Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІСТІК КЕШЕН

1-тақырып. Біртұтас педагогикалық үдерістің мәні мен қозғаушы күштері

Жоспар:

  1. «Педагогикалық үдеріс», «тұтас педагогикалық үдеріс» ұғымдарының мән-мағынасы.
  2. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері.

Ең алдымен «педагогикалық үдеріс», «тұтас педагогикалық үдеріс» ұғымдарының мән-мағынасына тоқталайық.

«Үдеріс» (лат. процесусс - алға басу) деген ұғым мынаны білдіреді:

1) жағдайлардың даму деңгейлерінің бірізді өзгеруі;

2) белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.

Педагогикалық үдерістің мәні екі жақты сипатталады: ең әуелі жұмыс істеп тұрған

1) әлеуметтік жүйе ретінде; 2) өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.

1. Әлеуметтік жүйенің белгілері:

- жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмысы сол мақсатқа бағытталады;

- өзара байланысты элементтерден (бөліктерден) тұрады;

- жүйені шектеуге әкелетін қоршаған ортада өмір сүреді;

- оның жұмысын қамтамасыз ететін белгілі бір қорға ие болады;

- жүйе өзінің ішкі қарама-қайшылықтарына байланысты дамуға қабілетті;

- ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.

Мұғалімді даярлаудың кәсіби теориялық негізінің дамуы, педагогикалық үдерістің мәнін түсінумен тікелей байланысты. Яғни, педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы мұғалімнің кәсіби дайындығын одан әрі дамытудың шарты болады.

Педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды.

Педагогикалық үдерістің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жалпы түсіну бағыты Э. И. Моносзон, Г. Н. Филоновтың еңбектерінде көрсетілген.

Педагогикалық үдеріс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей байланысты. Кеңес кезеңінде педагогикалық үдеріске (ХIХ ғас. ) алғаш анықтама берген П. Ф. Каптерев болды. Ол педагогикалық үдерістегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген.

М. А. Данилов өзінің «Педагогикалық үдеріс - педагогикалық теорияның объектісі» деген еңбегінде, ең бастысы әртүрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясының одан әрі жетілдірілуі айқындалады.

Ю. И. Бабанскийдің жүргізген зерттеуі нәтижесінде, оқыту үдерісін оптимизациялау біртұтас педагогикалық үдерістің ішінде қамтамасыз етілуі тиісті деген қорытынды жасалды. В. С. Ильин де оқушылардың білімге деген құштарлығын қалыптастыру мәселесін зерттеу нәтижесінде, дәл сондай қорытындыға келді. Қазақстанда педагогикалық процесті алғаш зерттегендердің бірі Н. Д. Хмель.

2. Педагогикалық үдеріс - біртұтас объект ретінде өзіне тән интегративтік қасиеттерінен туындайтын өзіндік ерекшеліктеріне ие болады.

« мұғалім - оқушы » жүйесінің біртұтастығы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен, педагогикалық үдерістің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады. Демек, педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік сапасы деп өзара қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін ықпалын айтамыз. Ол - үдеріске қатысушы барлық субъектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды, олар: әртүрлі реттегі қосымша жүйенің функциялық арнайы бағытта мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қатынастардың қосындысы.

Педагогикалық үдерістің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күшіне байланысты. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күші деп - қойылатын талаптар мен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне айналады.

Оқушы өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ал бұл іс-әрекетсіз мүмкін емес. Яғни қарама-қайшылық « адам » жүйесінде пайда болады да, « адам-адам » жүйесі арқылы шешіледі.

Мұғалім педагогикалық үдерісте маңызды орын алады. Ол оқушының басқа да жүйелермен байланысын жанастырады, ол қажетті іс-әрекеттерді және оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы осы байланыстарға ықпал етеді. .

Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмыстарының сапасы жоғарылайды.

Педагогикалық үдерістің басты идеясы - оқыту мен тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптерінің, заңдылықтарының, мазмұнының, әдістері мен формаларының бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы.

«Үдеріс» деген ұғымның мағынасы педагогикалық үдерісте түпкі нәтижеге жету қозғалысы - бірізді әрекеттердің жиынтығы арқылы қандай нақтылы әрекеттер керектігін және қандай жағдайды өзгерту қажеттілігін ұстаздар жақсы білуі керектігін талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап педагогикалық үдерістің құрылымын (мақсат, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдер, құралдар, ұйымдастыру, тапсырма, нәтиже) білумен тікелей байланысты болады.

Педагогикалық үдеріс - оқытушылар мен оқушылардың білім алу мақсатына қарай бірге қадам басқан іс-әрекеті.

Тұтас педагогикалық үдерісте кешенді ықпал жасау - іс-әрекеттерді нақты жоспарлау, әртүрлі жұмыстарды табиғи бірлікте жүзеге асыру.

Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру және оқыту үдерісін басқарады. Сондықтан, мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялы шыныққандық, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.

Мұғалім іс-әрекетінің объектісі - педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы - мұғалімнің шеберлігін ұтымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін негіз. Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны жағынан ең құрметті болып танылған. Себебі, ол қабілеті мен белсенділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдеп-ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшеліктерін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастырады.

Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларға оқу пәнінің мазмұнынан әлеуметтік тәжірибені алуға үйрету, адамзаттың жинақтаған барлық мәдениет байлығын меңгерту болып табылады. Белгілі бір уақытқа дейін оқушы әлеуметтік тәжірибені өз бетімен меңгере алмайды, сондықтан ол «мұғалім-оқушы» жүйесінің элементі болады. Оқушы өзін-өзі бағалай алмайды және өзімен жұмыс істей алмайды, ол басқа адамдармен қатынаста болуы керек, сондықтан, бұдан басқа жүйе пайда болады.

Мұғалім «мұғалім-оқушы» жүйесін қалай басқару керек екендігін білу үшін, оның іс-әрекеті объектісін теориялық біліммен қамтамасыз ету қажет.

Мұғалім оқушының басқа да жүйелермен байланысын жанастырады, ол қажетті іс-әрекеттерді және оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы осы байланыстарға ықпал етеді. «Мұғалім-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы - мақсат пен нәтиженің бірлігімен, педагогикалық үдерістің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады.

Демек, педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік сапасы деп өзара қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың қалыптасуына ететін ықпалын айтамыз. Ол үдеріске қатысушы барлық субъектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды. Тұтас педагогикалық үдерісте мұғалім мен оқушылардың өзара байланыстылығы олардың іс-әрекеттерімен сипатталады.

Негізгі әдебиет:

  1. Педагогика: Курс лекций, Алматы «Print-S», Алматы, 2005. -364с.
  2. Хмель Н. Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-Ата: Мектеп, 1984.
  3. Жалпы педагогика. Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К. «Заң әдебиеті». Алматы, 2006. -228б.
  4. Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика. Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
  5. Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. Оқу құралы, Алматы, 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Вульфов В. З., Иванов В. Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках. Уч. пособие. - М., 1997. -288 с.
  2. Педагогика. Уч. пособие. / Под ред. П. И. Пидкасистого. М., 1996. -602 с.
  3. Подласый И. П. Педагогика. - Минск, 1996. -631 с.

Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыс тапсырмалары

(СОӨЖ) :

Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері
  • Педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-әрекеті
  • Субъект-субъект қарым-қатынасты жүзеге асырудағы мұғалімнің ықпалы

Әдебиеттер:

  1. Лернер И. Я. Процесс обучения и его закономерности. - М., 1980.
  2. Махмутов М. И. Современный урок. Вопросы теории. - М., 1981. .
  3. Педагогическая технология. /Сост. Н. Е. Щуркова. - М., 1992.
  4. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М., 1998.

Студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ) :

1. Біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарының мұғалімнің тәжірибиелік іс әрекетіндегі ролі.

2. Педагогикалық үдерістің заңдылықтарына сипаттама және мұғалім іс әрекетінде басшылыққа алу

2- тақырып . Біртұтас педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары мен ұстанымдары

Жоспар:

1. Педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен принциптері.

2. Педагогикалық үдерістің құрылымдық компоненттері (мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, нәтижелік) .

Жеке тұлға тек тұтас педагогикалық үдерісте ғана қалыптасады, онда педагогикалық ықпалдың үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек.

Тұтастық және ортақтық негізде оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың бірлігін қамтамасыз ету - бұл педагогикалық үдерістің негізгі мәнін құрайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін әр сабақты тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие үдерісінің басты шарты.

Тұтас педагогикалық үдеріс - оқыту, білім беру, тәрбие бірлігінің негізі. Педагогиканың екі категориясы - оқыту мен тәрбие бір-бірімен өзара байланысып, тұтас педагогикалық үдеріске айналады.

Орта білім беретін оқу оындарында, жоғары оқу орындарында (ЖОО), мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру мен тәрбие мақсатын жүзеге асыру үдерісін - тұтас педагогикалық үдеріс немесе оқу-тәрбие процесі дейді.

Педагогикалық үдерістің заңдылықтары:

1) педагогикалық үдерістің қозғалыста болуы (оқушының күнделікті нәтижесі жоғары болса, жалпы жетістігі жоғары балады) ;

2) педагогикалық үдерістегі жеке тұлғаның дамуы (жеке тұлғаның даму темпі - тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге және ортаға, педагогикалық үдерістегі әдіс-тәсілдерге тәуелді болады) ;

3) оқу-тәрбие үдерісін басқару (педагогикалық ықпалдың әсерлілігі - мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың интенсивтілігіне, тәрбиеленушілерге корректировка жасауға, т. с. с. тәуелді) ;

4) сыртқы әрекет ету әсерінің (педагогикалық, моральдық, материалдық т. б. ) өз уақытысында болуына тәуелді;

5) сезім, логика және практиканың бірлігі (оқу-тәрбие үдерісінің әсерлілігі - сезім, қабылдау сапасы, әсерлілігіне; түсінгенді практикада қолдануына тәуелді) ;

6) ішкі (таным) және сыртқы (педагогикалық) іс-әрекеттердің бірлігі;

7) педагогикалық үдерістің оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен нәтижесі - қоғам және жеке тұлғаның қажеттілігімен; қоғамның мүмкіндіктерімен (материалдық, техникалық, экономикалық т. б. ) ; үдерістің өту жағдайларымен (моральдық-психологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық т. б. ) келістілігі .

Педагогикалық үдерістің принциптері:

1) гуманистік принцип (оқушылардың мұғаліммен адамгершілік қарым-қатынасы, тәрбиеленушілердің азаматтық құқығын қорғау, құрметтеу) ;

2) тұтастық принцип - педагогикалық үдерістің барлық компоненттерінің бірлікте, байланыста болуы;

3) демократияландыру принципі - педагогикалық принципке қатысушылардың өзін-өзі дамытуы, реттеуі;

4) оқушының барлық саладағы іс-әрекеттерінің арасындағы байланысты орнату;

5) кәсіби мақсаттылық принципі - кәсіптік бағдар беруді, кәсіптік дайындықты қамтамасыз ету;

6) политехникалық принцип - өндірістік мамандар, кең профильды жұмысшылар дайындауға мүмкіндік беру;

7) бағыттылық принцип - жеке адамның жан-жақты дамуына, оқыту және тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды;

8) психологиялық принципі (сана мен іс-әрекеттердің бірлігі) - адам мәдениет байлығымен қатынаста болып әлеуметтік тәжірибені игереді (мәдениеттілік - өзін-өзі анықтау, оқыту, тәрбиесіне жағдай жасау) .

Педагогикалық үдерістің үш құрылымы болады: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік.

1. Педагогикалық үдерістің құрылымы: мақсат, принциптер, мазмұн, әдістер, құралдар, түрлер, іс-әрекеттер, нәтижелер.

Оқытудың мақсаттылығы - мұнда мұғалімнің өтілетін тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді. Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Оқыту - екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқытудың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқыту әрекеті - мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, ал оқу - оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егер ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды.

Принциптер - мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Мазмұнда мақсат пен міндеттердің мәні, мағынасы көрсетіледі.

Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілген тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.

Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды қабылдауға арналған іс-әрекеттері.

Оқыту формалары мен тәсілдері - оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Іс-әрекеттер - оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы, бірге жұмыс істеуі.

Нәтижелік - қойылған мақсатқа байланысты қол жеткен жетістіктердің әсерлілігін және сапасын көрсету.

Оқыту нәтижесін талдау және бағалау - мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отырып сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.

Талдау - педагогикалық шеберліктің шыңына қарай жүретін дұрыс жол.

2. Психологиялық үдерістің құрылымы: танымдық үдерістер (қабылдау, түйсік, ойлау, ұғыну, есте сақтау, меңгеру, бекіту) ; оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау) ; қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) .

Оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

  1. оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау;
  2. оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу;
  3. оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру;
  4. берілген білімді бекітуге басшылық ету;
  5. білімді практикада қолдануға қаракет ету;
  6. оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау;
  7. оқыту үдерісінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады;

Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т. б. оқыту үдерісінің элементтері қолданылады. Ұйымдастыру кезінде дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау - белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады. Түрткі - әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды. Мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды.

Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі - қызығу. Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін үйрету керек. Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдарының мынандай негізгі үш түрін атап көрсетуге болады:

  1. Оқу материалының мазмұны (ондағы жаңалықтар, қазіргі ғылым мен техникадағы жаңа табыстар, оның практика үшін пайдасы т. б. ) ;
  2. Оқуды ұйымдастыру, басқару үдерісінің ерекшеліктері (оның әдістері мен формалары т. б. ) . Мысалы, оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың шығармашылық және практикалық жұмыстарды өздігінен орындауы, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т. б.
  3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі, ақжарқын болуы, оқушылардың бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т. б.
3. Педагогикалық үдерістің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді, ал әрбір міндет оқытушы мен оқушы іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды: дайындық, негізгі, қорытынды.

Дайындық кезеңінде: мақсат қою, негіздеу, диагностикалау, болжау, жоспарлау т. б. жұмыстары жүргізіледі. Педагогикалық үдерістің кезеңдері : дайындық, негізгі, қорытынды - бұл үдерістің даму реті.

  1. дайындық кезеңінде мынандай мәселелер шешіледі: үдерістің даму барысында мақсат қою, негіздеу, жағдайларды диагностикалау, болжау, жобалау, жоспарлау, педагогикалық үдеріске жағдай жасау;
  2. негізгі кезеңге кіретін бір-бірімен байланысты элементтер: алдыда тұрған істің мақсаты мен міндеттерін белгілеу және түсіндіру, оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынасы, педагогикалық үдерістің белгіленген әдіс-тәсілдерін, түрлерін қолданып, ыңғайлы жағдайлар тудыру, педагогикалық үдерістің басқа үдерістермен байланысын қамтамасыз ету, оқушылардың іс-әрекеттеріне ықпал жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру;
3) педагогикалық үдеріс қол жеткізген нәтижені талдаумен аяқталады. (Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; Ал, экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті объектіге бару, бақылау, теорияның практикалық көрінісін табу ( көргенді бекіту), көрген нәтижені талдау) .

Педагогикалық үдерістің диагностикасы (грек сөзі «гнозис» - білім) - педагогикалық үдеріс өтетін жағдайлар мен шарттарды анықтауға бағытталған зерттеу процедурасы. Оның мақсаты - белгіленген нәтижелерге жетуге көмектесетін және кедергі жасайтын себептер жайында анық көрініс алу. Диагностика (анықтау) - үдерісінде мұғалімдер мен оқушылардың нақты мүмкіншіліктері, дайындық алдындағы олардың деңгейі, үдерістің және т. б. жағдайлардың өту шарттары жайында барлық қажетті ақпараттар жиналады.

Педагогикалық үдерістің компоненттерінің арасындағы байланыстар:

  1. ақпараттық, ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік, коммуникативтік байланыстар;
  2. басқару және өзін-өзі басқару байланыстар (регуляция, өздік регуляция) байланыстары;
  3. себеп-салдар байланыстар (кеткен қателіктерді келешекте жібермеуді жобалау) ;
  4. генетикалық байланыстар (жаңа педагогикалық үдерістерді жобалауда тарихи тенденцияларды, әдет-ғұрыптарды анықтап оқу-тәрбие жұмысында қабылдап қолдану) ;
  5. функциялық байланыстар (педагогикалық жүйелердің объектілері арасындағы байланыс) .

Негізгі әдебиет:

  1. Педагогика: Курс лекций, Алматы «Print-S», Алматы, 2005. -364с.
  2. Хмель Н. Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-Ата: Мектеп, 1984.
  3. Жалпы педагогика. Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К. «Заң әдебиеті». Алматы, 2006. -228б.
  4. Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика. Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
  5. Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. Оқу құралы, Алматы, 2005ж.

Қосымша әдебиеттер:

1 . Вульфов В. З., Иванов В. Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках. Уч. пособие. - М., 1997. -288 с.

  1. Педагогика. Уч. пособие. / Под ред. П. И. Пидкасистого. М., 1996. -602 с.
  2. Подласый И. П. Педагогика. - Минск, 1996. -631 с.

Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыс тапсырмалары

(СОӨЖ) :

Мұғалім мен оқушының өзара әрекетінде мұғалімнің ықпалы.
  • Педагогикалық үдерістің құрылымы
  • Біртұтас педагогикалық үдерістің компоненттері

Әдебиеттер:

  1. Лернер И. Я. Процесс обучения и его закономерности. - М., 1980.
  2. Махмутов М. И. Современный урок. Вопросы теории. - М., 1981. .
  3. Педагогическая технология. /Сост. Н. Е. Щуркова. - М., 1992.
  4. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М., 1998.

Студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ) :

Біртұтас педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекет ықпалы

3 - тақырып: Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің кәсіби қарым-қатынас жүйесі

Жоспар:

  1. Оқу-тәрбие жұмысындағы мұғалімнің қызметі.
  2. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас және оның функциясы.
  3. Педагогикалық қарым-қатынас жүйесі.
  4. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық іс-әрекеттер - қарым-қатынас құралы ретінде.

Мұғалім мамандығына қойылатын талаптардың бірі - оның өз тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен демократиялық, гуманитарлық, жариялылық принциптер негізінде қарым-қатынас жасау арқылы педагогикалық ынтымақтастықты жүзеге асыра білуі. Мұғалімнің осындай ынтымақтастығы педагогикалық үдерістің тиімді болуының кепілі болып табылады. Ынтымақтастық - бір-бірінің жан дүниесіне үңілетін гуманистік идея. Оның стратегиялық негізі педагогтың - оқушылардың білімге құштарлығы мен өмірге, өмірлік мүдделерін ынталандыру және оларға бағыт беру идеясы. К. Д. Ушинский мектепті - қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы - мұғалім деп бағалайды.

Мұғалімнің қызметі - таным-білім сипатында болады. Білім бере отырып мұғалім балалардың сол білімді алу үстіндегі мүмкіндіктерін зерттейді, қиындықтарды көре біліп, оны жою жолдарын іздейді. Сабаққа дайындала отырып, теориялық, әдістемелік дәрежесін арттырады. Нақ осындай жұмыс үдерісінде педагогтың даралық стилі және шығармашылық беті қалыптасады.

Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Игеріліп жатқан материалдың шәкірттер тарпынан қабылдануы
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика бойынша студенттердің өзіндік жұмыс дәптері (Оқу-әдістемелік құрал)
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Кемел адам - тұлға қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz