қорларына қолданылатын және тұтас болып есептелінетін әрекеттер жиыны транзакция деп аталады. Транзакция мәліметтер қорына кейбір өзгертулерді енгізу болып табылады. Әрбір мәліметтер қорының оған сәйкес транзакциялар журналы болады, мәліметтер қорына жазу өзгертулерді алдында SQL Server журналға барлық орындалған транзакцияларды жазып қояды.

SQL Server-де мәліметтер бірнеше әртүрлі объекттерге ұйымдастырылған, оларды пайдаланушы мәліметтер қорын жасағанда көреді. Олар келесідей:

- мәліметтер қорының пайдаланушылары (Database Users) ;

- мәліметтер қорының рольдері (Database Roles) ;

- кестелер (Tables) ;

- елестетулер (SQL Server Views) ;

- сақталанған процедуралар (Stored Procedures) ;

- ережелер (Rules) ;

- келісім бойынша мәндер (Defaults) ;

- пайдаланушымен анықталған мәліметтер типтері (User Defined Datatypes) ;

- мәліметтер қорының диаграммалары (Database Diagrams) .

Осы көрсетілетін объекттерден басқа әр мәліметтер қорында тағы да келесідей объекттер бар:

- мәндерге қойылатын шарттар (Constraints) ;

- индекстер (Indexes) ;

- кілттер (Keys) ;

- триггерлер (Triggers) .

1. 1. 2 SQL бұйрықтарының типтері

SQL-де әртүрлі функцияларды орындайтын бұйрықтардың негізгі категориялар:

• DDL (Data Definition Language - мәліметтерді анықтау тілі;

• DML (Data Manipulation Language - мәліметтерді манипуляциялау тілі) ;

• DQL (Data Query Language - мәліметтерге сұраныстарды орнату тілі) ;

• DCL (Data Control Language - мәліметтерді басқару тілі) ;

• мәліметтерді әкімдеу бұйрықтары;

• транзакцияларды басқару бұйрықтары.

Осындай функциялары арасында - мәліметтер қорының объектілерін құрастыру, объектілерді басқару, мәліметтер қорының кестелерін жаңа мәліметтермен толтыру, кестелерде бар мәліметтерді жаңарту, сұраныстарды орындау, мәліметтер қорына пайдаланушылардың қол жеткізуін басқару және мәліметтер қорымен жалпы әкімдеуді орындау.

1. 1. 3 Мәліметтердің негізгі типтері

Мәліметтердің типтері мәліметтер қорларында әртүрлі мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді: кезкелген символдардан ондық сандар, даталар мен уақыт мәндеріне дейін. Барлық тілдерде үшінші ұрпақтағы С тілдерінде айнымалылармен жұмыс істегенде, SQL көмегімен реляциялық мәліметтер қорларымен жұмыс жасағанда мәліметтерді типтерге бөлу амалдары бірдей болады. SQL-дің әртүрлі іске асыруында стандартты мәліметтер типтері үшін әртүрлі атаулар қолданылғанымен, олардың барлығы практикада бірдей жұмыс істейді. Қысқа мерзімге жоспарлағанда перспективалар көзқарасы жағынан да, мәліметтер типтерін, олардың ұзындығын, масштабын, дәлдігін ұқыпты таңдау керек. Сонымен бірге, сәйкес бизнестің де ережелерін және пайдаланушыға мәліметтер қандай түрде көрсетілетінін есепке алып отыру қажет. Ол үшін, әрине, мәліметтердің міндеті мен олардың мәліметтер қорының ішінде қалай байланысқанын түсіну керек. Мәліметтер типтері мәліметтердің өзінің сипаттамалары болып табылады, олардың атрибуттары тікелей кестелердің сәйкес өрістерінде орнатылады. Мысалы, кейбір өріс тек қана сандық мәндерден тұрады деп орнатылған болса, онда оған әріп-сандық мәндерді енгізуге мүмкін болмайды.

Басқа тілдерінің көпшілігінде, SQL тілінде де ең жалпы типтері келесідей болады: символдық жолдар, сандық жолдар, дата мен уақыт мәндері.

Мәліметтердің символдық (character) типтері әріптік, сандық және арнайы (мысалы, ? немесе >) символдарды сақтауға мүмкіндік береді. Сақтау өрісіне (кесте тік жолы сияқты) енгізген кезде символдық мәліметтер тырнақша немесе апостроф ортасында орнатылады.

Типі char(n) болатын мәліметтерде әр символы үшін бір байт қолданылады. n саны анықталған тік жолдағы символдардың максималды санын анықтайды. Егер де n-нен кіші шама енгізілсе, SQL Server жалпы ұзындың n-ге тең болатындай соңғы символдан кейін бос орындарды (пробел) қосады.

Дискілік кеңістікті тиімді қолдану үшін тік жолда сақталынатын мәндер ұзындықтары әртүрлі болса, varchar(n) типін қолдануға болады. Бұл типтің мәліметтері үшін сақтау аймағының өлшемі символдардың нақты санына сәйкес өзгеріп отырады, соңынан бос жолдар қосылмайды.

Мәтіндік мәліметтердің үлкен көлемдері үшін text типі қолданылады. Осы типтерге сәйкес тік жолға мәліметтерді енгізу үшін оларды апострофтарға орнату керек.

Мәліметтердің сандық (numeric) типтері. SQL үшін стандарттылар келесілер болып табылады: integer, smallint - бүтін сандарды сақтау үшін; real - жеті санға дейін дәлдікпен оң таңбалы және теріс таңбалы бөлшектерді сақтау үшін; float(n) - он бес санға дейін дәлдікпен оң таңбалы және теріс таңбалы бөлшектерді сақтау үшін.

Келесі datetime және smalldatetime мәліметтер типтері даталар мен уақытты сақтауға қолданылады. Символдар жолдары түрінде емес, осы типтерді қолданған ыңғайлы, себебі сонда датасы мен уақыт экранға үйреншікті форматта көрсетіледі. Datetime типі датасы мен уақытты 1/1/1753 бастап 12/31/-ге дейін анықтауға, ал, smalldatetime - 1/1/1900-дан 6/6/2079-ға дейін даталар мен уақытты анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған мәліметтер типтері ақпараттың 90%-на дейін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Transact SQL-де мәліметтердің арнайы типтерінің жиыны бар. Соңынан сақталынатын құрылымдарға қолданатын пайдаланушының типінде анықтауға болады.

Кестенің тік жолына мәліметтер типтерін орнатқанда NULL/NOT NULL шектеулерін қолдануға болады. Бұл шектеу қандай тік жолдың мәндері кестенің жатық жолдарының барлығына орнатылуы керек екендігін көрсетеді.

1. 2 Мәліметтер қорымен жұмыс істеу

1. 2. 1 Мәліметтер қорын жасау

SQL Server-дің кез-келген объектісін жасау үшін анықталған бұйрықты орындауда негізделген бірнеше тәсілі бар.

Жұмысты мәліметтер қорын жасаудан бастаймыз. Мәліметтер қорын жасаудың Create Database бұйрығының синтаксисі:

CREATE DATABASE

ON [PRIMARY]

(NAME = _ data , FILENAME=' \

_ data . mdf ' , size = өлшем , maxsize = максималды өлшемі , filegrowth = өсімше )

LOG ON

(NAME = _ log , FILENAME= ’… \ _ log. ldf ' , size = өлшем , maxsize = максималды өлшемі , filegrowth = өсімше )

Ескерту :

а) Осы жерде және соңынан да опцияларды квадратты жақшада орнату осы параметрдің міндетті түрде керек еместігін белгілейді. Мысалы, жоғарыдағы бұйрықта PRIMARY параметрі мәліметтер қорының және жүйелік кестелердің логикалық басы болатын файлды анықтайды. Мәліметтер қорында бастапқы (PRIMARY ) файл жалғыз болады. Бұл параметр көрсетілмеген болса, тізімдегі бастапқы файл ретінде бірінші файл қолданылады. Келісім бойынша primary типті файлдарға . mdf кеңейтілуі меншіктеледі.

б) Егер де опциялар тік сызығымен бөлінген болса, онда екі альтернативті нұсқаларардан таңдаудың мүмкіншілігі бар екенін түсінеміз.

1. 2. 2 Мәліметтер қорын жою

Мәліметтер қорын жою нәтижесінде оның орнатылған файлдардың барлығы және оларда орнатылған объектілердің барлығы жойылады:

а) графикалық режимде мәліметтер қоры келесі әрекеттер көмегімен жойылады:

- мышканың оң жақ батырмасын жойылатын мәліметтер қорының атында басыңыз;

- контекстті менюден Delete бұйрығын таңдаңыз; пайда болған хабарлар терезесінде мәліметтер қорын жоюды дәлелеңіз.

б) тransact-SQL көмегімен мәліметтер қорын жою үшін келесі бұйрық орындалады:

DROP DATABASE имя_базы_данных

1. 2. 3 Мәліметтер қорының резервті көшірмесін жасау

Мәліметтер қорының көшірмесін жасау, оны тасымалдаушыларға көшіру үшін біріншіден оның MS SQL Server 2005-тің арнайы мүмкіншіліктері көмегімен резервті көшірмесін жасау керек:

- Databases тізімінен қажетті мәліметтер қорын және контекстті менюден Tasks-Back Up жолын таңдаңыз;

- пайда болған терезеде біріншіден көшірмелеуге дайын мәліметтер қорларының тізімін тазартыңыз;

- «Browse» батырмасы көмегімен дискіде орын таңдайтын терезесін ашып, мәліметтер қорының резервті көшірмесінің атын енгізіп, көшірме бұйрығын дәлелдеңіз.

Жүйе көшірменің ойдағыдай болғаны туралы хабар беруі керек.

Резервті копия деп бұл жерде мәліметтер қорының мәліметтерін сақтауды айтамыз. Егер де мәліметтер қорын толығымен көшіру керек болса, онда C:\Program Files\ . . . \Ms SQL\Data\имя_файла адрес бойынша сақталынған . mdf және . ldf файлдарды көшіру керек.

1. 2. 4 Мәліметтер қорын қалпына келтіру

Егер де сақталынған резервті көшірмені қайтадан компьютерге көшіру қажет болса, олда MS SQL Server 2005 жүйесінің арнайы мүмкіншіліктері көмегімен жасалады:

- қалпына келтірілетін мәліметтер қорын таңдаңыз;

- контексттік менюден Tasks-Restore жолын таңдаңыз;

- қалпына келтірудің жалпы параметрлері бар бет пайда болады; резервті көшірменің көзін және оның орнын орнатыңыз;

- «Параметры» бетін таңдап, «Перезаписать существующую базу данных» жалауын және «Состояние восстановления» бөліктегі бірінші қайта қосу белгісін белгілеңіз;

- таңдалынған операцияларды дәлелдеңіз.

Жүйе қалпына келтіру әрекеті ойдағыдай орындалғаны туралы хабар беруі керек. Егер де жүйе мәліметтер қорын қалпына келтіру орындалмады деп скрпитті өзгерту керек деп ұсынса, бөлек терезеде оны орындау керек.

1. 3 Мәліметтер қорының құрылымын анықтау

1. 3. 1 Зертханалық жұмыста қолданылатын мәліметтер қорының бейнелеуі

SQL Server ортасында жұмыс жасауды игеру үшін келешекте сатулармен айналысатын сауда компанияcын қарастырамыз. Мәліметтер қорының құрылымы жобалау қадамында аныөталады. Мәліметтер қорларын жобалаудың сұрақтары №1 есептеу-графикалық жұмыста қарастырылады. Мәліметтер қорын TradeCompany деп атаймыз.

TradeCompany мәліметтер қоры кейбір сауда фирмасының қызметі туралы мәліметтерден тұрады. Фирма тауарлардың әртүрлі түрлерін сатады. Фирмада клиенттер (заңды құқығы бар мекеме) туралы ақпарат бар. Әр сатулар бойыша келісімдерге шот жасалынады, онда келесідей мәліметтер орнатылады; шот нөмірі, клиент туралы мәліметтер, сатылған тауарлардың тізімі мен сандары, сату датасы. Сатылған тауардың құны автоматты түрде есептелінуі керек.

Осы ақпараттың барлығы Тауарлар, Клиенттер және Шоттар кестелерінде сақталатын болсын. Кез келген кестенің құрылымы мен кестеде сақталатын мәліметтері бар. Кесте құрылымы оның тік жолдарымен анықталады: тік жол сандарымен, әр тік жолдың атымен, тік жолда сақталатын мәліметтің типімен, тік жол енімен.

TradeCompany мәліметтер қорының кестелерінің құрылымдары төменде келтірілген:

Тауарлар кестесі:

Тауар коды: Тауар коды
Тауар бейнелеуі: Тауар бейнелеуі
Тауар бағасы: Тауар бағасы

Клиенттер кестесі:

Клиент коды: Клиент коды
Клиент атауы: Клиент атауы
Клиент адресі: Клиент адресі
Клиент телефоны: Клиент телефоны

Шоттар кестесі:

Шот нөмірі: Шот нөмірі
Клиент коды: Клиент коды
Тауар коды: Тауар коды
Саны: Саны
Шот датасы: Шот датасы

Қордың мәліметтері кестенің жатық жолдар мазмұнымен анықталады. Кесте тік жолдары өрістер , ал жатық жолдары - жазбалар деп аталады.

Кілттік өріс (primary key) - реляциялық мәліметтер қорының кестесінде мәліметтердің әр жатық жолын мәліметтері бір мағыналы анықтайтын тік жол. Кілттік өрістің міндеті - әр жазбаның уникалдығын қамтамасыздандыру болып табылады. Әдетте кілт кестенің жалғыз бағанымен беріледі, бірақ бірнеше бағандар комбинациясымен анықталатын күрделі кілтті де орнатуға болады. Кілт кесте жасалған кезде меншіктеледі.

Сыртқы кілт (foreign key) - бағындыратын кестенің кілтіне сілтеме жасайтын бағынышты кестедегі тік жол. Сыртқы кілт ретінде таңдалынған тік жол басқа кестедегі кілт ретінде анықталған тік жолға сілтеме жасау үшін қолданылады.

Қолданылатын бағдарламалық қамтамасыздандырудың талаптарына сәйкес қарастырылып отырған мәліметтер қорының объектілері үшін атауларын ағылшын тілде орнатамыз (мәліметтердің өздерін орыс тілде енгізу болады) . Ал, кестелерге аттарды таңдағанда келесіні ескертуге болады. Мәліметтер қорында кестелерден басқа да көп объектілер бар. Сондықтан кестелер аттарында _TBL суффиксті орнату стандарт болып табылады (ал, мысалы, _IDX суффиксі кестелердің индекстеріне қолданылады) . Аттарды беру ережелерімен бірге сәйкес қызмет саласындағы ережелерге орындау дұрыс болады. Сонда аттардың бейнелеу қасиеттері болып, олар сақталынатын мәліметтерге сәйкес болады. Сонымен бірге, бірнеше сөзден тұратын атаулардың әр сөзі арасында төменнен сызып қою белгісі қолданылады. Мәліметтер қорының объектілерінің аттарында суффикстерді қолдану міндетті түрде емес. Жасалынатын мәліметтер қорының кестелері үшін келесідей CUSTOMER_TBL, PRODUCTS_TBL, ORDERS_TBL аттарды орнатамыз.

Жоғарыда айтылғандарды есепке алып, қарастырылып отырған мәліметтер қорының кестелері арасындағы байланыстар сұлбасы келесі түрде көрсетуге болады (1. 1 суреті) . Кестелерді байланыстыратын сызулар жалпы кілттік өріс арқылы кестелердің байланысуын көрсетеді. Ұсынылған нұсқада ORDERS_TBL кестесінде бастапқы кілт анықталмаған, себебі бір нөмірі бар шотта бірнеше тауарлар тізімі болуы мүмкін (шот нөмірі бухгалтерлік құжаттарда қолданылады) .

:
:

1. 1 Сурет - TradeCompany мәліметтер қорының кестелері арасындағы байланыстар

1. 3. 2 Мәліметтер қорының құрылымын анықтау (DDL)

Мәліметтерді анықтау тілі (DDL) мәліметтер қорының әртүрлі объектілерін жасауға, олардың құрылымын жаңадан анықтауға, мысалы, кестелерді жасап, жоюға пайдаланушыға мүмкіндік беретін SQL-дің бөлігі.

DDL-дің келесі бұйрықтарын: CREATE TABLE, ALTER TABLE, DROP TABLE қарастырайық.

Кестелерді жасау үшін CREATE TABLE операторы қоллданылады. Бұл оператордың синтаксисі:

CREATE TABLE кесте_аты

(ӨРІС1 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL],

ӨРІС2 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL],

ӨРІС3 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL],

ӨРІС4 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL],

ӨРІС5 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL] )

Кестегі кілт оны жасаған кезде PRIMARY KEY опциясы көмегімен жалғыз немесе бірнеше өрістерге тағайындалады және де шектеу шарты болып табылады:

CREATE TABLE кесте_аты PRIMARY KEY

(ӨРІС1 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL], …)

Кілтті кестенің тік жолдарының барлығы анықталғаннан кейін де шектеу шарты ретінде жасауға болады және кілт құрамды болса, оның барлық компоненттері үтір арқылы аталып кетеді:

CREATE TABLE кесте_аты

(ӨРІС1 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL],

ӨРІС2 МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ [NOT NULL], …

PRIMARY KEY (ӨРІС1, ӨРІС2)

)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Жүйелік тәсілдің теориялық негіздері
Мәліметтер қорының моделі
Мәліметтердің реляциялық моделі
Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы
Сұлбалы кескіштерді жобалау
Unit және формалар кестесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz