Компьютерлік вирустар және оның түрлері жайында



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
1.1. Компьютерлік вирус ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Компьютерге вирустың ену мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
1.3. Бүлінген және вирус жұққан файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.4. Компьютерлік вирустың түрлері және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ..7.9
ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары
2.1. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.11
ІІІ. Антивирустық программаларға сипаттама
3.1. Жекелеген антивирустық программаларға қысқаша
сиптаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.14
3.2.AVP программасының мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар.
Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.
Қазіргі кезде компьютерлер әлемінің ең маңызды мәселесі болып компьютерлік вирустар болып табылады. Компьютерлік вирустар комьютерге белгілі бір жолдар арқылы енеді де, ақпараттарды өшіреді, компьютердің қатты дискісінің жадын керексіз мәліметтермен толтырады не одан да басқа да зиянды іс - әрекеттер жасайды. Мұның арты орны толмас зардапқа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан әр компьютерде жұмыс істейтін адам компьютерлік вирустар туралы, оның зиянды әрекеттері туралы білгені дұрыс.
1. Аветисян Р.Д., Аветисян Д.Д. Теоретические основы информатики. – М., Наука, 1997
2. Аладьев В.З. и др. Основы информатики. М., Филин, 1999
3. Ахо А., Ульман Дж. Теория синтаксического анализа, перевода м компиляции: Пер.санг. Т.1 Синтактический анализ. М.Мир, 1978
4. Бадд Тимоти Объектно-ориентированное программирование и их действии Спб, Питер, 1997, 464 с.
5. Гласс Р. Руководство по надежному программированию: Пер. С.англ. М.Финансы и статистика, 1982.
6. Гласс Р., Нуазо Р. Сопровождение программированного обеспечения: Пер с анг. М., Мир, 1983.
7. Грисс Д., Наука программирования: Пер с анг. М.Мир, 1984.
8. Дал У., Дейкстра Э. Хоор К. Структурное программирование: Пер с анг. М., Мир, 1975
9. Дейкстры Э., Дисциплина программирования. М., Мир, 1976
10. Информатика / [Н.В.Макарова, Л.А.Матвеев, В.Л.Бройдо и др. Под ред. Н.В.Макаровой – 3-е перераб. Изд. М., 2003-765 стр.]
11. Информатика / Под.ред. С.В.Симоновича – 2-е изд.- Спб, 2004
12. Липаев В. Надежность программного обеспечения АСУ, М, 1981

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті

Тақырыбы: Компьютерлік вирустар және оның түрлері

Орындаған:
Түсіпхан С.С.
Тексерген:
Анетова А.Ж.

Астана 2011
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
1.1. Компьютерлік
вирус ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
1.2. Компьютерге вирустың ену
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..4-5
1.3. Бүлінген және вирус жұққан
файлдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.4. Компьютерлік вирустың түрлері және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ..7-9
ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары
2.1. Компьютерлік вирустардан сақтану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-11
ІІІ. Антивирустық программаларға сипаттама
3.1. Жекелеген антивирустық программаларға қысқаша
сиптаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-14
3.2.AVP программасының
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...14-1 5
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық
қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны
өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа,
яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет
өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып
табылады.
Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде,
оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы
заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар.
Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы
жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз
еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте
кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық
технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса
қажеттігін көрсетті.
Қазіргі кезде компьютерлер әлемінің ең маңызды мәселесі болып
компьютерлік вирустар болып табылады. Компьютерлік вирустар комьютерге
белгілі бір жолдар арқылы енеді де, ақпараттарды өшіреді, компьютердің
қатты дискісінің жадын керексіз мәліметтермен толтырады не одан да басқа да
зиянды іс - әрекеттер жасайды. Мұның арты орны толмас зардапқа әкеліп соғуы
мүмкін. Сондықтан әр компьютерде жұмыс істейтін адам компьютерлік вирустар
туралы, оның зиянды әрекеттері туралы білгені дұрыс.

І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама. Компьютерлік вирустар
дегеніміз-өзінен өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі
объектілерге залалын тигізуге бейім программалар. Ол өзінен өзі басқа
программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге"
кіріседі, осындай-ақ компьютерде келеңсіз тағы да басқа әрекеттерді істеуі
мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған программа"ауру жұққан" немесе
"бүлінген" деп аталады.Вирус іске қосылған жұмыс істеуге тиіс басқа
программаларға да кері әсер етіп, оларға да және де жалпы басқа да зиянды
іс-әрекеттер жасай бастайды.
1.1. Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім)
программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша
жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа
келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа
"ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске
қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды
немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер
етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды
(мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді,
жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі
және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның
кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне
қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі
программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей
береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт
көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.
1.2. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше
тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға
байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін,
сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың
болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда
вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен
соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді,
олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
- кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
- көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар,
дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер
арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус
басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар
бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген
программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел
шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні
өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз
тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен "мүжіп", құртып жататын
вирустарға не істеуге болады?!
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері
керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.
1.3. Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім
ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда
вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып
жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді жөне өте көп
зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі
топқа бөлінеді:
— резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;
— резидегатік емес вирустар.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді,
олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері
сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез
анықтау ісін қиындатады.
Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп
негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп
алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік
емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген
программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған
каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне
байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп
алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды
бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың
ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай
туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар
мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына,
электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды,
тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы
мүмкін:
1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулер
(заты) .сот жөне .ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға
қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай
вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері өсерін
жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасанды. Ең қауіпті вирустарға
резидентгік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны
зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар ЕХЕ және ВАТ резиденттік
арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта
іске қосълған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп
отырады.
2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінін ең басты мәлімет
жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар "жүктегіш"
(загрузочная) немесе Вооі - вирустар деп аталады.
Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық
жүйені жүктегенде бірден бастайды жөне әрдайым компьютердің жедел жадында
тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі — компъютерге салынған
дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру
болып табылады. Әдетте мұңдай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені
дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын
көлемнен түрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса
алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе
мәліметгер кластерлеріне жазылып қалады.
3. Құрылғылар драйверлері, яғни СОКҒІО.8Ү8 файлының шеткері құрылғылар
көрсетілетін Оегізе деген сөз түрған жолында жазылған файлдар. Ондай
файлдағы вирус сол қүрылгыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ
драйверді бір компьютерден екінші компьютерге кешіру өте сирек
болатындықтан, мүндай вирустар көп тарала қоймаған. ОО5 жүйелік файлдарьша
да вирус жүқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралуы іс
жүзінде өте сирек кездеседі.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана
"жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүгатын" вирустар жиі
кездеседі. Дискінің жүктегіш аймагын зақымдайтын вирустар екінші орында деп
айтуга болады. Шеткері қүрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек
кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін
вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІК-вирустар деп атайды. Мұндай
вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы
кластеріне) жасырып жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру
кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді.
Барлық .СОМ жөне .ЕХЕ типті файлдар үшін — каталоггағы файлдың алғашқы
мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс
көрсеткіш — таңбаланған (кодталган) түрде каталогтың пайдаланылмайтын
бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда
дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып
файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс
каталог дұрыс жүмыс атқарған сияқты болып сырт кезге мұның әсері білінбей
тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның
нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ
атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қоспағанда оның дұрыс емес
екендігі байқалмайды. Міне осылай "ауырған" дискілерді дұрыс қалпына
келтіру үшін тек арнайы
антивирустік программалар қажет (мысалы, Аіс&еБІ программасының соңғы
нұсқалары).
5. "Көрінбейтін" және өздігінен өрбитін вирустар
Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы
тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін — "көрінбейтін" жөне
өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық.
"Көрінбейтін" вирустар
Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар ОО8
жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде
қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал
вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш
аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі өзін-
өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын
кері әсерін байқамас үшін өз көлемінің бір сыпырасын таңбаланған жасырын
күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де,
таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында
вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын
детектор-программалар жұмысы қиындайды.
1.4. Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі. Олар шартты түрде
келесі белгілеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді (сурет 1):

СУРЕТ 1 Вирустардың жіктелуі
Бұл жіктеу, әрине барлық мүмкін вирустарды қамтымайды; әрбір
категорияда олардың оғаштығына байланысты аталмаған нұсқалар кездеседі,
мысалы, SMOS – вирустар немесе Microsoft Word ортасында мекендейтін вирусқа
ұқсас құрылымдар. Бұдан басқа вирустардың барлық қасиеттеріне ие болмаса,
айтарлықтай қауіпті (троян аттары) бірқатар программалар кездеседі.
Вирустарды төменде көрсетілген белгілеріне қарай бірнеше топтарға
жіктеуге болады:
-вирустардың орналасып алған орындарына қарай;
-вирустардың орналасқан алған орындарын бүлдіру тәсілдеріне қарай;
-керіқұрылымдық мүмкіндіктеріне(әрекеттеріне) қарай;
-вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай.
Вирустар орналасқан орындарына қарай желілік, файлдық және жүктелетін
болып жіктеледі. Желілік вирустар компьютерлік желі арқылы тарайды, файлдық
вирустар орындалатын файлдарға,ал жүктелетін вирустар- дискінің жүктелу
секторына(Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік жүктелуін құрайтын
секторына(Master Boot Record) орналасады.
Вирустар бүлдіру тәсілдеріне қарай резидентті және резидентті емес болып
екіге бөлінеді. Резидентті вирустар компьютер жедел жадында орын алыр
тұрады да, компьютер істеп шығарылғанға немесе қайта іске қосылғанға дейін
"өз жұмысын" атқарады.Резидентті емес вирустар компьютердің жадында
орналаспайды және олардың жұмыс істеу уақыты шектеулі болып келеді.
Вирустардың атқаратын іс-әрекеттеріне байланысты оларды мынандай топтарға
бөлуге болады:
Зиянсыз вирустар компьютер жұмысына ешқандай залалын тигізбейді (оның
тарату нәтижесінде дискінің бос жады кемиді);
Қауіпсіз вирустар әсері дискідегі ,бос орынның азаюымен және графикалық,
дыбыстық, басқа да эффектілердің кемуімен шектеледі;
Қауіпті вирустар компьютерді жұмысынан жаңылыстыратын көңіл аударарлық
зиянды әрекеттер туғызады;
Өте кауіпті вирустар әсерінен көптеген программалар, мәліметтер, жедел
жадтың жүйелік аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажетті ақпараттар
жойылып кетеді.
Вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай оларды мынандай да
топтарға бөлуге болады:
компаньон-вирустар (companion) -файлдарды өзгертпейтін вирустар, бірақ
олар осы атқарылатын EXE-файлға ұқсас заты(тіркеуі) .COM болып келетін
орындалатын файлдар жасап шығарады;
"құрттар" (worm) -компьютерлі желі арқылы таралатын және компаньон-
вирустар сияқты файлдарды, дискідегі секторларды өзгертпейтін
вирустар.Бұлар желі арқылы компьютердің жадына орнығып алады да, басқа
коипьютерлердің желілік адрестері бойынша өз көшірмелерін таратады;
"паразиттік" тоқпа кіретін вирустардың әсері тиген дискілік секторлар мен
файлдардың мазмұндары өзгеріп кетеді;
"студенттік"-вирустарға болар болмас әсер ететін, резидентті емес, қателер
саны өте көп вирустар тобы кіреді;
"стелс" -вирустарды (stealth) дамыған программалар тобына жатады,
зақымдалған файлдар өңделуге тиіс сәттерде олардың орнына мәліметтердің
ауру жұқпаған бөліктерің орналастырып, оларды да зақымдай бастайды;
"полиморфик" -вирустар (өздігіне өрбитін) өте қиын табылатын вирустар
тобына жатады. Көп жағдайларда бір полиморфик-вирустың екі түрлі бейнесі
бір-біріне сәйкес келмейді;
"макро-вирустарға"- мәліметтерді өңдеу жүйелеріне ендірілген макро
тілдердің мүмкіндіктерін пайдаланатын вирустар тобы жатады. Вирустар
компьютермен жұмыс істеу кезінде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына
әсер етеді. Олар:
• Бірқатар программалардың жұмыс істеу жылдамдығы кемиді.
• Файлдардың дискіде алатын орны ұлғайып кетеді.
• Бұрын болмаған файлдар өз-өзінен пайда болады.
• Кәдімгі жұмыс істеу режимінен салыстырғанда жедел жадтағы жұмыс істеу
аймағының көлемі азаяды.
• Кенеттен әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер пайда болады
Компьютерлік вирустар "таза" компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер
арқылы таралады.Компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың
таралуына кең жол ашылады.
ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары. Компьютерлік вирус –
көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі
шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол
кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол
компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, зақымдалған дискета немесе
зақымдалған файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа
зақымдалған деп аталады.
Зақымдалған программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус
алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар
қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне
кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты
бүлдіреді, жедел жадты ластайды және т.с.с вирустың бір компьютерден
басқа компьютерлерге тарайтын қабілеті бар.
Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандардан басқа
бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық
оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және
антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі
атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және
т.б.
Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп
отырады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирустар және оның түрлері
Ақпараттық қорларды түгендеу
Компьютерлік вирустардың пайда болуы және олардан қорғану
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Криптографияның дамуы
Мәліметтер базасы серверінің моделі
Перифериялық құрылғылар
Компьютерлік қылмыстың пайда болу формалары
Компьютерлік қауіпсіздік және компьютерлік жүйенің бұзылуы
Глобальды жүйе
Пәндер